400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

:А.Байтұрсынов «Егіннің бастары»

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»___________________

Мектеп директорының оқу ісінің жөніндегі орынбасары П.Ғ.Қабиев


Тақырыбы:А.Байтұрсынов «Егіннің бастары»

Мектеп:Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Б.Н.Кадырова

Сынып: 5

Пәні:Қазақ әдебиеті

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сaбaқ негізделген оқу мaқсaты (мaқсaттaры)

5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

5.А/И2.Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.

Сaбaқ мaқсaттaры

Бaрлық оқушылaр:Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтай алады,ойларын жинақтай алады.

Оқушылaрдың бaсым бөлігі:Мысалды оқи отырып,өз ойларын ашық жеткізе алады, негізгі идеяны түсінеді.

Кейбір оқушылaр: Мысалды талдай отыра кейіпкер бейнесі арқылы образды талдай алады.

Тілдік мaқсaт

Оқушылaр:Кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы шығарманың тақырыбы мен идеясын аша алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Мысал, бидай, бала, әке, дән, тәкаппар, тәкаппарлық мінез.

Сыныптaғы диaлог/жaзылым үшін пaйдaлы тілдік бірліктер: Бидайдың кеудесін көтергені-дақылы жоқтығы,

Жігіттің кеудесін көтергені-ақылының жоқтығы

Тaлқылaуғa aрнaлғaн тaрмaқтaр: -Неліктен тәкәппарлық жаман қасиет?

- Сендер осындай адамды кездестірдіңіздер ме?

- Тәкаппарлықтан қалай арылуға болады деп ойлайсыздар?

Жaзылым бойыншa ұсыныстaр:


Құндылықтармен байланыс


«Мәңгілік Ел»құндылықтарына сәйкес азаматтық жауапкершілікті,ынтымақтастықты қалыптастыру

Бағалау критерийі


1. Әдеби шығарманы мәнерлеп оқып тақырыбын анықтайды.
2. Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекеті арқылы шығарманың идеясын ашады.
3.Әдеби шығармадағы кейіпкерлерді салыстырады, ортақ қасиеттерін анықтайды.
4.Кейіпкерлер бейнесіне талдай алады.
5.Шығарма кейіпкерлерінің өзіне тән құндылығын табады. 

Aлдыңғы тaқырып

Адамдықтың сыры

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспaрлaнғaн жaттығулaр

Ресурстaр

Басталуы 2 мин

Психологиялық дайындық. Оқушылар суреттер арқылы топтарға бөлінеді

Көңілді әуен

Арпа,тары,бидай суреттері

Ортасы 3 мин

Миға шабуыл «Бұл кім?» әдісі

1.Тұлғаны тану

2.А.Байтұрсынов туралы не білесіздер?

3.Қандай шығармаларын білесіздер?

АКТ

А.Байтұрсынов портреті

А3 форматты қағаз

ҚБ: смайликтер


10 мин

Біз бүгін А.Байтұрсыновты аудармашы ,мысалшы ретінде қарастырамыз.

Сонымен мысал дегеніміз не?

Аллегория деген не?

Мысалда айтылатын ой қалай беріледі?

Мысалдың кейіпкерлері кім болған?

Мысалды ертегі деуге болама?

Қазақ әдебиетінде мысал жанры кімнен басталды ?А.Құнанбаевтан.

Орыс әдебиетінде мысал жанрының шебері кім?

А.Байтұрсынов-Абай дәстүрін жалғастырушы.
А.Байтұрсынов-мысалшы.Ол елдің азып-тозуын жұмбақтап,тұспалдап жеткізеді,кейде ашық деп айтылатын ойлар да бар.

Бүгінгі сабақта біз А.Байтұрсыновтың Иван Иванович Хемницерден аударған «Егіннің бастары» өлеңін оқып,идеясын ашуға тырысайық.

И.И.Хемницер-орыс ақыны,мысалшы.

Сөздікпен жұмыс

Тағзым ету-қызымет корсету.

Қайран қалу-таңғалу.

Шекірейіп қарау-менсінбеу.

Төмен бүгілу-еңкею.

Сорайған қарасына-бойына.

Тәкаппар-өркөкірек.

Тұтынба-еліктеме.

Балау –тең көру, бірдей санау.

Сайран етіп-қыдырып.

АКТ, оқулық, bilimland.kz,

И.И. Хемницер портреті

10 мин

Топтық тапсырма

1.Өлеңді оқып,мазмұны мен тақырыбын анықтаңыз.

Дескриптор

1.Өлеңді мәнерлеп оқи алады.

2.Шыгармакейіпкерлерінің іс-әрекеттері арқылы шығарманың идеясын аша алады.

3.Мазмұнын нақты жеткізе алады.

2.«Егіннің бастары» өлеңінің идеясын «ПОПС формуласы» арқылы табыңыз.

«Менің ойымшаиілген бидайдың басы...»

«Себебі оны былай түсіндіремін...»

«Өлеңнің идеясын мына дәлелдермен дәлелдеймін...»

«Өлеңнің идеясына байланысты мынадай қорытындыға келдім...»

Дескриптор

Өлеңнің идеясын аша алады.

Себебін түсіндіреді.

Мысалдармен дәлелдей алады.

Қорытынды ой келтіреді.

3-тапсырма. «Қос диаграмма» арқылы екі кейіпкерді салыстырыңдар.

Адамның жағымды және жағымсыз мінезін ажырата алады.

Оқулық,



ҚБ: «Басбармақ» әдісі арқылы


10 мин

«Бейнелі сурет» Әр топ мысалдан бидайдың портретін суреттеп жеткізеді.

Дескриптор

Адамгершілік қасиетті суреттеп жеткізе біледі.

Ойларын бейнелеп жеткізеді.

А 3неА4 форматты қағаздар,маркер,түрлі түсті бояулар

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек»


5 мин

«Егер де мен..» әдісі.

Проблеманы шешу жолдары (өзіндік сыни көзқарастарын қалыптастыру)

Тәкаппарлықтан құтылудың бес жолын көрсет.

Дескриптор

Шығармадан алған әсерін жүйелі жазады.

Дәлелді ақпаратпен қамтиды.

ҚБ: топтық бағалау


Аяқталуы 5 мин

Үйге тапсырма: «Тәкаппарлық-жаман әдет»

Рефлексия «SMS» Оқушыларға қағаз ұялы телефонға сабақтың қалай өткендігі туралы, қалай жемісті,қызықты өткендігі туралы қысқа хабарлама жазу ұсынылады.

Ұялы телефон макеті

Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға

тапсырманы қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс


Сабақ барысында қолданған тиімді қалыптастырушы бағалаулар:

  • «Басбармақ» әдісі

  • Жұптық бағалау

  • Өзара бағалау

  • «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

  • Топтық бағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізеді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырма сәйкес болды ма?)








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
1059
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі