Сыныбы: 3 сынып
Сабақтың
тақырыбы:
А.Құнанбаев «Қыс»
Сабақтың
мақсаты:
Оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абай шығармаларын оқып үйренуге
баулу. Бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейтуге
көмектесу.
Дамытушылығы. Оқушыларға бағыт- бағдар бере отырып,
өздіктерінен жұмыс істеу, іздену, білім, іскерлік дағдыларын
қалыптастыру, ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын
дамыту.
Тәрбиелілігі. Туған жер табиғатын сүюге және қорғауға,
ұқыптылыққа, тапқырлық пен ізденімпаздыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі.
Интербелсенді тақта,
призентация,
Сабақтың
түрі:
дамытушылық, жаңа білім беру.
Сабақтың
әдістері:
Қарлы кесек әдісі, галереяға саяхат, сұрақ- жауап, тіл дамыту,
шығармашылық жұмыс, ой қозғау.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды 2 топқа қар қиыршықтары арқылы бөліп
отырғызу.
1-топ қар
2-топ қыс
ІІ. Психологиялық
дайындық.
Қайырлы таң!
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Ал қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме
апайлар!
ІІІ. Өткен тақырыпты «қарлы кесек» әдісімен
қайталау.
1.Қазақ елі тәуелсіздігін қашан
алды?
2.Желтоқсан қаһармандарын ата? Ләззат Асанова,
Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанқызы, Қайрат
Рысқұлбеков
3.Қайраттың ата-анасының есімдерін ата. Әкесі
Ноғайбай, анасы Дәметкен.
4.Азаттық жолында әңгімесі кім туралы?
Тоқаш
5.Б.Майлиннің қандай әңгімесін оқыдыңдар ?
Күлпаш
6.Алмас қылышты ардагер кім ?
Бөгенбай
7.Рейхстагқа ту тіккен кім ?
Рақымжан
8.Алғаш қазақ жасағын құрған кім ?
Қабанбай
9.Жәңгір ханның әскеріне қарсы күрескен батыр,
ақын ? Махамбет
10 Батыр Бауыржан мәтініндегі оқиға қай жылы
болған? 1941 жылы
11. Тозған шапаның иығына жамылып, абақты
қараушысының соңынан ерді. Бұл кім еді?
Тоқаш
«Халық жауы» деген жаламен атылған кім? Сәкен
Сейфуллин
12. Әлияның Молдағұлова кім? Оқу озаты үздік
мерген, батыр.
13. Түрік елінде Қажымұқанмен күрескен кім?
Түріктің балуаны Нұрлы.
Жарайсыңдар, балалар біз «Ата-бабам тарихы –
менің тарихым атты бөлімін аяқтадық. Осы бөлімнен оқыған мәтіндер
арқылы халқымыздың басынан қандай кезеңдерді өткізгендерін
білдіңдер?
ІV. Жаңа сабақты бастар алдында «Галереяны
шарлау» әдісі бойынша
жаңа сабақтың тақырыбын
ашу.
1.Жауып тұрған қарды бақыладыңдар
ма?
2.Қар жауған соң айнала қалай
өзгереді?
3.Қыста дала қандай
болады?
4.Жатқан қарды неге ұқсатар
едіңдер?
Ү. Жаңа сабақ
«Туған жерге қыс келді» тарауындағы қазақ
халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың «Қыс» атты өлеңімен
танысамыз
Ой қозғау.
Абай Құнанбаев кім?
Топтастыру.
Ұлы ақын, ағартушы, ойшыл, сазгер, табиғат
суретшісі, аудармашы.
Абай Құнанбаев 1845 жылы жылан жылында Шыңғыс
тауында (бұрынғы Семей облысында ) дүниеге келген. Әкесі Құнанбай
тілге шешен, ақылға бай, ел басқарған адам. Әжесі Зере мен анасы
Ұлжаннан көптеген әңгімелер естіп өсті, бала кезінен сүйді. Абай
небәрі үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды. Бұл жылдары араб,
парсы, шағатай тілдерін жақсы меңгерді.
Олай болса, балалар, біз Абай атамыз туралы
білетінімізді байқадық.. Абай атамызды бүкіл әлем таныды дедік,
енді Абай атамызды бүкіл әлемге танытқан жазушы туралы кім біледі?
Абай атамызды танытқан жазушы Мұхтар
Әуезов.
Қандай шығармасы арқылы?
«Абай жолы» романы
арқылы.
Абайдың қандай өлеңдерін
білесіңдер?
Дұрыс, балалар,енді сабағымызды әрі қарай Абайдың
«Қыс » өлеңімен сабақтастырайық.Қазір осы өлеңді сендер мұқият
тыңдап отырыңдар.
ҮІ. Оқулықпен
жұмыс.
Әр топтан оқушылар
оқиды.
ҮІІ. Сөздік
жұмыс.
Соқыр- мылқау -түк
көрмейтін.
Оқшырайтып – бір шекесіне сәндеп
қию.
Шидем – жұқа тоқылған сырт
киім.
Ұлпа –жеңіл, жұқа қар.
Бұрқ -сарқ-қатты дауыл,
боран.
Алты қанат ақ орда-алты керегелі үлкен
үй.
ҮІІІ. Сергіту
сәті.
ХІ. Өлеңнің ішкі мәнін сұрақ- жауап арқылы
ашу.
1.Автор қысты кімге теңеп тұр? (Қысты адамға,кәрі
шалға)
2.Шалдың киімдері қандай? (ақ киімді, үстін ақ
қырау басқан)
3.Киім деп отырғаны не? (Ол жауған қар,қатқан
мұз)
4.Автор суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға
болады? (Аяз атаға)
5.Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? (Ол қатал,
соқыр,мылқау адам сияқты)
6.Соқыр мылқау дейтін себебі не ? (Ол ештеңені
көрмейді,аямайды,бәрін тоңдырады)
7.Түрі, түсі қандай? (Түсі ақ қырау сияқты, түсі
суық болады)
8.Түсі суық дегенді қалай түсінесіңдер ? (Қатал,
ашулы адамның түсі суық болады).
Толықтыру .
Ақын қысты жанды адам бейнесіндей суреттеген. Бұл
Абайдың жаңалығы, себебі Абайға дейін ешбір ақын табиғатты жанды
нәрсеге теңемеген.Абай атамыз қыстың қатты болатынын, үскірік аязды
қорқыныш әкелген қатал бейнеде көрсеткен.Мал баққан қазақ даласының
тіршілігі мен бейнесін суреттеген.
Х. Шығармашылық жұмыс. Топпен
жұмыс.
1-топ. «Қыс қызығы» тақырыбына эссе
жазу
2- топ. Өлеңді аяқтап
жазу.
...............................даламыз
...............................
баламыз
................................
шанамыз
.................................
боламыз
ХІ.Ізденушілік
әдісі.
Абай суреттеген адам кейпіндегі қыстың суретін
бейнелеген сөзді тауып дәптерге жазу.
ХІІ. Топтық
жұмыс.
1-топ «қыс қызығы» сурет
салу
2-топ аққала құрастыру. Жұмбақ
жасыру.
-
Қыста ғана
болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(қар)
2.Есіктен кіреді
еңкейіп,
Төрге шығады қампайып.
(аяз)
3.Отқа жаңбас,суға батпас
(мұз)
4.Қыста бар да, жазда жоқ.
(қар)
5.Қанаты жоқ –ұшады.
Аяғы жоқ – желеді.
Аузы жоқ ұлиды. (боран)
6.
. Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр-
қатты-ақ.(мұз)
ХІІІ.«РАФТ» қоқысқа сөз
тастау
Тақтада берілген сөздердің ішінен мәтінге тиісті
емес сөздерді қоқысқа тастаймыз
Үсті- бас ақ қырау, түсі
суық,
жайқала өскен
бәйшешектер,
бұлттай қасы жауып екі
көзін,
балалар күні бойы далада
ойнайды,
айнала көкпеңбек,
беті-қолы домбығып үсік
шалды,
шидем киген малшы теріс
айналды,
күн
ыстық.
ХІҮ. Бағалау
«Бес саусақ» әдісі
ХVІ. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттау.115
бет