400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абсолют қатты дененің инерция моменті

Материал туралы қысқаша түсінік
Абсолют қатты дененің инерция моменті тақырыбында сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы

49 орта мектеп КММ

Пәні:

Физика

Бөлім:

Магнит өрісі, электромагниттік индукция, физикалық практикум

Педагогтің аты-жөні:

Айжанова Ж.А.

Күні:

22.05.2025ж.

Сынып: 11 «Б»

Қатысушылар саны: 10

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тоқсандық жиынтық бағалау талдау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

Тоқсандық жиынтық бағалауды талдауды орындау

Сабақтың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалауды талдайды

Сабақтың барысы

Тоқсандық жиынтық бағалауды таладу

10.3.4.2 - электр өлшеуіш құралдардың, электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру

10.3.4.3 - токамак, циклотрон, андронды коллайдер, магниттік тордың жұмыс істеу принципін талдау және поляр шұғыласының табиғатын түсіндіру;

10.3.4.4 - зарядталған бөлшектердің қозғалысына магнит өрісінің әсерін зерттеу

10.3.5.1 - электромагниттік құралдардың (электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін зерттеу

10.3.5.2 - электромагниттік индукция заңын есептер шығаруда қолдану

10.3.5.4 – қолданыстағы электрқозғалтқыштың моделін зерттеу және Фарадей заңы мен Ленц ережесін қолданып алынған нәтижелерді пайдалана отырып дәлелді түрде түсіндіру

10.1.1.3 - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау 10.1.1.4 - физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескере отырып, тәжірибелік зерттеудің соңғы нәтижесін жазу

Тапсырмаларды орындап тексереді

«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1. Суретте өткізгіш бойымен жүріп жатқан ток бағыты көрсетілген. С нүктесіндегі осы өткізгіш тудыратын магнит өрісінің бағытын анықтаңыз.

A) Сурет жазықтығында жоғары қарай B) Сурет жазықтығында төмен қарай C) Сурет жазықтығына перпендикуляр бізден ары қарай D) Сурет жазықтығына перпендикуляр бізге қарай [1]

2. Суретте электр қозғалтқыштың сұлбасы берілген. Электр қозғалтқыштың катушкасы 200 орамнан тұрады, ток күшінің мәні 1 А. Катушка қабырғалары 20 см болып келген шаршы, магнит өрісінің индукциясы 0,05 Тл. (a) Катушка қабырғаларына әрекет етуші максимал күшті анықтаңыз. [1] (b) Айналдырушы күш моменті максимал болуы үшін, катушка қалай орналасуы керек? Түсіндіріңіз. [1] (c) Қозғалтқышты «қуаттырақ» ету, яғни айналдыру моментін арттырудың әдісін ұсыныңыз. [1]

3. Трансформатордың бір орамасы ойыншық пойыз жиынтығына, ал екінші орамасы 240 В айнымалы ток көзіне суретте көрсетілгендей қосылған.

(a) Cуретте берілген ақпарат бойынша трансформатордың жоғарылатқыш әлде төмендеткіш екенін анықтаңыз. [1]

(b) Ойыншық пойызға түсірілген кернеуді есептеңіз. [1]

(c) Ток көзіндегі кернеу төмендейді. Ойыншық пойызға түсірілетін кернеуге не болады? Ұяшыққа белгілеңіз «v». «v» Артады Кемиді Өзгермейді [1]

(d) Ойыншық пойызды кернеуі 110 В болатын ток көзіне қосуға әрекет жасалды. Ойыншық пойыз жұмысында байқалатын айырмашылықтың бірін ұсынып, түсіндіріңіз. [1]

4. Өткізгіш контурды тесіп өтетін магнит ағыны 0,6 Вб-ге бірқалыпты өзгергенде, онда 1,2 В ЭҚК индукцияланады. Өткізгіш кедергісі 0,24 Ом. (a) Магнит ағынының өзгеру уақытын анықтаңыз. [1] (b) Өткізгіште пайда болатын индукциялық ток мәнін есептеңіз. [1]

5. Поляр шұғыласына сипаттама беріңіз. [2]

6. Суреттерде берілген контурларда пайда болатын индукциялық токтар бағытын анықтап, суретте белгілеңіз.

7. Магнит индукциясы 2 мс ішінде 0,2 Тл-дан 0,3 Тл-ға дейін өзгергенде 10 В индукция ЭҚК-і қозу үшін, көлденең қимасының ауданы 50 см2 катушкадағы орам саны қанша болу керек екенін есептеңіз. [2]

8. Шағын катушкаға гальванометр жалғанған (сурет). Магнит төмен қарай құлап, катушкаға енгенде гальванометр тілшесі:

A) Үздіксіз оңға ауытқиды B) Үздіксіз солға ауытқиды C) Лезде оңға ауытқиды D) Лезде солға ауытқиды [1]

9. Массасы m, заряды +q бөлшек өзара параллель металл пластиналар арасынан суретте көрсетілгендей траектория бойымен өтеді. Пластиналар арасында біртекті электр өрісі мен біртекті магнит өрісі бар. Электр өрісінің кернеулігі 2,8 ∙ 104 В/м. (a) Магнит өрісінің бағытын анықтап, суретте сызыңыз.

(b) Бөлшектің жылдамдығы ? = 4,7 ∙ 105 м/с. Магнит индукция векторын анықтаңыз. [2] (c) Бөлшектің массасы m, заряды +?, жылдамдығы ?. Есептеулерді қолданбай, массасы m, заряды −?, жылдамдығы ? болатын бөлшектің траекториясында болатын өзгерісті қысқаша сипаттаңыз. [1]

10. Велосипедтің үдеуін анықтау үшін арақашықтығы 2 м болатын екі белгі тұсында оның жылдамдығы өлшенеді. Осы аралықта өлшенген велосипедтің бастапқы және соңғы жылдамдықтарының мәні кестеде берілген. Бұл жылдамдықтар ? 2 = ?0 2 + 2?? арқылы байланысқан. (а) Берілген өрнектен анықтаңыз: (і) тәуелсіз айнымалы; (іі) тәуелді айнымалы; (ііі) бақыланатын (тұрақты) шама. [1]

?0, м/с ?, м/с ?0 2 , м 2 /? 2 ? 2 , м 2 /с 2 1 2,6 1,5 2,9 2 3,2 2,5 3,5 3 3,5 (b) ?0 2 және ? 2 мәндерін есептеп, кестедегі бос торкөздерді толтырыңыз. [2] (c) ? 2−дің (? − өсі), ?0 2 − ден (х − өсі) тәуелділік графигін сызыңыз. [3]

Келесі бетте берілген тор көзді координаттар осін тұрғызуға пайдаланыңыз. (d) Алынған графиктен градиентті және графиктің у - өсімен қиылысу нүктесін анықтаңыз. Алынған нәтижелерді өлшем бірлігімен жазыңыз. [2]

(e) Велосипедтің үдеуін анықтаңыз. Үдеудің мәнін өлшем бірлігімен жазыңыз. [2]

Жалпы балл: 30


Қорытындылау

Бағалау 10 ұпай

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.09.2025
72
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12