400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ жаңа форматта. Топтық жұмыс басқа да жұмыс түрлері қолданылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақстан тарихы

10-сынып

Тақырыбы:

Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы

Мақсаты

Абылай хан тұсындағы қазақ хандығының тарихи жағдайын оқып үйрену. Абылай ханның қолбасшылық, саяси қайраткерлігі,қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі және тарихта алатын орны туралы түсінік қалыптастыру арқылы толық мәлімет алу.

Күтілетін нәтиже

А)Абылай хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы біледі

В) Қазақ хандығында өзіндік орны бар Абылай ханның ерлігін суреттей алады.

С) Абылай ханның көршілес елдермен қарым-қатынасын талдай отырып баға береді.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі

"Ойлан,жұптас,талқыла", диалог, «Стикердегі диалог», «ой қозғау» «Радиоға қоңырау шалу» әдістері

Керекті жабдықтар

оқулық, бейнежазбалар, таныстырылым - интерактивті тақта, слайд, стикер, ноутбук, бағалау парғы, рефлексия парақтары, АКТ ғаламтор желісі,

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе




Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық тренинг, смайликтерді пайдалану арқылы көңіл күйін білу.

«Тарихи тұлғалар» арқылы топқа бөлу.

1.Қайраткерлер

2.Жазушылар

3.Хандар/

Үй тапсырмасы «стикердегі диалог» әдісі арқылы сұралады. Бұл әдісте үлестірмелі қағаздардағы сұрақтардың жауаптары бірге алмастырып беріледі. Үлестірмелі тапсырма сыныпта барлық оқушыға үлестіріледі. Сұрақтарды дауыстап оқып, оқушылар өздеріндегі жауаптарға қарап отырып табады.

Үлгі:

  1. 1930 жылы қыркүйек айында Әбілқайыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілік қайда келді?

  2. 1731 жылы Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға кім қол қойды?

  3. Тевкелевтің елшілігінің құрамында башқұрттың ықпалды старшыны әрі батыры

  4. Қазақтардан ант алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға1731 жылғы көктемде Петербургтен келген елші?


Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Мұғаліммен амандасады.

Әртүрлі бейнедегі смайликтің бірін таңдау арқылы сабақ алдындағы көңіл - күйін білдіреді.Суреттерді топтастыру арқылы топқа бөлінеді.





Дұрыс жауабы:

  1. Петербургке.

  2. Анна Ивановна

  3. Таймас Шайымов

  4. А.И Тевкелев








Оқушылар сабақтың мақсатымен танысады.

Тұсау-

Кесер

Бейне роликтен үзінді жіберу .

«Көшпенділер» фильмнен үзінді көрсету.

Ой бөлісу.

Бұл фильмнен Абылай ханның қандай болғанын байқадыңдар. Оқиға бұдан әрі қалай өрбиді? /оқушылардың ойы тыңдалады./

Оқушы ойымен

Бейне фильмнен көрген көріністі өз білімдерімен ұштастыра отырып өз ойларын еркін білдіреді.

Негізгі бөлім


Оқулықпен жұмыс. "Ойлан,жұптас,талқыла"әдісімен жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.

Мәтінмен танысып, жұпта, топта талқылап презентация құру.

1-тапсырма. Слайд әзірлеу./Тапсырманы ноутбукте орындайды/


1 – топ. Хандар. Абылайдың қолбасшы, саяси қайраткер ретінде қалыптасуы./слайд/
2 – топ.Жазушылар. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты. /слайд/
3 – топ.Қайраткерлер. Абылай ханның қазақ тарихында алатын орны /слайд/


Дәптермен жұмыс

2-тапсырма.

Оқушылар жеке өздері дәптерлеріне үш сұрақ құрастырады . Дайындаған тапсырманы жұп болып бір-біріне қояды.


3-тапсырма.

«Жедел тест»

www.bilimtv.kz. сайтынан алған тест тапсырмасын интербелсенді тақтадан сол арада тез орындау.

Мәтінмен танысады, жұп болып бір-біріне айтады, топта талқылап алған мәліметтерін презентация құруға пайдаланады.



Дайындаған презентацияларын таныстырады. Топтың жұмысын

«бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.





Сұрақтарға жауап беруіне қарай жұп бірін- бірі бағалайды.




Оқушылар берілген тест тапсырмасын бірден орындап, жауаптарын тексереді.

Қорытынды


«Радиоға қоңырау шалу» әдісі арқылы сабақты қортындылау. Ортаға өз еріктерімен оқушыларды шығарып, оларды тындармандарға белгілі бір тарихшы, саясаткер, сыртқы істер министрі рөлінде таныстырып, сабағымызды бүгінгі өмірмен байланысты сұрақтар қою арқылы қортындылау.


Абыалай хан жүргізген саястты қазіргі қоғамда жүргізіліп жатқан саясатпен салыстыра отырып өзіндік ойларын ортаға салу арқылы өз көзқарастарын білдіреді.

Бағалау


Бағалау кретерийлері.

  • Жаңа сабақты игеруі

  • Өз ойын дәлелдей білуі

  • Сұрақтарға толық жауап беруі

  • Тест тапсырмасын орындауы

Кретерийлер арқылы өзін өзі бағалайды.

Рефлексия


«Бүгінгі сабақ мен үшін...... /стикерлерге жазып тақтаға іледі./

Сабақтан кейінгі көңіл күйлерін смайликтер арқылы анықтау

Сабақтан алған әсерлері туралы ойларын стикерлерге жазып плакатқа жапсырады.

Сабақтан кейінгі көңіл күйлерін смайлик арқылы білдіреді.

Үйге тапсырма

Тапсырманы түсініп оқу.

Эссе жазу. Абылай хан туралы тарихи ой.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
594
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі