400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әбілқайыр хандығы (1428-1468 ж)

Материал туралы қысқаша түсінік
Әбілқайыр хандығы (1428-1468 ж)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.3АХІІІ- XVI ғ I жартысындағы Қазақстан

Мектеп:
Күні: 30.01.2019; 31.01.2019; Сынып:6-7 сынып

Қатысқандар: Қатыспағандар: Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақтың тақырыбы

Әбілқайыр хандығы (1428-1468 ж)

Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.6.-картаны қолдану арқылы ХІІІ- XVI ғ мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру.

6.1.1.2. ХІІІ- XVI ғ мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау.

6.3.2.5-тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында ХІІІ- XVI ғ ғ құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының құрылуы туралы біледі.

Басым оқушылар ХІІІ- XVI ғ мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтайды.

Кейбір оқушылар Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының саясатын талдайды.

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының географиялық орналасуын анықтайды. (Түсіну)

• Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының саяси тарихын сипаттайды.

  • Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының этникалық

құрылымын анықтайды. (Қолдану)

  • Моғолстан мен Әбілқайыр мемлекетінің сыртқы

саясатың талдайды. (Білу, түсіну)

Тілдік мақсаттар

Моғолстанның бөлектенуінің алғышарттары мен оның Қазақстан тарихындағы алатын орнын және Әбілқайыр мемлекетінің пайда болу тарихы мәтінімен танысады. (оқылым дағдысы)

Моғолстан мемлекетінде әмір Поладшының Шағатай ұрпағы Тоғылық Темірді таққа отырғызу себебін талқылайды? (айтылым дағдысы)

Әбілқайыр хандығының құрылуы және қазақ тарихындағы маңызын видеролик арқылы тыңдап,түсінеді. (тыңдалым дағдысы)

Әбілқайыр хандығы және Моғолстан хандығының территориясын картаға түсіреді. (жазылым дағдысы)

Құндылықтарға баулу

  • Отансүйгіштікке;

  • Ата-бабларымыздың ұлы істеріне мақтаныш;

  • Қазақ халқының тарихына құрметпен қарау.

Пəнаралық байланыс

География

Тақырып бойынша
алдыңғы білім

5 мин

6.1.1.2.- ХІІІ- XVI ғ мемлекекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау.

«Сұрақ-жауап»арқылы алдыңғы тақырыпты есіне түсіру..

Сабақ барысы

Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин








Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, түрлі-түсті қима қағаздар арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу. «Сығанақ қаласы» туралы эссе, «Генеологиялық шежіре» әдісі арқылы Ақ Орда хандарын ретімен жазып келу, «20 сұрақ-иә-жоқ» әдісі арқылы Ақ Орда мемлекетінің даму ерекшелігін сұрадым

  • Орта ғасырлық сәулет ескерткіштерінің суреттері




Сабақтың ортасы

25 мин

. Әбiлқайыр хандығының құрылуы, жер аумағы.

2. Халқының этникалық құрамы.

3. Әбiлқайыр хандығының нығаюы.

4. Хандықтың әлсiреуi.

1428 ж. Батыс Сібір ханы Махмуд-Қожаны жеңіп шыққан кім? /Әбілқайыр/
"Бейне жазба"
"Джигсо" әдісі
1.Әбілқайыр хандығының құрылуы, жер аумағы.
-Ақ Орда ыдырап, орнына Әбілқайыр хандығы құрылды: XVғ. басында
-XVғ.II ші ширегінен бастап Шығыс Дешті Қыпшақтағы билікті өз қолына алған әулет: Шайбани
-1428ж. Дешті Қыпшақта билікке келген: Әбілқайыр
2.Халықтың этникалық құрамы. Қарлұқ Қоңырат Бұйрық
Құрамына кірген Қият тайпалар Маңғыт Үйсін Өкіреш Найман
«Тоқсан екі баулы өзбек» деген шежіре- Әбілқайыр хандығы 92 ру-тайпадан тұрған.
3.Әбілқайыр хандығының нығаюы. Моғол хандығы (1446ж. Самарқанды алды
Батыс Сібір ханы Махмуд-Қожа(жеңген) Маңғыт әмірі Уақас би
1446ж. Атбасар маңында Мұстафа ханды 
тас-талқан етеді . Сыр өңірімен Қаратау аймақтары
(Керей, Жәнібек)
Тоқа-Темір тұқымы
1431ж. Тоқа-Темір ұрпақтарына қарсы шайқас Екіретүп деген жерде болып, Әбілқайыр хан жеңіске жетеді.
Астаналары: Тура қаласы ->Орда Базар-> Сығанақ қалалары


Әбілқайыр хандығы
4.Хандықтың әлсіреуі:
Әбілқайыр 1456-1457 ж.ж. Сығанақ қаласы түбінде Үз-Темір тайшы бастаған ойраттармен соғыста жеңіліп қалады./дешті қыпшақтан кетуге мәжбүр болған/. 1468ж. Моғол хандығына қарсы жорыққа шығады. Жорық кезінде Әбілқайыр хан Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қайтыс болған.
. Ой-толғаныс.
Венн диаграммасы.
Әбілқайыр хан Ортақ белгісі Әмір-Темір
1428-1468 ж.ж. /билік жүргізген/. Жошы хан-ның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпа-ғы. 40 жылдан астам хан болған. /16жасында хан/. Дәулет Шайхының баласы Әбілқайыр (1412-1468)Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қайтыс болған.
Батыр, жаулаушы 1370-1405ж.ж. /билік жүргізген/. Тарағай бектің баласы. /1336-1405 ж.ж. ө.с. 35 жыл бойы билік жүргізген.
1405ж. Отырар қаласында қаза болған.



Әбілқайыр хандығы және Моғолстан мемлекетінің құрылуы, қазақ тарихындағы алатын орны туралы видеролик көрсету. Видеоролик арқылы танысқан материалды «Айырмашылығы неде?» әдісі арқылы Әбілқайр хандығы және Моғолстан мемлекетінің арасындағы айырмашылықтарды анықтайды, дәлелдейді.

І бөлім: «Конвертті сұрақ» әдісі арқылы топқа Моғолстан мемлекетінің құрылу себебін ашатын, "Моғолстан» атауының шығу тарихын ашатын сұрақтарға жауап беру арқылы орындайды.

ІІ бөлім: «Серпілген сауал» әдісі арқылы Әбілқайыр хандығындағы ішкі жағдайға сипаттама бер, оның ішкі саясатының негізгі қайшылықтары тапсырмасын талқылау арқылы, орындайды.

ІІІ бөлім: «Суреттер: Не болды?» әдісі арқылы оқушыларға Әбілқайыр хандығындағы 15 ғ шайқас миниатюрасы беріледі. Сурет арқылы оқуышлар суретте не болып жатқанын және оның себебін түсіндіру қажет.

Мәтінмен жұмыс. Топ тапсырмалары. 
Осы берілген тапсырмалар бойынша тақырыпты ашу. 
1-топ: Әбілқайыр хандығының құрылуы, жер аумағы. 
2-топ: халқының этникалық құрамы. 
3-топ: Әбілқайыр хандығының нығаюы мен әлсіреуі. 
Әр бір топ оқулықтан пайдаланып, берілген тапсырмаларға мағлуматтар жинап тақырыптың мазмұнын ашып, топтар қорғап береді. 

Суреттер, видеролик






Сабақтың соңы

10 минут

«Ыстық орындық» әдісі арқылы Моғолстан және Әбілқайыр хандығы тақырыптарын қорытындылау.

Сабақтың бекіту:

  • Әбiлқайыр хандығы қай ұлыстың. құpaмындa болды?

  • Toқсaн eкi баулы өзбек» шежiресiнде қазақ тайпалары туралы не айтылды?

  • Жәнiбек пен Керей сұлтандардың. Әбiлқайырдан бөлiніп кетyiнe қандай жағдайлар себеп болды?

  • Хандыктың әлеiреуiне қандай оқиға әсер eттi?



«Бас бармақ» тәсілі арқылы

Интербелсенді тақта


Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға
қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз
оқушылардың
материалды игеру
деңгейін қалай тексеруді
жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне
қауіпсіздік техникасын
сақтау

Барлық оқушылар: «Конверттегі сұрақ», «Серпілген сауал» әдістерінқолданған кезде Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының құрылуы туралы білді.

Басым оқушылар: «Конверттегі сұрақ», «Серпілген сауал», «Суреттер.Не болды?» әдістерін қолданған кезде ХІІІ- XVI ғ мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтады

Кейбір оқушылар: «Ыстық орындық» әдісі барысында Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының саясатын талдады.

Кері байланыс.

Бас бармақ.

Екі жұлдыз-бір тілек.

Сыныптың санитарлық-гигиеналық тазалығын, техника қауіпсіздік ережесін сақтау;

АКТ-ны пайдалану ережесін қадағалау,

.

Рефлексия

Оқушылар бүгінгі сабақтан Моғолстан мен Әбілқайыр хандығы туралы мағлұматтар алды.Сабақ барысында қойылған оқу мақсаттары қолжетімді болды.

Сыныпты топқа бөлгеннен бастап әдіс тәсілдер оқушыларға жақсы тиімді әсер етті.Сабақта саралау дұрыс жүргізілді.Оқушылар сыныптағы ауызша кері байланысты жақсы басқарды.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары: М.О.Байдуллаева

30.01.2019; 31.01.2019





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
1316
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі