400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

«Абай оқулары» сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

КІРІСПЕ СӨЗ

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Биыл – қазақтың ұлы ақыны, ғұлама ойшыл, ағартушы, хакім Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл. Ұлт руханиятының шамшырағына айналған Абай – тек ақын ғана емес, заманының ар-ожданы, халқымыздың рухани көсемі.

Бүгінгі күн – руханияттың, парасаттың, поэзия мен пайымның салтанат құрған сәті. Бүгін – Абай әлеміне саяхат жасайтын, жүректерімізді тербейтін ерекше күн.

Ұлы ақын, ойшыл, философ, композитор – Абай Құнанбайұлының мұрасы – мәңгілік. Ол – қазақтың бойтұмары, ар-ожданы, рухани темірқазығы.

Оның әр сөзі – шындық. Әр өлеңі – сыр. Әр қара сөзі – ғұмыр.

Сырға толы, жырға толы Абай рухани әлеміне бірге аттанайық!

ҚАТЫСУШЫЛАР ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ

Байқаудың мақсаты– қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылығын арттыру, Абай шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлы ақындардың поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Әр өңірден келген үміткерлеріміз – Абай сөзін жүрегіне тұмар еткен өрендер.

Олай болса, осы рухани кештің басты тұлғаларымен таныс болайық!

Рухани байқауға қатысушылардың көркемсөз оқу мәнерін, әнді орындау сазы мен сахналық шеберлігін, іңкәр сезімдерінен өлең өрнектеген жас ақындарымызға әділ шешімін берер әділқазылар алқасымен таныстырайын.


I номинация. «ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ».

Абай – қиыннан қиыстыратын, тілге жеңіл, жүрекке жылы тигізетін, сөз арасына бөтен сөз қоспайтын ұлы ақын. Бұл бөлім – жүректен жүрекке жетер сөз бен саздың, ой мен образдың тоғысқан тұсы. Қатысушылар Абайдың өлеңдерін көркем оқу арқылы жеткізеді. Дауыстарынан рух, интонацияларынан мағына, көздерінен Абайды танимыз!


II номинация. «ҚҰЛАҚТАН КІРІП, БОЙДЫ АЛАР»

Абай – ақын ғана емес, сазгер де. Оның әндері – дала әуенінің тұмары, ұлт жүрегінің әуезі. Бұл бөлімде Абайдың төл әндері мен сазына жан берген шығармалары шырқалады. «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» сынды туындылар – қазақтың музыкалық шежіресі.


IІІ номинация. «БІЛІМДІДЕН ШЫҚҚАН СӨЗ»

Абай тек ақын емес, Абай – өмір. Оның ойлары бүгін де тірі, сөзі бүгін де сөйлейді.

Бұл бөлімде – жастар Абайға өз үнімен үн қатпақ.

Бұл – бүгінгі күннің жастары мен Абай арасындағы көркем көпір.


ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ

Абай оқулары – жарыс емес, жарыққа ұмтылу. Бүгін біз әр қатысушының бойынан өлеңге, сөздің құдіретіне деген сүйіспеншілікті, Абайға деген құрметті, рухани биіктікті байқадық.

Барша қатысушыларға алғыс білдіре отырып, әділқазылар шешімімен жүлдегерлерді марапаттаймыз!

Абайдың жолы, әлемі – әрдайым жүрегімізде!

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
09.12.2025
76
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі