400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абоненттік қолжеткізім желілерінде қолданылатын CDMA (IS-95) 800 МГц жүйесі туралы қысқаша

Материал туралы қысқаша түсінік
Абоненттік қолжеткізім желілерінде қолданылатын CDMA (IS-95) 800 МГц жүйесі туралы қысқаша мәліметтер берілген. Аталған шешімнің оптикалық кабель мүмкін емес жағдайларда жақсы техникалық шешім екені жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абоненттік қолжеткізім желілерінде қолданылатын CDMA (IS-95) 800 МГц жүйесі туралы қысқаша


Наурыз Қ.Ж., аға оқытушы

«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы, энергетикалық факультеті

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,

Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан


CDMA стандартты абоненттік радиобайланыс кешенінде - радиоарналарда сигналдарды бөлудің жиіліктік - кодты принципі қолданылады. Абоненттік станциядан базалық станцияға бағытталған жұмыс жиілігінің диапазоны (жоғары бағытталған байланыс) 824 - 849 МГц шегінде, ал кері бағытта (төмен бағытталған байланыс) - 869 - 894 МГц шегінде орындалады. Дуплексті арақашықтық - 45 МГц құрайды. Таратқыштар мен қабылдағыштардың тасымалдау жиіліктері диапазоны 30 кГц қадаммен орнатылған [1].

Абоненттік радиобайланыс жүйесі желілік интерфейс арқылы жергілікті телефон желісіне қосылады. Желілік интерфейс - бұл абоненттік радионың қолжеткізім жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналады және оны жабдық өндірушісі анықтайды. Егер «радио абонент - радио абонент» байланысын коммутациялық жүйеге негізделген (PSTN желісіне шықпай) желілік интерфейсті жүзеге асыру қажет болса, онда, абоненттік радиоқолжеткізім жүйесі COMP талаптарына сай болуы керек [2].

CDMA абоненттік радиоқолжеткізім жүйесінің конфигурациясы төменде 1 - суретте берілген және келесі функционалды элементтерді қамтиды: абоненттік радиостанциялар; базалық станцияларды тарату және қабылдау бөлігі ретінде базалық станциялар жүйесі және контроллер; желілік интерфейс; техникалық қызмет көрсету және пайдалану орталығы [1].

CDMA жүйесі - бұл кең жолақты жүйе, оның бір жиілік арнасының өткізу жолағы 1,23 МГц құрайды, оның сыйымдылығы тар жолақты 41 арнаны орната алады. Бір жиілік арнасында 64 кодтық арна ұйымдастырылған. «Төменгі бағытқа» кодтық арнаның адрестік ерекшелігі (белгісі) ретінде Уолштың 64 өзара ортогональды функциялары бірі болуы мүмкін, ал «жоғары» жолда (бағытта) арнаның адрестік белгісі квазиортогоналды ұзын псевдокездейсоқ тізбектер түрінде беріледі [3].



Сурет 1. CDMA абоненттік радиоқолжеткізім жүйесінің конфигурациясы


1-суретте көрсетілгендей абоненттік радиостанция - бұл қабылдау - тарату жабдықтары, абонентте орнатылған және IS 95 (IS-95 CAI) радио интерфейсі арқылы Public Switched Telephone Network (PSTN) қолжеткізімді қамтамасыз етеді. Абоненттік радиостанцияға стандартты абоненттік терминалды қондырғыларды (телефон, факс, модем және т.б.) қосуға болады және негізгі жабдықтары келесідей функцияларға жауап береді [1]:

1) Қабылдау - тарату базалық станциясы - бұл жабдық кешені, бір жағынан абоненттік станцияларға көпстанциялық радио қолжеткізімді қамтамасыз етсе, екінші жағынан PSTN - мен желілік интерфейс арқылы байланыс орнатады. Базалық станция контроллері - бұл жабдық кешені, базалық станция жүйесін басқару үшін және PSTN және радио интерфейс сигналдау жүйелерін өзара түрлендіру үшін арналған.

2) Желілік интерфейс - бұл CDMA жүйесімен PSTN желісінің түйістіру (сәйкестендіру) жабдығы. Желілік интерфейстің құрамында коммутациялық жабдық болуы мүмкін, бұл жағдайда жүйе СОМР талаптарына сәйкес келуі керек. Техникалық қызмет көрсету және пайдалану орталығы - бұл құрылғылар кешені, жүйенің сенімді жұмысын және жұмысындағы ақаулардың пайда болуы жағдайында қалпына келуін қамтамасыз етеді.

CDMA абоненттік радио қолжеткізім жүйесінің конфигурациясы жалпылама болып табылады (1-суретте көрсетілген). Жабдық өндірушілер оны унификация тұрғысынан өзгерте алады, мысалы әртүрлі блоктарды біріктіру бойынша немесе үлестірілген құрылымдар құрудағы жүйеішілік интерфейстердің болуы және т.б. Тек ғана радио интерфейстер мен PSTN - желісі интерфейсі өзгеріссіз болуы керек [4].

Жүйенің қалған бөлігі арасындағы интерфейстер қазіргі уақытта стандартталған жоқ және өндірушілердің хаттамалары мен түпнұсқа түйіспелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Екі интерфейске қойылатын талаптар келесідей: абоненттік станция мен базалық станция арасындағы радио стандартталған интерфейстер хаттамалары негізінде болуы керек (IS-95, IS-95A, IS-97, IS-98 және т.б.); желілік интерфейс пен PSTN арасындағы интерфейс ұлттық стандарттарға негізделуі керек. Қазіргі кезде еліміздің көптеген қалаларының қала маңын телефондандыру, соңғы кездерде Интернетпен қамтамасыз етуде CDMA (IS-95) 800 МГц жүйесі не болмаса осыған ұқсас радиоқолжеткізім технологиясы қолданыста екенін эксперттер жоққа шығармайды. Әсіресе қаланың Бас жоспары бойынша өзгерістер болатын тұрғын-үй массивтеріне, көшелерге, мөлтек аудандарда радио қолжеткізім көмегімен байланыс ұйымдастыру тиімді техникалық шешім болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, тәжірибеде байланысшылар оптикалық кабель төсеу тиімсіз болған жағдайда радиоқолжеткізім жүйелері көмегіне жүгінетіні баршамызға белгілі. Мысалы, төмендегі 1-кестеде кең тараған Huawei компаниясының M800 CDMA MSC жүйесінің техникалық параметрлерлері берілсе, төмендегі 2-суретте MSC M800 CDMA жүйесінің желілік өзара қарым - қатынасы көрсетілген. Мұндағы MSC M800 CDMA коммутациялық желінің ядросы (өзегі) болып табылады және өзара қарым - қатынас үшін басқа желілермен CDMA жүйенің функционалдық объектілерінің интерфейстерін қолдайды [1,5].


Кесте 1 - M800 CDMA MSC жүйесіндегі жалпы техникалық параметрлер

Параметр атауы

Мәні мен атаулары

Абоненттердің максимал саны

120 000

BHCA (Эрл.)

3 200 К (VMSC), 4 800 К (GMSC)

Максималды ОКС 7 байланыстар саны

1024

Сигналдау түрі

ОКС 7 (ЖАС7)

Статив саны

5 - 9

Максималды трафик (Эрл.)

20 к

Е1 максималды саны/ интерфейстерінің максималды саны

122 880/16

Қолдайтын BSC саны

100

400000 №№ арналған жағдайда

5 шкаф (1 IMM, 1 LIM, 1 SPM, 1 SRM, 1AM)

800000 №№ арналған жағдайда

7 шкаф (1 IMM, 2 LIM, 2 SPM, 1 SRM және 1AM)

1 000000 №№ арналған жағдайда

9 шкаф (1 IMM, 3 LIM, 3 SPM, 1 SRM және1 AM)

Толық конфигурацияда жалпы қолданылатын қуат

10,2 кВт - тан аспайды


MSC - ұялы байланыстың коммутация орталығы; VLR - орналасудың визиттік регистрі; BSS - базалық станциялардың ішкі жүйесі; MISUP - ұялы байланыстағы ISDN пайдаланушының ішкі жүйесі; AAA - айқындау, түпнұсқалық және есепке алу; GMSC - шлюздік MSC; HLR - орналасудың көмекші регистрі; SCP - қызметтерді басқару пункті; PDSN - дестелік деректерге қызмет көрсететін торап; AC - аутентификация орталығы; HA - үй агенті; MTUP - мобильдік жүйедегі телефонды қолданушының ішкі жүйесі; PCF - деректерді басқару функциясы; LE - жергілікті станция


Сурет 2. MSC M800 CDMA желілік өзара қарым - қатынасы



Қолданылған дереккөздер тізімі


1 РД 45.177-2001. Оборудование систем абонентского радиодоступа диапазона 800 МГц с кодовым разделением каналов (CDMA) протокола IS-95. Общие технические требования. М.: ЦНТИ «Информсвязь» - 2000. - 119 c.

2 Берлин А.Н. Абонентские сети доступа и технологии высокоскоростных сетей. 2-е изд. - М.: ИНТУИТ, 2016. - 277 с.

3 Шахнович И.В. Современные технологии беспроводной связи. М.: Техносфера, 2006. - 288 с.

4 В. М. Вишневский, А.И. Ляхов, С.Л. Портной, И.В. Шахнович. Широкополосные беспроводные сети передачи информации. М.: изд. «Техносфера», 2005. - 592 с.

5 Introduction to CDMA MSC documents. [Электронды ресурс]. Қолжеткізім ресурсы: https://vdocuments.net/introduction-to-cdma-msc-documents.html. Қолданыстағы күні: 17.02.2021.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
376
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі