400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абылай хандығының ішкі және сыртқы жағдайы 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы

БЕКІТЕМІН:


Сағат саны: 1 сағат



Мұғалімнің аты-жөні: Н.Х. Габбасова


Сынып: 8


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты

( «Абылай ханның ішкі сыртқы саясаты» тақырыбы)

Сабақтың түрі

Зерттеу сабағы

Зерттеу сұрағы

Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты


  • 7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;


Тарихи концепт (фокус)

  • Дәлел мен тарихи интерпретация

Сабақтың мақсаты


Абылай ханның үш жүздің басын қосып, Қазақ хандығын нығайтудағы ролін түсінеді

Бағалау

критерийлері


Білу мен түсіну - Абылай ханның өмірі туралы біледі;



Тілдік мақсаттар

Абылайханның өмірі мен Қазақ хандығын нығайту іс-әрекеттері туралы зерттеулерімен танысады (оқылым мен жазылым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Бытыраңқылық, үш жүздің басын қосу, орталықтанған мемлекет

Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері:

Абылай ханның көздеген мақсаты…

Қазақ хандығындағы ең басты өзгерістер / жетістіктер болды…

Бұл оқиға/өзгеріс маңызды болды/ айтарлықтай, өйткені…

Абылай ханның ішкі саясатының басты бағыттары...

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» идеясына сәйкес мемлекет тәуелсіздігін бағалай білу, отан тарихы мен тарихи тұлғаға деген құрмет Абылай ханның саясатын талдау барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі пәні бойынша білімдері жаңа сөздермен жұмыс және айтылым, тыңдалым, жазылым барысында қолданылады.

АКТ қолдану дағдылары

Бейнефильм, интерактивті тақтамен жұмыс.

Бастапқы білім

ХVІІІ ғасырдың басында қазақ халқын аса ауыр зардаптарға душар еткен Отан соғысы туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет


Ресурстар

Қызығушылықты ояту




2-мин










3-мин






(Т)Ұйымдастыру сәті. Сыныпты топқа бөлу.

Адам өмірінің үш кезеңі (балалық, жастық және қарттық шақ) бейнеленген суреттер бөлме қабырғасының әр жеріне ілінеді, оқушылар қалаулары бойынша ұнаған суретінің тұсына жиналып, топтасады.

Рисунок 4

Рисунок 5

Рисунок 6


(Б) Ой шақыру. Тақырыпқа шығу.

Слайд арқылы үлкен шайқас алдындағы жекпе-жекте айқасқан батырлар суреті (анимация негізінде) көрсетіліп, оқушыларға төмендегідей сұрақ қойылады:


Picture 1 Picture 3


  • «Алғадай» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

(Жауабы:Үлкен шайқас алдында қарсы жаққа қазақ қолы жағынан жекпе-жекке шыққан жас батыр)


Сұраққа жауап алынғаннан кейін, оқушыларға төмендегідей сұрақ қойылады:

Аңырақай шайқасында алғадай болған кім?

(Абылай)


Жауап алынғаннан кейін ғана Абылай хан бейнеленген сурет (анимация негізінде) көрсетіледі



Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.

М Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары таныстырылғаннан кейін бағалау критерийлеріне, тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.


Тарихи концепт (фокус): Дәлел мен тарихи интерпретация


Зерттеу сұрағы:Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай?

Презентация


Қосымша-1

Суреттер


Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)

3-том. – Алматы, 2010.


Абылай хан /құраст. С.Дәуіт. – ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. – Алматы, 1993.


Қосымша-2


Абылай хан. Қасымбаев Ж. – Алматы: Аруна, 2011ж.


Әбжанов Х., Аяған Б., Исин А. Қазақ хандығы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы. – Астана, 2012.

Мағынаны тану


5мин





























20мин




































5-мин

(Т) 1-тапсырма. Жаңа ұғымдармен жұмыс.

«Ұғымдардың мағынасын табайық»

Сабақ барысында кездесетін жаңа ұғымдардың мағынасын оқушылардың алдын-ала түсінуіне жағдай жасалады.Алдымен тақтаға жаңа ұғымдар мен сөз тіркестері («бытыраңқылық», «үш жүздің басын қосу», «орталықтанған мемлекет») жазылған карточкалар ілініп,оларды белгілі бір тарихи оқиғамен сабақтастырып, берілген сөздердің мағынасын ашу сұралады. Сонан соң топтарға жаңа сөздердің мағынасы жазылған карточкалар таратылып, оларды тақтадағы жаңа ұғымдардың атауларымен сәйкестендіру тапсырылады.

(1-топқа «бытыраңқылық», 2-топқа «үш жүздің басын қосу», 3-топқа «орталықтанған мемлекет» сөзтіркестері жазылған карточкалар ұсынылады)

1

Бытыраңқылық

a

Орталық биліктің әлсіреп, үш жүздің бөлініп кетуі

2

Үш жүздің басын қосу

b

Қазақ хандығының үш аумағының бірігуі

3

Орталықтанған мемлекет

c

Мемлекеттегі биліктің жоғары билеушінің қолына берілуі


(Т) 2-тапсырма. «Ақпаратты бөлісейік»

Мәтінмен жұмыс

Топтарға Абылай ханның өмірі туралы мәтіндер таратылады. Топтағы оқушылар мәтін мазмұнын оқып, топ ішінде талқылайды.Әр топ Абылай хан өмірінің әр кезеңіндегі өмірдерегі туралы игерген ақпаратты сыныптастарымен бөлісу үшін сынып алдында қорғайды. Топтар бір-бірін бағалайды. (Тапсырма шартын түсіндіру үшін мұғалімге 1 минут, берілген мәтіндегі ақпаратты оқып- түсіну үшін топтарға4 минут, игерген білімдісынып алдында ауызша жариялау үшін әр топқа5 минут беріледі)


1-топ. Бала Әбілмансұр;

2-топ. Сабалақ батыр;

3-топ. Абылай хан;



Бағалау критерийі:

Білу мен түсіну -Абылай ханның өмірі туралы біледі;

Дескрипторы:

1-топ. Абылайдың балалық шағынан кемінде 2 маңызды мәлімет анықтайды;

2-топ. Абылайдың бозбала кезінен кемінде 2 маңызды мәлімет анықтайды;

3-топ. Абылайдың есейген тұсынан кемінде 2 маңызды мәлімет анықтайды.


Күтілетін болжам жауаптар:

1-топ. Абылайдың бала кезінде жоңғар шапқыншылығы кесірінен ата-анасынан айрылып, жетім қалуы мен жоқшылық көріп, жалшы болып кеткені туралы мәлімет береді;

2-топ. Абылайдың бозбала кезінде жекпе-жек шайқаста ерлік көрсетіп батыр атанғандығы мен жалшы Сабалақтан Абылай сұлтанға айналғандығы туралы мәлімет береді;

3-топ. Абылайдың ересек кезінде үш жүздің ханы болғандығы және көрші мемлекеттердің оны хан деп танығандығы туралы мәлімет береді.


Кері байланыс. Топтық бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек»

Топты бағалау критерийлері:

- мазмұнды ашуы;

- сөйлеу шеберлігі;

- регламент сақтауы.



Қосымша-2

Карточкалар



























Қосымша-3

Мәтін-таратпалар













Слаидқа немесе тақтаға жазып қою












Ой-толғау





5-мин








Рефлексия.

Оқушылар кері байланыс парағына өздерінің білімдері қандай дәрежеде игергендерін көрсетеді. Мысалы, «Мен барлығын түсіндім» деген тұста оқушылар тапсырмаларды толық, түгел орындадым десе, «Мен орташа түсіндім» деген тұста оқушылар тапсырмаларды орындауда кішкене қиналдым, ал «Ешнәрсе түсінбедім» деген тұста оқушылар тапсырмаларды орындауда қатты қиналдым деп жауап беруі мүмкін.

Үлгі:

  • Мен барлығын түсіндім, тапсырмаларды ..... .... орындадым;

  • Мен орташа түсіндім,тапсырмаларды орындауда ......... қиналдым;

  • Ешнәрсе түсінбедім,тапсырмаларды орындауда ... қатты қиналдым.



Қосымша-4

Парақша-карточкалар


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
526
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі