жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы"
Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы
Абай
— әлемдік тұлға. Ол өзінің өлеңдерімен
ғана оқырмандарға әсер етіп қана қоймай,
ұшан-теңіз білімімен бүкіл адамзаттың
санасына данышпандықтың дәнін сепкен
ойшыл да кемеңгер ақын. Ол — нағыз
ғұлама. Оның поэзиясының өне бойынан
адамдарға деген сүйіспеншілік пен
жанашырлық лебі есіп тұрады. Сонымен
қатар ол адамның көкірек көзін тұмшалайтын
қараңғылық пен надандыққа қарсы бітіспес
күреске шақырады. Ал гуманистік идеялары
Еуропаның классикалық философиясымен
ғажайып бір үндестік тауып жататынына
еріксіз қайран қаласың. Осынау қазақ
ақынын толғандырған мәселелер қазірдің
өзінде кез келген халық өкілінің көңіл
пернесін дөп басып тұр десек, артық
айтқандық демессіз. Егер бүгінгі
талғаммен қарасақ, Абай — қазақтың ғана
емес, адамзаттың ақыны.
Абайдың білім
мен адами құндылыққа деген сенімі
демократияны ұстануына негіз болды.
Өзін-өзі басқаратын көзі ашық адамдар
қоғамы оның саяси идеалына айналды. Осы
себепті ол әлеуметтік әділетсіздікке
қарсы күресіп, ұлтаралық өзара түсіністікті
жақтады. Даулы мәселелерді шешуде
зорлық-зомбылықты қолдануға қарсы
болып, өзінің
«Ескендір» секілді
поэмаларында билеушілердің тойымсыз
аранынан, өктемдік пен ғасыр бойындағы
көптеген адами шиеленістерден
жиіркенетінін білдірген болатын.
Абай
– өте күрделі тұлға. Абай – дана, ал
даналардың құпиясы ешқашан да
толығымен ашылмайды, дүниеде ұлт
даналары өте сирек, оның қатарында
Еуропада Гете, орыста Пушкин, Қазақта
Абай бар, бұлар таза ұлттық даналар. Ал
олардың ойын түсіндіріп бергендер
мысалы Мұхтар Әуезов ғұлама адам. Дана
деп бөліп отырғанымыз, мысалы Лермонтовтың,
Байронның, Есениннің, Мағжанның өлеңдерін
оқып, әсерленіп рухани ләззат алуға
болады.
Қазақтың жанын түсінген
Абайдың жан дерті Абайды түсінген әрбір
қазақтың жан дерті. Сонымен қатар Абайдың
өлеңдері мен ғақлиясы сол жан дертінің
дауасы. Біз Абайға қарап ойымызды,
көзқарасымызды, өмір сүру ауанын
бағдарлаймыз. Бірақ, ол Абайша өмір
сүру, Абайдың айтқаны заң, соны бұлтартпай
істеу дегендік емес. Қазақ жұрты Абайды
өзіне рухани нысана тұтады, соған ойын
да, бойын да тәрбиелеп, үлгі алады. Біз
Абай айтқан сөздерді тәмсіл ете отырып,
өзімізге сын көзқараспен қарап, ойымызды
екшеуге тиіспіз.
Даналардың ойы ол
адамзаттың ақыл ойы мен ертеңгі тағдырының
келешекке тартылған тамыры, ол бір желі
емес, адамның санасындағы түйсік
талшықтары қанша болса, қаншама адам
болса, оның жолы да соншама. Сондықтан
да, адам күрделі. Екінші, даналардың ойы
қаулы-қарар, түзілген бағдарлама,
жасалған жоба емес. Даналардың ойы
адамның жан түйсігін, ақылын, жүрегін
тебіренту үшін, ой салдыру үшін айтылады.
Егер оқыған жұртты тебірентсе, оларға
ой салса, олардың өзіне-өзі сын көзбен
қарауына, сондай-ақ одан қорытынды
шығаруына жол ашса, бұл көркем шығарманың
мақсатының да, даналардың ойының да
жүзеге асқаны. Сондықтан да, қай қоғамда
болсын дананың ойы осы үшін керек,
өйткені қоғам бір қалыпты дамымайды.
Шіркін-ай дейсің, әр адамның, әр ұлттың,
дүниежүзіндегі барша мемлекеттің, бүкіл
адамзаттың мақсаты әлеуметтік теңдікте,
әділетті жолмен тең өмір сүруде болса
ғой. Абай да өзінің өлеңдері арқылы, сол
өзі өлең жазған тілдің иесі болып
табылатын Қазақ халқын да жақсылыққа,
ертеңгі жарқын өмірге, жетелеп келеді.
Енді оның соңынан ерудің мүмкіндігі
қандай, былайғы жұрт ілесіп жатыр ма,
ілеспей жатыр ма, бұл мүлдем басқа
әңгіме. Өйткені қоғамның дамуы бір
ұлттың жеке басының еркіне, бір адамның
жеке қалауына байланысты емес. Қазіргі
жаһандану заманында, бүкіл адамзаттың
тамыр-жүйкесімен астасып жатқан ұғым.
Ең басты кемшілік: өз рухынан, өз тілінен,
өз ділінен, өз дінінен жерініп жүрген
сайақтар көбейіп барады. Сол сайақтардың
қасында жас ұрпақтар қоса ілесіп барады,
осы өкінішті.
«Ұлып жұртқа қайтқан
ой» деп Абай айтқандай, олар да түбінде
«ұлып» барып, өзінің жұртына қайтады.
Бірақ ол кешегі Қазақ, бүгінгі Қазақ,
Абайдың арманындағы Қазақ емес, өзгеше
ұрпақ, өзгеше өредегі Қазақ. Ол қандай
деңгейде, қандай рухпен, қандай
көзқараспен, қандай ділмен, қандай
тілмен, қандай мақсатпен өзінің жұртына
қайырылып оралады, ол үлкен мәселе.
Абайды
айтқанда тiл мәселесiне соқпай кетуге
әсте болмайды. Өйткенi қазақ тiлi – Абай
тiлi, Абай тiлi – қазақтың тiлi, бiр-бiрiнен
ажырағасыз. Абайды ең алдымен түпнұсқа
тiлде, яки қазақ тiлiнде насихаттау ләзім.
Абайды бiлмей қазақ болу мүмкiн емес. Ал
қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев
Абайдан
қалай нәр алғанын былайша толғайды.
Қуат
алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын
Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам
бір кісіге,
Абай болып түңілем бір
кісіден.
Абай
туралы айтқан ақын-жазушылардың,
тарихшылардың, ғұла-малардың сөздерін,
берген бағасын тіркей берсек қағаз шақ
келмесі анық. Тек қазіргі көзі тірі
жүрген классик-жазушымыз Мұхтар
Мағауиннің айтқанын келтіре кетейін.
«Қазақтың қасиетін тану – Абайды танудан
басталмақ. Халқымыздың сөз өнерін
зерделеу – Абай тағылымын бағындырудан
басталмақ. Абай – қазақ тарихындағы
қайталанбас сом тұлға. Абай биігі –
халқымыздың көркемдік ой-танымында
ешкім жетпейтін заңғар».
“Қазақтың жанын түсінген Абайдың жан дерті Абайды түсінген әрбір қазақтың жан дерті. Сонымен қатар, Абайдың өлеңдері мен ғақлиясы сол жан дертінің дауасы. Біз Абайға қарап ойымызды, көзқарасымызды, өмір сүру ауанын бағдарлаймыз. Бірақ, ол Абайша өмір сүру, Абайдың айтқаны заң, соны бұлтартпай істеу дегендік емес. Қазақ жұрты Абайды өзіне рухани нысана тұтады, соған ойын да, бойын да тәрбиелеп, үлгі алады. Біз Абай айтқан сөздерді тәмсіл ете отырып, өзімізге сын көзқараспен қарап, ойымызды екшеуге тиіспіз.”
Біз
Абай үшін не істедік, шындап Абайдың
қадіріне жете алып жүрміз бе? Әрине,
ауызды қу шөппен сүрте беруге болмас,
көптеген шаруалар атқарылды. Бірақ
айтпағымыз ол емес. Өткен ғасырдың
отызыншы жылдары Абайдың немере інісі
Шәкәрім қажының сөзін еске түсірейікші.
«Ибраһим (Абай Құнанбаев) мырзаның
тұрағы қазақ іші болғандықтан, қадірі
азырақ білінеді. Олай болмағанда бұл
Данышпан, Ғұлама, Философ еді. Қор елде
туды да, қор болып өтті» дейді. Бұл не
деген сөз? Абайды маңайында жүрген өз
қазағы ұқпады. Асыл сөздерін қаперіне
алмады. Айтқан ақылын аяқасты етті.
Шынтуайтына келгенде, Абай өз ортасынан
(қоғамнан) ақыл-ойы жағынан қол жетпестей
шығандап алысқа шырқап кетті. Мыңдаған
жылдарға алға озып кетті десек артық
айтқанымыз емес. Ал сол кездегі қазақтың
Абайды ұғынуға, түсінуге өрелері,
білімдері жетпеді. Абайдың «Сөзін ұғар
адам жоқ болып, бақсының моласындай
жалғыз қалуының» сыры содан. Өмірден
зарлап өтті. Ал біз болсақ, әлі де сол
Абай өмір сүрген орта деңгейінен онша
ұзай қойған жоқпыз. Бірен-саран адам
болмаса Абайды оқып, түсініп, бойына
дарытып жүрген адам шамалы. Кейінгі
кездері Абай туралы насихат азайып
кетті. «Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма» деген
сөздерде біле-білсек Абай өмір сүрген
бүкіл бір дәуірдің мұңы, тағдыры,
қайшылық-тартысы, тарихы жатыр. Әттең,
әлі де көпшілік, «қалың елім қазағым»
Абайдың даналығын сезіне алмай келе
жатқаны өкінішті.
Абайдың шығармаларында
тәрбие, мінез түзеу ісіне мол орын
берілгенін көпшілік жақсы біледі. Абай
өлеңдерінің өміршеңдігі оның философиялық
ойларында жатса керек. Шынында да, Абай
өз ісімен, әлемге көзқарасымен, терең
де байыпты ойларымен, психолог-данышпандығымен
замандастарынан ерекшеленіп, қазақ
халқының қорғаны бола білді. Абайдың
ең бір артық ерекшелігі – заманының
айдаған ыңғайына жүрмей, өзіне Алла
Тағала берген өзгеше қабілеттердің
арқасында айналасына ашық, сын көзбен
қарап, барлық құбылысты, өзгерістерді
дәл суреттеп, қағазға түсіргені. Хакімнің
тереңнен нәр алған ойлы шығармалары өз
халқын мәдениет және әдебиет мұхитынан
сусындатты.
«Өлді деуге бола ма,
айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз
қалдырған» деп Абай Құнанбаев
жырлағанындай, ұлы ақынның артында
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мол мұра,
рухани қазына қалды. Онымен мақтанбайтын
қазақ жоқ.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген