«Оралхан
Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
Викториналық
сайыстың тақырыбы:
«Абайды
оқы, таңырқа!
Ұлы
ақын, жазушы,
қоғам
қайраткері,
қазақ
әдебиеті негізін қалаған ағартушы
Абай
(Ибраһим) Құнанбайұлына
175
жылдығына арналады
7-«Г»
сыныбы
Өткізген:
қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі
Сағиева Г.Қ.
2019-2020
оқу жылы
7
- «Г» сыныбымен өткен «Абайды оқы,
таңырқа» атты викториналық танымдық
ойын
Сабақтың
тақырыбы: «Абайды оқы – таңырқа!»
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларды Ұлы ақынның балалық
және жастық шағы, өскен ортасымен
таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын
таныту.
Абай шығармашылығын сүйіп
оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете
отырып, білім-ғылымға құмарлығын
арттыру.
Жас ұрпақты Абай шығармашылығын
танып өсуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
А.Құнанбаев суреті, «Абай жолы» романы,
ақын туралы айтылған қанатты сөздер,
слайд.
Өту барысы:
Кіріспе.
Өлсе
өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ
қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені
мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді”
деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам
дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып,
аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя
ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына
сөз қалдырған – дегендей бүгін біз
артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы
ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы
викториналық сұрақтар қоямын.
Мұғалім
сөзі:
Жазира, дархан бел еді.
Абай
қазақтың ұлы ақыны. Абай – сазгер,
филосов, ақын, ойшыл, аудармашы, данышпан.
Ол ел жұртының болашағын ойлап, халыты
тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын
меңзеп, оқу-білімге шақырған. Жаман
әдеттен арылып, жақсылықты өн бойына
жинауға үндеген.
Жүрегімнің түбіне
терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын
оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз
жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым,
кінә қойма!
Абай болашақ ұрпаққа,
яғни сендерге сөзін осылай арнады. Бұл
өзі сүрген ғасырдан өзіне бейтаныс,
басқа, бірақ жақын болашаққа сенімді
жол салған ақынның сөзі еді. Ол жарқын
болашаққа апаратын жолды өз халқына
талмастан көрсетті. Ол жол ғылым, білім,
өнер, мәдениет жолы еді. Абайдың «даналығы»
да осында. Ал «дара» деген себебіміз
сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу,
түрлі тілді меңгерген қалың қазақ
арасында жалғыз Абайдың өзі болды.
Енді
ақын туралы сұрақтар бірнеше бөлімнен
тұрады. Экранға назар аударайық.
Оқушылардың
жауабы:
Абай
– Ибраһим.
1-оқушы:
Абай 1845 жылы
жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында
Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден
қайқан. Негізгі аты – Ибраһим болса да,
«Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан
еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен
Абай тарихқа енді.
Абайдың бар өмірі
өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі
Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында
өтті.
2-оқушы:
Абай әке жағынан
алғанда Тобықтының белгілі шонжары мен
батыр биінен тарайды. Оның бабасы
Тобықтының биі болған. Абайдың әкесі
Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны
болған. Ал, шешесі Ұлжан Бошан руынан
тарайды.
3-оқушы:
Әкесі - тілге
шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі
керісінше ағайын-туысқа қайырымды,
мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне,
сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі
ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында
өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы
Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының,
мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол
болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме,
күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи
оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына
біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала
Абай өз халқының рухани ой қазынасына
қанығып өсті.
4-оқушы:
Абай 10-12
жасында мұсылманша оқып, хат таниды.
Ал, 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза
медресесіне оқуға түседі. Медреседе
жүргенде 14 жасында 3ай орыстың «приходская
школында» орысша сабақ оқыды.
5-оқушы:
Осы
4 жылдық медреседегі және 3айлық орыс
мектептеріндегі оқуы аяқталып, 15 жасында
үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі
жұртты өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін
тигізеді. Ел-жұрт оны би етіп
сайлайды.
6-оқушы:
20 жасында ол от
тілді шешен, халық өмірі мен әдетін,
билік туралы істі көп білген көсем
болған. Мақал, ертегі, нақыл сөздерді
тез меңгерген. Жаңа заманның ретімен
Абай білімге ден қойып, Араб, парсы,
түркі тілдерін үйренді.
7-оқушы:
Абай
14 жасынан өлең шығарған. Ол жастар
арасында кең таралғанымен, оған онша
мән бермейді. Абайдың өнерге бет бұруына
себепкер орыс достары Грось пен Михаэлис
болды.
8-оқушы:
Абай орыстың
ақын-жазушылары – Пушкиннің, Лермонтов,
Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін
оқыған. Олардың шығармаларын оқи •
Сайыс
соңында жасырынған әндер :
Көзімнің
қарасы
• Айттым сәлем, Қаламқас
•
• Желсіз түнде жарық ай