400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатына мағұлмат
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШҚО ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«ҚҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ




Бекітемін

Директордың oқу-тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары

________________ Хуанар А

«____» __________ 2020 жыл.





Тақырыбы: Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына «Өлмейтұғын артында із қалдырған»






Оқытушы: Мақсұтова Б.М. Өтілетін мерзімі: 23.01.2020жыл. Өткізілетін орыны: Аудитория № 9 Топ: С 22











Семей 2020

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына «Өлмейтұғын артында із қалдырған»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Өлмейтұғын артында із қалдырған»


Тәрбие сағатының мақсаты:
 -Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. 
-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу


Әдіс- тәсілдері:

Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету 
Көрнекілігі:  Абай портреті,  кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер. 


Техникалық жабдықталуы: компьютер, проектор


Пәнаралық байланыс: қазақ тілі және әдебиеті, тарих, ән.


Күтілетін нәтиже: Рухани адамгершілік тәрбие беру арқылы мейірімділікке,   инабаттылыққа баулу.


Тәрбие сағатының жоспары:
1.   Ұйымдастыру                             
2.  Ой шақыру
3. «Абай дара, Абай дана қазақта»
4.  «Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл»
5. «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы»
6. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» 
7. «Жырақ жатып жүрегі бірге соққан»
8. «Тура биде туғанжоқ»

9.Қорытынды


Тәрбие сағаты барысы:
I. Ұйымдастыру
1.Амандасу
2.Топқа бөліну
Қазір менің қолымда жыл мезгілдеріне байланысты суреттер бар .Осы суреттерді таңдау арқылы  3 топқабөлінейік 
Мұғалімнің кіріспе сөзі:  Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше , себебі«Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына» орай тәрбие сағатын өткіземіз.
-Иә, халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілсе де Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры , көкірегіндегі иманы, санасындағы ұжданы  болып қала береді. 
-Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызда ұлы ақын атамыз  – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз. 
 Абай бір өлеңінде: «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез» – деген екен. Біз өзімізді талаптылар тобына жатқызуға шешім қабылдап алып, Абай әлеміне сапар шегіп қайтқалы отырмыз…
Саяхат болғанда да Абай әлеміне, Абай ойларына, Абай өлеңдеріне саяхат…

Мұғалім:бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына «Өлмейтұғын артында із қалдырған»деп аталады.


II. Ой шақыру  (әр топ өздері таңдаған сурет  тақырыбына қатысты  4 жол тақпақ айтады)
Балалар, Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты жазылған өлеңдерін мектеп кезінен бастап оқып, жаттап келесіңдер, қолдарыңда жыл мезгілдері бейнеленген суреттер бар , сол арқылы топқа бөліндік, енді әр топ өз суреттеріне қатысты Абайдың өлең шумақтарын айтып жіберсін.
 Қыс- 1-топ   Күз-2-топ   Жазғытұры-3-топ 

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?  Жырымен жан сусынын қандырған кім?    Өзіне –өзі орнатып ескерткішті, 
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім? 
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?   Талабын тас қияға өрлеткен кім? 
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда, 
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім? 


Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? 
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? 
Арманын аттандырып келешекке , 
Біздермен осы күнгі тілдескен кім? 
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім? 
Жауына найза сөзін шанышқан кім?     Өзендей  құйған  барын көк теңізге, 
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім? 
 

Мұғалім: Тәрбие сағатымыздың барысында бұл сұрақтарыңа жауап аласыңдар деп ойлаймын


III.»Абай дара, Абай дана қазақта»
Балалар,қазақта неге Абай дара, Абай дана деп  аталады?
(Әр
топтан 1 оқушы өз пікірін айтады
IV. «Сәулең
болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл»
Абай әуелден-ақ
әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағанын біз білеміз.
 -Абайды
оқып, оны ойға түю, жүрекпен сезіну баршамыздың мақсатымыз. Сондықтан, «Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл»-деп қара сөздерге кезек берейік
Абайдың
нақыл сөздерін  мынадай тақырыптарға бөлуге болады.
Адам жанын
зерттеу, бала тәрбиесі ,   Имандылық тақырыбы,Жаман мінез, әдеттер және  адамгершілік жайлы, Қазақ мақалы, қазақ халқы жайлы,Абайдың 19-қара сөзі (Абайдың қара сөздерін бейне таспадан тыңдау) 
    Мағынаны
тану, талдау
Бірінші топ а) Қандай
мәселе көтерілген?    
Екінші топ  ә) Тоқсан
ауыз сөздің тобықтай түйіні қандай?
Үшінші топ б) Бұл
қара сөзден сен өзіңе қандай ғибрат алдың?
                              
Абайдың
Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Ғылым, жүрек, ақыл, қайрат»Абайдың қара сөздері балаға да, данаға да ой салатын,жақсылыққа жетелейтін ұлағаты мол қазына.   
Мұғалім:Қара сөздерін саралай отырып Абайды кім деп айта аламыз? Қандай адам деп айта аламыз?
Абай – ойшыл. 


 V. «Өлең
сөздің патшасы сөз сарасы»

- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.

1- оқушы: Жаз
2- оқушы: Күз
3- оқушы: Қыс
4- оқушы:«Құлақтан
кіріп бойды алар» 
5- оқушы:«- «Ғылым
таппай мақтанба»
6- оқушы:«Өлең – сөздің
патшасы , сөз сарасы»
 7-оқушы: «Жасымда
ғылым бар деп ескермедім» 
8- оқушы:«Алланың
өзі де рас, сөзі де рас»
9-оқушы: «Әсемпаз
болма әр неге» 

10-оқушы: «Балалық өлді, білдің бе?» 
11-оқушы: « Қайран
елім, қазағым, қайран жұртым»
 

-Абай өз өлеңдерінде, әндерінде табиғат сұлулығын, адамның көңіл-күйін әсерлі бейнелеген 
-Енді Абайдың  табиғатты  бейнелеген «Желсіз түнде жарық ай» әнін  бәріміз бірге орындайық.

VI. «Көңіл
құсы құйқылжыр шартарапқа» 
Ғасырлар
бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші  жартысында көркемдік пен кемелдіктің шыңына өрледі. Абай өмір сүрген осы кезеңде қазақта музыканың жазба  мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік  қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері ауыздан – ауызға, заманнан – заманға ауызша ауыса отырып жетті. Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі, халықтың жүрегінде сақталуға, сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.Абайдың композиторлық шығармашылығының қалыптасуына «Үш ұлы бастау» – әсер етті.         
1. Қазақ халқының жазба әдебиеті. 
 2. Шығыс
елдердегі классик поэзиясы.  
 3. Батыс
Еуропа мәдениеті.
-Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.
 
- «Айттым сәлем, Қаламқас,
Саған
құрбан мал мен бас…» деп басталатын Абайдың әйгілі әнін білмейтін қазақ кем де кем. Алайда, тыңдарманы қалың, үлкен сахналардан бастап ауыл арасындағы жиын-тойларда, көңілді кештерде шырқалып, бүгінге дейін ел ішінде сүйкімін жоғалтпай келе жатқан бұл туынды әр қазаққа, қазақ деймін-ау, тіпті, өзге ұлт өкілдеріне де жақсы таныс.

- Ендеше «Айттым сәлем, Қаламқас» әнінің тарихымен таныса отырайық
Бұл әннің тарихын тыңдай отырып,  басқа да  әндерін  тыңдай отырып Абайды тағы да  қай қырынан   көреміз?
Абай – сазгер.

 
 VII. «Жырақ жатып жүрегі бірге соққан»

Бірін-бірі көрмеген 3 данышпан, 3 тұлға ұлы далада  бас қосты. Неміс, орыс және қазақ  халқының даналары Гете, Лермонтов және Абай ескерткіштері Абай ауданында бой көтерді. «Халықтар достығы»  деп аталатын бұл ескерткіште Лермонтов орыс тіліне аударған немістің ұлы ақыны- Гетенің  «горные вершины» өлеңі және қазақ тіліне  Абай аударған «Қараңғы түнде тау қалқып»  өлеңі  жазылған.
-Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер, М.Ю.Лермонтовтың, , И.Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, аударған.
-Біз оқыған «қарға мен түлкі » , «шегіртке мен құмырсқа», «есек пен бұлбұл» мысалдарын И.Крыловтан аударған Абай атамыз екен.

- Абайды тағы қандай қырынан көріп отырмыз?
Абай аудармашы


VIII.Тура биде туғанжоқ
Абай ел ісіне де араласқан. Саясаткер ,заңгер Абай туралы
мына мәліметтерге қанық болыңыздар
Кері
байланыс 
Әр
топтан екі оқушыдан шығып бірінші топ-екінші топқа, екінші топ-үшінші топқа, үшінші топ-бірінші топқа екі жұлдыз, бір тілектерін айтады. 

ҚОРЫТЫНДЫ


Ал менің
сендерге тілейтінім сендер оқып жүрген білім ордасы-біздің колледжіміз де осындай ұлы тұлғаның  есіміне ие. Ендеше осы құрметке бәрімізде лайық болайық дегім келеді
      Абай ойларына, Абай әлеміне саяхат жасамақ болғандардың бір мойындауға тиісті ақиқаты  – Абайды түсінудің сан сатылы болатыны.  Абаймен сырласуға, Абай әлеміне саяхат жасауға әркімнің де қақысы бар. Абайдың өзі «болмасаң да ұқсап бақ» деген.
Абайдың мың қырлы, мың тәлімі бар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың барысында сол мың қырлы мың тәлімнің теңіздегі тамшыдайын ғана өзімізше түсініп, әңгіме еттік деп ойлаймын
– Осымен сабағымыз аяқталды, Абайдың өн бойы толы рухани байлығын бойларыңа сіңіріп, білімдеріңді толықтырдыңдар деп ойлаймын





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
453
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі