400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Абайдың шығармаларына иллюстрация""

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақта әдістер көп.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жалпы білім беретін Көгеріс негізгі мектебі











Сабақтың тақырыбы:


«Абайдың шығармаларына иллюстрация»

(6 - сынып)














Өткізген: Сапарова Р. А












2016 – 2017 оқу жылы

Пәні: Бейнелеу өнері

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: «Абайдың шығармаларына иллюстрация»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға иллюстрация туралы түсінік беру. Ұлы ақын , ағартушы , аудармашы Абай Құнанбаев шығармаларын тоқталу

б) тәрбиелік: оқушыларды сурет салу барысында ұқыптылыққа, тазалыққа, әдемілікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу

в) дамытушылық: Оқушылардың оқиға желісін елестете білу, ойлау қабілеттерін дамыту. Елестете отырып сурет салуын шыңдау.

Сабақтың көрнекілігі: Абайдың шығармалары, оқиға желісімен салынған суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:


- Оқушылармен амандасу. Түгелдеу

- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Назарларын сабаққа аудару


ІІ. Жаңа сабақ.


Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, композитор, аудармашы Абай Құнанбаев - «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі», «Ескендір» поэмаларымен қатар көптеген табиғат пен махаббат туралы лирикалық өлеңдер , әндердің авторы.

Абай шығармаларына Ә. Қастеев, Н. Крутильников, Е. Сидоркин, И. Исабаев, М. Қисамединов және т.б Қазақстанның ең шебер кескіндемешілері мен графиктері иллюстрациялар жасады.

Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқып шықшы.


Желсіз түнде жарық ай, Қалың ағаш жапырағы,

Сәулесі суда дірілдеп. Сыбдырласып өзді – өзі,

Айылдың жаны терең сай, Көрінбей жердің топрағы,

Тасыған өзен гүрілдеп. Құлпырған жасыл жер жүзі.


Ақынның бұл өлеңінен ғажайып сырлы үн ғана емес, түрлі түсті

бояулардан жасалған келісті бір дүниені жанымызбен сезіп , көзімізбен көргендей боламыз.

Суретші ақынның айтайын деген ойын бізге ғажайып шеберлікпен жеткізе білген. Желсіз , тымық түн. Айнала жым – жырт. Аспанда толықсып толған ай сәулесін шашып, бүкіл далаға нұрын төгіп тұр. Су бетіндегіай сәулесі өзен бетін алтын түске бөлеп діріл қағады. Ағаштың қалың жапырағы да өздерімен өздері жайымен ғана сыбырласып, манаураған түн тыныштығына құлақ салғандай. Жер дүние құлпырып, жасыл шөп, қырмызы гүлге тұнып , ерекше сұлулық танытқандай.

Ия балалар, барлығымыз бірге Абайдың желсіз түнде жарық ай өлеңін әуенімен қосып шырқап көрейік. (Балалар әнді айтады)


ІІІ. Машықтық жұмыс.


Оқушылар машықтық жұмыс кезінде жай музыка арқылы Абайдың кез келген шығармаларына иллюстрация жасайды, яғни елестете отырып сурет салады.

Оқушыларды қадағалау бағыт бағдар беру.


ІҮ. Қорытындылау, бағалау.


Оқушылардың жұмыстарын тексеру , бағалау. Жақсы сурет салған оқушыларды мақтау.

Жұмыс орынын жинастыру.

Сабақты сұрақ қою арқылы қорытындылау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
604
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі