жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Абайтану тақырыптық күнтізбелік жоспар
Түсінік хат
«Абайтану» курсының бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс – шаралар жоспарының» 41 және 42 – тармақтарына сәйкес әзірленген бағдарламаны басшылыққа ала отырып жасалды.
Абай мұрасының ХХ ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды; ақынның өмір жолынан, туып – өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім – тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары берілді.
Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық – көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды. А.Құнанбайұлының қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын, ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын, аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін танып- білуіне бағытталған.
Абай шығыс пен еуропа , орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуы, оның шығармашылық , ақындық өнеріне ықпалын тигізгендігі бағдарлама барысында қамтылған.
Ұлы Абай шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын мұрасы. Абайды тану , зерттеу қазақ әдебиеттану ғылымымен, сынымен бірге туып, өсіп келеді. Бүгінгі интеллектуал оқушының көзімен қарасақ, Абайды тану тек халықтың, қоғамның, ғылымның ғана міндеті емес, оны оқып, үйрену өзін мәдениетті , білімді санайтын әрбір азаматтың парызы, оның ұлттық көркемдік түсінігін тәрбиелеу мен өсірудің бірден – бір құралы. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.
Мақсаты
Абай шығармашылығынан алған білімдерін шыңдай отырып, оның пікірлерінің құндылығына , өміршеңдігіне көздерін жеткізу, даналық сөздеріне талдау жасату, сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық жұмысқа баулу.
Оқушылардың ой еркіндігін, байқампаздығын, сөйлеу мәдениетін дамыту, тіл байлығына үлес қосуға жол ашу.
Ұлы ақынның шығармаларын терең де , жан – жақты таныту арқылы елжанды , халқымыздың әдебиетін , өнерін , салт – дәстүрін , мәдениетін , тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары , білім, білік дағдыларымен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана –сезімі қалыптасқан , өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты , терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.
Міндеттері
-
қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану;
-
ақынның мұрат – мақсаттарын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру;
-
ғұлама ойшылдың философиялық ақыл – нақыл сөздерінің мән – мағынасын ашып, көзқарастарымен таныстыру;
-
ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі , қарасөздері өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат , адамгершілік идеяларын таныту.
Курстың өзектілігі
Абайды тану, бағалау , насихаттау , оқыту – қоғамдық ой – санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер , кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуында. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары.
Абай шығармаларындағы философиялық ойдың ұлттық дүниетаныммен үндес келетіні, ғылым – білімді іске жарату, табиғат құбылыстарын күнделікті өмірмен, адамдармен күнкөріс, іс-әрекетімен, көңіл – күйімен суреттеу шеберлігін сезінуде.
Абай шығармалары ғылым, оқу, тәрбиелеу, адамның дамуы, қалыптасуына байланысты ой- пікірлерге бай екендігіне көз жеткізе отырып, оқушылардың бойларына таныту өзекті міндет болып табылады.
Күтілетін нәтижелер
1. Абай шығармаларын терең талдай білер әдеби сауатты , ақын шығармаларының көркемдік ерекшелігін танып, тілін, өлең табиғатын тани білер ғылыми ізденімпаздыққа толы, әдебиеттің өмірдегі ерекше орнын бағалай білер эстетикалық талғамы жоғары тұлға дайындалады.
2. Ақынның өлең, қарасөз, поэма жазудағы суреткерлік өнері мен аударма жасаудағы шеберліктерін біледі.
3. Қазақ өлеңіне енгізген жаңалығын айқындай біледі және ақындық қуатын, көркемдік шешімін таниды.
5. Көркем – әдеби тілде сөйлеу мәдениетін жетілдіреді.
6. Зерттеушілік қабілеті оянады, шығармашылық жұмыс жүргізеді.
Оқушыларға қойылатын талаптар
1. Ақын өлеңдерін жаттау арқылы түсініп, ұғыну.
2. Сауатты , көркем сөйлеуге машықтандыру.
3. Ақын шығармасының тәрбиелік мәнін түсініп, үлгі ету.
Ж 4. Өз бетінше ізденуді, тапсырманы жауапкершілікпен орындауды қалыптастыру.
5. Көркем ойды дамытудағы көшбасшылық ойды білуі.
6. Ақын ән – күй жайындағы толғанысын , эстетикалық талғамын білу.
Оқушы нені білуі керек:
1. Абайтанудың қазіргі уақытта өзектілігін, рухани қажеттілігін түсінулері.
2. Ақынның қазақтың халықтық өлең –жырларынан , ертегі, қисса, аңыз әңгімелерінен үйренгендігін білуі.
3. Ақын аудармаларының қазақ әдебиетін көркем ой оралымдарымен байытқандығын білуі.
4. Ғылым, білім тақырыбына жазған өлеңдерінің, қарасөздерінің басты идеясын, тағылымын түсіне білуі.
Оқушы нені меңгеруі керек:
1. Абайдың өмірі мен өскен ортасы туралы біледі.
2. Абай лирикаларын жатқа айту керек.
3. Қарасөздерін жатқа айту керек.
4. Абайдың сатиралық өлеңдерін меңгереді.
5. Аудармалары мен поэмасын оқып, идеялық – көркемдік маңызын ұғынады.
7
|
№ |
10-класс Тақырыптар |
Сағат саны |
Мерзімі |
|
|
«Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» тарауы. |
І |
|
|
1. |
Кіріспе. |
1 |
. |
|
|
«Абай мұрасының ХХғ.30-60 жж зерттелуі». |
ІІ |
|
|
2. |
Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар. |
1 |
|
|
3. |
Жазушы –ғалымдардың Абай еңбектеріне қатысты зеттеулері. |
1 |
|
|
|
«Абай шығармаларындағы білім, өнер тақырыбы» тарауы. |
VI |
|
|
4. |
Адами қасиеттер туралы ойтолғаулары. |
1 |
|
|
5. |
«Талапты ерге нұр жауар» тақырыбы және 32 қарасөзі. |
1 |
|
|
6. |
«Еңбек етсең ерінбей» тақырыбы мен 33- қарасөзі. |
1 |
|
|
7. |
«Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі. |
1 |
|
|
8. |
Өлеңнің идеясы мен ақындықтың мақсат – мұраты туралы. |
1 |
|
|
9. |
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі. |
1 |
|
|
|
«Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер » тарауы. |
VII |
|
|
10. |
Табиғат лирикасы |
1 |
|
|
11. |
«Желсіз түнде жарық ай» өлеңі. |
1 |
|
|
12. |
Кейіпкердің сезім толқынысы мен табиғат құбылыстары |
1 |
|
|
13. |
«Қараша , желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңі. |
1 |
. |
|
14. |
Ақынның табиғат мінезін суретеу шеберлігі. |
1 |
|
|
15. |
«Көлеңке басын ұзартып» өлеңі. |
1 |
|
|
16. |
«Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңі |
1 |
|
|
|
Абай қарасөздеріндегі еңбек туралы таным мен толғам |
ІІ |
|
|
17. |
37- қарасөзі. |
1 |
|
|
18. |
«Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» өлеңі. |
1 |
|
|
\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\3215\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\ |
«Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек» тарауы. |
VI |
|
|
19. |
Абайдың билік , ел басқару ісіне қатысты ойлары. |
1 |
. |
|
20. |
«Би екеу болса, дау төртеу болады» тақырыбы мен 3- қарасөзі. |
1 |
|
|
21. |
«Көңілім қайтты достан да , дұшпаннан да» өлеңі. |
1 |
|
|
722. |
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңі. |
1 |
|
|
23. |
«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» өлеңі. |
1 |
|
|
24. |
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңі. |
1 |
|
|
|
Сыншыл, сатиралық шығармалар |
IV |
|
|
25. |
«Улы сия, ащы тіл» өлеңі мен 11-қарасөзі. |
1 |
|
|
26. |
«Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» өлеңі. |
1 |
|
|
27. |
«Байлар жүр жиған малын қорғалатып » өлеңі. |
1 |
|
|
28. |
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі. |
1 |
|
|
|
Абай аудармалары |
ІІ |
|
|
29. |
«Тұтқындғы батыр» өлеңі. |
1 |
|
|
30. |
«Өзіңе сенбе, жас ойшыл». |
1 |
|
|
|
Абай поэмалары |
ІІІ |
|
|
31. |
«Масғұт». |
1 |
|
|
32. |
Поэманың тәрбиелік мәні. |
1 |
|
|
33. |
«Әзім әңгімесі». |
1 |
|
|
34. |
Қорытынды сабақ. |
1 |
|
№1. 28.08.2017 ж.
Бекітемін:________ Келісілді:_________
Мектеп директоры Аудандық білім бөлімінің басшысы
Қазмағамбетов К.Ө. Тлепов Е.
«Абайтану»
( Мектеп компоненті )
10-класс
7
Орындаған Ә.Дербісәлин атындағы Саралжын орта мектебінің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Майлыбаева Д. Н.
Әдіс бірлестігі отырысында қаралды.
Бірлестік жетекшісі:_________ Аққағазова Ш.
№ 1. 22.08.2017 ж.
Тексерілді:___________
Оқу ісінің меңгерушісі Сейтмагулова С.Ж.
Мазмұны
Курс - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат .
«Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» тарауы – 1 сағат.
«Абай мұрасының ХХғ. 30-60 ж .ж зерттелуі» - 2 сағат.
«Абай шығармаларындағы білім, өнер тақырыбы» тарауы – 6 сағат.
«Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер » тарауы – 7 сағат.
Абай қарасөздеріндегі еңбек туралы таным мен толғам - 2сағат.
«Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек» тарауы - 6 сағат.
Сыншыл, сатиралық шығармалар - 4 сағат.
Абай аудармалары -2 сағат.
«Абай поэмалары»- 3сағат.
Қорытынды сабақ – 1 сағат.
ПІКІР
Курс Абай шығармашылығына құрылған. А.Құнанбайұлының өлеңдеріне арнайы
тоқталған.Абайды оқыту,түсіндіру міндеті жақсы қамтылған. Танымдық,
шығармашылық жұмыстар үшін тақырыптар орынды алынған. Оқушылардың білім
ойларын оқытуға тақырыптар бөлінген. Ғұлама ойшылдың ғылым, білім , өнер, ел
билеу өлеңдерін де қамтыған. Қарасөздер мен өлеңдерін салыстыра отырып,
оқушылардың ой –өрісін кеңейтуге және пікірлерін қалыптастыруға арналған.
Бағдарламада оқушыларға заманмен, адамдардың қасиеттерімен байланысты ел
басқару ісіндегі келеңсіздіктер туралы ой қалыптастыруға да арналған сағаттар
берілген. Курстың өзектілігі, мақсаты айқын. Оқушыларға қойылатын талаптар да курс
бағдарламасына сай қойылған.
Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Э.Жүсіпова.
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі.
1. Абай шығармасының екі томдық толық жинағы. Алматы. «Жазушы».
2. М.Әуезов «Монография.Мақалалар, зерттеулер».Алматы. «Санат» 1995 ж .
3. «Абай энциклопедиясы». «Атамұра». 1995 ж.
4. Қ.Өміралиев. Абай афоризмі .
5. М.Бейсенбаев. «Абай және оның заманы». Алматы .«Жазушы» .1988 ж.
6. М.О.Әуезов. «Абай жолы».
7. Қ.Мұқамедханов .«Абайдың ақын шәкірттері». Алматы .1994 ж.
8. М.Әуезов. «Абайды білмек парыз ойлы жасқа».Алматы. 1997 ж.
9. Ә.Дербісәлин. «Әдебиет туралы толғаныстар» .Алматы. «Ғылым» .1990 ж.
10. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы .1993 ж. № 3. 8- бет, 2010 ж. № 2. 53-65-138 – бет.
11. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. 2007 ж. № 6. 121 – бет, 2008 ж. № 1. 27-39 бет.
12. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. 2009 ж. № 1. 75-. бет. № 12. 63-139 – бет.
13. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. 2006 ж. № 4. 30 –74 бет. 2007 ж. № 4. 30 – бет.
14. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. 2011 ж. № 9. 62 – бет. № 5. 66-127-134-135 – бет.
15. Абай туралы естеліктер. Бейнебаян.
16. Б.Кенжебаев. «Әдебиет белестері». Алматы. «Жазушы». 1986 ж.
17. «Ұлағат» журналы. 1994 ж. № 1. 163-185 – бет.
Әдіс – тәсілдері
1. Топтастыру, еркін жауап ,әңгімелеу, ойтолғау, кесте толтыру.
2. Қосымша әдебиеттермен жұмыс , «Блум таксономиясы», «Алты қалпақ » әдісі.
3. Проблемалық баяндау әдісі, «Кубизм» әдісі, зерттеушілік әрекет.
7
9-сынып оқушылары үшін «Абайтану» курсының оқу бағдарламасының жоспары
|
№ |
Тақырыптар |
Сағат саны |
Мерзімі |
|
1 |
Кіріспе. Адамзаттың Абайы. Пән туралы түсінік, мақсат-міндеттері. Абайтанудың өзектілігі |
I 1 |
05.09.2017ж |
|
|
«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» |
X |
|
|
2 |
|
1 |
12.09. |
|
3 |
Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері |
1 |
19.09. |
|
4 |
Ақынның халық даналығын тануы |
1 |
26.09 |
|
5 |
Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар |
1 |
03.10. |
|
6 |
Абай және орыс әдебиеті |
1 |
10.10. |
|
7 |
Абай және Пушкин |
1 |
17.10. |
|
8 |
Ақын аудармасында көркем бейнелі ойдың ұлттық танымға сай тәржімалануы, |
1 |
24.11. |
|
9 |
Абай және батыс әдебиеті |
1 |
07.11. |
|
10 |
Абай шығармашылығына шығыс, орыс, батыс әдебиеті әсерінің тарихи-әлеуметтік негіздері |
1 |
14.11. |
|
11 |
Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде таны |
1 |
21.11. |
|
|
«М.Әуезов және абайтану мәселелері» |
IV |
|
|
12 |
Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы |
1 |
28.11. |
|
13 |
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, және т.б. зерттеушілердің ақын шығармалары жайында айтқан пікірлері |
1 |
05.12. |
|
14 |
М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері Қайым Мұхамедхановтың Абай туралы зерттеулері .Жалпы мәліметтері. |
1 |
12.12. |
|
15 |
Ақын шығармаларының басылымдары |
1 |
19.12. |
|
|
«Абай шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы |
VII |
|
|
16-17 |
«Ғылымға көңіл берсеңіз» «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінің басты идеясы |
1 1 |
26.12. 09.01 |
|
18 |
«Интернатта оқып жүр» өлеңінің негізгі тақырыбы, білім алу, ғылым, өнер үйрену, ақынның ағартушылық-демократтық көзқарастары |
1 |
16.01 |
|
19 |
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде жастарды еңбек етіп, оқу оқып, білім алуға шақыруы, ақынның өсиеті |
1 |
23.01. |
|
20 |
«Сегізінші» қарасөзіндегі ақыл, насихат ,философия лық тұжырымы; |
1 |
30.01. |
|
21 |
«Он жетінші» қарасөзіндегі ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйіні; |
1 |
06.02. |
|
22 |
«Жиырма бесінші» қарасөзінде озық елдердің өнерін, ғылымын, білімін үйрену |
1 |
13.02. |
|
|
Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі. «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік» |
V |
|
|
23 |
Абай қарасөздерінде көтерілген негізгі мәселелер және даналық ой-пікірлер«Екінші» қарасөзіндегі ақынның халқын намысқойлыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырған 7идеялары |
1 |
20.02. |
|
24 |
«Оныншы» қарасөзіндегі бала тәрбиесі туралы ойы, «Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқтығын» айта отырып, баланы оқуға, білім алу жолына бағыттаудың маңызын көрсетуі; |
1 |
27.02. |
|
25 |
«Он сегізінші» қарасөзіндегі киіну мәдениеті туралы көзқарасы, ақынның кербездік ұғымы жайындағы топшылау-тұжырымы, адам баласының ақыл, білім, ар, мінез сияқты нәрселермен озатындығын үлгі-өнеге етіп қалдыруы |
1 |
06.03. |
|
26 |
«Он тоғызыншы» қарасөзінде Абайдың адамның естілігіне психологиялық, педагогикалық талдау жасауы, ақынның ес туралы ой тоқтамы, естігенді еске сақтаудың маңыздылығы жөніндегі ой-пікірі |
1 |
13.03. |
|
27 |
«Отызыншы» қарасөзінде Абайдың адам мінездеріндегі жағымсыз әрекеттерді сынауы, ар, есті, намысты білмей тұрып, адамдық, арлылық, батырлық болмайтындығына қатысты тұжырымы, өлімнің, өмірдің мәні туралы философиялық танымы |
1 |
20.03. |
|
|
«Абай танымынд4ағы ән мен күй» тарауын оқыту |
ІV |
|
|
28 |
Абай әндерінің таралуы |
1 |
03.04. |
|
29-30 |
«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» Абай әндерінің көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері |
1 1 |
10.04. 17.04. |
|
31 |
Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т.б. әндерінің шығу тарихы зерттеу |
1 |
24.04. |
|
|
Поэмаларын оқыту |
ІІ |
|
|
32 |
«Ескендір» поэмасы, поэманың тақырыбы мен идеясы және көркемдік маңызы, |
1 |
08.05. |
|
33 |
«Масқұт», «Әзімнің әңгімесі» поэмаларының идеясы мен көркемдік маңызы |
1 |
15.05. |
|
34 |
Қорытынды Әдеби –музыкалық кеш |
І |
22.05. |
11А, 11 Б -сынып оқушылары үшін «Абайтану» курсының оқу бағдарламасының жоспары
|
№ |
р/с |
Тақырыптар |
Сағат саны |
Мерзімі |
||
|
1 |
1-2 |
Кіріспе. «Абайтану» курсы туралы түсінік |
1/1 |
6-8.09. 2016 ж. |
||
|
|
|
Қазіргі абайтану мәселелерін оқытуға |
І |
|
||
|
2 |
3-4 |
Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы. Қазіргі абайтану мәселелерінің даму бағыттары. Қайым Мұхамедхановтың Абайтануды зерттеудегі қосқан үлесі |
1/1 |
13-15 |
||
|
|
|
«Білімдіден шыққан сөз» тарауын оқытуға |
II |
|
||
|
3 |
5-6 |
Абайдың оқу, білім, ғылым турасындағы туындыларының тақырыбы мен идеясы, ақын шығармашылығының зор қоғамдық, танымдық маңызы |
1/1 |
20-22 |
||
|
4 |
7-8 |
«Өзіңнен өзің есеп ал» он бесінші қарасөзіндегі адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі, жақсы-жаман нәрсенің парқын пайымдау туралы, адам өмірі туралы философиялық топшылауы |
1/1 |
27-29.09. |
||
|
|
|
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» тарауын оқытуға |
VII |
|
||
|
5 |
9-10 |
Үлкен адамгершілік, қайраткерлік, оқымыстылық биікке көтерілген ақынның тұтас халыққа арнап айтқан үндеуі |
1/1 |
4-6.10. |
||
|
6 |
11-12 |
«Осы мен өзім – қазақпын» -тоғызыншы қарасөзіндегі қазақ халқының, оның тұрмыс-тіршілігінің кемшілік тұстарын сынауы, ақын пікірлерінің бүгінгі қоғамдағы өзектілігі, өмір философиясының қағидалары |
1/1 |
11-13 |
||
|
7 |
13-14 |
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі- өлеңдегі еңбекші халықтың мүддесі, Абайдың адам жанының сырлары жөніндегі танымы |
1/1 |
18-20 |
||
|
8 |
15-16 |
«Жақсылық ұзақ тұрмайды» өлеңі - қоғам өміріндегі әлеуметтік жағдайға сипаттама
|
1/1 |
25-27.10. |
||
|
9 |
17-18 |
«Бөтен елде бар болса» өлеңінде қазақ қауымында етек алған атқамінерлер арасындағы бас араздық, бақастық көріністерін сынауы, «Нанымы жоқ, анты бар» деген жолдағы жинақтаушылық сипаттағы ой тұжырымы |
1/1 |
8-10.11. |
||
|
10 |
19-20 |
Жиырма екінші қарасөзіндегі ақынның қалыптасқан қоғамдық, саяси жүйеге сыни көзқарасы |
1/1 |
15-17 |
||
|
11 |
21-22 |
«Қажымас дос халықта жоқ» өлеңі Абайдың адамгершілік, әділдік, қайырымдылық, кеңпейілділік турасындағы философиялық ой-пікірлері,өлеңнің тәлім-тәрбиелік маңызы |
1/1 |
22-24 |
||
|
|
|
«Сегіз аяқ» өлеңі |
II |
|
||
|
12 |
23-24 |
Абайдың өз заманы, дәуірі және оның адамдары жайлы ой толғанысы, әлеуметті сынауы, прогрестік даму жолына бағыттаудағы идеялары |
1/1 |
29.11-01.12. |
||
|
13 |
25-26 |
«Ішім өлген, сыртым сау» лирикалық өлеңіндегі ақынның адамдардың мінез-құлық психологиясын сипаттаудағы шеберлігі |
1/1 |
6-8 |
||
|
|
|
«Абай – сатирик» тарауын оқытуға |
IV |
|
||
|
14 |
27-28 |
«Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдері, билікке таласқан пенденің әлеуметтік-психологиялық бейнесі |
1/1 |
13-15 |
||
|
15 |
29-30 |
«Көзінен басқа ойы жоқ» өлеңіндегі ақынның өнерге, оқуға үндеген ағартушылық бағыттағы ойлары |
1/1 |
20-22 |
||
|
16 |
31-32 |
«Менсінбеуші ем наданды» өлеңіндегі надандық ұғымдары жөніндегі ақын пікірлері |
1/1 |
27-29.12. |
||
|
17 |
33-34 |
«Бойы бұлғаң» сатирасында заман, тұрмыстағы зиянды дерттерді өткір тілмен сынауы |
1/1 |
10-12.01. 2017 ж. |
||
|
|
|
«Махаббатсыз дүние бос» тарауын оқытуға |
IV |
|
||
|
18 |
35-36 |
Абай өлеңдеріндегі махаббат, ғашықтық сезімі, сүйіспеншілік тақырыбы, махаббат лирикасына жататын өлеңдеріндегі философиялық ой толғамдары |
1/1 |
17-19 |
||
|
19 |
37-38 |
«Қор болды жаным», «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» өлеңдері, лирикаларындағы махаббат сезімі, тұрақтылық, сүйіспеншілік жайындағы ой-топшылаулары, ғашықтық, құмарлық ұғымдарына қатысты толғаныстары, сүйіспеншілік мәселелеріне байланысты философиялық тұжырымдары |
1/1 |
24-26 |
||
|
20 |
39-40 |
«Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңінде қазақ аруының сымбатты бейнесін сипаттауы, Абай лирикаларында көрініс беретін әсемдік туралы пайым түсініктер, әйел ажары, сұлулық туралы талап-талғамы |
1/1 |
31.01-02.02. |
||
|
21 |
41-42 |
«Қызарып, сұрланып» өлеңінде ақынның ғашықтық сезімді, махаббат мұңын айшықты кестелеуі, Абайдың махаббат сезімдерін жырлаудағы шеберлігі |
1/1 |
07-09 |
||
|
|
|
«Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ» тарауын оқытуға |
VII |
|
||
|
22 |
43-44 |
Ақын шығармаларындағы исламдық дүниетаным және Алланы тану туралы философиялық ойлары, Абайдың діни танымы
|
1/1 |
14-16 |
||
|
23 |
45-46 |
Жүсіп Баласағұн, Йасауи ілімдері және Абай |
1/1 |
21-23 |
||
|
24 |
47-48 |
Абайдың «Толық адам» философиясы . Абайдың толық адам туралы ойы
|
1/1 |
28.02-02.03. |
||
|
25 |
49-50 |
Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі- «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңінде Абайдың сопылық дүниетанымын арқау еткен іргелі ғылыми еңбектер |
1/1 |
07-09 |
||
|
26 |
51-52 |
отыз сегізінші қарасөзінің негізгі идеясы Алла, Адам хақында, Алла тағала болмысы, ақынның хақиқат туралы ойы, өлшеулі мен өлшеусіздік ұғымы, пайғамбарлар, әулиелер, хакімдер турасындағы ой толғамдары |
1/1 |
14-16.03. |
||
|
27 |
53-54 |
Жетінші қарасөзіндегі жан мен тән құмары туралы ұғымдар, бала мінезінің өзгеріске түсу сырлары ,Қырық үшінші қарасөзіндегі жибили және кәсиби ұғым-түсініктері, жан қуатының үш элементі жайындағы философиялық көзқарастары, ақын Алланың бойындағы сегіз сипатқа өз жанынан екі сипат қосып (әділет, рахым) 10 сипатқа айналдырып, хауас ретінде тануы |
1/1 |
04-06.04. |
||
|
28 |
55-56 |
«Осы үш сүю болады имани гүл» Абайдың қазақ қауымының рухани жағынан іштей тазарып, ұстанар жолының сенімді бағыт-бағдарын көрсету, Алланы сүю, адамзатты сүю, хақ жолын сүю «Иманигүл» философиясының негізі болатындығы туралы. |
1/1 |
11-13 |
||
|
|
|
«Қазақтың бас ақыны» тарауын оқытуға |
V |
|
||
|
29 |
57-58 |
Абайдың өнегелі, өрнекті сөздерін тегіс тану, білу – абыройлы борыш, қасиетті парыз, А.Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласының абайтанудағы орны |
1/1 |
18-20 |
||
|
30 |
59-60 |
Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы Абай туындыларының көркем тілі, қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы, ақынның шеберлік тәсілдері, даралық ерекшеліктері, Абай шығармаларының текстологиясы |
1/1 |
25-27.04. |
||
|
31 |
61-62 |
Абайдың ақындық мектебі Абай мектебінің қалыптасқан дәстүрі, жаңашылдығы, прогрессивті мақсат-мүддесі, әлеуметтік белсенділігі |
1/1 |
2-4.05. |
||
|
32 |
63-64 |
Абайдың ақындық дәстүрі туралы түрлі тұжырымдар мен байыптаулар, ғалымдар еңбектерінің абайтану ілімін дамытудағы қызметі, Абайдың талантты ақын шәкірттері |
1/1 |
08-11 |
||
|
33 |
65-66 |
Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы ақындар ақынның әдебиеттегі дәстүрін ілгері дамытқан ақындар |
1/1 |
16-18 |
||
|
34 |
67-68 |
Қорытынды сабақ |
І/1 |
23-24.05. |
||
Мазмұны
Курс - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат .
«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» - 10 сағат.
«М.Әуезов және абайтану мәселелері» -4 сағат.
«Абай шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы- 7 сағат.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген