Тақырыбы:
«Абай-қазақ
әдебиетіндегі ұлы тұлға».
Мақсаты:
Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру,
ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын
насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп
айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен
жұмыс істеуге көмектесу.
Көрнекіліктер:
Абай портреті, эпиграф жазылған
плакаттар,слайд.
Жүргізуші:
Көп
адам дүниеге бой алдырған,
Бой
алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді
деуге бола ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын
артына сөз қалдырған, – деп төрелігін
өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен
де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175
жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір
сүре бермек!
Ол
өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің
соққан тынысы болса да бізге түсінікті,
жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай
– үні, ана тынысы – заман тынысы, халық
үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды
жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
Әдеби
сазды кешіміздің шымылдығын ашу
үшін,балабақшамыздың басшысы:Айман
Алмабекқызын
шақырамыз.
Абайдың
қара сөзі оқылады.
Жүргізуші:
Құрметті
әріптестер ,бүлдіршіндер! Қазақтың бір
туар ұлдарының бірі, данышпан ақын,
ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ
әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы
Абай Құнанбайұлының шығармашылығына
арналған «Абай-қазақ әдебиетіндегі ұлы
тұлға» атты әдеби сазды кешімізге қош
келдіңіздер!
Жүргізуші:
–Абай
атамыз туралы айта беру артық емес. Бір
қарағанда таныс тақырып, таныс бейне
секілденгенмен, ол туралы білетініміз
тым аз – ау. Ұлылықтың сырына қанық
болғымыз келсе, даралықтың қандай
болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай
әлемін шарлап қайтайық!
Абайдың
өмірі мен шығармашылығына байланысты
сұрақтар:
1.Абай
алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан
жариялап
отырды?( Көкбай )
2.Абайдың
шын аты кім? (Ибраһим).
3.Абайдың
аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
4.Абайдың
әжесінің және шешесінің аттарын ата.(
Зере, Ұлжан.)
5.«Қазақтың
бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған
кім? (Ахмет Байтұрсынов).
6.Әйгерім
кім? Әйгерімнің шын атын ата. (Абайдың
екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)
7.Абай
өлеңдер жинағы қай
жылы
басылып шықты және қай қалада? (1909 жылы
Петербургта).
8.«Абай
жолы» романын кім жазды? (Мұхтар Әуезов).
9.Абай
ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы
қаласында мүсінші- Х.Наурызбай)
10.Шәкәрімнің
Абайға қандай туыстық жақындындығы
болды? (Абайдың ағасының баласы.)
Жүргізуші:
Ал жақсы,ендеше Абай атамыздың өмірбаянына
шолу жасайық.(слайд)
Жүргізуші:
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын
Абай Құнанбайұлының өлең шумақтарынан
бастайық.
Ақыл
Майрамқызы «Құлақтан кіріп бойды алар»
Нұргүл
Арыстанбекқызы «Қыс»
Аружан
Достемірқызы «Өлсем орным қара жер сыз
болмай ма?»
Жүргізуші:
Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық
саласында да айтарлықтай көп мұра
қалдырды. Абай әндері де қазақтың басқа
халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға,
заманнан-заманға ауыса отырып жетті.
Музыка саласында жазба мәдениеттің
болмауына қарамастан, Абай әндерінің
бізге толық жеткен себебі – олардың
халықтың жүрегінде сақталуға сапасы
сай келетін шығармалар болғандығында,
халық санасынан өшпес орын алғандығында.
Абай әндерінің өзгешелігі – махаббатты
табиғат лирикасымен ұштастырып,мелодиялық,
ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында,
идеялық мазмұнының ашықтығында болды.
Ән:
«Желсіз түнде жарық ай»
Ақерке
Жайлыбайқызы
-Қарасөз
оқылады.
Айнұр
Төлегенқызы (6 қара сөзі)
Жүргізуші:
Абай Құнанбайұлы қазақ әдебиеті
поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да,
дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп,
гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан
зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең
ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай
дайындалған «Абай-қазақ әдебиетіндегі
ұлы тұлға » атты әдеби сазды кешімізді
көріп тамашалағандарыңызға алғысымыз
мол. Қатысушыларға үлкен рахметімізді
айта отырып, кішігірім сыйлықтарымызды
табыстаймыз!
Хор:
«Көзімнің қарасы ».