400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай.Жазғытұрым.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге керек материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:6.02.2016.ж. Қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Пәні: Ана тілі.

Сыныбы: 3 «А»

Мұғалім : Жолдасова Гулжайна.

Сабақтың тақырыбы:

Абай.Жазғытұрым.

Сабақтың мақсаты:



Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысу, «Жазғытұры» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.Өлеңді оқып, ақынның табиғатты, ауыл өмірін бейнелеудегі ерекшелігін сезіну.Қоршаған ортаның тылсым сырларымен танысу арқылы туған еліміздің табиғатын сүю қамқор болу.

Міндеті:



Өлеңнен негізгі ойын түсіну,қорытынды жасау.Жазғытұры кезіндегі табиғаттағы тұрмыс-тіршілікті суреттей білу. Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасу.Көркем әдеби тілде сөйлеуді меңгеру. Өз бетінше іздену, жоба қорғауды үйрену, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.

Күтілетін нәтиже:

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысады, өлеңнен негізгі ойды табады.Көктем мезгіліндегі табиғатта болатын құбылыстардың ерекшеліктерін ажырата біледі.Сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, сөздік қорын молайтады. Жұптық және топтық әрекетте белсенділік танытады, сыни тұрғыдан баға бере біледі;

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

1.Сергіту сәті.2.Топқа бөлу.3Топпен жұмыс.4.Бес жолды өлең.6.Тест.7.Әңгімелеу кестесі.8.Кір жаю әдісі.

Қ/с

Тапсырмалар

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурс

1

Психологиялық дайындық

1 мин

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн қымбатты балалар! Бүгін мен сендерді жақсы көңіл күймен қарсы алғым келіп тұр. Өзіміздің шаттық шеңберімізде тұрып, бір – бірімізге амандасып,жақсы тілектер айтайық.

Армысың, Әлем!

Армысың, Жарық күн!

Армысың, абзал мұғалғім!

Армысың, менің досым!

Балалар топта тұрып,бір-бірімен амандасып,сәттілік тілейді.


2

Сергіту сәті

2 мин

Ахаха,охохо,ехехе сергіту сәтін жасату.

Шеңберде тұрып,бір-бірімен қол ұстасып, жоғары ,орта,төменге қарап айтады.


3

Топқа бөлу.


2 мин

Жыл мезгілдеріне қарай топтастыру.

Топ басшыларын сайлау. Бағалау парағын тарату,бағалау жолын түсіндіру.


1-ші топ.Қыс.

2-ші топ.Көктем.

3-ші топ.Жаз.

4-ші топ. Күз.

Бағалау парағы.Кеспе суреттер


4

Үй жұмысы.


8мин

Өткен бөлімді қайталау.

1-ші топ. Сәйкестендір.Автор мен тақырыпты.

2-ші топ. Өз біліміңді тексер.

3-ші топ. «Веер» әдісі арқылы есте қалған тақырыптарды жазу

4-ші топ. «Біліміңді  тексер»тест  тапсырмалары:

1Бөлім бойынша өзіңе ұнаған тақырыпты ата.?

2.Бөлімдегі тақырыпқа байланысты мақал айт.

Берілген тапсырма бойынша тобымен жауап береді. Дұрыс жауап парағы арқылы тапсырмаларын тексереді.

«5»- 0 қате

«4» - 1 қате

«3»- 2-3 қате

А 4 парағы



5












6



7







8








9




10



Ой қозғау.












Мағынаны тану.


Оқулықпенжұмыс.






Топпен жұмыс







Дәптермен жұмыс



Қорытынды

.

2 мин












2мин



7мин







10мин








2мин




5.мин

. Бүгінгі тақырьп, мақсат хабарланады:

Жаңа тарау: Масатыдай құлпырар жердің жүзі...

Осы тараудың атын қалай түсінесіңдер?

Масаты - түкті мата.Жердің бетіне шыққан шөпті соған теңеп тұр .«Жазғытұры» қандай мезгіл екендігінің мағынасын ашу

.- Абайдың заманында «көктем» cөзi болмаған. Сондықтан «жазғытұры» деген сөзді пайдаланған. Көктемнен кейін жаз мезгілі келеді. Жазға салым, жаз жақындады деген сөз.Жазғытұры – көктем толық шығып,жаз басталар сәт.Суретпен жұмыс.Сурет бойынша әңгіме құрау.

Абай Құнанабаев кім?

Автор туралы мәлімет беру.


Өлеңді мәнерлеп оқып беру.Өлеңге талдау жасау.

Ақын қай жердің көктемін суреттеген?

- Өлеңде күн көзін ақын неге ұқсатады?

- Өлеңде қандай құстар аталған?

- Көктемгі табиғатта қандай өзгерістер болады?

Өлеңді әр топтан бір оқушыға мәнерлеп қыту.


1 – топ. Өлеңге сүйеніп ,ақын тілімен сипаттап айт. 1.Көктемгі табиғат.

2.Жан-жануарлардың көктемгі тіршілігі

2-топ.Өлең сөздерін негізге ала отырып, көктем суретін сал.
3 – топ.Көктем туралы 5 жолды өлең

4-топ."Көктем" сөзін топтастыр.Кір жаю.әдісі


Масатыдай құлпырар -кілемдей түрленер.

Анталаса — қимыл қозғалыс
Елжірер — мейірленер, жылылықпен қарайды


1 — топқа. Көктем тақырыбында Эссе жаз
2- топ.«Әңгімелеу кестесі» арқылы.
3-ші топ. Өлең жолын ретімен жинау.1-ші шумақ.

4-ші топ. Өлең жолын ретімен жинау.2-ші шумақ.

Жазғытұрымда ауа райы қандай болады?

Жазғытұры мезгілінде жан - жануарлардың қандай күйге түседі?Көктем мезгілінің айларын ата?Көктем мезгілінде ауа райы қандай болады?

Адамдар қандай еңбек жасайды?

Сұраққа жауап береді.












Автор жайлы білгенін айтады.Слайдтан ақынның суретін көреді, тыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды.

Сұраққа жауап береді.

-Өлеңді мәнерлеп оқиды.





Әр топ берілген тапсырманы бірге орындап,жауап береді.






Дәптерге жазады.



Топпен жауап береді.

Көктем; күн жылиды, құстар қайтып келеді, көктемгі еңбек басталады, егін егіп, жер жыртады, мал төлдейді, аналар мерекесі, наурыз мерекесі тойланады, ғарышкерлер күні, жеңіс күні, ұландар күні т.б мерекелер бар.













Ноутбук





Оқулық






Плакат, А 3 парағы маркер





Дәптер.




Кеспе қағаз.

11

.Үйге тапсырма

1 мин

Өлеңді жаттап келу, көктем мезгіліне қатысты қазақ халқының ырымдарын біліп келу.

Күнделікке жазып алу.

Күнделік


12

Бағалау

2мин

Бағалау парағына қарай отырып,критерий бойынша бағалау.

Күнделікке бағаларды қойдырады.

Бағалау парағы.

13

Рефлекция

2 мин

Стикер тарату.

«Ынтымақтастық» ағашына өздерінің сабақтан алған әсерін жазады..

Стикер.

Ынтымақтастық ағашы.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
812
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі