жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Абайдың балалары»
Ортаңғы “Қанағат” тобында
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№6 23.11.2015ж
Білім беру саласы: “Әлеуметтік орта ” “Қатынас ”
Бөлімі: Абайтану
Тақырыбы: «Абайдың балалары»
Мақсаты: Абайдың балаларымен таныстыра отырып, сол кездегі отбасындағы қарым-қатынас жайында, адамдар арасындағы, отбасы мүшелері арасындағы сыйластық туралы білгізу; елестету, есте сақтауға үйрету, өз беттерінше жұмыс істеу қабілеттерін дамыту;, табиғатты сүюге, оны қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Абай Құнанбаев бейнесі, қазақ үйі, отбасы суреті
Билингвальді компонент: дети-children
|
Іс – әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық - қозғаушы |
– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық! Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! |
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын айтады. Бір-біріне қарап, мейірлене күлімдейді. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденушілік |
Балалар біз сендермен өткен сабақта Абай атаның шын есімі Ибраһим болған екенін және ол бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы деген ауылда дүниеге келгені жайында айтқан болатыңбыз. -Бүгін біз сендермен Абай Құнанбаевтың балалары туралы әңгімелейміз. Абай Құнанбаевтың балалары көп болған екен. Олардың есімдері: Ақылбай, Әбдірахман,Әкімбай, Мағауия, Райхан, Турағұл, Мекайыл, Ізкаіл, Кенже деген жеті ұлы, үш қызы болған екен. Абай Құнанбаев осы балаларына арнап көптеген өлең жазған екен. Абай Құнанбаев өте қамқор әке болған екен. Сонымен қатар ол көп немерелі болған. Осы ұлдарынан тараған ұрпақтың ішінде ата жолын қуған дарынды тұлғалар да бар екен. Сергіту сәті Жел соғады бетіме, Ағаштарды желпуде. Жел тыңа қалған кезде, Ағаштар биік болып өсуде. -Балалар айтыңдаршы АбайҚұнанбаевтың баларының есімі қалай екен? -Өте жақсы, ал неше ұлы бар екен? -Абайдың неше қызы бар екен? -Дұрыс айтасындар балалар. |
Мұқият тыңдап отырады. Өлең мазмұнына байланысты қимылдарды жасайды. Есімдерін атап айтады. -Жеті ұлы бар. -Үш қызы бар. |
|
Рефлексивті - түзетуші |
- Абай атамыздың балалары туралы не білдіңдер? -Абай ата балаларына арнап қандай шығарма жазған? -Абай Құнанбаевтың қай жерде туып өскен? |
-Жауаптары тыңдалады |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:ақынның балалары туралы мәліметті;
Игереді: Абай Құнанбаевтың балаларының есімдерін;
Меңгереді: туып өскен жерін, балалары туралы мәліметтерді.
Тексерілді:
Ортаңғы “Қанағат” тобында
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№12 23.11.2015ж
Білім беру саласы: “Таным ” “Қатынас ”
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: саңырауқұлақтар
Мақсаты: саңырауқұлақтар жайлы білімдерін бекіту, саңырауқұлақты табиғи материалдардан жасай білуге және оны жасауда пішіндерді дұрыс қолдана білуге үйрету, табиғи материалдардан жасай білуге және оны жасауда пішіндерді дұрыс қолдана білуге үйрету, табиғи материалдардан ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: жасыл түсті қағаз, ақтүсті ермексаз, грек жаңғағы.
Билингвальді компонент: грибы-mushrooms
|
Іс – әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық - қозғаушы |
-Педагог балаларға саңырауқұлақ туралы жұмбақ жасырады. Саңырауқұлақтың түрлері жайында, тағамға пайдаланатынтүрлері болатынын айтып, суреттерін көрсетеді. Олар жұмбақтың шешуін тапқаннан соң, үлгіні көрсетіп талдау жасайды. Ормандағы саңырауқұлақтарды біз бүгін табиғи материалдардан жасап үйренеміз деп, жасалу жолдарын түсіндіреді. |
Балалар жұмбақты шешіп, саңырауқұлақтың суреттерін тамашалайды. Табиғи материалдардан қалай жасалатынын қарап, үйренеді. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденушілік |
Ол үшін алдымен үлгіге қарап алыңдар, саңырауқұлақтың қалпағы грек жаңғағынан, сабағы ақ түсті ермексаздан жасалған. Алдымен ермексазды алақанымыздың ортасына салып тегістеп, есіп аламыз, сопақша пішінге келтіреміз. Одан кейін грек жаңғағының жарты бөлігін оның жоғарғы жағына кигіземіз, сонда саңырауқұлақ дайын болады. Енді оны жасыл түсті қағазға орналастырамыз. Балалардың еңбек нәтижесіне жетуіне, жұмысты соңына дейін аяқтап шіғуына бағыт беріледі. |
Олар алдымен сабағын ермексаздан жасайды, қалпағн жаңғақты жапсырып, жасыл түсті «шалғынға» орналастырады. Іс-әрекет барысында балалардың қимыл-қозғалысы, қалпағын дұрыс орнатуға мән беріледі. |
|
Рефлексивті - түзетуші |
Педагог барлық саңырауқұлақтарды «жасыл түсті шалғынға» орналастырып, ең әдемі саңырауқұлақты таңдауды ұсынады, ол несімен ұнағаны туралы балалар айтып беруін өтінеді. |
Балалар өздерінің жасаған саңырауқұлақтарын қарап, таңдауға көмектеседі. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: саңырауқұлақтарды табиғи материалдардан жасауды;
Игереді:саңырауқұлақтар туралы жаңа мәліметтерді;
Меңгереді: саңырауқұлақтың сабағын, қалпағын бір-біріне берік бекітуді..
Тексерілді:
Ортаңғы “Қанағат” тобында
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№13 23.11.2015ж
Білім беру саласы: “Денсаулық” “Әлеуметтік орта ” “Таным ”
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: қатарға тұрғызу, жаттығуларды дұрыс жасату.
Мақсаты: балаларға қатарда дұрып, денені дамытатын жаттығуларды дұрыс жасату. Денсаулықтарын нығайту. Қимыл қозғалыстарын дамыту, жаттығуларға деген қызығушылықтарын ояту. Реттілікті сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: гимнастикалық жіптер, гимнастикалық шеңбер.
Билингвальді компонент: зарядка-charging
|
Іс – әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық - қозғаушы |
Бой ұзындығына қарай бөлініп, қатар түзеп тұру. Жаттығуларды рет-ретімен дұрыс,әрі ұқыпты жасау. |
-қызығушылықпен барлығы қатарға тұрып, жаттығу жасауды бастайды. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденушілік |
Жалпы дамыту жаттығулары: Б.қ.: Аяқ иық деңгейінде, қол дене бойымен төмен түсірілген. Қолды жан-жақ арқылы көтеру, сілтеу, түсіру. Бастапқы қалыпқа келу. (5-6 рет) Б.қ.: Аяқ табан көлемімен, қол арқа артында, отыру және саусақ ұшымен тізеге соғу, тұру, тік тұру. Бастапқы қалыпқа келу. (4-5 рет) Б.қ.: Аяқ иық көлемімен, қол белде, еңкею және қол саусақтарымен еденге тигізу (мүмкіндігінше), тұру, тік тұру. Бастапқы қалыпқа келу. (4-5 рет) Б.қ.: Аяқ иық деңгейінде, қол белде, өзіңді айнала секіру. Орнындағы жүріспен кезектестіру. (3-4 рет) Жүгіру барысында жәймен тоқтап, бағытты өзгерту мақсатында кері бұрылып, ары қарай асықпай жеңіл жүгіріспен жүгіруді жалғастыру. «Әтеш» Тыныс алу жаттығуы. Мұрынмен тыныс алып, дем шығару. Допты лақтырып, қағып алуды үйрету. |
Жалпы дамыту жаттығуларын дұрыс орындайды.
Дұрыс тыныс алып, дем шығарады.
Ойындарды қызығушылықпен ойнайды |
|
Рефлексивті - түзетуші |
Ойын: «Мысық пен пышқан» ойыны. Тәрбиеші балаларды ойын ережесімен таныстырып, екі баладан ойынды ойнатады. |
Ойынға бәрі қызыға ат салысып қатысады, шапшаң қимылдайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жаттығулардың маңызын, олардың денеге тигізер пайдасын;
Игереді: бой ұзындығына қарай бөлініп, қатар түзеп тұруды;
Меңгереді: денені дамытуға арналған жаттығуларды рет-ретімен дұрыс жасауды..
Тексерілді:
Ортаңғы “Қанағат” тобында
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№6 24.11.2015ж
Білім беру саласы: “Әлеуметтік орта ” “Қатынас ”
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Менің елім – Қазақстан»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайы туралы әңгімелеп беруге үйрету. Туған жерін, елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қала көрінісі, адамдардың еңбегі бейнеленген суреттер, глобус.
Билингвальді компонент: родина-birthlace
|
Іс – әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық - қозғаушы |
Шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы көңіл күй тілейді. Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік. |
Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын айтып, өлең мазмұнына қарай қимыл-әрекет орындайды. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденушілік |
-Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады? -Сендер қандай қалада тұрасыңдар? -Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер? -Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер? Балалар Отан деген-бізідң еліміз, жеріміз, үйіміз.Отан туымыз, табиғатымыз. Отан отбасымыз, мемлекетіміз екен естеріңде болсын.Олай болса балалар бүгін біз сендермен Отанымыздың астанасы Астанаға және өзіміз тұратын Семей қаласына сапар шегетін боламыз. Алдымен тақтаға қарап тыңдап алайық: Бұл біздің Қазақстан Республикасының картасы.Осы карта арқылы біздің мемлекетімізді тауып алуға болады. Қазақстан Республикасы үлкен мемлекет екен.Осы мемлекетте көптеген үлкен кіші қалалар мен ауылдар бар.Онда бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Ол ұлттардың өздерінің сөйлейтін тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі болады.(№1 слайд ұлттарды көрсету). Дегенменде бәрімізге ортақ мемлекеттік тіл –қазақ тілі.Ал сендер қандай тілде сөйлейсіңдер?Мен сендермен қандай тілде сөйлесіп тұрмын? Балалар қазақ тілін мемлекеттік тіл деп атайды екенбіз. Енді балалар мына келе жатқан поезымызға отырып Астанаға барып келейік. Музыкамен Астанаға келеді. Міне балалар еліміздің астанасы Астана қаласына да келіп жеттік.Мына тұрған Есіл өзеніне назар аударыңдар бұл біздің қаламыздағы Ертіс өзеніне ұқсайды. Есіл өзені арқылы Астана қаласы екі жағалауға бөлініп тұр екен. Бұл алдарыңда тұрған ғимарат қалай аталады?-дұрыс «бәйтерек» деп аталады екен. Бәйтерек Астана қаласының символына айналған екен. Оның ішіне кіріп тілек тілеуге болады.Ал мына ғимарат «Ақ орда» деп аталады Мұнда біздің президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отырып мемлекетіміздің жұмыстарын жүргізеді.Ал мына ғимарат «Ханшатыр» деп аталады- бұл ғимарат ойын сауық ғимараты.Ал мына ғимарат «Бейбітшілік және келісім сарайы» деп аталады.Бұл жерде шет елден келген қонақтар мемлекеттік жағдайларды шешеді екен. Ал балалар сендерге Астана қаласы ұнадыма? Олай болса қайтадан өзіміздің туған қаламыз Семейге оралайық. Поезға отырып Семей қаласына келеді.Семей қаласының көрікті жерлерін аралайды. Орталық алаң,Абай театры. Аспалы көпір, «Полковничий» аралымен таныстырады.Ал балалар сендерге сапар шекен ұнадыма? Олай болса өзіміздің «Бес Асыл» балабақшамызға оралайық. Балалар біздің мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? Кім айтады?-Дұрыс балалар олай болса қазір сендермен Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын жабыстырайық.Қолымызда не тұр? Ненің суретін жабыстырдық? Ендеше туды қолымызға алып «Мен өз елімнің патриотымын» деп үш дауыста айтайық. |
-Қазақстан Республикасында Тұратын қалаларын айтады Тыңдап, назар аударады Картамен танысады -Қазақ тілінде сөйлейміз Қазақ тілінде сөйлеп тұрсыз Поезға отырып,Астана қаласына келеді -Бәйтерек Астана қаласының көрікті жерлерімен танысады Семей қаласына келіп, сапар шегеді -Иә ұнады -Балабақшаға келеді -Ту, елтаңба, әнұран -Туды жабыстырады. -Біздің мемлекеттік рәмізіміз Тудың суретін жабыстырдық -сыбырлап, ақырын, дауыс көтеріп айтады. |
|
Рефлексивті - түзетуші |
- Педагог бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды |
-Өз көңіл-күйлерімен бөліседі. Немен айналысқандарын, не істегендерін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайы, өздері тұратын қалалары туралы әңгімелеп беруді;
Игереді: Қазақстан Республикасының халқы, тілі, сәулетті әдемі Көпқабатты үйлері мен мәдениет орындары, балабақша, мектеп, дүкен, теңге туралы білімді;
Меңгереді: үлкен, кіші қалалары мен ауылдарда тұратын бірнеше ұлт өкілдері, олардың тілі, мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы білімді.
Тексерілді:
Ортаңғы Қанағат тобында
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№13 25.11.2015ж
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Әлеуметтік орта»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: 4 цифрымен танысу. Үлкен, кіші, кішкентай. Баланың зейінін дамыту.
Мақсаты: 4 цифырымен 4 санының таңбасы ретінде таныстыру; 4 цифрының сандық қатардағы орнын ауыстыру; цифрын өзге цифрлар арасынан табу; «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін пайдалана отырып, заттарды көлеміне қарай салыстыруды үйрету; баланың зейінін дамытуға ықпал ету; балаларды көлемі әртүрлі заттардан құралған топтардың саны жағынан тең немесе тең еместігін ажырата білуге үйрету.
Әдіс – тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, практикалық.
Қажетті көрнекі құралдар: үлке, кішкентай заттардың салыстыруға арналған суреттері, цифрлар карточкасы.
Билингвальді компонент: четыре-four
|
Іс – әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық - қозғаушы |
тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады: әйгерім өз себетіне, үш саңырауқұлақ салды. Қарап жүрмей тағы да, Тал қасынан біреуін алды. Жоғалтпайық уақытты, Бізгетек санау ғана қалды. |
Балалар жұмбақ өлеңнің жауабын табады. 4 саңырауқұлақ |
|
Ұйымдастырушылық – ізденушілік |
1-тапсырма. Тәрбиеші суретте неше саңырауқұлақ болса, жолақ ішіне сонша дөңгелек салудытапсырады. Содан соң сұрақ қояды: -Неше дөңгелек салдындар? -Неліктен? 2-тапсырма Тәрбиеші өлең оқып береді: Білек күші тасыған, Төрт күрескер ағаң. Қолын қойып беліне, Шаршамайды ешқашан. Тәрбиеші балаларға 4 цифрының сандар қатарындағы орнын анықтап, сол сан нешені білдірсе, сонша моншақ бояуды тапсырады. Содан соң өзге цифрлардың арасындағы төрттіктерді туып, оларды қоршап шығуды тапсырады. «Санамақ». Сергіту минуты. Бір, екі, үш, төрт, Жиналамыз бәріміз. Бір, екі, үш, төрт, Секіреміз бәріміз. Бір, екі, үш, төрт, Отырамыз бәріміз. Үлестірмелі материалмен жұмыс. Тәрбиеші балаларға мынадай тапсырма береді: барлық үлкен шарларды іріктеп алып төменгі жолаққағ ал кішкентайларын жоғарғы жолаққа қойып шығуларың керек. Бірақ олардың саны тең екендігі көрініп тұратындай болсын. Тәрбиеші 2-3 баладан шаршылардың көлемі қандай және әр жолақта неше шаршы бар екенін сұрайды. 3-тапсырма Балалар 1-қатарда неше киіз үй тұрғанын санайды, содан соң олардың көлеміне назар аударады. Осылайша 3-қатардағы суретке де талдау жасайды. Балалар суреттің орналасу заідылығын анықтағаннан кейін, тәрбиеші екінші қатардағы балықтарды қалай салу керектігін сұрайды. 4-тапсырма Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады: Мені қардан жасапты, Ойланып көр. Қолым – таяқ, Мұрным – сәбіз, Көзім – көмір. Тәрбиеші балаларға бір қарағанда бір-бірінен аумайтын, бірақ айырмашылықтары бар аққалаларды көрсетеді. Содан соң қанша айырмашылық тапса, сонша шеңберді бояуға тапсырма береді. Егер тапсырма дұрыс орындалған болса, төрт дөңгелек бояуы шарт. |
Балалар 4 дөңгелектің суретін салады және сұрақтарға жауап береді. Төрт. Үшке бірді қоссақ төртеу болады. Балалар өлеңді мұқият тыңдайды. Тапсырма дәптерге орындалады. Балалар төрт моншақты бояйды. Балалар 4 цифрын сызады. Балалар жаттығуларды орындайды: Екі аяқтап алға қарай секіреді. Бір орында тұрып секіреді, отырады. Қолдарын жан-жаққа созады. Балалар шаршыларды санайды. Балалар суреттің ең кішкентайдан басталып, біртіндеп үлкейе беретінін айтады. Кішкентай балықтың суреті берілген, екінші одан үлкенірек, үшіншісі үлкен балық болатынын айтады. Тапсырманы орындайды. Балалар жұмбақтың шешуін табады: Аққала. Балалар олардың айырмашылықтарын айтады: Аққаланың бірінің шелегінде қыраудың суреті бар, бірінде екі түйме, екіншісінде бір ғана түйме; бірінің сол жағында сыпырғыш бар, екіншісінде жоқ. |
|
Рефлексивті - түзетуші |
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. -Әйгерімнің себетінде неше саңырауқұлақ бар екен? -Сендер қандай цифрмен таныстыңдар? Тәрбиеші балаларды мадақтайды. |
Балалар өздерінің жұмыстарын тәрбиешінің үлгісімен салыстырады. Төрт саңырауқұлақ. 4 цифрымен. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 4 цифрын; «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін,
Игереді: 4 цифрын өзге сандардың арасынан табуды, жұмбақты шешуді.
Меңгереді: 4 цифры туралы түсінікті.
Тексерілді:
Ортаңғы «Қанағат» тобында
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№5 25.11.2015ж
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Қатынас. Таным.
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Қ.Жаманбалинов «Тазалық»
Мақсаты: әңгіменің мазмұнына қарай сұрақ қойып,дұрыс дауап беруге үйрету.Жағымды, жағымсыз қылықтарын ажырату дағдыларын дамыту,қамқор бола білуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: тазалық тақырыбына арналған суреттер
Билингвальді компонент: чистота-purity
|
Іс – әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық - қозғаушы |
Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Амансың ба – Алтын күн! Амансың ба – Көк аспан! Амансың ба – Жер Ана! Амансыңдар ма достарым! |
Шеңбер құрып, өлең шумағына сай қимылдар жасайды. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденушілік |
-Суретті көрсетіп, сұрақ қояды: -Балалар, снендер тазалық туралы не білесіңдер? -Тазалықты сақтау үшін не істеу керек? -Ойын ойнап болған соң міндетті түрде қол жуу керек солай ма? Қазір мен сендерге Қ.Жаманбалиновтың «Тазалық » деген әңгімесін оқып беремін Мазмұны бойынша әңгіме -Әңгіме қалай аталады? -Таза болу қаншалықты маңызды? -Таза болу үшін не істеу керек екен? -Балалар қайтті? Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян Естіп өалып сыбдырды, Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын салып көзінің. Келе жатқан томпаңдап Көжегі екен өзінің |
-Қойылған сұрақтарға толық жауап береді Қайталап, тыңдайды -Тазалық деп аталады. -Таза болу өте маңызды. -Үнемі қолды сабындап жуу керек, үстімізді кір қылмай таза жүру керек. -Қолдарын сабындап жуып, қолдарын орамалмен сүртті. Сергіту сәтіне сай қимылдар жасайды. |
|
Рефлексивті - түзетуші |
-Таза болу қаншалықты маңызды? -Таза болу үшін не істеу керек екен? |
-Жауаптары тыңдалады |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: сурет бойынша сипаттауды;
Игереді: тазалықтың адам өміріндегі маңызын;
Меңгереді: ұқыпты болуды, таза жүрудің маңызын.
Тексерілді:
Ортаңғы “Қанағат” тобында
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№13 25.11.2015ж
Білім беру саласы: “Денсаулық” “Әлеуметтік орта ” “Таным ”
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: қатарға тұрғызу, жаттығуларды дұрыс жасату.
Мақсаты: балаларға қатарда дұрып, денені дамытатын жаттығуларды дұрыс жасату. Денсаулықтарын нығайту. Қимыл қозғалыстарын дамыту, жаттығуларға деген қызығушылықтарын ояту. Реттілікті сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: гимнастикалық жіптер, гимнастикалық шеңбер.
Билингвальді компонент: зарядка-charging
|
Іс – әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық - қозғаушы |
Бой ұзындығына қарай бөлініп, қатар түзеп тұру. Жаттығуларды рет-ретімен дұрыс,әрі ұқыпты жасау. |
-қызығушылықпен барлығы қатарға тұрып, жаттығу жасауды бастайды. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденушілік |
Жалпы дамыту жаттығулары: Б.қ.: Аяқ иық деңгейінде, қол дене бойымен төмен түсірілген. Қолды жан-жақ арқылы көтеру, сілтеу, түсіру. Бастапқы қалыпқа келу. (5-6 рет) Б.қ.: Аяқ табан көлемімен, қол арқа артында, отыру және саусақ ұшымен тізеге соғу, тұру, тік тұру. Бастапқы қалыпқа келу. (4-5 рет) Б.қ.: Аяқ иық көлемімен, қол белде, еңкею және қол саусақтарымен еденге тигізу (мүмкіндігінше), тұру, тік тұру. Бастапқы қалыпқа келу. (4-5 рет) Б.қ.: Аяқ иық деңгейінде, қол белде, өзіңді айнала секіру. Орнындағы жүріспен кезектестіру. (3-4 рет) Жүгіру барысында жәймен тоқтап, бағытты өзгерту мақсатында кері бұрылып, ары қарай асықпай жеңіл жүгіріспен жүгіруді жалғастыру. «Әтеш» Тыныс алу жаттығуы. Мұрынмен тыныс алып, дем шығару. Допты лақтырып, қағып алуды үйрету. |
Жалпы дамыту жаттығуларын дұрыс орындайды.
Дұрыс тыныс алып, дем шығарады.
Ойындарды қызығушылықпен ойнайды |
|
Рефлексивті - түзетуші |
Ойын: «Мысық пен пышқан» ойыны. Тәрбиеші балаларды ойын ережесімен таныстырып, екі баладан ойынды ойнатады. |
Ойынға бәрі қызыға ат салысып қатысады, шапшаң қимылдайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жаттығулардың маңызын, олардың денеге тигізер пайдасын;
Игереді: қатарға тұрып жаттығу жасауды;
Меңгереді: жаттығуларды дұрыс жасауды.
Тексерілді:
Ортаңғы “Қанағат” тобында
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№6 26.11.2015ж
Білім беру саласы: Шығармашылық Таным, Қатынас,
Бөлімі:Жапсыру
Тақырыбы: ғарыш зымыраны
Мақсаты: ғарышта ұшуға арналған зымыран туралы, ғарышкерлер туралы түсінік беру. Шынайы ғарыш көлігіне ұқсас зымыран жабыстыруды үйрету. Ұсақ қол моторикаларын дамыту. Ғарышқа байланысты сөздік қорларын байыту. Желіммен жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіру. Әсемдікке, сұлулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:зымыран мен ғарышкердің суреттері
Билингвальді компонент: ракета-rocket
|
Іс – әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық - қозғаушы |
Ғажайып сәт: Педагог балаларға ғарышкердің келгенін, ол өзінің ғарышқа ұшатын әуе көлігінін бұғызып қалғаны жайлы айтып береді.Оған көмектеулерін сұрайды. |
-Сәлемдеседі Көмектесетіндерін айтады |
|
Ұйымдастырушылық – ізденушілік |
Педагог ғарышкердің суретін көрсетіп, мағлұмат береді. Зымыран ғарышкерлердің ашық аспан әлеміне ұшатын көлігі екенін айтады. Зымыранның айды және басқа да жер серіктерін зерттеуде тигізетін пайдасы туралы айтады. Зымыран болмаса ғарышкердің аспанға ұша алмайтынын айтады. -Олай болса ғарышкердің бұзылып қалған зымыранын қалпына келтіріп жасап берсек қалай болады. Ол үшін қандай түсті аламыз? зымыран қандай түсті болады? Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Беске-бесті қосқанда, Болып шықты оң саусақ. -Алдымен алдын-ала дайындалған зымыранның бөліктерін қиып аламыз. Ақ қағазға зымыранның артына желім жағып жапсырамыз. Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі |
-Тыңдайды Аспан түсіне сай көк түсті алады. Педагогпен бірге қайталап жасайды |
|
Рефлексивті - түзетуші |
-Ғарышкерге көмек көрсеткендері үшін қуанады. Ғарышкер балаларға ризашылығын білдіреді. |
Қуаныштарын білдіреді Бір-бірінің жұмыстарын қарайды |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: дайын суретті қиып, желім жағып, жапсыруды;
Түсінеді: қауіпсіз жұмыс істеуді,зымыран туралы мәліметті;
Қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алған дағдыларды.
Тексерілді:
Ортаңғы “Қанағат” тобында
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№13 27.11.2015ж
Білім беру саласы:«Қатынас» «әлеуметтік орта»«таным»
Бөлімі: тіл дамыту
Тақырыбы: отбасы (саусақтарға арналған жаттығуды үйрету)
Мақсаты: саусақтарға арналған жаттығуды жаттату. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Саусақтарын дұрыс уқалауға жаттықтыру. Сөздерді айтуда дауыс ырғағын дұрыс қадағалай білуге дағдыландыру. Бауырмал болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: отбасы тақырыбына арналған суреттер.
Билингвальдік компонент: семья-a family
|
Әрекеттің Кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
|
Мотивациялық- қозғаушылық |
Ұйымдастыру кезеңі Амандасу рәсімін жасау Арайлап таң атты Алтын арай таратты Қайырлы күн! Қайырлы таң! |
-Балалар амандасу рәсімін жасап Шаттық шеңберінде болады. |
|
|
Ұйымдастыру- іздестіру |
Тәрбиеші балалардың назарын үстел үстіндегі әртүрлі заттарға аударады. Ол үстелдегі заттардың ұнағанын алып, аттарын атап, көрсетуді өтінеді. -Балалар, сендер заттарды қалай ұстап тұрғандарына назар аударындаршы. Сендерге заттарды ұстауға не көмектесіп тұр. -Бір саусақтың көмегімен затты ұстау мүмкін бе? Тәрбиеші үш тал гүлгі бес саусақпен ұстаған дұрыс екенін айтып түсіндіреді. Төрт саусақпен ұстау қиын, ал үш саусақпен ұстау мүлде қиын екенін айтады. Екі саусақпен ұстау мүмкін емес, бәр саусақпен мүлде ұстай алмайсың. Егер саусақтар бір отбасы сияқты тату болып, бір-біріне көмектессе ғана, көп нәрсеге қол жеткізетіңдері айтылады. -Қанеки, барлық саусақтарына қарап көрейікші. Барлығы бірдей ме екен? -Бүгін біз сендермен саусақтарға арналған «Отбасы» деген жаттығу орындаймыз. -Ең үлкен, басқа саусақтардан бір шетте орналасқан саусақты көрсетіңдерші. Мінеки. Бұл саусақ – ата. Ол ең үлкен, ең бірінші. Мына саусақ – әже. Ол атаның қасында орналасқан. Келесі саусақ – әке-шеше. Мынау – әке. (Ортаңғы) Мынау – шеше. Ал, мынау – мен. Мінеки, барлығы менің отбасым. Сергіту сәті. Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Беске-бесті қосқанда, Болып шықты оң саусақ. «Қай саусақ жасырынып қалды?» Тәрбиеші сол қолының саусақтарымен таныстырады. Бұл да тура оң қолдың саусақтары сияқтықайталанады. Егер, біздің саусақтарымыз шаршаса, біраз жаттығу жасаған соң, бәрі бірігіп, жұмыс істейге дайын болатын тәрбиеші айтып түсіндіреді. |
-Саусақтар. -Жоқ. Балалар мұқият тыңдап, саусақтарымен заттарды ұстап көреді. -Жоқ. Әр саусақты кезегімен жұмылып көрсетіледі. Алақан жұмылып, ашылып көрсетіледі. Өлеңге сай қимылдар жасайды. |
|
|
Рефлексив түзетүшілік |
Іс-әрекетті қорытындылау. Не туралы білдік? Бір саусақтың көмегімен затты ұстау мүмкін бе екен? Саусақтарды қалай жаттықтыруға болады екен? |
Қойылған сұрақтарға толық жауап береді. |
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: саусақтарға арналған жаттығу түрлерін білу керек.
Игереді: саусақтарды дұрыс жаттықтыруды.
Меңгереді: өлеңге сай саусақтарға жаттығу жасауды.
Тексерілді:
Ортаңғы “Қанағат” тобында
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№13 27.11.2015ж
Білім беру саласы: Шығармашылық Таным, Қатынас,
Бөлімі:сурет салу
Тақырыбы: ақша қар.
Мақсаты: қардың жауып тұрған бейнесін бере білу, бұлттардың суретін салу үшін суық түстерді таңдап алу, қардың ерекшеліктері жайында түсініктерін қалыптастыру. Суретке көркемдік элементтерді кіргізе білуді үйрету, әсемдікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:қыс мезгілінің, қардың суреттері
Билингвальді компонент: снег-snow
|
Іс – әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық - қозғаушы |
Педагог балалармен бірлесіп қарды зерттеп, түстерін анықтайды (жұлдызшаға ұқсайды, жылтырайды, ақ, ақ сұр, ақша қар, аппақ қар). Қардың қандай екенін сұрайды. |
Қарды ұстап көреді. Еритінін, суға айналатынын, мұз болатынын анықтайды. -Ақша қар. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденушілік |
Жұмбақ жасыру: Аппақ-аппақ көбелек, Жерге қонар көлбеңдеп. Ақ жұлдыөша себелеп, Ұстатпайды, не керек? Педагог балалардың көңілін жауып тұрған қарға аударады. Сергіту сәті: Әппақ, әппақ, жапалақтап, Қар жауып тұр далада. Әппақ дала, барлық бала, Қуанып жүр далада. -Қазір барлығымыз суретшіге айналып, осындай әдемі қардың суретін қылқаламның тек ұшымен жеңіл сызықтар жүргізу арқылы саламыз. Ең бірінші, әртүрлі бейнедегі бұлттар саламыз. Ол үшін сызықтарды анық етіп, басып сызып салу керек. Қарды салғанда оңнан солға қарай сызық, түзу сызық салу қажет, дәл ортасынан түзу сызық түсіреміз, сызықтар бірдей болу керек. Ол үшін қысқ сызықтарды санай отырып сызамыз. |
-Қар. Өлең жолдарына сай қимыолдар жасайды. Әр бала сурет салу үшін бояулардың ішінен суық түстерді таңдап алады. Қылқаламды әртүрлі күш сала – қатты, ақырын басып, жуан-жіңішке із түсіреді. |
|
Рефлексивті - түзетуші |
Педагог балалардан қандай мереке жақындап келе жатқанын сұрайды. -Балалар, бүгін суретті бәрің жақсы, әдемі салдыңдар, Жаңа жылда Аяз ата келгенде осы суреттерді көрсетеміз. |
Балалар өздері салған суреттері жайлы әңгімелейді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қардың ерекшеліктері жайлы қарапайым түсініктерді;
Игереді: геометриялық пішіндер арқылы бейнелеуді;
Меңгереді:қардың суретін салуды.
Тексерілді:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген