400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абайтану. Өзіңнен өзің есеп ал. Он бесінші сөз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайтану факультативтік курсын өткізуде мұғалімдерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Абай. «Өзіңнен өзің есеп ал» Он бесінші сөз

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Оқушыларға ұлы ақынымыздың адам өмірі туралы философиялық ойлары туралы түсінік беру,

ақынның ақылды, ақылсыз кісі туралы берген түсініктерін балаларға жеткізу, ұғындыру.

Дамытушылық: Мәтіннің танымдық сипатын , құрылымдық бөліктерін өздері байқай алатын , түсіне алатын

нәтижеге жеткізу. Көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру , оқып- түйгендері

қорытындысын айтқызып жаттықтыру, бір - біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық

жүргізе білуге жетелеу.

Тәрбиелік: Өзін-өзі тәрбиелей білуге баулу, адам бойындағы көрсе қызарлық, құмарлық сияқты әдеттерден

қашық болуға тәрбиелеу, өмірін босқа өткізбей, пайдалы іске жұмсау керектігін түсіндіру.

Деңгейлері

Тапсырмалар

жүйесі

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Ұйымдас

тыру түрі

Нәтижесі

I.Білу

«Инсерт» әдісі

V

«-»

«+»

«?»






Мәтінді «Инсерт» әдісімен таныстырады.

Тыңдалым.Оқылым. Мәтінді оқи отырып, әр сөйлем тұсына белгі қояды.

Ұжымдық

жұмыс

Ойлау белсенділігі артады

II.Түсіну





Мәтінді бірнеше мағыналық бөліктерге бөліп, жоспарын құру.

Жоспар

1.Есті адам әрекеті.

2.Есер кісінің ісі.

3.Есті болғың келсе,өзіңнен өзің есеп ал.

Мәтіннің жоспарын құрғызады,

бақылау жасайды, түсіндіреді.

Жазылым.

Мәтіннің жоспарын құрады.Ізденеді, бір-біріне

түсіндіреді, ақылдасады.





Ұжымдық

жұмыс

Танымдық белсенділігі дамиды

III.Қолдану

Пікіріңді «Төрт сөйлем» құрылымына

салып жаз.

1.Пікір.Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.

2.Дәлел.Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.

3.Мысал.Пікіріңді

Өмірмен байланыстыр, мысал келтір.

4.Қорытынды.Тақырып бойынша қорытынды.

Оқушылардың пікірлерін айтқызады,

түзейді.



Айтылым.Жазылым.

Оқушылар пікірлерін «Төрт сөйлем» тәсілімен білдіреді.

1.Пікір.Өмірді босқа өткізбей пайдалы іспен

айналысу.

2.Дәлел. Мақтан қума,керек қу,ойсыздарға қосылма.

3.Мысал.Қу құмар, ақымақ адамдар бүгінде де бар.

4.Қорытынды. Өзіңе өзің есеп бер.

Топтық

жұмыс

Сыни ойлау

Ойын дәлелдеуге дағдыланады

IV.Талдау

Ақылды мен ақылсыз адамның қасиеттеріне талдау жасату.

1-топ.

Есті адамның әрекеті.

2-топ.

2.Есер кісінің ісі.


Дұрыс талдауға бағыттайды,

қадағалайды ынтымақтас

тырады.


Тілдесім.Балалар топқа бөлініп, есті адам мен есер адамның ісі туралы әңгімелейді.

Топтық жұмыс

Өздерінің идеяларын дұрыс қалыптастыруды және қорғай білуді үйренеді.







V.Жинақтау

«Қос жазба» күнделігін толтыру.

Нақыл сөз

Түсініктеме




«Қос жазба» күнделігін толтыртады.

«Өзіңе өзің есеп бер» дегенді қалай түсінесің?

Балалар өз ойларын білдіреді.

Жұптық жұмыс

Пікірлерін білдіруге дағдыланады.

VI.Бағалау

«Аяқталмаған сөйлем»

- Бүгінгі сабақта мен ... түсіндім, ... білдім, ... көз жеткіздім.

- Маған ерекше ұнағаны...

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсырады.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады.

Жұптық жұмыс

Айтылған ойға қатысты өз ойларын білдіруге

дағдыланады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
3637
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі