ШҚО,
Ұлан ауданы
«Каменка
орта мектебі» КММ
қазақ
тілі мен әдебиеті мұғалімі
Ерсаинова
Айнұр Самийқызы
Қазақ
тілі мен әдебиет пәні. /оқыту орыс
тіліндегі сыныптар үшін/
5-сынып.
«Абайды
оқы, таңырқа!», «Өлкені сипаттау өнері»
бөлімі бойынша жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
Сөйлеу
әрекетінің Тыңдалым
түрлері
Жазылым
Оқу
мақсаты 6.1.5.1
тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін
тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау
6.4.3.1
жазба
жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін
қолданып жазу
6.5.2.1
жазба жұмыстарында
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін
сақтай отырып жай
сөйлем құрастыру
Білім
алушы
Бағалау
критерийі тірек
сөздер, жетекші сұрақтар, мәтіннің
тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды;
жазба
жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін
қолданады;
жазба
жұмыстарында сөйлемдердегі сөздердің
орын тәртібін сақтайды.
Ойлау
дағдыларының
Қолдану
деңгейі
Орындау
уақыты 25
минут
1-тапсырма.
Мәтінді
мұқият тыңдаңыз, төмендегі тапсырмаларды
орындаңыз
Ақ
киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр,
мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы
ақ қырау, түсі суық,
Басқан
жері сықырлап, келіп қалды.
Дем
алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі
құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай
бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен
қызарып ажарланды.
Бұлттай
қасы жауып екі көзін,
Басын
сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай
бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты
қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес
көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы
домбығып, үсік шалды.
Шидем
мен тон қабаттап киген малшы
Бет
қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар
тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығы
құруына аз-ақ қалды.
Қыспен
бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым,
қор қылма итке малды.
Соныға
малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы
өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит
жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр
жібер мына антұрған кәрі шалды.
http://bilim-all.kz/olen/555-Qys/http:/
1.Өлеңнің
мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
беріңіз.
Өлеңде
қай жыл мезгілі суреттелген?
Автор
үскірік боранды, аязды қысты неге
ұқсатады?
Қыстың
адамдарға қандай әсері бар?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2.
Төмендегі тірек сөздерді пайдалана
отырып, өлеңдегі негізгі ойды
анықтаңыз_________________________________________________________
Тірек
сөздер: үскірік, боран, кәрі-құдаң қыс,
әлек салды.
2-
тапсырма.«Туған
өлкем-қандай көркем»
дегенді қалай түсінесіз? /50-55 сөзден
тұратын/ шағын эссе жазыңыз. Эссе
мазмұнында теңеу мен эпитетті қолданыңыз.
Дескрипторлар
Бағалау
критерийлері
|
Тапсырма
№
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім
алушы
|
Тірек
сөздер,жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы
арқылы негізгі ойды анықтайды
|
1
|
Өлеңдегі
суреттелген жыл мезгілін анықтайды
Автордың
үскірік бораны бұрқырап тұрған қысты
неге ұқсататынын айтады
Қыстың
адамдарға тигізетін әсерін айтады
|
1
1
1
|
Тірек
сөздері арқылы өлеңнің негізгі ойын
жеткізеді
|
1
|
Жазба
жұмыстарында теңеу, эпитетті қолданады
|
2
|
Эссе
жазуда теңеуді қолданады
|
1
|
Эссе
жазуда эпитетті қолданады
|
1
|
Жазбаша
мәтін құраудағы сөз санын сақтайды
/50-55 сөз/
|
1
|
Жазба
жұмыстарында сөйлемдердегі сөздердің
орын тәртібін сақтайды
|
3
|
Жазба
жұмысында сөйлемдердегі сөздердің
орын тәртібін сақтап жазады
|
1
|
Барлық
балл саны:
|
8
|