Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай шаңырағы.Кәмен Оразалин

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ұстаздарға әдістемелік құрал ретінде ұсынылып отыр. Ашық сабақ Кәмен Оразалиннің "Абай шаңырағы" шығармасы бойынша. Бұл шығармада Абай шаңырағының ішкі көрінісі нақты көрсетіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Кәмен Оразалин. Абайдың шаңырағы.



Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеумәдениетін сақтап, диалогке қатысу

2.2.1.2 - шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу

2.3.2.1*- мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

1-топ «Сары жапырақ»

2-топ «Қызыл жапырақ»

3-топ «Жасыл жапырақ»


Психологиялық ахуал қалыптастыру:




Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын.

Жаңа білім

10 минут








Оқушылардың Абай Құнанбаев туралы білетіндерін топтастыру сызбасына түсіру



Білу және түсіну

Оқушылароқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

«Абай» сөзжұмбағын шештіре отырып, бүгінгі «Абай шаңырағы» тақырыбымен таныстыру.

Жаңа материалды меңгерту.

Ендеше, балалар, Абай Құнанбаев туралы не білеміз?

Абай кім?

Абай - ақын, философ, жазушы, аудармашы, композитор

Дүниеге келген жері: Семей облысы, Семей ауданы, Шыңғыс тауында 1845 жылы дүниеге келген.

Шығармалары: «Жаз», «Күз», «Қыс», «45 қара сөзі», «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы» т. б.

Кәмен Оразалин (1920 – 2008)

Жазушы

Кәмен Оразалин 1920 жылы 16 маусымда Семей облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылының Қылышбек жайлауында дүниеге келген.

1939 жылы орта мектепті бітіргеннен соң мұғалім болып, сауатсыздықты жою науқанына қатысты.

Әскер қатарына алынып, Ұлы Отан соғысы майданында 365 атқыштар полкінің қатарында соғысты.

1947 жылы Н. К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын бітірді. Ұлағатты ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі.

Алғашқы повесі «Жексен» 1950 жылы жарыққа шықты. «Ақжазық» (1957), «Көктем салқыны» (1964) романдарының авторы.

Кәмен Оразалин бала кезінен бері Ұлы Абайдың әндері мен шығармаларына тәнті болып өсті. Қарауылда Абай атындағы мектепте қызмет істеп жүрген кезінде, елге келген Мұхтар Әуезовпен бірге ел аралап, ақын туралы мағлұматтар жинастырған. Мектептегі «Абай ұрпақтары» қолжазба альманағын басқарды.

К. Оразалин 1972 жылы жарық көрген «Абайдан соң» романын өзінің ең кесек, ең негізгі туындысы санаған.

Мұхтар Әуезов жайлы алғашқы романның авторы, Абай мектебінің шәкірті, белгілі абайтанушы, майдангер жазушы, қазақ әдебиетінің қадірменді ақсақалы Кәмен Оразалин 2008 жылы наурыз айында дүниеден өтті. «Қазақ ССР - нің еңбек сіңірген мұғалімі», Октябрь революциясы, ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерінің, «Парасат» орденінің және көптеген медальдардың иегері.

«Абайдың шаңырағы» мәтінін оқып, түсінігі айтылады.

Дәптермен жұмыс.

Шымши – өрнектеп тоқылған ши.

Ызу – тігістің түрі

Алаша – қой жүнінен тоқылған төсеніш

Сүйек төсек – сүйекпен өрнектеп жасалған төсек

«Сақина салмақ ойыны»

Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгіінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?































Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут







Қолдану

Дәптермен жұмыс.

Талдау

«Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Б ір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.

Балалар, «Абай шаңырағы» мәтіні үш бөлімнен тұрады. Әр бөлімді мұқият тыңдап, түсініп оқимыз. Әр бөлімнің кейіпкерлеріне мән беріңдер. Бөлімдерге қалай ат қояр едіңдер?

Киіз үй.

Бұл бөлімде Күнжанның киіз үйдің уық, керегесінің кеткенін қайта жөндеткені және шебер әйелдерге шымшилерді тоқыттырып, бауларын, таңғыштарын бітіруді тапсырғаны айтылған. Жаңадан жасалатын бұйымдар да Абайдың ұнататын өрнек – бауларымен көркемделген.

Күнжанның қонақтары.

Бұл бөлімде Әуез, Кәрім, Кәкітай, Мекайіл, Закен секілді кейіпкерлер бар. Кәкітайдың Абай шаңырағын көріп таңғалып, разы болған сәттері осы бөлімде анық айтылған.

Абай шаңырағы.

Үшінші бөлімде Әуез бен Кәрімнің үй ішіндегі сәттері бейнеленген. Әуездің киіз үйдегі Абайдың қаттап жиналған сүйек төсек, кітап шкабы мен үш ішекті домбырасын көріп көңілі босап кеткен сәті бейнеленген. Әуез Абайдың «Нағашы, төрлетіңіз!» деген қоңыр даусын естігендей болып қатты толқиды. «Абай шаңырағы» бұл мәтінде Абайды қайта тірілткендей.

«Тапқыр болсаң, тауып көр» бөлімі бойынша жұмбақтар шешіледі.

(Бұл бөлімде киіз уй жабдықтары бойынша жұмбақтар шешіледі)

Абайдың үйін әдемі етіп ұстаған кім?

Киіз үйге Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді? Ол қай бөлімде айтылған?

Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің?

Мәтіннің әр бөліміне ат қой.

Абайдың үйінде болған заттарды сипаттап айтып бер.

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті "Қызыл гүлім - ай"




Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез


Графикалық органайзер: «Балық қаңқасы» диаграммасы


Бағалау


5 минут



Кері байланыс

3 минут

Кері байланыс кемесі

Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған

саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəненеліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
1539
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12