8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Абылайхан билігі тұсындағы қазақ
хандығы
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра
отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын
көрсету. Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді
ашу;
-
Қосымша
әдебиеттерді пайдалана отырып, оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге
тәрбиелеу;
-
Абылай
хан бейнесі арқылы оқушыларды Отағна деген сүйіспеншілік, адалдық,
табандылық рузында тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: саяси және мемлекеттік қайраткер, ішкі және сыртқы саясат,
Қазақ хандығының Ресеймен, Жоңғариямен, қызғыздармен
қарым-қатынасы.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу
құралын тексеріп түгелдеу
-
«Хабар»
/ел жаңалықтарынан.../
-
Оқушы
зейінін сабаққа аудару
Үй
тапсырмасын сұрау:
«XVIII ғ. ортасындағы Қазақстан» және
«Қазақ-қалмақ қатынастары» тақырыптары бойынша сұрақтар
қою.
1.
Картамен жұмыс:
-
Картадан
Башқұртстанның қайда орналасқанын көсетіңдер. Башқұртстанның
мемлекеттік құрылымы жөнінде не білесіңдер?
-
Қалмақ
хандығының географиялық орналасу ерекшеліктері. Қалмақ хандығының
пайда болу тарихы.
-
Қалмақ
билеушілерінен кімдерді білесіңдер?
-
XVIII
ғасырдың ортасына қарай Кіші жүздің жағдайы неліктен шиеленісіп
кетті?
-
Қазақстар мен башқұрттар арасындағы қарым-қатынастың
ерекшеліктері жөнінде не білесіңдер?
-
|
Тарихи
тұлға
|
Жылдар
|
Оқиғалар
|
|
Нұралы
|
1771
|
Еділ қалмақтарын Жоңғарияға
бастап барған қалмақ билеушісі
|
|
Батырша
|
10 шілде,
1749
|
Әбілқайыр ханның баласы. Патша
үкіметі оны Кіші жүз ханы етіп ресми түрде
бекітті
|
|
Неплюев
|
1765
|
Генирал-поручик, Сібір шебінің
қолбасшысы, Ертістің дала жағынан 10 шақырымдық белдеу орнатуды
межеледі.
|
|
Шпрингер
|
1697
|
Орыс патшасы, Аюкені ресми
түрде Еділ қалмақтарының ханы етіп бекітіп, Ресейдің оңтүстік-шығыс
шекараларын қорғауды тапсырды.
|
|
І Петр
|
1742
1754
|
Орынбор өлкесінің губернаторы,
қазақстарды көршілес башқұрттармен, қалмақтармен жауластыру
саясатын жүргізген
|
|
Убашы
|
1755
|
Башқұрттардың Ресейдің
отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің негізгі
басшысы.
|
Орта жүзде жер мәселесінің шиеленісуі неліктен
болды?
-
Қазақстар Еділ қалмақтарын талқандауда неліктен шешуші рөл
атқарды?
(Сабақта хронологиялық кестені пайдалану
оқушыларға оқылған тарихи оқиғаларды терең меңгеруіне, олардың
себеп-салдарлық байланыстары мен заңдылықтарын меңгеруге тарихты
ғылыми түсінуге көмектеседі.)
-
Карточкалармен жұмыс.
№1 тапсырма. «Тарихи тұлға».
-Төмендегі тарихи оқиғалар мен оған қатысты
тарихи тұлғаларды рет-ретімен қойып шығыңдар.
№2 тапсырма. «Қазақстан XVIII ғ. ортасында» деген тақырып бойынша тарихи
оқиғалардың хронологиялық тізбесін жасау:
1748ж.-
1740-1755 жж.-
1752-1755 жж.-
1765 ж.-
1771 ж.-
№3 тапсырма. «Қазақ –қалмақ қатынастары» тақырыбы бойынша тарихи
оқиғалардың хронологиялық тізбесі:
1628 ж.-
1697 ж.-
1723 ж.-
1726 ж.-
1771 ж.-
Жаңа тақырыпты оқытудың
жоспары:
-
Абылай-аса көрнекті саяси және мемлекет
қайраткері.
-
Абылай
ханның ішкі саясатының ерекшеліктері
-
Абылай
тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатының негізгі
бағыттары.
-
Абылайды
Қазақстан тарихындағы орны.
І.
Өмірбаяны. Абылай тұлғасының
қалыптасуы:
«Әбілмансұр-Сабалақ-Абылай».
Қосымша
деректердің (әдеби шығармалар, ғылыми-көпшілік әдебиет,
кинофильмдер, деректі хроника, т.б.) көмегімен оқушыларды пбылай
ханның өмірбаянымен таныстыру.
№1
тапсырма. Абылайдың
өмірбаяны.
-
Абылай
қандай қасиеттермен ерекшеленді?
-
Қалай
ойлайсыңдар, Абылайдың балалық шағы және жастық кезеңдері белгілі
оқиғаларға сәйкес келмегенде тұлға ретінде қалыптасар ма
еді?
-
Абылайдың қандай қасиеттері сендерге ұнайды?
ІІ.
Абылай ханның мемлекеттік қызметі.
№2
тапсырма. Абылайдың ішкі
саясаты.
Тақырыпты оқи отарып, мына сұрақтарға жауап
беріңдер:
-
Абылай
өзінің ішкі саясатында алдына қандай мақсат пен міндет
қойды?
-
Абылайдың өзі билеген кезеңде жүргізген реформаларын
көрсетіңдер, оның Қазақ хандығының саяси және экономикалық
өміріндегі маңызын анықтаңдар.
ІІІ. Абылайдың сыртқы саясатының негізгі
бағыттары.
№3
тапсырма. Тақырыпты оқып, кестені толтырыңдар.
-
|
Қазақ-орыс
қатынастары
|
Қазақ-жоңғар
қатынастары
|
Қазақ-қырғыз
қатынастары
|
|
|
|
|
№4
тапсырма:
Тақырыпты оқып, төмендегі сұрақтарға жауап
беріңдер:
-
Абылай
өзінің сыртқы саясатта жоспарлаған барлық істерін жүзеге асыра алды
ма?
-
Бұл
шаралар қандай нәтиже берді?
-
Абылайдың саясатына сендер қандай баға
бересіңдер?
IV. Абылайдың есімі қазақстан тарихында қандай
орын алды? (Бүгінде Абылай тек әйгілі хан ғана емес, оның есімі
тәуелсіздік пен бірліктің символы)
Сабақты бекіту: Тақырып
соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер.
Үйге
тапсырма:Абылай хан жорық жасаған
елдер мен аймақтарды картаға түсіріңдер.
-
Абылайханның өмірі мен қызметі жөнінжегі қандай
шығармаларды білесіңдер? Неліктен халық оған көзі тірісінде
«әруақтай» сыйынды?
-
«Абылай
хан» тақырыбына сөзжұмбақ құрастырыңдар