Тақырыбы:
«The ABC -
Party»
Мақсаты:
-
ағылшын әліпбиінің әріптерінің оқылуы мен
қолданылуын еске түсіру;
-
өткен грамматикалық және лексикалық материалды
бекіту;
-
Оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылықтарын
арттыру;
-
Білім, білік дағдысын,
сауаттылығын, қиялын, өз ойын еркін жеткізуге, сөздік қорын дамыта
отырып үйрету;
-
Бірін-бірі құрметтеуге, ұжымшылдыққа
үйрету.
Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат,
тапсырмалар, ағылшын әлипбиі
Сабақ барысы
Ортаға мұғалім шығады.
-
Good afternoon, boys and
girls! Good afternoon dear guests! We are glad to see you at our
"ABC Party".\
-
Сәлеметсіздер ме, балалар! Армысыздар, құрметті
қонақтар! Сіздерді бүгінгі ағылышн әріптері мерекесіне
келгендеріңізге өте қуаныштымыз!
-
Today we'll speak about
English, play many interesting games, sing songs and remember what
we have learned at our lessons.
-
Бүгін біз сіздермен ағылшын тілінде сөйлесетін боламыз. Қызықты
ойындар ойнаймыз, ән айтамыз және де үйренген сөздерді
қайталаймыз.
-
Are you ready to practice your
knowledge?
- Өз
білімдеріңді тексеруге дайынсыңдар ма?
Ортаға
екі оқушы шығады.
1 –
оқушы: Қарашы, бұл не?
2-оқушы: Бұл кітап қой!
1 –
оқушы: Кітап! (ашып көреді) Бірақ, әріптері қызық екен, олар біз
білетін әріптерге ұқсамайды.
2 –
оқушы: Аа, мен білемін! Бұл кітап біздің тілде жазылмаған.
Түсінесің бе?!
1 –
оқушы: Сонда тағы да басқа тілдер бар ма?
2 –
оқушы: Ия, әрине! әр елде әр тілде сөйлейді ғой!
Ортаға
мұғалім шығады.
-
Сен дұрыс айтасың! Әр елдің өз
тілі бар, яғни ана тілі бар! Мысалы, өзіміздің Қазақстан елін
алатын болсақ, біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Әлемде бірнеше мың
тілдердің түрлері бар. Олардың барлыңы біз үшін шет тілдері болып
саналады. Ал, балалар, айтыңыздаршы, қандай шет тілдерін
білесіңдер? (оқушылар білетін шет тілдерін атап
шығады)
-
Басқа
елдердің халқымен сөйлесу үшін, сол елдің тілін білуіміз қажет.
Біздер, әлемде ең кең қолданатын, халықаралық тіл – ағылшын тілін
үйреніп жатырмыз. Ал, бұл кітап, ағылшын тілінде жазылған. Оны оқу
үшін біздер ағылшын әліпбиін білуіміз керек. Оларды ортаға
шақырайықшы!
Музыка
ойнап тұрады, оқушылар ортаға шығады. Әр оқушы:
-
Good
afternoon, I am letter -
A!
-
Good
afternoon, I am letter -
B!
-
Hello,
I am letter - C! etc.
Ал, оқушылар, сендер
білесіңдер, ағылшын әліпбиінде дауысты және дауыссыз әріптер бар!
Дауысты әріптер бар болғаны – алтау. Оларсыз ағылшын тілінде бір де
бір сөз болмайтын еді. Олар өте маңызды әріптер. Қанеки, балалар,
дауысты дыбыстарды атайықшы.
(Дауысты әріптер тұрып, өздерін
атайды)
-
Ал.
Қалған әріптер қандай? Дұрыс, олар дауыссыз!
-
Қазір
біз сіздермен ойын ойнаймыз, ойынымыз 4 кезеңнен
тұрады.
-
1-
кезең – ағылышын әліпбиінің арасындағы жетіспейтін әріптерді табу
керек.
-
2-кезең - ағылышын әліпбиінде қайталанып тұрған
әріптерді анықтау қажет.
-
Оқушыларымыздың жаттап келген тақпақтары бар
екен, сол оқушыларға сөз берейік!
I like to
read,
I like to
play,
I like to study every
day,
It is
fun.
I like to
jump,
I like to
run,
I like to
play,
It is
fun.
Together,
together,
Together every
day.
Together,
together
We work and
play.
Тапсырмалар:
1.
1-10-ға дейін сана
2. 10-1-ге дейін
сана
Own,
two,
I love
you.
Three,
four,
Touch the
floor.
Five,
six,
Mix and
mix.
Seven,
eight,
It is
great.
Nine,
ten,
Play again.
3. 4
түсті ата
Roses are
red,
Violets are
blue,
Sugar is
sweet
And so are
you.
4. 4
жануарды ата
Fly, little bird,
fly!
Fly into the blue
sky!
One, two,
three,
You are free!
Cock is
happy,
Fox is
sad.
Cat is
pretty,
Wolf is bed.
5. 4 мектеп құрал-жабдығын
ата
6. сен
істей алатын үш қимылды ата
I can
jump
I can
run
I can
hop
I can stop
7. сен
істей алмайтын үш қимылды ата
I can count -1 2
3
I can say the
abc
I can jump and I can
hop
I can hop but I can"t
stop
8.
жанұя мүшедерін ата.
I have a
father,
I have a
mother,
I have a
sister,
I have a
brother.
Father, mother, sister,brother
-
Hand in hand with one
another.
-
Сонымен достар! Біз ағылшын әліпбиін қайталадық. Сонымен қатар,
сандарды, 1-ші сыныпта үйренген сөздерді қайталадық. Ағылшын
тіліндегі сөздерді оқыған кезде әріптерді шатастырмайтындықтарыңа
сенімдімін. Ал, енді, балалар, ағылшын әліпбиінің әнін орындап
берейік!
Әліпбидің әні орындалады.
Балалар, бүгінгі әріптер мерекесі сендерге ұнады
ма? Несімен ұнады?
Оқушылар жауап береді.
Осымен
бүгінгі сабақтан тыс іс-шарамыз осымен аяқталды. Белсенді
қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет!
Good
bye, children!