Aбай Құнанбайұлы "Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа" өлеңі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Aбай Құнанбайұлы "Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сыныптың әдебиет пәніне арналған сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Абай Құнанбайұлы «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» өлеңдері

Жалпы мақсат:

Бірлесіп ойлау мақсатында оқушылар арасында қарым-қатынасты ынталандыру үшін топтағы жұмысты пайдалану;

Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін жинақтау, жетістіктерін ескеріп, біліміндегі олқылықтарды анықтау мақсатында формативті бағалауды пайдалану

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Оқушылар өлеңмен толық танысады, мән-мағынасын ұғынады.Әннің құдіреті туралы біледі

Сабақта қолданылатын материалдар:

Акт,топпен жұмыс

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Ауыз әдебиетінің түрлері бойынша топқа бөлінеді.

Өлеңді жатқа сұрау.

Өлеңді өлең құрылысына талдау.

Ән дегеніміз не?

Қандай ән білеміз?

Абайдың әндері туралы не білеміз?

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы – мәңгілік мұра. 19 ғ.-дың 90-жылдардың аяғында жазған «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Құлақтан кіріп бойды алар» атты өлеңдерін Абай өнердің қоғамдық күшін, адам өміріндегі қызметін тереңдей көрсетуге арнаған.Абайдың сөз, ән өнері туралы көзқарасы

Өлең аттары

Эстетикалық көзқарас

Өлең – сөздің патшасы

Өлеңге анықтама беру, ақын мақсаты, тыңдаушыға, ақынға қояр талабы

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Өлеңді жастарға үлгі беру мақсатында жазу;

жастарға қояр талабы; өнерді қор етпеу

туралы пікірі

Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа

Адам өміріндегі әннің орны, әнге,әншіге,тыңдаушыға қояр талабы. Ақын мақсаты

Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы ән, тәтті күйдің адам өміріндегі орны. Ақынның махаббаты. Ақын және өнер

Адамның кейбір кездері

Сөздің, өлеңнің туу сипаттары. Ақын және

халық мұңы, зары. Ақын және замана.

Ақынға қояр талабы



IV.Шығармашылық жұмыс

Ақынның айтайын деген ойы қандай?

Адам,қоғам,әдебиет, өнер проблемасын қалай көтерді? (әдебиет пен өнердің қоғам,адам тіршілігіндегі ролі жайлы эстетикалық көзқарас қалыптастырды)

3.Мына салыстырмалы бағандарды пайдалана отырып, өлеңдедегі ақынның эстетикалық көзқарасын, көркемдік тәсілін талда.

Өлеңі

Әнге қояр талабы

Тыңдаушы және әнші

Поэтикалық ерекшелігі

Ақынның жетістігі, табысы

«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»

«Әннің де естісі бар» «көбінесе ән басы келеді ащы»

«Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен, Өмір сәуле көрсетер судай тұнық»

Ұйықтап жатқан ойды ән оятар

Әннің адам өміріндегі маңызын ашып береді.Әншіге, әнге эстетикалық талап қоя біледі.



V.Қорытындылау

«Мен қазақтың қарапайым әнімін» тақырыбына әр оқушы сол рольге еніп, өз ойын жазады. Ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды.

Өткен тақырып бойынша түсінгендерін жіпке тізіп айтып шығады.

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

1. Өз қалаулары бойынша өнерге, әнге байланысты өлең жаттап келу. (Абай шығармашылығынан)

2. Шығарма «Абай — сазгер», «Абай – тұңғыш өнер, әдебиет сыншысы»

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »

Абай ағам болмаса не бедел бар өлеңде?

Шақырмаса жолға сап, мен өлеңге келем бе?

Қиналғанда қияға қанат қақпай аппақ құс,

Басқа біреу қол ұшын келіп маған бере ме?-деп Т.Молдағалиев жырлағандай, Абай-дара,дана ақын. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді.





Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Жиырма тоғызыншы қарасөзі.

Жалпы мақсат:

А.Құнанбайұлының қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;

Оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

Мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Абай Құнанбайұлының  қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту

Сабақта қолданылатын материалдар:

Сызбалары, кестелері,   дидактикалық материалдар 

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Абайдың қара сөздері» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.  «Қаранғы түнде тау қалғып» жаттау.

Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін кімнен аударған?

2.Ақынды  «Қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан?

3.Ең алғаш шығарған өлеңдерін кімнің атынан жазған?

Талдау,жинақтау,қорыту


Қызығушылықты ояту

Нені білеміз?

Өткен сабақта Абайдың өмірі, ақындығына, оның шығармаларына тоқталған болатынбыз. Сонымен бұл бөлімде үй тапсырмасы бойынша Абай жөнінде сұрақтар қойылады. «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдерін жатқа сұралады.

Сабақ барысы туралы түсінік беру.

 Осыны оқып ойлай бер,болсаң зерек,

 Еңбекті сат,ар сатып неге керек.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,

Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек,

ІІІ. Жаңа тақырып

Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық,ойшылдық және көбінесе адамгершілік,мораль мәселелеріне арналған өсиет,толғау тәрізді.

Абайдың 45 қара сөзі бар. Жиырма тоғызыншы сөзінде қазақтың мақалдарының іске татырлығы да бар,іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа,не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар -дей келе мақалдарға тоқталып өткен.

Шығармашылық жұмыс: Абай сынаған мақал-мәтелдерді теріп алып,салыстыру жұмыстарын жүргізіңдер.

Мақал-мәтелдер

Абайдың сыны

Өз пікірің




Топпен жұмыс: «Ата-анадан тәтті жоқ» немесе «Періштені алтын да жолдан тайдырмас» тақырыбына шағын пікірлесу жүргізеді.

IV.Шығармашылық жұмыс

Бүгінгі сабағымызда Абай шығармаларымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз, соның ішінде Абайдың философиялық ойлары берілген қара сөздерімен танысамыз.

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн ретін, тақырыпты жазып қойыңдар.

1.     Қазақ әдебиеті тарихында ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин болса, оны ары қарай жалғастырған Абай болған. Ыбырай Алтынсарин көркем сөз әдебиетінің атасы болса, Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған.

2.     Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.

Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық,ойшылдық және көбінесе адамгершілік,мораль мәселелеріне арналған өсиет,толғау тәрізді. Абайдың 45 қара сөзі бар.

    Абайдың қара сөздерінің саны -45. Қара сөз  — арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес.Ғавқлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Бұл қара сөздер – көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғалымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады.Қара сөздер ең алғаш Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т.б көптеген тілдеріне аударылды.

Жиырма тоғызыншы қара сөзі. Үнтаспадан тыңдату.

Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.

Әуелі «Жарлыболсаң, арлыболма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол - ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі.

«Қалауын тапса, қар жанады»,«Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген - ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.

«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?

«Алтын көрсе, періште жолдан таяды»дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны. «Ата-анадан мал тәтті,  алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-анашамасыкелсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелікжиса да, артымдабалаларымақалсындейді. Олата-ананымалғасатқансоң, құдайға дұшпандық іс емеспе? Осындай білместікпененайтылғансөздеріне бек сақ болу керек.

V.Қорытындылау

Асыл сөздің жалғасын тап.

 

Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық ... (Аздырар адам баласын)

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті ... (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек) Тағы сене бастаймын, Күнде алдағыш қуларға ... (Есім шығып қашпаймын,Мен ішпеген у бар ма?!)

Баламды медресеге біл деп бердім ... (Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім)

Талап, еңбек, терең ой ... ( Қанағат,рахым, ойлап қой,Бес асыл іс,көнсеңіз)
Білімдіден шыққан сөз...............(талаптыға болсын кез)

Сатылай кешенді талдау.  Абайдың  « Жиырма тоғызыншы » қара сөзі

Тәрбиелік түйіні: Кез – келген  нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.     Қара сөзден қандай тағлым,үлгі,ақыл-нақыл алдыңдар?

2.     Қалай ойлайсыңдар,ақын сынын сол қалпында қабылдауға бола ма?

3.     Ақынның қара сөз жазудағы негізгі мақсаты не?

 

Бекіту.

Халық  арасына мақал болып қалған Абай сөздерімен таныстыру:

1.  Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей..

2.  Жаман дос - көлеңке,

3.  Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,

    Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.
4. Адал бол - бай тап, адам бол - мал тап.
5. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық
   Аздырар адам баласын
6. Баяғы жартас - бір жартас
7. Толғауы тоқсан қызыл тіл
   Сөйлеймін десең өзің біл
8. Ойын – арзан, күлкі қымбат
Қорытынды:

Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.

Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу.

 Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.

Абайдың өз сөзімен айтсақ:

Терең ойдың түбінде теңізі бар,

Тесіле көп қараса, көңіл ұғар

VI. Үйге тапсырмасын беру

Абайдың 29 - қара сөзін жаттап, жан - жақты талдау;
Өз пікірлерін жазбаша талдау.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
1914
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі