жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әбу Насыр Мұхаммед Әль-Фарабидің "Музыканың үлкен кітабы" трактаты
Əбу Насыр əл-Фараби «Музыканың үлкен кітабы» атты трактаты
Қазақ топырағының талай ойшыл азаматтары Шығыс пен Батыс мəдениетін тең меңгеріп, өз еңбектерін көпке ортақ тілде жазып, кейінгі ұрпақтарына қалдыра білді. Олардың ішінде аты əлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі бəрімізге танымал, Отырарлық ұлы жерлесіміз Əбу Насыр əл-Фараби. Әл-Фарабиді дүниеге танытқан музыка теориясына арналған «Музыканың үлкен кітабы» атты еңбегі. Әбу Наср әл-Фарабидің тарихи-теориялық трактаты. 1967 ж. Каирде Махмұд Ахмад Хафийдің редакциясымен жарық көрді. Ғұлама бұл еңбегінде математикалық тəсілдерді пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын ғана емес музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнайда білген екен. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыка зерттеушісі ұлы бабамыз Əбу Насыр əл-Фараби десек біз қателеспеген боламыз. Оған бірнеше ғылыми дəлелдер, Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі куə бола алады. Оның шебер орындаушылығы жөнінде шығыс халықтары арасында күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген аңыздар да бар. Фарабидің бұл музыкалық дыбыстың сипаты мен құрылымынан бастап, музыканың поэзиясымен байланысына дейінгі «музыкалық ғылымының» мəселелеріне ғана айналмай, музыканың эстетикалық-теориялық принциптерін шешуге бағытталған. əл-Фарабидің музыкасы, поэзиясы эстетикалық көз қарасы осы күнге дейін толық зерттелінбей келеді. Сондықтан да əл-Фарабидің музыка саласы бойынша жазылған теориялық мұраларды терең ұғынуға мүмкіндік береді- дейді Бурабаев Мұқаш Сейсембайұлы . Бурабаев М.С. (1931 жылы туған) - философ, философия ғылымының докторы, профессор.
əл-Фараби эстетикалық-музыкалық ілімдерін танып білуде профессор М.С. Бурабаевтың жетекшілік етуімен жарық көрген əл-Фарабидің «Трактаты о музыке и поэзии» (1993 жылы жарық көрген) және де Профессор Ағын Хайруллович Қасымжановтың «Эстетические взгляды аль-Фараби» (екеуі де орыс тілінде) деген шығармаларының алғашқы зерттеулердің бірі ретінде үлкен мəні бар деп ойлаймыз.
Музыка саласындағы зерттеу еңбектерінде Фараби музыканың емдік қасиетін, жағымды əсерін, дəлелдеді, сондай-ақ оның тəрбиелік мəні зор екенін баса айтты. Адамның музыка шығару қабілеті дарындылығы дəрежесінің əртүрлі сатысын көрсетіп адамның жан-жақты дүниесіне жағымды, жағымсыз əсер ететін музыкалық жанрларға талдау жасайды. «Музыканың үлкен кітабы»: музыка өнеріне кіріспе; музыка өнерінің негіздері музыкалық композиция деген үлкен-үлкен төрт тараудан тұрады. Фарабидің бұл еңбегі ХV ғасырда-ақ латын тіліне аударылып, Европа музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен əсерін тигізді. 1930-35 жылдары француздың белгілі музыка зерттеушісі Генрих Эрланже француз тіліне «Музыканың үлкен кітабын» аударған. Ол., «...Фарабидің бұл салада кейіннен араб тілінде жазған авторлардан артықшылығы жер мен көктей» деп жазса ағылшынның қазіргі үлкен бір музыка зерттеушісі Г. Фармер: Фараби орта ғасырдағы музыка жазған ең үлкен авторлардың бірі болды-деп жазды. əл-фарабидің «Музыканың үлкен кітабы» (Китаб əл-мусики əл-кабир) атты ғылыми-теориялық тəжірбиелік еңбегі жайында көптеген шетел ғалымдары да зерттеулер жазған [2. Мехди Баркешли. Мусипий Фараби. Техрон, 1354]. Трактат 1967 жылы Каирде Махмуд Ахмаз Хафийдің редакциясынан жарық көрген . «Музыканың үлкен кітабы» қазақстан ғалымдарының тарапынан да зерттелуде. «Музыканың үлкен кітабында» тек музыка ғана емес, философия, математика, тарих, этнография т.б. ғылым мəселелері молынан ұшырайды. Əбу-Насыр əл-Фараби өз еңбектерінде бір ғана шығыс (араб) музыкасының теориялық жəне тəжірбиелік мəселелері емес, Аристотель, Платон, Птоломей негізін қалаған ежелгі Грек (Рим) мəдениеті, Таяу шығыстағы Соғда, Хорасан, Сасанид, Кушан, одан қалды Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген көшпелі тайпалардың тұрмыс-тіршілігі туралы да көптеген құнды деректер келтіреді . Бұл елдердің өзара мəдени рухани байланыстары туралы айта келіп əл-Фараби: «Бұл халықтарда ас-ауқат, нан-су, өмір табиғи құбылыс болып саналады. Олардың оңтүстік қапталында алыста жатқан (Эфиопия мен Судан елдері сияқты) халықтар, шығыстағы солтүстікке қарай созылған көшпелі түркі тайпалары батыстағы солтүстікке қарай орналасқан славян (сакалиба) елдері де бұл дəстүрге жақын жатады. Бұлардың түр-түсі, асы-суы, үй-тұрмысы, музыкалық аспаптар мен əуендері өте ұқсас халықтар» -деп жазып, көп халықтар жайлы олардың мəдени байланыстары туралы аса бағалы деректер келтірген.
Әл-Фарабидің «Ғылымдар классификациясы» атты еңбегінде музыка ілімі туралы негізгі ойлары айқын көрінеді. Мұнда Фараби музыка теориясын бес салаға бөледі. 1. Музыка туралы ілімнің, негізгі, зерттеу объектісі, тəсілдері. 2. Музыка туралы ілімнің негіздері, тондардың өзара байланысы мен қатынасы. 3. Музыка теориясының негіздерін зерттеу тəсілдерін қолдана білу (тəжірибе) 4. Тондардың негізін құрайтын музыкалық ырғақтар табиғаты. 5. Музыкалық əуен, оны шығару жолдары (композиция) «Музыканың үлкен кітабы» оның бірінші тарауы- «Музыка өнеріне кіріспе». Бұл бөлім екі тараудан құралады. Оның алғашқысында «музыка» атауы, оның этимологиясы мен семантикалық негіздері, музыка ілімінің сан алуан мəселелері əуенінің шығу тегі, оны шығару, орындау, сондай-ақ музыкалық теориясы туралы ұғымдар болады. Фараби жалпы музыка жайлы пікірлер айта отырып, музыка əуенімен оның қоғамдық қызметі туралы тоқтала келіп адамды лəззатқа бөлейтін əуен, эмоциялық əсер тудыратын əуен жəне əдеби текспен (өлшем) байланысты əуен деп үшке бөледі. Бұл кітаптың екінші бөлімінде, адам құлағына жағымды əуендер, дыбыстың табиғи сезілуі, гармония жəне үндестік, музыкалық тондардың əрқандай ерекшеліктері, сөз болады. Мұнда дыбыстардың табиғи ерекшеліктері музыкалық əуендері кемелдендірудің жолдары мен принциптері, музыка теориясына байланысты көптеген құнды теориялық мағлұматтар келтіріледі. Тағы бір көңіл бөлетін жай əл-Фараби музыка мен поэзия арасындағы табиғи бірлікті мойындайды. Мұның өзі Фарабидің əндердің синкреттік сипатынан хабардар болғандығын дəлелдесе керек. Бұл біздер үшін өте құнды деректердің бірі болмақ. Яғни біздер Фарабидің поэзия өнерімен де шұғылдағандығы туралы мəлімет аламыз. «Музыка өнерінің негіздері»-деп аталатын екінші тарау да екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлікте физикалық оның анықтамасы, дыбыс шығаратын денелер, жоғары жəне төмен дыбыстардың себептері, музыкалық интервальдар-қос октава, кварта, тон, үндестік жəне диссонанс қатынастары үлкен, орта кіші интервальдар жасаудың тəсілдерін, теориялық негіздерін көрсету . Тараудың екінші бөлімінде Фараби квартадан немесе аралықта пайда болатын интервалдар туралы теориялық мəселелерді қозғайды. Трактаттың үшінші – «Музыкалық аспаптар»-тарауы да екі бөліктен тұрады. Алғашқысы- «кең таралған музыкалық аспаптардағы тондардың қалыптасу жолдары». Мұнда Фараби, ең алдымен, уд аспабының құрылысы, ашық пернелері, оған орындаушы саусақтарының орналасуы, төрт ішекті уд, соның бойында жасалатын интервалдардың арақатынасы, дыбыс қатары, жағымды тондар. Уд аспабын күйге келтірудің қарапайым жəне күрделі түрлері, оларды қолданудың тəсілдерін қарастырады. Тараудың екінші бөлігі тамбур аспабының ерекшеліктеріне арналған. Бағдат тамбуры, тұрақты жəне айналымы пернелер, əр түрлі аккордтар жайында айтылады. Содан соң Фараби Хорасан тамбурына тоқталады. Оның да сан алуан нəзік ерекшеліктеріне үңіліп, теориялық мəселелерін сөз етеді.Кітаптың соңғы тарауы,-«Музыкалық композиция» деп аталады. Соңғы тарау да екі бөліктен тұрады. 1-ші бөлікте мелодияның анықтамасы, толық жəне толық емес топтар, топтардың кестелері, үндестік жəне диссонанс, эволюция, ырғақ негізгі ырғақ, соғулар, қосылушы ырғақтар, арабтардың дəстүрлі ырғақтары, мелодиялар шығару-сөз болады. Екінші бөлігінде дауыс мелодиялары, адам дауысы, фонема жəне фризалар, сөздің мелодияға бейімделуі, бос жəне толтырылған тондар, бос жəне толтырылған топтарды айту, аралас айту, қосылушы жəне ажыратушы айтыстың, түрлері, дауыс мелодияларын шығарып (композиция) айтудың басталуы мен соңы мелодияның тиімділігі (əсері), мелодиялары əшекейлеу жəне олардың адам сезіміне қатысты жайлы айтылады. Бұл тұста да біздер əл-Фарабидің поэзиядан хабары бар екенін жақсы аңғарамыз. Себебі, əл-Фарабидің поэзия жəне əдебиет теориясымен айналысқан, зерттелген ғылыми еңбектері жайлы мағлұматтар өте аз. əл-Фарабидің бірнеше музыкалық дыбыстардың бір мезгілде алынуы туралы теориясы да көңіл аударарлықтай: «Өзара кемел байланысқа түскен ноталарды, аккорд, туыстық үндестік (гармония) деп айтамыз»- деген жерлері бүгінгі музыкалық теориялармен анықтамалармен үндесіп жатыр. Əбу-Насыр əл-Фаарби музыкалық дыбыстардың үндестігі жайлы ойларын дамыта, айта келіп, олардың санын оңға жеткізеді: 1. Композицияға қосылып оны көркемдей түсетін немесе мəнін төмендететін гармония. 2. Уақыт гармониясы немесе ырғақ мəселесі. 3. Белгілі бір əуен құрайтын ноталарды топтастыру гармониясы. 4. Музыкалық əуен құрайтын басқыштарды топтастыру гармониясы. 5. Белгілі бір музыкалық əуен құру үшін ноталардың өзара алмасуының ерекше гармониясы. 6. Бір тектес үндес ноталарды қосу гармониясы. 7. Музыкалық əуен құрайтын басқыштар гармониясы. 8. Интервалдар гармониясы. 9. Əр түрлі тональдықтар негізінде алынатын құрылысы, ортақ гармониялар. 10. Ноталардың биіктігі мен төмендігі жəйлі гармония. Бұдан біздің пайымдайтынымыз, Фараби музыка теориясына қатысты барлық мəселелерді гармония деп атаса да, олардың ішкі мəнін өзінің дұрыс мағынасында түсінген. əл-Фарабидің музыка жайлы ойларын айта келіп, «Музыка туралы үлкен кітабы» 2008 жылы Академик Ə. Нысанбаевтың ғылыми редакторлығымен «əл-Фараби жəне Сұлтан Бейбарыс қоғамдық қайырымдылық қорының» президенті, көрнекті кəсіпкер, қазақ мəдениетінің жанашыры Ысқақов Сапар мырзаның қаржылық қолдауымен тұңғыш рет толық қанды араб тілінен қазақ тіліне Ж. Сандыбаевтың аудармасымен жарық көрді. Сондықтан да Фарабидің бұл еңбегі өз тілімізге толық аударылып көпшілік оқырман қауымға ұсынылуы біздер үшін үлкен қуаныш əрі жетістік. Əбу Насыр əл-Фарабидің «Музыка туралы үлкен кітабына» Махмуд Ахмад əл-Хафнидің алғы сөзінде «Даусыз əл-Фараби музыка өнерінің қолданбалы саласының жетік білгірі əрі осы өнердің теориялық негіздерінің барлық мəліметтерін білген. Оның осы ғылымдағы кітабы үлкен салмаққа ие болды себебі, ислам əлемі орнағалы бері, араб дүниесінде мұндай орасан еңбек, бұрын да кейін де жазылмаған. Бұл қолжазба əл-Фарабидің есімін ғылым əлемінде одан əрі биікке көтерді. Кітап өзінің алпауыт көлемімен жəне автордың ұстанған əдіс күші мен жазу тəсілінің арқасында бұл өнердің күллі тарапы қамтылған. əл-Фарабидің қолжазбалары өздерінің ауқымыдылығы мен ғылыми сөз тіркестерін қолданылуы қырынан, оқылу күрделілігі мен терең мазмұндылық жағынан күні бүгінге дейін зерттеушілерді қайран қалдыруда»- дейді. əл-Фараби бұл еңбекті өз замандастарының өтініші бойынша дəлірек айтқанда Əбу Жағфар Мұхаммед ибн əл-Қасым əл-Кирхи уəзірдің өтініші бойынша жазған екен. Біздер үшін əл-Фарабидің бұл еңбегі музыка саласы бойынша жазылған аса қымбат тарихи жəне мəдени мұра. Сондықтан əл-Фараби сынды тамаша да ерекше тұлға тұралы, оның дүниежүзілік мəдениетке қалдырған мұрасы туралы жастарға қашанда айтып, оны зерттеу нысанасына айналдырып отыру біздердің парызымыз. Бұл мұраның ролі туралы сөз болғанда тарихи перспективаны сақтаудың маңызы аса зор. Ал біз өз тіршілігіміздің тарихи екендігін есімізде түсірсек, атабабаларымыздың қалай өмір сүргені, қалай ойлап, қалай күн кешкенін білуге деген құмарлығымыз қарапайым таңсықтық шеңберінен шығып кетеді. Ендеше бізге Аристотельден басталып, əл-Фараби, Абай, Шəкəрім, Мұхтар, Құрманғазы, Шəмші т.б. жалғастырған қуатты мəденифилософиялық, музыкалық дəстүр туралы білмей болмайды. Біздің ұлттық ой-санамыздың мəдени өнеріміздің төл бастауы да осылар ғой.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген