400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

А.Байтұрсынов-"ұлт ұстазы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы





Білім беру ұйымының атауы

№87 орта мектеп КММ

Пәні:

Қазақстан тарихы

Бөлім:

Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым

Педагогтің аты-жөні:


Күні:

13.02.2025ж

Сынып: 8 а

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ахмет Байтұрсынов – «ұлт ұстазы»

Зерттеу сұрағы: Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.2.2.2 Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау.

Сабақтың мақсаты

Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы.10мин

1.Ұйымдастыру:

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.

Ой шақыру

Тапсырманы орындау барысында Тәуелсіздік және отаншылдық құндылықтарын оқушылар бойына дарыту

…Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті.

С.Сейфуллин

-цитатада кім туралы айтылады?

-цитата қандай ақпарат береді?

-цитатаның құндылығы неде?

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары, бағалау критерийлері хабарланады.

Зерттеу сұрақтарымен таныстырылады.

  • Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.




Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу


Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады








Мадақ

тау


Тіл - ұлттың басты негізі


Тақырып

тық суреттер




Сабақтың

Ортасы

6мин









10мин

















7мин


















7мин



Зерттеу және талдау

Оқушыларға А.Байтұрсыновтың еңбектері туралы ықшамдалған мәтін ұсыныңыз.

1-тапсырма: мәтін мазмұнын пайдалана отырып, А.Байтұрсыновтың қазақ жазуы мен қоғамдық-саяси өмірге сіңірген еңбегіне 3 дәлел келтіріңіздер. Өзіндік ой-қорытынды жасаңыздар.


Қазақ жазуы мен тіл саласына сіңірген еңбегі

Қоғамдық-саяси өмірдігі белсенділігі


1.


2.


3.



1.


2.


3.

Өзіндік ой-қорытынды:

2-тапсырма: Берілген ақпараттарды қолданып, А. Байтұрсынов – «ұлт ұстазы» екендігін «ПТМС» әдісі арқылы дәлелдеңіздер.

  • Позиция (біз солай санаймыз,....)

  • Түсіндіру (....себебі...)

  • Мысал (біз мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламыз....)

  • Салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймыз....)

Сыныпта жекелеген оқушыларға А.Байтұрсыновтың ұлт ұстазы болуына әсер еткен факторлар бойынша STEEPLE талдауын жасауға тапсырма беріңіз.


Факторлар

Әсері


S - әлеуметтік


T-технологиялық


E-экономикалық


E-қоршаған орта


P-саяси


L-құқықтық


E-этникалық



Мәтінмен жұмыс

Дескриптор:

Мәтіннен негізгі ойды анықтайды

А.Байтұрсыновтың қазақ жазуы мен қоғамдық-саяси өмірге сіңірген еңбегіне 3 дәлел келтіріңіздер

Дескриптор:

А. Байтұрсынов тұлғалық ұасиеттерін анықтайды;

А. Байтұрсынов қызметіне талдау жасайды;

А. Байтұрсынов еңбектеріне қорытынды ой жазады;

Дескриптор:

А.Байтұрсынов

тың ұлт ұстазы болуына әсер еткен әлеуметтік факторлардың әсерін жазады;

А.Байтұрсынов

тың ұлт ұстазы болуына әсер еткен технологиялық факторлардың әсерін жазады;

А.Байтұрсынов

тың ұлт ұстазы болуына әсер еткен экономикалық факторлардың әсерін жазады;



ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады



«Ең үздік жауап»





ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады








Өзін-өзі бағалау



Ақпарат

тық тақырып

тық мәтіндер

Дереккөз: http://e-history.kz/kz/contents/view/2403
- © e-history.kz

https://www.zharar.com/kz/biography/1454-ahmet.html

© www.ZHARAR.com







«ПТМС» кестесі


Тақырыптық суреттер









кесте






ҚБ парағы


Сабақтың соңы 2мин





Сабақты қорытындылау

Оқушыларға сабақты М.Әуезовтың төмендегідей сөзімен қорытындылауға мүмкіндік жасаңыз.

Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса» ; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты

Үйге тапсырма

Ахмет Байтұрсынов – «ұлт ұстазы» Эссе

Сабақтың тақырыбын қорытындылау













Оқушылар сабақты М.Әуезовтың сөзімен қорытындылайды

«Ең үздік жауап»

Ақпараттық карточка






Кері байланыс

3мин

-Күрделі болды

-Пайдалы болды

-Түсініксіз болды

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

https://www.youtube.com/watch?v=3ebSwC10ixk

Алаш алыптары - Ахмед Байтұрсынов









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 наурыз
207
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі