Материалдар / «Абай сөзі – өмір айнасы». Руханият мерекесіне арналған іс-шара жоспары

«Абай сөзі – өмір айнасы». Руханият мерекесіне арналған іс-шара жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай күніне арналған руханият мерекелік іс-шараның сценарийі. орта және үлкен топтарғңа арналған
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Абай күні

Барысы:

Әдеби шара атасы мен немересінің диалогы арқылы басталады.

Ойнап отырған бала. Теледидар қарап отырған атасы, қолында газет.

Теледидардан дауыс: Абайдың «Қыс» өлеңінен үзінді оқылады:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті - басы – ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды...

Немересі қаламын тастай сала атасының қасына келіп:

- Мен бұл өлеңді білемін, ата! Кеше ғана әдебиет сабағынан өткен болатынбыз. Абайдың өлеңі.

Атасы:

- «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» (немересіне жақындай түсіп). Иә, бұл – Абайдың жазған өлеңі. Қатал табиғаттың сүреңін тамаша суреттеген. Сен біледі екенсің. Ендеше Абайдың кім екенін білетін шығарсың.

- Иә, бірақ толық білмеймін.

- Олай болса, ендігі жерде Абайды «Абай атам», «Абай атаның өлеңі» деп сөйле. Ол өте данышпан кісі, бүкіл қазақтың Абайы ғой. Оны білмеген адам қазақ емес.

-Ата! Бізде бүгін Абай күні еді. Соған біраз қиналып отырмын. Қайтсем екен? Мерекеге қалайда қатысуым керек.

Атасы:

- Абай туралы көп дерек айтсам, тыңдар ма едің, балам?

Немересі:

- Иә, сіз оны көрдіңіз бе? Ол туралы қайдан білесіз?

Атасы:

- Жүр, балам. Мен сені бір жақсы кешке алып барайын. Дәл сол Абай атаң туралы, жүре ғой !(Ертіп алып, шығып кетеді).



Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар!.

Балалар, қанекей, бүгін қандай өзгеріс байқадыңдар? Жан-жағымызға қарайықшы!

Балалар мынау кімнің суреті?

Балалар: Абай Құнанбайұлы.

Тәрбиеші:-Абай Құнанбай кім?

Балалар: Ақын, жазушы, аудармашы.

Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар

Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы.

Тәрбиеші:-Балалар Абай атамыздың тақпағын кім оқып береді?.


Бала: Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.


Бала: Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдында,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек , өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ.

Бес дұшпаның білсеңіз,

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой,

Бес асыл іс, көнсеңіз.


Тәрбиеші:-Абай атамыздың бес асыл сөзі бар .

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым.

Бес жаман нәрседен қашық бол дейді.

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.


Тәрбиеші- Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

Балалар: төрт мезгіл бар.

Күз, қыс, көктем, жаз.

Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар.

Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс мезгілі.

Тыныштық сәті: -Балалар көзімізді жұмамыз. Төрт жыл мезгілін көзімізге елестетеміз. Әр жыл мезгілінің ерекшеліктері бар. (Күз, қыс, көктем , жаз).

Көзімізді ашамыз.

-Ал енді балалар бізге көмекке БАЛДЫРҒАН, ....тобы келеді.

Алдарыңда қағаз бетіне түсірілген төрт жыл мезгіліне арналған ағаштар бейнеленген. Осы ағаштарды жыл мезгіліне сай бейнелейміз.

Тәрбиеші:-Балалар қараңдаршы қандай тамаша көріністер.

Осы жыл мезгіліне арнап Абай атамыз тақпақ шығарған екен.

Суретті салып болған соң балалар жыл мезгіліне арналған тақпақтарын айтады.


Бала: Апай маған Абай атамыздың қыс туралы өлеңі ұнайды. Айнала аппақ қар, сырғанап ойнаймыз. Су қатып мұз болады.

Ақ киімді денелі ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті басы-ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Бала: Ал маған Абай атамыздың көктем туралы өлеңі ұнайды. Көктемде жер көктеп, бәйшешектер гүлдейді. Күн қызып, көбелектер ұша бастайды.

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.


Бала: Маған Абай атаның жаз туралы өлеңі ұнайды. Жазда күн жылынып,жемістер піседі. Құстар ән салып ағаштарға қонады.

Жаздыкүні шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек.

Ұзарып өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда.


Бала: Маған Абай атаның күз туралы өлеңі ұнайды. Күзде жапырақтар сарғаяды,күн салқындайды. Жеміс-жидек, көкеністер піседі.

Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.


Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Абай атамыз тек өлең жыр жазып қоймаған сонымен бірге орыс тілінен қазақшаға аударып аудармамен айналысқан.

И.А.Крыловтың көптеген мысқыл мысал өлеңдерін аударған. Ол мысалдарының көбісі еңбекке байланысты. Осы еңбекке байланысты қандай мақал-мәтел білеміз?

Бала: Еңбек түбі-береке.

Кім еңбек етсе-сол тоқ.

Тәрбиеші: Еңбек етсен ерінбей,

Тояды қарнын тіленбей.


Ойын: Кима суреттерді құрастыру «бәйтерек, улыбка»

Абай атаыздың суретін құрастыру.

Тәрбиеші: Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма. Абайдың қарасөздері адамды адам болуға, ізгі ниетті адамгершілік қасиеттерінің мол болуына, жаман дағдыларын аулақ болуға үйретеді. Олай болса, Абай  қара сөздерімен танысайық. 
Апай  балаларды «балдаурен мен умники» қасына шақырып,бір қара сөз оқып беруін сұрайды.








Балалар:  

1.Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ емес. Одан басқа нәрселерменен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық. ( Он сегізінші қара сөз)
2.Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма. Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?(Жиырма бірінші қара сөз)

3. Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма?

Біздің қазақтың жүректі кісі дегені-батыр кісі дегені.( Он төртінші сөз)

4.Адам баласының ең жаманы-талапсыз. (Қырық төртінші сөз)

5.Жас бала анадан екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем, көрсем, естісем, үйренсем деп тұрады.

6. Адам үш нәрседен қашу керек:

Біріншісі надандық,

Екіншісі еріншектік,

Үшіншісі залымдық.

Тәрбиеші: Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кеткен дара ақынымыз Абай Құнанбаев мәңгі есімізде.
 Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Сондықтан, балалар, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз.

Назарларыңызда

«Абай жаққан бір сәуле» тақырыбында қойылым. (болашак пен эрудит)



ЖИ арқылы жасау
08 Сәуір 2025
170
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі