Әбіш Кекілбаев туралы эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әбіш Кекілбаев туралы эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Әбіш Кекілбаев туралы эссе. Киелі Маңғыстауға "ұйқыдағы ару" деп эпитет сыйлаған Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы туралы баяндалған эссе. Әбіш Кекілбаевтың шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорынан табылатын туындылар. Əбіш Кекілбаевтың “Күй” шығармасы арқылы қалың оқырманға надандық пен жауыздықтың адамды қандай күйге душар ететінін көрсетті.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Əбіш Кекілбаев əлемі
“Сүйер ұлың болса, сен де сүй, сүйінерге жарар ол”
Абай
Заманымыздың заңғар тұлғасына айналған Əбіш Кекілбайұлы көзі
тірісінде қазақ əдебиеті мен қазақ елі үшін еңбек еткен даралардың бірі.
Қазақ классикасын əлемге паш еткен Мұхтар Əуезов, Ғабит Мүміреповтің
ізін қуып, Мұқағали, Фаризада ақындардың замандасы болды. Саналы
ғұмырында тəуелсіз елдің болашағы үшін мемлекеттік хатшы, Парламент
төрағасы сынды маңызды қызметтер атқарды. Халықтың арқа сүйер,
жанашыр ұлына айналған Əбіш Кекілбайұлы - Еңбек ері де атанды.
Əбіш атамыз гауһар тастың қырындай сан түрлі болғаны рас. Соның
ішінде қазақ əдебиетіне қосқан үлесін ерекше атағым келеді. Қазақ
əдебиетінің ең дамыған тұсы Ұлы Отан соғысы жылдары тақырыбында
жазылған туындылар еді. Əлі күнге дейін қазақ классикасына айналып,
əлем тілдеріне аударылған шығармалар аз емес.
Əлем əдебиетінде “мəңгүрт” образын бірінші боп танытқан - Əбіш.
Қаламгердің бұл шығармасы қырғыздың ғана емес əлемнің сүйікті
жазушысына айналған Шыңғыс Айтматовтың “Боранды бекет”
романындағы Сəбиттің образы сияқты жаңа образ ойлап тапты. Əлемге
қазақтың “мəңгүрт” сөзін енгізіп, адам психологиясын тереңнен
түсіндіретін, оқырманды бей-жай қалдырмайтын “Күй” шығармасы, менің
ойымша, əлемдік бестселлерге айналған көркем туынды.
Əңгіменің төркіні сонау 362 əулиелі Маңғыстаудың даласында қазақ
пен түркмен арасындағы соғыстан басталады. Түркменнің батыры,
қолбасшысы Жөнейіттің бауыры Адай батырының қолынан мертігеді.
Бауыры үшін кек алуды көздеген Жөнейіт қазақтың өрімдей жастарын құл
мен күңдікке алды. Жаңа сойған тайлақтың терісін бөліктерге бөліп,
тұтқындағы қазақ жігіттерінің басына кигізіп, тірілей азаптады. Дүние
теріс айналғандай күй кешкен тұтқындар уақыт өте келе “мəңгүртке”
айналды. Оларды адам баласынының ойына келмейтін зұлымдық жасау
үшін пайдаланды. Адам бойындағы жауыздық пен өшпенділікті жеңу
жолы ретінде күйші образы əсем бейнеленген. Жүректің түбінде
жасырылған мұң мен зарды, батырдың бауыры үшін алған кегі, саналы
дүниеден мақұрым қалған мəңгүрттің де жүрегін елжіреткен осы күй
болды.

Əбіш Кекілбаев “Күй” шығармасы арқылы қалың оқырманға
надандық пен жауыздықтың адамды қандай күйге душар ететінін көрсетті.
Десек те, Жаратқан сыйлаған жүректі ақыл мен санаға қарамастан,
жібітуге болатындығын, менмендік, қатыгездік тұншықтырып тастаған
жүректе де мейірім оянатындығын жеткізгендей болды.
Бұл “мəңгүрт” тақырыбы заманымыз бен қоғамның дамуына қарай
өзгеріп отыр. Еліміздің қазіргі “мəңгүртіне” айналмас үшін, жастар білімді
болуы қажет. Əлемдік додада біліммен ғана күш сынасатын дəуірдің бел
ортасындамыз. Жаһанның көшінен қалмау үшін өзге мемлекеттер білімге
екі есе күш жұмсаса, біздер он есе білімді болуға ұмтылуымыз керек.
Еліміздің болашағы сіз бен біздің бала тəрбиесіне қосқан үлесімізден
бастау алады. Сəлемдесу мəдениетінен бастап, үлкенге құрмет пен кішіге
ізеттілікті көрсете отырып, ғылым мен білімге дағдыландырсақ, құп болар
еді.
Алмагуль Абишова Алламуратовна
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
“17 орта мектеп” КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
21.05.2022
944
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі