400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

А.Байтұрсынов 2 сынып сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне ,жас мамандарға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ

Мектеп:А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің есімі : Сарсекова З.К.

Сынып: 2 «ә»

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы

Табиғатым құстарменен көрікті .
Шона Смаханұлы. «Бұлбұл мен тоқылдақ» (Мысал)

Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)

2.2.81 Мұғалімнің көмегімен кейіпкердің іс-әрекетіндегі өзгерістерді немесе негізгі оқиғаларды салыстыру,сюжеттік дамуындағы өзгерісті анықтау .


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Мысалды рөлге бөліп, мәнерлеп оқиды және сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Мысалды талдайды , негізгі ойын идеясын анықтайды.

Кейбір оқушылар:

Тақырып бойынша кейіпкердің іс-әрекетіндегі өзгерістерді анықтайды, өз ойын еркін жеткізеді, сахналайды. Неліктен тоқылдақтың пікірі дұрыс екендігін дәлелдеп, «неліктен ?» «не себепті?» деген сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, өзіндік сыни баға беріп, қорытынды жасай алады..

Тілдік мақсат

Оқушылар тақырып бойынша сөйлеседі. Рөлге еніп сахналайды. Құстардың бір –бірінен айырмашылығы мен ұқсастығын анықтап салыстырады.Тоқылдақтың пайдалы екендігін мысалға сүйеніп дәлелдеп , құстарды қорғау керек деп тұжырым жасайды.


Негізгі сөздер мен тіркестер: Бұлбұл, тоқылдақ, орман жаңғырып, басымыз мәңгіріп, құрт, орман, гүл , бұлбұл бұлқынды, тоқылдақты жұлқыды, орман жаңғырығып, құрт жеген соң гүліңді, жұрт неғылсын үніңді.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер : Бұлбұл бұлқынды, тоқылдақты жұлқыды, орман жаңғырығып, құрт жеген соң гүліңді, жұрт неғылсын үніңді.

Талқылауға арналған тармақтар: Бұлбұлдың пікірі дұрыс па?, Тоқылдақтың пікірі дұрыс па?

«Құрт жеген соң гүліңді,

Жұрт неғылсын үніңді» , - деп айтқан не ? Неліктен ? Тоқылдақтың пайдасы бар ма? Бұлбұл пайдалы ма? Сіз неліктен құстардың пайдалы екенін айта аласыз ба? Сен ағашты қорғай аласың ба?


Жазылым бойынша ұсыныстар: Не себепті тоқылдақтың пікірі дұрыс екенін дәлелдеп жазу.


Алдыңғы оқу

Ақпарат: 1 – сыныпта ана тілінен оқу бағдарламасы бойынша «Орман емшісі»тақырыбында тоқылдақ туралы мәтінді оқып, түсінген. 1- сыныпта дүниетану пәнінен құстардың түрлері, тіршілігі және қайда , қалай қыстайтыны туралы мағлұмат алған.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар



Басталуы

10 минут

1.Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Қайырлы күн, Жер-Ана!

Қайырлы күн, Табиғат!

Қайырлы күн,қонақтар!

Қайырлы күн, достарым!

Ұяның суреті қиылған қима қағаздар тарату.
Қай құстың ұясы болса,сол топқа отыру.
Ұяға жұмыртқа жинау арқылы ұпай беру

Бұлбұл, тоқылдақ, қарлығаш болып шағын 3 топқа болады.

1-тапсырма:
«
Cерпілген сауалдар » әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.

- Найзағайдан қалай қорғанамыз?

ҚБ: «От шашу» әдісі



«Интербелсенді әдіс – тәсілдер»








Ортасы

25 минут

Білу.

2-тапсырма

«Күн шұғыласы» суреті бойынша бұлбұл мен тоқылдақ туралы не білетіндерін жаздыру;

РАФТ стратегиясы бойынша әр топ құс атынан сөйлейді.

1-топ: Бұлбұлдың атынан сөйлейді

2- топ: Тоқылдақтың атынан сөйлейді

3- топ: Қарлығаштың атынан сөйлейді.

ҚБ бағдаршам арқылы бағалайды

«Ой қозғау» стратегиясы. Жұмбақ-өлеңді түсініп оқу,жұмбақтарды шешіп тақырыпты білу, мақсатты анықтау;

Табиғаттың бір бөлшегі қанатты дос,құстар туралы өтпекпіз.
Яғни,бүгінгі ашық сабағымыз табиғатқа сән берген құстар туралы өтпекпіз.
Авторы Шона Смаханұлының
"Тоқылдақ пен Бұлбұл" атты мысалымен танысамыз.

Мысал жанры дегеніміз не?

Мысал – қысқа оқиғалы шығарма. Мысалдардың кейіпкелері аңдар, құстар, жануарлар, өсімдіктер болады. Мысалда кемшіліктер сыналады. Ақыл кеңес айтылатын қорытынды ой болады.
3 – тапсырма

«Болжау» әдісі арқылы сұрақ қою.

-Бұлбұл мен Тоқылдақтың арасында қандай әңгіме болуы мүмкін? Оқушылар білетіндерін айтады.

ҚБ жұмыртқа тарату арқылы бағалайды

Сабақтың мақсатын хабарлау

Кейіпкердің іс-әрекетіндегі өзгерістерді немесе негізгі оқиғаларды салыстыру,сюжеттік дамуындағы өзгерісті анықтау .
Түсіну.

Кіріспе

1.Автор туралы мағлұмат беру.

Шона Смаханұлы туралы слайд-презентация арқылы түсінік беру.

Мәтінмен жұмыс

Тыңдалым «Бұлбұл мен тоқылдақ» мысалы
1. Тыңдалым
2. Оқушылардың іштей оқуы.

Дәптермен жұмыс
2. Сөздік жұмысы
Мәңгіріп – ауырып
Жаңғырығып- дыбыстың қайталануы

4.Қолдану
Топпен жұмыс

1-топ рольге бөліп оқиды

2- топ сахналайды.

3- топ «Бұлбұл  мен Тоқылдақ. (Венн диаграмма)

ҚБ: Оқушылар бір-бірін бас бармақ әдісі арқылы бағалайды.

Сергіту сәті:

5.Талдау
Тапсырма арқылы саралау

«Мәтінге қөзқарас» әдісі
- мысалда қандай кейіпкерлер бар?
- бұлбұл тоқылдаққа қандай кінә тақты?
- тоқылдақ не деп жауап берді?
-Құстардың әңгімесі өмірде адамдар арасында кездесе ме? Қалай ойлайсыңдар?

ҚБ: «От шашу» әдісі

«Әдебиеттік оқу» оқулығы , 2- сынып, Қабатай Б.Т. «Атамұра» 2017


Аяқталуы 10минут

 6.Жинақтау

1-топ Бұлбұлдың пікірі дұрыс.

2 топ Тоқылдақтың пікірі дұрыс.

3топ «Синквейн» 5 жолды өлең құрастыру

Әр топ постер жасап, топ басшылары қорғайды.

Топ аралық бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бір – бірін бағалайды

Тапсырма: Тоқылдақ ағашты құрттан қорғайды. Ал сен ағашты қалай қорғап жүрсің?

Өлең ұйқасын табу
Семантикалық карта.

Үйге тапсырма :93-беттегі «Біздің қарлығаш» деген мәтінді оқып,сұрақтар ойластырып келеміз.

Әр оқушы өз ұяларына жұмыртқа жинау арқылы ұпай сандарын анықтайды,көрсетеді.

Сабақты жақсы түсіндім десеңдер,ұямызды ағаштың басына ілеміз.
Ал әлі сұрақтарым бар десеңдер, ағаштың бұтақтарына іледі.Мүлде түсінбеген оқушылар ұяларын ағаштың түбіне қоямыз.

-Ненің даусы естіп тұрмыз?
-Құстардың даусы .

Алақай-ау, алақай! Алақай-ау,алақай!
Құстар сайрап,
Бақтар жайнап гүл атты.
Ендеше табиғатымыз құстарменен көрікті Табиғаттан сүйіспеншілігімізді аямайық,
табиғатқа қиянат жасамайық.


Қосымша ақпарат

Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренген тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пән аралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.

АКТ мен байланыс

Құндылықтармен байланыс.

Сыни дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушыларға қолдау көрсете алады. Тақырыпты талдау кезінде сынып оқушыларының барлығының қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті сөйлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды орындауға мүмкіндік болады..

Бір –бірімен жұмыс жасау кезінде оқушылар бірін-бірі бағалай отырып, өз жұмысына да салыстыра отырып баға бере алады.

Тақырыпты орындау барысында оқушы құстардың пайдасын біліп қана қоймай, талдай алады.

Табыс сатысы арқылы өз білімін бағалайды. (ол оқушының нені түсініп, нені түсінбегендігінен хабар беріп, келесі сабақты жоспарлауда неге назар аудару керек екеніне мүмкіндік береді

Дүниетану пәнімен пәнаралық байланыс бар. АКТ –ны пайдаланамын.

Рефлексия

Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болады? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
803
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі