жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Абсорбция және реабсорбция. Зәрдің түзілуі
ТАРАУ: 10.2С Бөліп шығару
|
|
||||||||||||||||||||
САБАҚ: Абсорбция және реабсорбция. Зәрдің түзілуі |
|||||||||||||||||||||
Күні: 11.12.2019 |
Мұғалімнің аты-жөні: Байниязова Г Е |
||||||||||||||||||||
СЫНЫП: 10 В |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||
Сабақтың оқыту мақсаты |
10.1.5.1 фильтрация және несептің түзілу үдерістерін сипаттау
|
||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Оқушылар: ультрафильтрация және реабсорбция үрдістерінінің механизімін сипаттау |
||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
|
||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаты |
Оқушылар: Бүйректің құрылысын сипаттауға арналған терминология бөліп шығарушы жүйе,несепағар, қуық, зәр шығару түтігі,қыртыс,милы зат, глюкоза, амин қышқылы, натрий ионы, несепнәр, несеп қышқылы, зәр, амиак Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері топтамасы Сүзілу үдерісі ... жүреді. Реабсорбция үдерісі ... өтеді және ... қамтамасыз етеді. Генле ілмегі ... орналасады. Нефрон келесі құрылымдардан құралады: ...және зәрдің түзілуін ауызша, жазбаша сипаттай алады |
||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Құрмет Негізгі ұғымдарды талдау кезінде оқушылардың бірі-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі. Оқушылар негізгі ұғымдар мен терминдерді қолданып, сұрақтарға еркін жауап береді және басқа оқушылардың жұмыстарын бағалайды. |
||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Физика пәні - зәрдің сүзілуі мен реабсорбциясы үдерістері Химия пәні - зәрдің құрамы. |
||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
АКТ сабақта бүйректің суретін көрсетуге , нефронның құрылысы көрсетілетін видео көрсетуге қолданылады |
||||||||||||||||||||
Бастапқы білім
|
Бөліп шығару – 7, 8 классы; Затжәне энергия алмасу– 8 және 9 сынып; Тыныс алу – 6,7 және 8 сынып; Эндокриндік жүйе – 7 және 8 сынып; Реттелу – 9 сынып. |
||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жұмыс |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу Зәр шығару-қажетсіз заттарды бөліп шығару, организмдегі органикалық заттардың ыдырау процесі Егер ағзадан қажетсіз заттар бөлініп шықпаса ағза қандай күйге шалдығар еді? (Ағзадағы ыдырау нәтижесінде түзілген соңғы өнімдер және бөгде заттардың барлығын сыртқа шығару- организмнің ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтайды. Соңғы өнімдердің дер кезінде организмнен шығарылмауы адам үшін өте қауіпті). Оқушыларды топқа бөлу, ол үшін зәр шығарудың негізгі және қосымша мүшелері жазылған қағаздарды суырып, ондағы сөздерге жауап беру арқылы 2 топқа бөлінеді. 1 топ негізгі мүшелер: 1.Бүйрек-зәр шығару 2.Несепағар-зәрді бүйректен қуыққа өткізу 3.Қуық-зәрді жинау 4.Зәр шығаратын түтік- организмдегі зәрдің сыртқа шығарылуы 2 топ қосымша мүшелер: 1.өкпе-көмірқышқыл газын шығару 2.Ішек-қорытылмаған заттарды шығару 3.Тері- тердің бөлінуі. Су, тұздар, құрамында азоты бар зиянды заттар Келесі тапсырма оқушыларға бүйректің анатомиялық моделін көрсету. Оқушылар суретті немесе бүйректің анатомиялық моделін пайдалану арқылы бүйрек құрылысын еске түсіреді Оқушылар берілген суретке бүйректің бөліктерін жазады.
Т Таратылған суреттерді бүйрек бөлімдерін белгілеп, дәптерге жапсырады. Кері байланыс: оқушы – оқушы, мұғалім – оқушы. Оқушыларға сұрақ қою: Бүйректің ағзадағы қызметі неге негізделген? Ол қандай маңызды мүше? (Керексіз заттарды сыртқа шығару, бөліп шығару мүшесі) Кері байланыс: Оқушылар өз ойларымен сынып ішінде бөліседі. Оқушыларға сабақ тақырыбын хабарлау, мақсаттары және бағалау критериилерін анықтау. Абсорбция және реабсорбция. Зәрдің түзілуі. Оқу мақсаты: 10.1.5.1 зәрдің сүзілу (фильтрация) және түзілуі механизмін түсіндіру Бағалау критерийлері:
|
Презентация Ультрафильтрация және ішінара реабсорбция
|
|||||||||||||||||||
|
Оқушыларға видеофрагмент ұсыну арқылы, осы сабақтағы материалдардағы мәліметтерді пайдаланып нефронның құрылысымен танысады. Нефронның мылқау суретіне оның бөліктерінің атауларын жазады және олардың атқаратын қызметтерін сипаттайды
Оқушылар топта Боумен капсуласында, проксималдық және дисталдық каналдарда, Генле ілмегінде және жинақтау түтігінде өтетін механизмдерді суреттеу үшін нефронның құрылысын талдайды. (Жауабы: 1-Боумен капсуласындағы капиллярлар шумағы; 2-проксимальды ирек түтікше; 3-Генле ілмегі; 4-дистальды ирек түтіше; 5-жинақтаушы түтікше) Топта бірін - бірі бағдаршам арқылы бағалау жүргізіледі. |
Бүйректердің нефрон көрсетілген анатомиялық модельдері, видео көрсетілімдер (білімленд, твиг білім), зәрдің түзілуі фильтрация және реабсорбция
|
|||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Оқушылар абсорбция және реабсорбция процестерін оқу арқылы топта талқылап, салыстыруды ұсыныңыз Оқушыларды топтарға, сосын осы топ ішінде жұптарға бөлу. Әр жұпқа тапсырма беру. Жұптар өз тапсырмаларын орындап, топта басқа жұптармен ақпарат алмасады. Бірінші жұп: Несеп түзілу механизмі, бірінші реттік несептің түзілуі үрдісі абсорбция; (Несеп қан плазмасынан түзіледі. Алайда несептің құрамы қан плазмасы құрамынан едәуір ерекшеленеді. Демек, бүйректер арқылы өтетін қанның өзгеруі арқылы, несеп өңделеді. Осы үдеріс екі кезеңнен өтеді: әуелі бірінші реттік несеп, кейіннен екінші реттік, немесе соңғы несеп түзіледі. Несеп түзілу бірқатар физиологиялық механизмдер есебінен жүреді. 1 фаза – бірінші реттік несептің түзілуі (шумақтағы фильтрация )
Екінші жұп: Екінші реттік несептің түзілу үрдісі реабсорбция; (2 фаза – екіші реттік несептің түзілуі тәулігіне 1-1,5 л екінші реттік несеп бөлінеді)
Үшінші жұп: секреция үрдісі және бүйрек қызметінің реттелуі (Қос бүйректе шамамен 2 млн жуық нефрондар болады. Бүйрек каналдарының ұзындығы 120 км.
Оқушылар жұпта берілген критерийлер бойынша постер әзірлейді. Соңында топқа жиналып, бірлесе талқылайды, өзара бағалау жүргізеді Бағалау критерийлері:
Оқушыларға фильтрация, реабсорбция, секреция үдерісін моделдеуді ұсынамын. Ол үшін елеуіш пен қант, тұз, бұршақ (бұршақты нәруыз ретінде пайдаланыңыз) және су. Кішкентай «молекулалар» елеуіш арқылы өтеді, ал ірі нәруыздар, қан жасушалары – өтпейді. |
бүйрек құырлысы мен қызметінің өте анық анимациясы
|
|||||||||||||||||||
Сабақтың соңы |
Оқушыларға білімін жинақтау үшін тапсырма беріледі
«Бағдаршам» рефлексиясы (өзіңнің сабақтағы әрекетіңді бағала) Қызыл түс-түсінбедім, қолымнан келмеді, ұнамады, қиын болды Сары түс-жасап көру қажет, тағыда жасап көремін Жасыл түс-үнады, қолымнан келді, мен жасай аламын Сабақты қорытындылау |
|
|||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сыныпта қандай атмосфера болды? Мен жүргізген дифференциация іске асты ма? Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен? |
Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау). Сол бұрышта тұрған Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.
|
||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)? 1: 2: Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім? |
|||||||||||||||||||||
Қосымша 1
Қосымша 2
Зәр түзілу кезеңдері |
Нефронның қай бөлігінде жүреді? |
Қандай процестер жүзеге асырылады? |
Қандай заттар сүзіледі? |
Зәрдің құрамы қандай? Мөлшері қанша? |
Фильтрация |
|
|
|
|
Реабсорбция |
|
|
|
|
Бағалау критерийлері:
Ультрафильтрация және реабсорбция процестерін түсіндіреді
Зәрдің құрамын біледі
Бірінші және екінші реттік зәрдің құрамын салыстырады
Қосымша 2
Зәр түзілу кезеңдері |
Нефронның қай бөлігінде жүреді? |
Қандай процестер жүзеге асырылады? |
Қандай заттар сүзіледі? |
Зәрдің құрамы қандай? Мөлшері қанша? |
Фильтрация |
|
|
|
|
Реабсорбция |
|
|
|
|
Бағалау критерийлері:
Ультрафильтрация және реабсорбция процестерін түсіндіреді
Зәрдің құрамын біледі
Бірінші және екінші реттік зәрдің құрамын салыстырады
Тапсырма № |
Бағалау критерийі |
Бағалау түрі |
Оқушының әрекеті |
Бүйректің анатомиялық құрылысын талдау(жеке тапсырма) |
Бүйрек бөлімдерін дұрыс анықтайды Бүйректің құрылысы туралы алдыңғы білімдерін қолданады. Бүйректің құрылысын талдайды |
Өзара бір-бірін қол белгісі арқылы бағалау |
|
Нефрон бөліктерін атау(топтық тапсырма) |
Нефронның құрылысы мен қызметін біледі. Нефронның құрлысы мен қызметін зерттейді және дұрыс талдайды. |
Бір-бірін топта бағдаршам арқылы бағалау |
|
Жұптық тапсырма |
Фильтрация және несептің түзілу үрдісі туралы алған білімдерін қолданады. Реабсорбция процесін сызбанұсқа арқылы бейнелеп талдайды. Бүйрек қызметінің мақызын толық, нақты ауызша сипаттау |
Өзара бір-бірін қол белгісі арқылы бағалау |
|
Топтық тапсырма |
Ультрафильтрация және реабсорбция процестерін түсіндіреді Зәрдің құрамын біледі Бірінші және екінші реттік зәрдің құрамын салыстырады |
Бір-бірін топта бағдаршам арқылы бағалау |
|
Тапсырма № |
Бағалау критерийі |
Бағалау түрі |
Оқушының әрекеті |
Бүйректің анатомиялық құрылысын талдау(жеке тапсырма) |
Бүйрек бөлімдерін дұрыс анықтайды Бүйректің құрылысы туралы алдыңғы білімдерін қолданады. Бүйректің құрылысын талдайды |
Өзара бір-бірін қол белгісі арқылы бағалау |
|
Нефрон бөліктерін атау(топтық тапсырма) |
Нефронның құрылысы мен қызметін біледі. Нефронның құрлысы мен қызметін зерттейді және дұрыс талдайды. |
Бір-бірін топта бағдаршам арқылы бағалау |
|
Жұптық тапсырма |
Фильтрация және несептің түзілу үрдісі туралы алған білімдерін қолданады. Реабсорбция процесін сызбанұсқа арқылы бейнелеп талдайды. Бүйрек қызметінің мақызын толық, нақты ауызша сипаттау |
Өзара бір-бірін қол белгісі арқылы бағалау |
|
Топтық тапсырма |
Ультрафильтрация және реабсорбция процестерін түсіндіреді Зәрдің құрамын біледі Бірінші және екінші реттік зәрдің құрамын салыстырады |
Бір-бірін топта бағдаршам арқылы бағалау |
|
Бүйрек Өкпе
Ішек Тері
Несепағар Қуық
Зәр шығаратын түтік
Ультрафильтрация /сүзілу/
Несептің шумақтық сүзгіден өтеді
Қанның Шумлянский –Боумен капсуласында сүзіледі
Мальпиги шумағынан қан плазмасының еріген басқа да заттары қан қысымы әсерінен капсуланын ішіне өтеді.
Мальпиги шумағынан қан плазмасының қан қысымы әсерінен капсула ішіне су, Na+, K+, Cl- иондары өтеді.
Базальдық мембрана мен капсуланың ішкі қабырғасынан үлкен молекулалы заттар, мәселен, шумақтық сүзгіден молекулалық салмағы 70000 және одан да көп заттар — глобулиндер, фибриноген, гемоглобин өтпейді
Шумлянский—Боумен капсуласынан алынған алғашқы несеп құрамы жағынан кан плазмасымен бірдей болады. Оның кұрамында қан жасушалар және үлкен молекулалы нәруыздар болмайды, аздаған альбуминдер, баска заттардаң қант, амин қышқылдары, тұздар болады.
Несептің көлемі өте көп — тәулігіне 150—180 л.
Мальпиги шумақтарындағы капиллярда қан кысымы басқа мүшелердегі капиллярлармен салыстырғанда өте жоғары 70—90 мм. с. б. б.
Қанды алып кетуші артериянын, диаметрі, қанды алып келуші артерия тамырынан анағұрлым тар.
Шумақтық сүзілу нәтижесінде түзілген алғашқы несеп бүйректің түтікшелеріне барып құйылады.
Реабсорбция /қайта сіңірілу/
Түтікшелерде алғышқы несеп қайта сіңуге ұшырайды.
Несеп құрамындағы су мен онда еріген кейбір заттар кайта сіңеді, сіңбей қалған заттар мен түтікшелер эпителиіндегі синтез нәтижесінде түзілген заттар қосылып соңғы несеп құрайды.
Соңғы несеп құрамында қант, амин қышқылы, альбуминдер болмайды, бірақ мочевинаның, несеп қышқылының және тағы басқа белок алмасуы барысында пайда болған заттардың мөлшері бірнеше есе көп, кейбір тұздар (хлорид, сульфат, фосфат) концентрациясы да басым болады.
Нефронның төменгі бөліміндегі жоғары және төмен жүретін тура түтікшелерде, Генле ілмешегінде, иірім түтікшелерінің төменгі бөлімінде, несеп жинайтын түтіктерде реабсорбция тұрақсыз, деңгейі өзгеріп отырады, оның мөлшері су мен тұздар алмасуына байланысты. Сондықтан бұл бөлімдегі реабсорбция құбылмалы (факультативтік) реабсорбция деп аталады.
Генле ілмешегінде орналасқан несеп концентрациялау механизмі айналдыра кері ағызу жүйесі деп аталады.
Генле ілмешегінің өрлеу иіні мен төмендеу иіні және несеп жинаушы түтіктер бір-біріне параллель жақын орналасқан, өзара байланысып несеп концентрациялайтын тұтас бір механизм ретінде қызмет атқарады.
Генле ілмешегінің төмендеу иініндегі эпителий ерекшелігі тек суды ғана өткізіп, натрийді жібермейді: өйткені мұнда ион тасушы ферменттер болмайды (сукципатдегидрогеназа жоқ).
Генле түйінінің төмендеу иінінде судың қайта сіңуі күшейеді де, натрийдің сіңуі тоқталғандықтан несеп бірте-бірте қоюланып концентрацияланады.
Несептің несеп жинаушы түтіктерінде екінші рет концентрациялануы гипофиздің артқы бөлімінің антидиуретикалық гормонының қатысуымен реттеледі.
Несеп жинаушы түтікшелер мен Генле ілмешегінің жоғарғы бөлімі қатар орналасқан жерде эпителийлер аралығы гиалурон қышқылына толы болады. Ол түтікшелер қуысынан суды ішкі тканьге нашар өткізеді. А. Г. Гинецинскийдің болжамы бойынша организмде су азайғанда АДГ қанда көбейеді.
Қуыққа айдалатын с о ң ғ ы несеп сарғыш түсті. Құрамының негізі — су (98-99 %), қалған 1-2 %-ы көптеген (130-140) химиялық заттар, олардың көбі мочевина, несеп қышқылы, креатинин. Дені сау адамның несебінің құрамында белок пен глюкоза қанты болмауы тиіс. Несептің тәуліктік мөлшері 1300-1500 мл.
Зәрдің түзілуі
Зәр нефронда түзіледі. Ол екі кезеңенен тұрады. Бірінші кезеңде алғашқы зәр, ал екінші кезеңде соңғы зәртүзіледі. Нефрон капсуласындағы тамырлар шумағына қан қысымы жоғары, сондықтан қанның сұйық бөлігі капсула ішіне сүзіледі. Мұның нәтижесінде алғашқы яғни бірінші реттік зәр пайда болады. Алғашқы несептің құрамы қан плазмасымен бірдей, бірақ оның құрамында нәруыз бен қан жасушалары болмайды.
Екінші кезеңде бірінші реттік зәрдің құрамындағы су, глюкоза, амин қышқылдары, натрий, калий иондары т.б. ағзаға қажетті заттар қайтадан қанға кері сіңіріледі, ал несепнәр, несеп қышқылы, сульфаттар сияқты зиянды заттар Генле иінінен кейінгі екінші деңгейлі иірім каналдарда(дистальды канал) қалып, нағыз зәрдің құрамына кіреді. Соңғы зәр нефронның жинағыш жолдарымен ағып бүйректің бүртіктеріне, одан тостағаншаларына, одан бүйрек түбегіне, содан соң ұзындығы 30 см-дей несеп ағар арқылы қуыққа барады.
Қорытып айтқанда, несептің түзілуі күрделі үш қызметтің нәтижесі:
1. нефронның капилляр шумағындағы сүзілу (фильтрация).
2. иірімді каналдардағы кері сүзілу (реапсорбция).
3. екінші деңгейлі иірім каналдардың эпителий клеткаларының белсенді секрециялық қызметі. Мұнда аммиак, сутегі иондары, креатинин т.б. заттар соңғы несепке қосылады және кейбір улы заттар залалсыздандырылады.
Тәулік бойы бүйректен 2000 л қан айналады, одан 150-180 л бірінші реттік зәр өндіріледі, бірақ соңғы зәрдің мөлшері 1,5 л ғана. Мұндай қарқынды сүзілу бүйрек каналшаларының өте ұзын болуына байланысты. Қуыққа айдалатын соңғы зәр сарғыш түсті сұйықтық. Оның меншікті салмағы 1,010-1,025, реакциясы сәл қышқыл. Құрамының негізі – су (98-99%), қалған 1-2 %-ы көптеген (130-140) химиялық заттар, олардың көбі мочевина/ несепнәр, несеп қышқылы, креатинин. Дені сау адамның несебінің құрамында нәруыз бен глюкоза болмауы тиіс.
апсырманың
жауабы интерактивті тақтадан
көрсетіледі. Оқушылар өзін өзі қол
белгісі арқылы бағалауды жүзеге
асырады

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген