400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абайдың 175 жылдығына арналған әдеби кештің сценарийі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Абайдың 175 жылдығына арналған әдеби кештің сценарийі.


Тақырыбы: «Абай- ұлы ақын»

Мақсаты:  Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде

қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту.
Түрі: Әдеби-сазды кеш.
Көрнекілігі: Көрме, интерактивті тақта, Абай туралы фильмнен үзінділер, презентация  

Фонфар беріледі

«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ӘНІМЕН АШЫЛАДЫ. (Орындайтын Мадияр) Тіл туралы слайд

  2-жүргізуші Ернат:

Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,

Жырлатқан елдік, ерлік азаттығын.

Жұлдызды құдіреттің туы болған,

Қасиетті ана тілім – қазақ тілім.

1-жүргізуші Арна:

Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар

Қасиетті менің ана тілімде,

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар


2-жүргізуші Ернат:Армысыздар, құрметті өнерді,әдебиетті, тілді сүйетін қауым, аяулы ұстаздар мен ардақты оқушылар!


1-жүргізуші Арна:

Кез - келген мемлекеттің рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі екені сөзсіз. Биыл міне, өз ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына 30 жыл уақыт та болыпты.


Бүгінгі «Тілдер мерекесі» аясында ұйымдастырылып отырған, қазақтың ұлы ақыны, ағартушы,ойшыл, жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы Абай Құнанбайұлының 175жылдығына арналған әдеби кешімізге қош келдіңіздер!


 2-Жүргізуші Ернат:

Бүгінгі кешіміздің мақсаты: Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту.Экранға назар аударайық.

 (Абайдың дүниеге келуі туралы шағын киносюжет көрсетіледі.Артынан Абайдың әні жай ойнай бастайды, экраннан Абайдың портреті шығады. Портреттің астында «Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» (Абай) –деген сөз жазылып тұрады.

        1-жүргізуші Арна:

Халқының ұлы болып туып, ту ұстары болып өткен данышпан дүниеден жүз жыл бұрын озса да, ұрпақтарына азық болып отыр.

        Ұлы Абайды "Қазақтың бас ақыны" деп бағалап, оның ақындық зор тұлғасын дәл сипаттап берген Ахмет Байтұрсыновтың осы бір нұсқалы сөзінде үлкен ой жатыр.

2-Жүргізуші: Ернат

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,-
деп ақынның өзі айтқандай, «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол тайғақ өмір кешкен, қайғысы мен қасіреті мол өлкеде ел мұңдарын жыр ғып төккен алып Абай атамыз туралы қазақ ақын-жазушыларының өлеңдерін тыңдап көрелік.
(Күй ойналады)




(Арсен) Мағжан Жұмабаев

Атақты ақын - сөзі алтын хакім Абайға


Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес
Қарадан хакім болған сендей жанды
Дүние қолын жайып енді күтпес.
Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме,
«Қор болды қайран сөзім босқа!»- деме.
Артында қазақтың жас балалары
Сөзіңді көсем қылып, жүрер жөнге!.
Жүрген жанның артында ізі қалар,
Етікші өлсе, балға мен бізі қалар.
Бір бай өлсе, төрт түлік малы қалар,
Жүйрік өлсе, артында сөзі қалар!
Сұм дүние сылаң беріп көптен өтер,
Сау қалғанның көбісі ертең бітер.
Тоқтамас дүниенің дөңгелегі,
Жүйріктің айтқан сөзі көпке кетер.


(Ақбота) Иса Байзақұлы

«Тіл кестесін үйреткіш»

Таңдамалы тәтті тіл-Абай тілі,

Ақынға дос,жаныңа тиеді жылы.

Шымырлатып денеңді,сүйсіндіріп,

Шертіледі жүректің нәзік қылы.

Әсіресе Абайдың ақындығы,

Таңдамалы сөзінің татымдығы.

Ақындарға көп үлгі шеберлігі,

Міне бізге Абайдың жақындығы.

Кел ақындар,күйлі тіл,көркем сөзге,

Сының болса,өзің тап бұдан өзге.

Бет алысың,табысың табындікі,

Тіл кестесін үйреткіш Абай бізге.


(Сымбат)Абайды іздеу

Фариза Оңғарсынова

Абай аға!

Биікте ме-қайда жүр аруағың?

Құлағыңа жете ме шағым-әнім?

Көқті кезіп іздер ем-Жерде мені

Шырмап қойды шырғалаң шаруа, мұң.

Ашсам деген жұрт көзін қыран едің,

Мерт еткенде сені де күба жерім,

Ел етем деп тыртаңдау не тәшіме

Керек екен десеңші мына менің?

Қалқиды әнің-рухыңның кептері ме,

Ұстаймын деп әуремін текке ,міне.

Дарыныңнан, ойыңнан бермей ,маған

Тек дертіңді жұқтырып кеткенің бе?







1-жүргізуші Арна:

Жаманға «жар» деген-ақ ,ән көрінер, 
Жақсы ән білсе, айтуға кім ерінер 
Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп 
Жабырқаған көңілің көтерілер,-деп Абай жырлағандай,кезекті әнге берейік. «Көзімнің қарасы» қабыл алыңыздар!

     

1-Жүргізуші Арна:

- Абай Құнанбайұлы өлеңді 14 жасынан жаза бастады, бірақ ол өлеңдері қалжың, сықақ өлеңдер болды. Ол ақындыққа ұзақ мойын бұрған жоқ. Ақын атануды намыс та көрді. Өйткені ол заман ақындарының беделі, қадірі болмады. Абай өзі де олар туралы былай дейді:

2-Жүргізуші: Ернат


Қазаққа өлең деген бір қадірсіз
Былжырақ ақындары түк ақылсыз. 
Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап. 

1-Жүргізуші Арна:

Тек 80 жылдары 35 жастан асқаннан кейін, өлең туралы көзқарасын өзгерте бастайды.  Осы уақытқа  дейін оның өлеңдері өз замандасы  «Көкпай» атынан танылып жүрді. Бір отырыста ол Көкбайға «Сен соғымыңа бір бие ал, мен енді өлеңімді өзіме алайын» - деген екен. Осыдан бастап Абай ақындыққа біржола бет бұрады.Өлеңдері бірнеше тілдерге аударылды.


    2-Жүргізуші: Ернат

Кезекті ұлы ақынның өз өлеңдеріне берейік.


Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,   (Аян оқиды)

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. 

Жақсы менен жаманды айырмадың, 

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. 

Бет бергенде шырайың сондай жақсы, 

Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың? 

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,  

Аузымен орақ орған өңкей қыртың. 

Өзімдікі дей алмай өз малыңды, 

Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың. 

Көрсе қызар келеді байлауы жоқ, 

Бір күн тыртың етеді, бір күн — жыртың. 

Бас-басына би болған өңкей қиқым,  

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын? 

Өздеріңді түзелер дей алмаймын, 

Өз қолыңнан кетпесе, енді өз ырқың.


Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы (Марина)

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.




(Карина)


Поэзия – слов благороднейших царь,

Свести несводимое должен твой дар.

Пусть радует он и язык нам и сердце,

Повсюду неся одинаковый жар.

 

Но если слов чуждых затешется грязь,

То этот поэт – неумеха средь нас.

Сказитель и слушатель стоят друг друга,

Как пара невежд без ушей и без глаз.

 

Аяты, хадисы – основа основ.

Вкрапленье двустиший, как некий покров,

Но если не красится речь содержанием,

Аллах и пророк обошлись бы без слов.


(Назерке 9 а) 

The song is a king of speech, a mouthpiece

The song is a king of words,
An erroneous man's copy.
The tongue is light, warm,
The flat surface is flat.

If by any other words,
He is a poet's dumb man.
The speaker and the listener are often ignorant,
This is a piece of money that everyone knows.

At first, the ghayat, the hadeeth is the beginning of the word,
Doubles came in between.
If the logic is not interesting,
Why should the prophet say it?

(Наргиз 6 А)


Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.

Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсиды.
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.



(Ансаған)

I do not write a song for fun

I do not write a song for fun,
No, he went to pick up the fairy tale.
The sigh, the tongue, the tongue,
To give young people an example.
This word is not clear,
The source of attention is open and awake.

Straighten, curly, unwind,
It's a matter of no good, no secret.
The noise is noisy.
When you grow up, you never see such a word.
I was surprised to find out what I said before,
And tell everyone to keep quiet.

(Ғазиза оқиды )

Ғылым таппай мақтанба (Юлия11 в)

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.

(Адалат тәжік тілінде оқиды)
 

  2-Жүргізуші: Ернат


Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.


Сахнада 6 сынып оқушыларының орындауындағы «Қызғалдақ» биін тамашалаңыздар!


1-Жүргізуші Арна: - Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау.Ендігі кезекте көрермендердің викториналық сұрақтарға каншалықты жауап бере алатындарын сынап көрелік.







  2-Жүргізуші: Ернат

(Сұрақтарды кезектесіп қояды.)

  1. Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?

( Көкбай ).

  1. Абай туралы еңалғаш мақала жазған кім?

( ӘлиханБөкейханов, 1903жылы Петербургта  жазған).

3 .Абайдың қанша күйі бар?( Үшкүйі бар: «Торжорға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

4.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)

5 . Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)

6. Ділдәдән туған балалары?

(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).

7. «Қазақтың бас ақыны  -Абай Құнанбаев» деп атаған кім? (Ахмет  Байтұрсынов).

8 .Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)

9.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада?

( 1909 жылыПетербургта).

10. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс. Кімнің сөзі

(Назарбаев)


1-Жүргізуші Арна: Жауаптарынызға көп рақмет!

Абай өмірінің соңында жазылған туындысы «қарасөздер » деп аталады.Қара сөздер-көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық  сөздер, мақала,ғылымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады . Кезекті Абайдың қарасөзіне берейік. 

Көрініс

(Көзімнің қарасы әуені ойналады. Абай шығады 1- қарасөзі оқылады).



2-Жүргізуші: Ернат Ұлы ақын, ағартушы Абай, музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, ән-күй жөнінде де көптеген терең, үлгілі пікірлер айтты.

1-Жүргізуші Арна:

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Оның тәтті оранған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,

Жас балаша кеңілді жақсы уатар»,

«Желсіз түнде жарық ай» әнін қабыл алыңыздар.

1-Жүргізуші Арна:

Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі. Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.


2-Жүргізуші: Ернат Ұлы Абайға арнау өлеңдеріне кезек берейік.

(Оқушылар арнау өлендерін оқиды)

Жұртым үшін жұлдыз болып жана алсам, (Насхат)

Абай сөзі жүрегіме жағар шам.

Ал, мен үшін арман бар ма дүниенің

Кетігіне кірпіш болып қалансам?!


Көгімізден нұрын төгіп азат күн, (Мария)

Отанымыз күйін кешіп ғажаптың.

Әр сөзінен ұғындырған ұлылық

Ұлы Абайы жасай берсін ҚАЗАҚТЫҢ!!!

Сөнбес сәуле сепкен Алаш елінде, (Саша)
МәшҺүр еткен қазақты жер жүзіне.
Жаныңа жақын Татьянаның хаттары,
Жырлаған қазақ - орыс жерінде.



Абай - мұра, ұрпақтан - ұрпақ жалғаған, (Вова)
Ән мен жыры ел назарсыз қалмаған.
Білім, еңбек, еркіндікті арман ғып,
Жас қауымға сабақ етіп жырлаған.

Абай - дана, Абай - дара қазақта, (Назерке)
Оқылмаған ұлы Абайды қазақ па?
Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге,
Абай теңдес ақын болмас қазақта.

2-Жүргізуші: Ернат

Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.

1-Жүргізуші Арна:

Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы!

Ән «Қазақ тілім» орындалады. Кешке қатысқандар барлығы ортаға шығады.

Арна: Құрметті, әдебиет сүйер қауым! Абайдың шығармашылығына арналған соңына жетті. Поэзия әлемінде келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!










(Абай 3- бөлім Қара сөздерінен)

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын. Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын! Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ. Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік. Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық? Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым. Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.


























Жұртым үшін жұлдыз болып жана алсам,

Абай сөзі жүрегіме жағар шам.

Ал, мен үшін арман бар ма дүниенің

Кетігіне кірпіш болып қалансам?!


Көгімізден нұрын төгіп азат күн,

Отанымыз күйін кешіп ғажаптың.

Әр сөзінен ұғындырған ұлылық

Ұлы Абайы жасай берсін ҚАЗАҚТЫҢ!!!



Сөнбес сәуле сепкен Алаш елінде, (Саша)
МәшҺүр еткен қазақты жер жүзіне.
Жаныңа жақын Татьянаның хаттары,
Жырлаған қазақ - орыс жерінде.



Абай - мұра, ұрпақтан - ұрпақ жалғаған, (Вова)
Ән мен жыры ел назарсыз қалмаған.
Білім, еңбек, еркіндікті арман ғып,
Жас қауымға сабақ етіп жырлаған.

Абай - дана, Абай - дара қазақта, (Назерке)
Оқылмаған ұлы Абайды қазақ па?
Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге,
Абай теңдес ақын болмас қазақта.



1 - оқушы: Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы.
Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі - бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.

2 жүргізуші:

Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы!

1 - оқушы: Ұлы Абай сабағы бізді кең өріс, жаңа белестерге бастайды. Оның шығармаларын қайталап оқыған сайын өзің рухани толыса түсуімен бірге, туған әдебиетіңе тереңірек үңіліп, оның келешек көкжиегінің алыс қиырына көз саласың.  Құрметті, әдебиет сүйер қауым! Абайдың шығармашылығына арналған соңына жетті. Поэзия әлемінде келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!



           
       



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
14 мамыр
3202
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі