400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай Құнанбайұлы "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып, ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Абайды оқы, таңырқа

Мектеп: №6 ЖББМ

Күні: 28.11.2023

Мұғалімнің аты-жөні:А.Досжанова

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

А.Құнанбайұлының "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңіндегі әлеуметтік қоғамдық мәселе, өлеңінің көркемдік тілі.


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.2.1. әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

6.2.1.1 шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау.

Сабақтың мақсаты

Өлең үзінділері арқылы "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңінің идеясын талдау;

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру, шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау.

Бағалау критерийлері

  • әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды;

  • шығарма идеясы арқылы түсіндіреді;

  • шығарма эпизодттарын талдау арқылы маңызына негіздеме жасайды.

Осыған дейін меңгерілген білім

"Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңі

Жоспар


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


























Сабақтың ортасы




























І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.

І. Қызығушылығын ояту. Абай ақынның айтпақ ойынан не түюге болады?

Өлеңі бар өнерлі, інім, сізге

Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.

Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,

Есіл өнер қор болып кетер түзге.

Абай

https://www.youtube.com/watch?v=iKEFW_xDGgw

Оқушылар «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін тыңдайды.

Тапсырма. «Ассоциация тізбегі». Оқушылар «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінен өздеріне ұнаған сөздер мен тіркестерді жазады. Оларды таңдаған себептерін айтады және не мағына беретінін талқылайды. «Ассоциация тізбегіне» жазады.

Дескриптор:

  • өлеңнен өздеріне ұнаған сөздер мен тіркестерді жазады;

  • жазу себебін түсіндіреді;

  • не мағына беретінін талқылайды.

ҚБ

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.


ІІ. Мағынаны тану.

1-тапсырма. Топтық талқылау.

I – топ: Өлеңнің жоспарын құрыңдар. Құрылған жоспар бойынша әңгімелеңдер.


II – топ: Өлең үзінділері арқылы сол қоғамдағы мәселелерді салыстыра талдаңдар.


III – топ: Абай өлеңіндегі жағымды, жағымсыз қасиеттерді салыстырыңдар, одан арылу жолдары туралы өз ойларыңды жазыңдар.

Дескриптор:

  • өлеңнің жоспарын құрады.

  • Өлең үзінділері арқылы сол қоғамдағы мәселелерді салыстыра талдайды;

  • Абай өлеңіндегі жағымды, жағымсыз қасиеттерді салыстырады;

  • одан арылу жолдары туралы өз ойларын жазады.

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек»

2-тапсырма. «Талдап білу» әдісі.

Оқушылар өлең жолдарын кезекпен бірінен соң бірі дауыстап оқиды және бір-бірінің оқылымдарына қысқаша сипаттама береді.

Дескриптор:

  • Өлеңнің тақырыбын, идеясын, мағынасын ашады;

  • Өлең мазмұны бойынша сұрақ дайындайды;

  • Өлеңнің мағынасын өмірмен байланыстырады;

  • Өлеңнің мазмұнына сәйкес қазіргі қолданыстағы

  • мақал-мәтелдерді айтады;

  • Өлеңнің құндылығын айтып, баға береді.

ҚБ

Бекіту. «Ақын өлеңі маған қандай ой салды?» тақырыбына постер құрыңдар.

Дескриптор:

  • Абай ақынның айтпақ ойын түсіндіреді;

  • тақырыпқа байланысты постер құрады;

  • шығарма идеясын ашады.

ҚБ

Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі тақырыппен байланысын анықтайды.

Өлеңді тыңдайды.

Абай ақынның айтпақ ойын түсіндіреді.

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінен өздеріне ұнаған сөздер мен тіркестерді жазады. Оларды таңдаған себептерін айтады және не мағына беретінін талқылайды. «Ассоциация тізбегіне» жазады.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.



Топтық тапсырма. Өлеңнің жоспарын құрады.

Өлең үзінділері арқылы сол қоғамдағы мәселелерді салыстыра талдайды;

Абай өлеңіндегі жағымды, жағымсыз қасиеттерді салыстырады;

одан арылу жолдары туралы өз ойларын жазады.



Оқушылар өлеңнің толық мазмұнымен танысады.


Өлеңнің ерекшелігін түсіндіреді;

Өлеңдегі көтерілген мәселенің ұлттық мүддеге байланысын анықтайды;

Ойын дәлелдейді.


Оқушылар өлең жолдарын кезекпен бірінен соң бірі дауыстап оқиды және бір-бірінің оқылымдарына қысқаша сипаттама береді.

«Ақын өлеңі маған қандай ой салды?» тақырыбына постер құрып, бүгінгі тақырыпты қорытындылайды.


Қалыптастырушы бағалау

ҚБ





ҚБ

















ҚБ














ҚБ

6-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы





https://www.youtube.com/watch?v=iKEFW_xDGgw








"Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңі


















А. Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі





















Сабақтың соңы


Кері байланыс.


Үйге тапсырма: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі. Өлеңдегі теріс қылықтарды бейнелейтін сөздерді дәптеріңе теріп жаз.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.11.2023
312
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі