400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаевтың жетінші қара сөзіндегі « Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі – көрсем, білсем деп, ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге өйтеді?», « бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді», – деген ой тұжырым оқушының биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай Құнанбайұлы-ұлы ақын,қоғам қайратері,жазушы,аудармашы,қазақ әдебиеті негізін қалаған ағартушы.1845 жылы 10 тамызда Семей облысының Шыңғыс тау бөктерінде Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі-Ұлжаннан туған.1904 жылы 6 шілде күні Семей облысында 58 жасында дүниеден өтті.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен таныс болған. Қаншама ақын жазушылардың еңбектерін қазақ тіліне аударған. Көптеген өлеңдер, әндер, қара сөздер жазып артынан өшпес із қалдырған ұлы тұлға! Ол өлең жазуды небәрі он жасында бастаған. Тек өлең жазумен қоймай, Абай ел басқару істеріне де араласқан. Абай Құнанбайұлының қырық бес қара сөзі,жүз жетпіс өлеңі,елу алты аудармасы бар. Ақынның жылдың төрт мезгіліне арнап жазған «Қыс»,«Жаз»,«Жазғытұры»,«Күз» деген өлеңдері, «Желсіз түнде жарық ай», «Ғылым таппай мақтанба», «Айттым сәлем Қаламқас», тағы да басқа өлең және ән жинақтары жетерлік. Абайдың 3 жұбайы,10 баласы болған. Жұбайлары:Ділдә, Әйгерім,Еркежан. Балалары:Ділдәдан:Ақылбай, Хакімбай,Әбдірахман,Мағауия,Күлбадан, Райхан. Әйгерімнен:Турағұл, Мекаил, Ізкаил, Кенже.

Абайдың азан шақырып, қойған есімі Ибраһим. Абайдың әжесі Зере оны Абай деп еркелететін болған. Содан бері Ибраһим, Абай атанып кеткен. Абай өз балалық шағын анасы мен әжесінің жанында өткізген. Абай ауылдық молдадан білім алып,сауат ашып, кейіннен Семейге сауатты дамыту мақсатпен аттанады. Абай ақын медресе оқуда жүрген уақытында Шығыс поэзиясына қызықтанып, Шығыстың ақындары секілді өлеңдер жазуға талпынады. Сексенінші жылдар орталығында Абай ақындыққа бағыт бұрғанда өлеңдерін білім, өнер және мәдениетке бағыттайды. Абай 1885 жылда «жасымда ғылым бар деп ескермедім»-деп атаған тұңғыш шығармасын жазды. Осы өлеңі тұңғыш Абайдың шығармасы болып, Абайдың ақындық жолдағы ізденісін танытты.

Абайдың қайратты қарасөздері оның сөзге деген өнерінің көркемдік күшін, даналығын көрсеткен прозалық шығармалар болып табылады. Абайдың 6-7 қарасөздері қысқалау болса, кейбіреулері тақырып және мағынасы жағынан ауқымды. Абай өз қарасөздерінде туындының көркіне ғана емес, сонымен бірге ауқымдылығы және мағынасына назар аударған. 1918 жылы Семейде жарық көрген «Абай» журналында Абайдың бірнеше қарасөздері жарыққа шықты.

Хакім Абайға арнап Мұхтар Әуезов «Абай жолы» атты төрт томдық кітап жазған. Осы романда Мұхтар Әуезов Абайдың және сол уақаттағы қазақ халқының өмірін көркем суреттеп, бір ғасырды төрт томдық кітапқа сыйдырып жазған. Сонымен қатар романда бес жүзден астам кейіпкер суреттеледі. Қазіргі таңда Абай жолы романы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. Француз жазушысы Луи Арагон: «Әлемнің басқа елдерінде онымен тең түсетін шығарма табу қиын; бұл, менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» деген пікір айтқан.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
387
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі