400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ӘБУ НАСЫР ӘЛ ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама студенттерге көмегі өте зор
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАЯНДАМА

«ӘБУ НАСЫР ӘЛ ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ»

Джайылова Баян Анарбековна


Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 ЖББТМ (р/о) химия пәнінің мұғалімі



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Əбу Насыр Әл-Фараби (өмірбаяны)

  2. Əбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми философиялық еңбектері

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе.

Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қағидасы бар. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп, ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылыми тарихта маңызды орын алады. Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпактан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгілік. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің катыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбу насыр Фараби.


Негізгі бөлім


  1. Əбу Насыр Әл-Фараби (өмірбаяны)


Қазақ топырағының көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтары бүкіл араб-парсы мəдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты əлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі – бəрімізге танымал ұлы жерлесіміз, Батыс пен Шығысты терең білімімен бас идірген Əбу Насыр əл-Фараби. Ол Отырар қаласында 870 ж. дүниеге келген. Ежелгі Ұлы Жібек жолында, Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жерінде бой көтерген Отырар қаласын арабтар Фараб, Барба-Фараб деп атаған. Осында əл-Фараби жастық шағын өткізген. Нақты айтқанда, əл-Фараби Фарабтың өзінде емес, соның маңындағы Весиж қалашығында туған. Весиж — Сырдарияның сол жағалауында орналасқан қала. Археологтар Весиж қалашығы Отырардан солтүстік-батысқа қарай шамамен 20 шақырымдағы Ақжар сайында орналасқан Оксус қалашығына сəйкес келетінін анықтады. Қалашық ішкі қамалдан, қабырғамен қоршалған шахристаннан жəне рабаттан тұрады. Қалашықтың VІІІ–ХV ғасырларда өмір сүргені анықталды. Уақыт өте келе Весиж ұмытылып, асқан ақыл ой иесінің Отаны Фараб қаласы саналып кетті

Фарабидің толық аты-жөні — Əбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ əл-Фараби ат Түрки. Ат Түрки — шыққан тегі түркі дегенді, əл-Фараби — Фараб қаласынан шыққан дегенді білдіреді. Өзінің азан шақырып қойған аты — Мұхаммед, əкесінің де аты — Мұхаммед, атасының аты — Тархан, бабасы — Ұзлағ. Кейде оны жай ғана «Тархани» деп те атаған. Əл-Фараби түркі тайпасының дəулетті отбасында дүниеге келген, əкесі əскербасы болған. Бір нұсқада руы қаңлы-қыпшақ делінген. Əкесінің əскербасы болғанын «тархан» деген атаудан да байқауға болады. Біздің жерімізде мекендеген ежелгі түркі тайпалары «тархан» деп əскери лауазымды кісілерді айтатын болған. Яғни Фараби əскери ортадан шықты деп жорамалдауға əбден болады. Оған қоса тарихи еңбектерде «əл-Фараби мықты, күшті жəне ержүрек болған. Ол жебені жақсы тартқан, атқан оғы нысанаға дəл тиетін», — деп жазылған. Осыған қарағанда əкесі əскербасы болғандықтан, жас Мұхаммедтің те жауынгерлік, соғыс өнерінен хабары болған сияқты. Екіншіден, ежелден Сыр, Отырар бойын жайлаған, тарихқа ертеден мəлім қаңлы тайпасында тархан (кейде дархан деп те атайды) атты ру болған, қазір де бар. Сондықтан Фараби қаңлы-қыпшақ руынан шықты деп айтуға толық негіз бар. Тағы бір деректерде «Фарабидің əкесі Весиж қаласының əміршісі болған» деп те айтылады [2; 6]. Сол тұста өмір сүрген зерттеушілердің қалдырған еңбектеріне қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мəдениет орталығы болған. Бала Мұхаммед қала медреселерінің бірінде сауатын ашып, хат танып, Отырар кітапханасының мол қорынан сусындап өскен. Тіл үйренуге жастай көңіл қойған тəрізді. Өйткені араб тарихшысы ибн Халликан «əл-Фараби 70-ке жуық тіл білген» деп жазып қалдырған. Ғалымдардың бір тобы: «Бұл шындыққа жанаспайды» десе, біраз ғалымдар ибн Халликанның жазғандарын мақұлдап, қайталап та жүр. Яғни бала Мұхаммед өз кезіндегі ұлы ғұламалардың еңбектерін оқу үшін жастайынан тіл үйренуге ден қойғандай.

Әбунасыр оқуды өте ерте бастаған. Бастапқы білімді ол туған қаласы Отырарда алады, одан соң Хорасанға барады. Кейінірек білімін онан сайын толықтыру мақсатында араб мәдениетінің орталығы Бағдатқа кетеді. Ғылым-білімге өте құмартқан зерек Әбунасыр мұсылман бола тұра, тіпті кәпірлерден сабақ алудан тайсалмайды. Мәселен, тәуіптік өнер (медицина) мен логиканы христиан оқымыстысы Юханна ибн Хайланнан, ал жаратылыстану ғылымдары мен грек тілін атақты аудармашы Әбу Башар Маттадан (ол да христиан) үйренеді. Бір нұсқада Фараби осы шәкірт шағында атақты оқымысты Абубәкір ибн Сиражбен жақын араласып, оған логиканы үйретіп, одан астрономияны үйренген деп айтылған. Фараби түркі, араб, парсы, грек және басқа тілдерді жетік білген. Кейбір деректер бойынша тіпті ол 70 тіл білген деп те айтылады. Бұл әрине, асыра дәріптеу болар.

Фараби ғылымды көбінесе өз бетінше меңгеріп, аса зор табандылық көрсеткен, орасан мол табыстарға жеткен адам. Ол, әсіресе, грек ғылымы мен философиясын, ең әуелі Аристотельдің бай мұрасын игеруді қолға алған. Мұнда ол аса үлкен шыдамдылық пен ыждаһаттылық көрсетеді. Бір аңыз бойынша, ол Аристотельдің “Жан туралы” дейтін еңбегін жүз рет, “Табиғи гармониясын” қырықрет, “Риторикасын” екі жүз рет оқыған көрінеді. Міне осылай Фараби жұртқа мәлім оқымысты болып, дүние жүзінің ұстазы деген дәрежеге көтерілді. Ол алғашқы кезде Бағдатта істейді, кейіннен Дамаскіде, сонан кейін Алеппода (Сирия) әмірі Сайф әд-Дауланың қарамағында болады. Фараби өз бетінше ғылыммен үзбей шұғылдана берген. Мәселен, бір әңгіме бойынша ол Дамаскіде жүрген кезінде күндіз кала шетіндегі бау-бақшада қарауылдық қызмет атқарып, күндіз тапқан ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түнімен ғылыми жұмыспен шұғылданады екен. Фараби өте қарапайым, канағатшыл кісі болған, жұпыны киініп, ырду-дырдудан барынша аулақ жүруге тырысқан.

Фараби өлерінің алдында Египетке барып қайткан. Ол бұрынырақ өз отаны — Түркістанға да барған, кейбір мағлұмат бойынша сол тұстағы Бұхардың әмірі Мансұр ибн Нұхтың өтінуі бойынша “Екінші тәлім” (Ат-Таһлім ас-сани) атты еңбек жазған. “Екінші ұстаз” деген лақапты осы оқиғаға байланысты алған дейді. Фараби хиджра есебі бойынша 339 жылы раджаб айында (бізше 950 жылғы желтоқсанның аяғы немесе 951 жылғы қаңтардың басы) Дамаскіде қайтыс болады. Тарихшы ибн Халлаканның айтуынша, Дамаскінің “Баб ас-сағир” (Кіші дарбаза) зиратына қойылған көрінеді.

Фарабидің Аристотель философиясына мұнша зейін қоюында үлкен мән бар. Аристотель дүниені материалистік тұрғыдан дұрыс түсіндіруші, жан-жақты білім иесі, данышпан адам. Ал орта ғасырларда кейде түсінбегендіктен, кейде түрлі діни ағымдардың әсерінен әдейі Аристотельдің құнды-құнды материалистік идеялары бұрмаланып, шатастырылып жіберілген. Тіпті араб Шығысында кейбір грек идеалистерінің еңбектерін Аристотельге телушілік орын алды.

Фараби Аристотельдің мұраларын, пікірлерін ондай бықсықтан тазалап, аршып өз калпында түсіндіруге тырысты. Әбунасырдың көзкарастарында да неоплатонизмнің, исламдағы суфизмнің біраз әсері байқалғанмен ол бүл міндетті тамаша атқарып шықты. Фарабидің Шығыс және Батыс үшін де, тарих және болашақ үшін де жасаған ғылыми еңбектерінін бірі осы. Сондықтан да Шығыс философтары оны “Ал муаллим ас-сани” — екінші ұстаз деп атаған. “Бірінші ұстаз” — “ал муаллим ал аууал” деп олар Аристотельді атаған.


  1. Əбу Насыр əл-Фарабидің ғылыми философиялық еңбектері


Фарабидің қоғамдық-философиялық, жаратылыстану туралы ғылыми көзқарастары орта ғасырлардағы Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі мәдениет, философиялық және ғылыми ой-пікірлердің даму нәтижесі болып табылады.

Фарабидің ғылыми-философиялық көзқарастары мен бағыт-бағдарлары өте күрделі саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайларда калыптасты. Ұзаққа созылған жаулаушылық саясаты нәтижесінде құрылған жаңа мемле-кет — араб халифаты тек қана жерлерді, елдерді, территорияларды қосып қана қоймай мемлекеттік дін дәрежесіне көтерілген ислам идеологиясы біріктірген әртүрлі мәдениеттерді қосып жаңа қоспа (синкреттік) мөдениет туғызды. ІХ-Х ғасырларда саяси, философиялық ойдың даму — таптық және діни ағым қайшылықтардың көрінісі болған әртүрлі ағымдар мен кешендердің осы шиеленіскен идеологиялык тайталасы, күресі жағдайында жүрді. Бұл ең әуелі кертартпа жөне ілгерішіл күштер арасында, Араб халифаты мүддесін кездеген ресми мұсылман дін басылары мен бағынышты, тәуелді халықтардың егемендігі мен еркіндігінің жоғын жоктаушылар арасындағы күрес болды, Мұндай жағдай философияда айқын боп қалды.

Араб мəдениетінің философиялық екі тарауы болған деп саналады. Оның бірі ертеден келе жатқан теологиялық-мистикалық, дүниеден безуші — аскеттік-дəруіштік ағым; екіншісі дүние кілтін табиғатты зерттеуші адам ақылынан іздейтін ақли (рационалдық) ағым.

Ғылым мен білімнің өркендеуіне ақли ағымның зор əсер еткені мəлім. Осы айтылған ақли —рационалдық ағымның негізін салушы ретінде көбіне үш адамның — əл-Кинди, əл-Фараби, Əбу Əли Ибн Синалардың есімдері аталады. Араб мəдениетінің негізін салушы осы үш философ. Фараби алғашқы жаңа талап кезінде əл-Кинди еңбегімен танысып, содан əрмен қарай өрлей бастаған болса, кейінгі Əбу Əли ибн Сина да өзінің философиялық бағытын Фараби еңбегінен бастаған. Фарабидің атағы философ ретінде Аристотель, Платон сияқты ірі философтардың еңбектерін талдаумен əйгілі болады.

Əл-Фараби өзінің «Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат» атты еңбегінде Аристотельдің философиясын меңгеру үшін қажет болатын тоғыз шарты жайлы өз пікірлерін ортаға салған. Оның пікірінше, тұңғыш рет грек философы Пифагор философиялық бағыттың алғаш негізін құрастырған.

Фараби    философия   саласы    бойынша    грек    ойшылы    Аристотельдің   «Категориялар»,«Метафизика», «Герменевтика», «Риторика», «Поэтика», бірінші жəне екінші «Аналитика»,«Топикасы» мен «Софистикасына» түсініктемелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де маңызын жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мəдениетін таныстыруда үлкен рөл атқарды [10; 31].

Фараби Аристотельдің философиясына түсініктемелер жаза отырып, өз тарапынан да «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі», «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Музыканың үлкен кітабы», «Философияны аңсап үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы», «Ақылдың мəні туралы», «Əлеуметтік-этикалық трактаттар», «Философиялық трактаттар», т.б. сол сияқты көптеген философиялық еңбектер жазған.

Əл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат» деген еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларында «өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді.

Осы трактатында «Қайрат», «Ақыл» жəне «Жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп:

«Жүрек — басты мүше, мұны тəннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес» [11], — деп жүрекке шешуші мəн береді.

Əл-Фараби өзінің «Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында» деп аталатын зерттеуінде [13] адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасай келіп, оны «потенциалды интеллект», «актуалды интеллект», «жүре келе дарыған интеллект», «əрекетшіл интеллект» сияқты философиялық категорияларға бөліп-бөліп талдайды. Əл-Фараби «жүре келе дарыған интеллект» туралы айта келіп, адам туғаннан ақылды, білімді болып тумайтынын, интеллекттің өзі жүре келе, есітіп, көріп барып қана дамитынын ескертеді.

Ғұламаның интеллект жөніндегі философиялық ой-тұжырымын араға тоғыз ғасырдай уақыт салып барып, қазақ қауымының жаңа тарихи жағдайында Абай Құнанбайұлы зор білгірлікпен жалғастыра түскен [13].

Фарабидің философиялық еңбегін талдау деген сөз — оның барлық ғылыми табыстарының қорытындысын шығару деген сөз. Ол өзінің еңбектерінің бəрін де философиялық тұрғыдан қарайды. Кейбір табиғи құбылыстарды талдаған қағидаларында оның табиғат зерттеуші ғалымдығы мен ойшыл философтығы арасын айыру өте қиын.

Философия жөнінен алғанда Фарабиді Аристотельдің шəкірті дейді. Оның шындығына біз де таласпаймыз. Фараби Аристотельді (Арстулаизды) аса жоғары бағалаған. Əсіресе, оның логикасын жақсы көріп: «Бұл кітапты жүз мəртебе оқыдым, тағы оқысам деген ойым бар» деп жазады ол.

Сонымен қатар Фараби Аристотель қосымша математика мен табиғат ғылымдарына сүйенуі қажет еді дейді. Ол Аристотель ілімін толықтырды, сынады, талдады, дамытты. Осылардың арқасында өзінің философиялық жүйесін салып кетті. Оның философиясы ертедегі гректердің антикалық философиясы емес, онан басқаша қасиеттері бар. Сол себептен оны философия демей, фалсафа деп өзгеше мəн береді. Бұл кезде Аристотельдің еңбегін талдау, сынау, дамыту түгіл, тіпті оның еңбегін дүние жүзінің көптеген ғалымдары түсініп оқудың өзін арман ететін. Осы жайды ескергенде, Фарабидің Аристотельді сынап, оны толықтырып еңбек жазуы аса зор оқиға еді. Фарабидің философиялық дəрежесіне Батыс елдерінің философтары тек көптеген ғасыр өткеннен кейін ғана жете алды. Ал оның Аристотельдің философиялық іліміне геометриялық-физикалық анализді ғылыми арқау ету керек деген тамаша батыл пікірі — оның асқан даналығының көзі болғанын көрсетеді.


Қорытынды


Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпактан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгілік. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің катыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбунасыр Фараби.

Фараби Аристотельдің, әл-Киндидің ізін қуып фило­софия мен ғылымның барлық тараулары бойынша калам тартып аса ірі жетістіктерге жетті. Ол ғылымның түрлі салалары бойынша 150-ге тарта ірілі-ұсақты еңбек жазған Фараби, әсіресе, философия ғылымын көп зерттеген. Оның философиялық еңбектерінің басым көпшілігі грек ойшылдарының, әсіресе Аристотельдің мұрасын зерттеуге арналған. Фараби Аристотельдің “Категориялар”, “Мета­физика”. “Герменевтика”, “Риторика”, “Поэтика”, бірінші және екінші “Аналитика” т.б. бірсыпыра философиялық және логикалық шығармаларына түсініктемелер жазған.

Мен рефератымда Фарабидің ғылыми жетістіктерін баяндауда осы жоспарды басшылыққа аламын. Казіргі қолда бар мағлұматқа қарағанда ұлы бабамыздың ғылымға белгілі (зерттелген-зерттелмегенін қосканда) 70-ке тарта шығармасы бар көрінеді. Олардың толық немесе үзінді түрінде кезінде КСРО халықтары тілдеріне бірсыпырасы аударылған. Олар мыналар: “Ғылымдардың шығуы”, “Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі”, “Ізгі кала тұрғындарының көзқарастары туралы кітап”, “Мәселелердің түпкі мазмұны”, “Жұлдыз бойынша болжаулардың дұрысы мен терісі тура­лы”, “Вакуум туралы” трактат, “Музыканың ұлы кітабы” (кіріспесі қазақтіліне аударылған), “Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарына түсініктеме”, “Философияны оқып-үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы”, Порфирийдің “Философияға кіріспе” атты кітабына түсініктеме, “Химия өнерінің қажеттігі жайлы”, “Птолемейдің “Алмагесіне” түсініктеме” және қосымша кітап, “Платон мен Аристотельдің көзқарастарының ортақтығы жайлы”, “Философиялық сұраулар және оған жауаптар”, “Бақытқа жету туралы”, “Адам ағзалары жөнінде Аристотельге қарсы шығушы Галенді бекерге шығару трактаты”, “Ақылдың мәні туралы”, “Түсініктемелер”, “Философияның дінге қатысы”, ‘Әріптер туралы кітап”, “Логикаға кіріспе трактат”, ” Геометриялық трактат” т.б.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


Шолақова Р. Əл-Фараби — Шығыстың ғұлама ғалымы // Қазақ тарихы. — 2012. — № 5 (116). — 32, 33 б.

Қойлыш Ж. Бала Мұхаммедтен ғұлама ғалым, «Екінші ұстаз», Əбу Насыр əл-Фарабиге дейін (870–950) // Аңыз адам: Жұлдыздар отбасы. — 2011. — № 17 (29). — 5–9-б.

Дербісəлиев Ə. Қазақ даласының жұлдыздары (тарихи-филологиялық зерттеу). — Алматы: Рауан, 1995. — 12-б.

Келімбетов Н. Түркі халықтарының ежелгі əдеби жəдігерліктері. — Алматы: Раритет, 2011. — 432 б.

Қасымжанов А., Əлінов А. Əл-Фараби // Қазақ: Оқу құралы. — Алматы: Білім, 1994. — 176 б.

Қасымжан А. Əл-Фарабидің рөлін ұмытушылық — тарихи əділетсіздік // Аңыз адам: Жұлдыздар отбасы. — 2011. —№ 17 (29). — 39-б.

Бейсенбай Б. Əбу Насыр əл-Фараби өмірбаянына жаңа қисын // Ана тілі. — — № 25 (1073). — 23–29 маус.— 6, 7-б.

Сүлейменов П. Əл-Фарабидің қоғамдық философиялық жəне педагогикалық ғылыми көзқарасы // Ақиқат. —  12. — 67–70-б.

Исахметұлы Ж., Даутбаев М. Фараби трактаттарындағы білім, тəрбие мəселелері // Ақиқат. — — № 6. — 105, 106-б.

Орынбеков М., Алтаев Ж. Əл-Фараби философиясы // Қазақ даласының ойшылдары (ІХ–ХІІ ғғ.). — Алматы: Ғылым, 1995. — 160 б.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
605
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі