жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
А.Байжанов мектебі 5 сынып Ашық тәрбие сағаты «Елге қалқан-Елбасы»
«А.Байжанов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«А.Байжанов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық
тәрбие сағаты
«Елге қалқан-Елбасы»
Сынып жетекшісі: Сатжанова Улжан Куандыковна
5 «Ә» сыны
1Жүргізуші
-Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар,қымбатты оқушылар және қадірлі қонақтар
2 Жүргізуші
Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдарымен мен қыздары бүгінгі Түнғыш Президент күніне орай өткізіліп отырған «Елге қалқан-Елбасы»
атты ашық тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер.
1 Жүргізуші
ҚазақстанРеспубликасының Гимні орындалсын
2Жүргізуші
Бүгінгі мерекемізбен құттықтау үшін алғашқы қуттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Ақмарал Асанқұлқызы Сулейменоваға беріледі.
1-жүргізуші
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің,
Елім, Жерім, Отаным,бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені ,киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның
2 Жүргізуші
5 «Ә» сынып оқушысы Серікұлы Нұрсұлтаның орындауында «Мен қазақпын» әнін қабыл алыңыздар.
1 Жүргізуші
Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында 2012 жылы Қазақстан Парламентінің Сенаты «1 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президент күні» деп бекіткені баршаға мәлім.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – барша қазақстандықтарға құтты мереке.Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз.
2 Жүргізуші
Бұл-еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн.Нақтырақ айтсақ, 28 жыл бұрын, яғни 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау өткізіліп Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басшысы болып сайланды.Сойтіп,ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген тәуелсіз Қазақстан ел болу ата-бабаларымыздың тарихи аманаты орындалды. Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президентіміз Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасын жарқын болашаққа бастады.
1 Жүргізуші
Алдарыңыздағы бейне баянға назар салыңыздар.
2 Жүргізуші
Серпілгенде бодандықтың тұманын,
Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім.
Өзің болдың көшбасшысы елімнің,
Өзің болдың биік ұшқан қыраным
1 Жүргізуші
Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,
Лебізіңнен ақ арманы өрілген.
Сенің арқаң -Қазақстан көркейіп,
Достық әні шарықтайды төрімнен
2 Жүргізуші
Әдеби монтаж 5ә сынып оқушылары
Райымбек, Жан ,Айгерім ,Томирис ,Ақерке, Толқын,Сабина,Асия
(Үшқоңыр әні слайд)
1 Жүргізуші
5ә сынып оқушысы Тілеумухаммет Асияның орындауында «Елбасы» әні қабыл алыңыздар.
2 Жүргізуші
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Мирас «ақша»
1 Жүргізуші
1995 жылы 28- қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
Барақ «Ата заң»
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Рәміздерім-елдігімнің
белгісі,
Білу керек-бала-дағы ең
кіші.
Рәміздерім-Әнұран,Ту,
Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн
кісі.
2 Жургізуші
1998 жылы 10 маусымда жаңа астанамыздың –Астана қаласының ресми тұсау кесері болды.Астана қаласы Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Сабина «Астана»
1 Жүргізуші
8 «Ә» сынып оқушысы Диананың орындауында Астана әні қабыл алыңыздар.
2 Жүргізуші
Елбасының жастарға жолдауында «Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздерге егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар.Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендіше Қазақстаның болашағы сіздердің қолдарыңызда болады» делінген.
Бүгінгі жас ұрпақ- болашақтың иесі.Елбасымыздың Халыққа жолдауында 21- ғасыр- білім ғасыры екені анық деген.Осының бәріне жету үшін Қазақстанның көп өңірлерінде зияткерлік мектептерімен университеттері ашылды.
Милана- тақпақ
1 Жүргізуші
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев –бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлылықпен атқаратын адам.
2 Жүргізуші
Осы орайда, өркендеп өскен Қазақстан Республикасының әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. Елбасы – Елге қалқан- Елбасы бұл –бүгінгі күннің шындығы.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев десе –Қазақстан, ал Қазақстан десе Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ойға оралады деген халықаралық қауымдастықтың мойындағанын толық аңғаруға болады.
1 Жүргізуші
«Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді.
2 Жүргізуші
3 «Ә» сынып оқушысы Кенжекей Інжудің орындауында Ұлы Отаным –ай әні қабыл алыңыздар.
1 Жүргізуші
Келесі кезекті шағын концерттік нөмерлерге береміз.
2 Жүргізуші
5 «Ә» сынып қыздарының Ұшқоңыр биін тамашалаңыздар
1 Жүргізуші
5 «Ә» сынып оқушылары Нұрәділ Райымбек пен Абубакир Жанболаттың орындауында «Бабам қазақ болмаса» әнін қабыл алыңыздар.
2 Жүргізуші
5 «Ә» сынып ұлдарының қазақ би»н тамашалаңыздар
1 Жүргізуші
5 «Ә» сынып оқушысы Төлеумуханбет Асияның орындауында Жаса Қазақстаным әні.
2 Жүргізуші
Осымен Түңғыш Президент күніне арналған «Елге қалқан-Елбасы » атты ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.
1 Жүргізуші
Қорытынды сөз мектеп директорынын тәрбие жөнініндегі орынбасары Мойтыкова Әсем Молдабекқызына және тарих пәнінің мұғалімі Тұралықызы Еңілік апайға беріледі
2 Жүргізуші
1-Желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесі баршамызға құтты болсын.Кездескенше ,қош сау болыңыздар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген