"Абайдың рухани әлемі" танымдық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Абайдың рухани әлемі" танымдық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұлама, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған танымдық сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы



46 мектеп-лицей

Танымдық сағаттың қысқа мерзімді жоспары

Тақырыбы: «Абайдың рухани әлемі»

Педагогтің аты-жөні:

Маденова Жанар Утешовна

Күні:

16.04.2025 ж

Сынып:

3 К сыныбы

Танымдық сабақтың тақырыбы:

«Абайдың рухани әлемі»

Инновациялық іс-тәжірибенің тақырыбы:

Ұлттық құндылықтарға бағытталған білім беру

Мақсаты:

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын зерттеу, насихаттау. Өлеңдерін оқу, нақыл сөздерінің мәнін түсіну. Ұлтымыздың рухани таланты - Абай мұрасына, рухына тағзым ете отырып, даналық сөздерін оқушы санасына сіңіру, рухани құндылықтарды дарыту.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Кіріспе

Абайдың әндерінің әуенін қосып қояды.

Шаттық шеңбері:

«Шаттық нұрын сыйлайық» эмблемаларын қонақтарға таратады. (Ясмина, Амина, Раяна)


Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Жуманова Балхия Аббасовна:

Өнегесі өзек боп бар ғұмырға

Өр рухпен бөлейтін жанды нұрға.

Алты Алашқа таратып шұғыласын,

Абай жылы келеді алдымызда.



Сынып жетекшісі – Маденова Жанар:

Абай десең көкейге ой тұнады,

Адастырмас алдымда жол тұрады.

Сақтап келген ел-жұртын кеселдерден,

Абай сөзі – қазақтың бойтұмары.


Ата-ана:

Жырмен сомдап жүректегі жақұтты,

Аңсап жарқын болашаққа асықты.

Абайы бар халық неткен кемеңгер,

Абайы бар қазақ неткен бақытты!



Мұғалім: Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұлама, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған танымдық сабағымызға қош келдіңіздер!


Мектеп кітапханашысы – Айдосова Шолпан:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 180 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!


Жуманова Балқия Аббасқызы:

Бар сұлулықты, эстетикалық көркемдікті бойына жинаған Абайдың өлең жолдары кімді де болса рухани биіктерге жетелеп, болашаққа деген құштарлыққа ұмтылдырады, саналылыққа тәрбиелейді.

Айсұлтан: Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

Шыңғысхан: Абай (Ибраһим) Құнанбаев - 1845 жылы туылып, 1904-жылы дүниеден өткен. Ақын, ағартушы, қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.



Тамара Асардың орындауында Абайдың «Мен бір жұмбақ адаммын» әні қойылып тұрады.



Айлин:

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін!


Алинұр:

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!


Айсезім:

Іщім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,

Мен келмеске кетермін түк өндірмей.

Өлең шіркін өсекші, жұртқа жаяр

Сырымды тоқтатайын айта бермей...


Алинұр:

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың тарихи-өмірбаяндық аты әлемге әйгілі «Абай жолы» романы жайлы қызықты деректермен бөліссек қайтеді?



Айлин:

Алинұр, сен білесің бе? «Абай жолы» романы дүниежүзі әдебиетінің ең таудаулы 200 томдығына енген.

Айсезім:

Ия, «Абай жолы» эпопеясында он жеті мыңнан астам сөз бар, кітап 20 жылда жазылған.


Алинұр:

Ал қырғыздың ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматов «Абай жолын» жанынан тастамай алып жүрген деседі...

Айлин:

Француз жазушысы Луи Арагон «Абай жолына» «ХХ ғасырдың ең үздік шығармасы» деп баға берген.


Үшеуі бірге:

Ұлы Абай тағлымы –

Орнасын мықты көңілге,

Асыл сөзді іздесең,

Әлемдік ойдың алыбы –

Абайды оқы, ерінбе!


Абайдың нақыл сөздері (бейнеролик)



Мұғалім:

 «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» демекші, Абайдың поэзиясына тоқталып кетсек. Ал, қане, кім Абай өлеңдерін жатқа айтам дейді? (Абай өлеңдерін жатқа айтқызу)

Айару: «Сегізаяқ»

Шыңғысхан: «Ғылым таппай мақтанба»

Еркежан: «Әсемпаз болма әрнеге»

Бақсұлтан: «Тотықұс түсті көбелек»

О.Еркежан: «Білімдіден шыққан сөз»



Айзере:

Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз-ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық.



Абайдың Жидебайдағы мұражайына виртуалды саяхат жасау.



Абай Құнанбайұлы «Жыл мезгілдері» туралы

Бұл бөлімді ойын түрінде өткіземіз. Өлең шумақтарының үзінділерін оқып, Абай атамыздың қай өлеңінің үзіндісі екенін тауып, тиісті жыл мезгілі суретінің ішіне орналастырыңыздар.

Жыл мезгілдеріне байланысты өлеңдерден 2 шумақтан балалар оқып береді.

Санжар: «Күз»

Раяна: «Қыс»

Алихан: «Жазғытұры»

Рахымжан: «Жаздыгүн шілде болғанда»



Абайдың балалық шағы, отбасы туралы жасанды интеллект арқылы жасалған бейнебаянды тамашалайық.

Әрине, бұл бейнероликте бәрі шынайы емес. Жасанды интеллект арқылы жасалғандықтан адамдардың бейнесі ұқсамауы мүмкін.



Абайдың қанатты сөздері (бейнеролик)

Мұғалім:

 Ал, енді ақ қағаз бен қара сияны ермек қылған, өмірден көрген, түйгенін ой елегінен өткізіп, өзіндік тұжырым жасаған Абайдың қара сөздеріне тоқталып өтелік. (Абай қара сөздерін жатқа айтқызу)

Алиар –Абайдың он төртінші қара сөзі

Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбан-дылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады.

Іңкәр - Абайдың он тоғызыншы қара сөзі

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады.



Алиар: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар.

Әнді сүйсең, менше сүй.

Айлин: Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді үғады,
Жүрегім бойды жылытып.

Айсезім: Есіткендей болады
Құлағы ескі сыбырды.
Ескі ойға көңілім толады,
Тірілтіп өткен құрғырды.


«Желсіз түнде жарық ай» әнін орындау


Мұғалім:

Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны. Абай атаның өлеңдерін балабақшадан бастап жаттап, оқып келеміз. Ендеше, Абай туралы викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік.

Викториналық сұрақтар.

  1. Абай алғашқы өлеңдерін неше жасында жазған?(10жасында).

  2. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим).

  3. Абайдың анасының, әжесінің есімдері кім? (Әжесі - Зере, анасы - Ұлжан)

  4. Жеңгелері Абайды еркелетіп қалай атайтын еді? (Телғара)

  5. «Абай жолы» романын кім жазды? (Мұхтар Әуезов).

  6.  Абайдың сүйікті ойыны (Тоғызқұмалақ)

  7. Абай қанша нәрседен қашық бол деп айтты? (Бес нәрседен – өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

  8. Абайдың қандай аудармаларын білесің? Иван Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы)

  9. Абайдың қандай әндерін білесің? (Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы»)

  10. Абайдың қанша қара сөзі бар? (45 қара сөзі бар)

Шадияр:

 Абай Құнанбаев - қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті.

Мансұр:

Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан түрлі өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай Құнанбайұлы – өшпес тұлға.

Шолпан апай:

Осыдан бір ғасыр бұрын Міржақып Дулатов «Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен-күнге артылар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар» деп айтқан екен.

Шындығында, уақыт көші қанша алыстағанмен ұлы ақын мұрасына, рухына соншалықты жақындай береріміз хақ.



Мұғалім:

Міне, Міржақып Дулатовтың жазбасы біздің сынып оқушыларының танымдық сабағы арқылы расталып жатқандай деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Балаларымыз Абай атасының әрбір өлеңін жатқа айтып, рухани кемелденіп, көңіл көкжиегі кеңейе түссін. Ұлы тұлғаларымыздың даналықтарын бойына сіңіріп өсер білім алушыларымыз болашағы жарқын, мақсаты биік, жүрегі таза, жан-жақты кемелденген саналы тұлға болып өсе берсін.

Келген қонақтарымызға алғыс айта отырып, КЕРІ БАЙЛАНЫС парағын өздеріне сыйлық ретінде алып, ішіндегі QR код арқылы ватсап номерге еніп, танымдық сабағымызды бағалап, пікір жазып кетулеріңізді сұраймыз.

Сау болыңыздар!




Кітапхана іші Абайдың суреттері, нақыл сөздерімен безендірілген.





Танымдық сабақтың спикерлері Абай туралы өлеңмен бастайды.







Қатысушылардың сөздерін тыңдайды































Үш оқушы әдеби қойылам көрсетеді















«Абай жолы» эпопеясы туралы қызықты мәліметтерді айтады.

















Оқушылар «Абай жолы» туралы мәліметтерді айтады
















Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқиды























Абайдың нақыл сөздерін тыңдайды









Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқиды












Абайдың Жидебайдағы мұражайына виртуалды саяхат жасайды





«Абай» жыл мезгілдері туралы ойыны.



Өлең үзінділері қай өлеңнен алынғанын табады




Жыл мезгілдеріне байланысты өлеңдерін мәнерлеп оқиды





Жасанды интеллект арқылы жасалған бейнебаянды тамашалайды












Абайдың қара сөздерін жатқа айтады











Қара сөздердің мағынасын қарапайым тілмен түсіндіреді.



































«Желсіз түнде жарық ай» әнін орындайды.






«Абай Құнанбаев» боксы ішінен сұрақтар алып оқиды.


Викториналық сұрақтарға жауап береді.












Викториналық сұрақтарға жауап береді.






Абайдың даналық сөздері











Абай туралы мәліметтер














«Абай жолы» эпопеясы туралы қызықты мәліметтер






Призентация «Абай дана, Абай дара»





















Абайдың нақыл сөздері (бейнеролик)














«Абай оқулары» сайысына қатысқан оқушыларымыз

дың дипломдары

2023-2024 оқу жылы, 2-сынып

2024-2025 оқу жылы, 3-сынып




















«Абай оқулары» сайысына қатысқан оқушыларымыз

дың дипломдары

2023-2024 оқу жылы, 2-сынып

2024-2025 оқу жылы, 3-сынып

























https://wordwall.net/ru/resource/52858298



 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.04.2025
361
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі