400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ жоспары мұғалімдерге тәжірибе алмасу үшін жарияланып отыр
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы

Мектеп:


Сағат саны: 1 сағат

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 8 (7)


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты

(«Абылай ханның ішкі саясаты» тақырыбының 2- сабағы)

Сабақтың түрі

Зерттеу сабағы

Зерттеу сұрағы

Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты


  • 7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;


Тарихи концепт (фокус)

  • Дәлел мен тарихи интерпретация

Сабақтың мақсаты


Абылай ханның үш жүздің басын қосып, Қазақ хандығын нығайтудағы ролін талдайды


Бағалау

критерийлері




Сыни ойлау мен зерттеу - XVIII ғ. қазақ мемлекетінің саяси, экономикалық, мәдени саладағы жүргізген іс-шараларын талдайды;


Бағалау - Абылай ханның қызметі мен іс-әрекетін талдап, тұлғалық келбетіне баға береді.

Тілдік мақсаттар

Абылай ханның өмірі мен Қазақ хандығын нығайту іс-әрекеттері туралы зерттеулерімен танысады (оқылым мен жазылым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Бытыраңқылық, үш жүздің басын қосу, орталықтанған мемлекет

Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері:

Абылай ханның көздеген мақсаты…

Қазақ хандығындағы ең басты өзгерістер / жетістіктер болды…

Бұл оқиға/өзгеріс маңызды болды/ айтарлықтай, өйткені…

Абылай ханның ішкі саясатының басты бағыттары...

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» идеясына сәйкес мемлекет тәуелсіздігін бағалай білу, отан тарихы мен тарихи тұлғаға деген құрмет Абылай ханның саясатын талдау барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі пәні бойынша білімдері жаңа сөздермен жұмыс және айтылым, тыңдалым, жазылым барысында қолданылады.

АКТ қолдану дағдылары

Бейнефильм, интерактивті тақтамен жұмыс.

Бастапқы білім

ХVІІІ ғасырдағы Қазақ хандығының жағдайы туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Қызығушылықты ояту




2 мин














2 мин






(Т) Ұйымдастыру сәті. Сыныпты топқа бөлу.

Әр оқушыға пазлдан Қазақ хандығының үш аймағын (Кіші жүз-жасыл, Орта жүз-сары, Ұлы жүз-қызыл) құрастыру үшін түрлі-түсті, ұсақ кескіндерден тұратын қима қағаздар үлестіріледі. Оқушылар пазл әдісі бойынша ұсақ кескін бөлшектерді біріктірудің нәтижесінде біртұтас Қазақстанның үш аймағы (Кіші жүз, Орта жүз, Ұлы жүз) құрастырылады.Әр жүздің территориясын құрастырған оқушылар, сол жүз атаулары бойынша топтасады.



(Б) Ой шақыру.

Оқушыларды осы сабақта басты назар аударатын, зерттелетін мәселеге ойларын шоғырландыру үшін слаидтан қаумалаған халықтың алдында бейнеленген Абылай хан суреті көрсетіліп, оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады:



-Суретті көріп, Сізге қандай ой келді?

-Бүгінгі сабағымызда қандай мәселе зерттеледі деп ойлайсыздар?


(М) Оқушылар жауаптарынан кейін бүгінгі өтетін тақырып алдыңғы сабақтағы тақырыптың жалғасы екендігі хабарланады. Сабақта Абылай ханның Қазақ хандығын нығайтудағы жүргізген іс-шаралары туралы ізденіс жұмыстары жүргізілетіндігі ескертіледі. Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері оқушылармен бірге пысықталады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.

Презентация


Қазақстан картасы суреті

Қосымша-1


Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)

3-том. – Алматы, 2010.


Қабылдинов З.Е.

8 сынып. Қазақстан тарихы. Хрестоматия. Атамұра, 2012.


Иллюстрация-лық сурет



Абылай хан /құраст. С.Дәуіт. – ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. – Алматы, 1993.


Мағынаны тану






20 мин















































2 мин




















10 мин





















































3 мин



(Т) 1-тапсырма.

«Ақпаратты кестеге жинақтайық»

Бейнематериалмен жұмыс

Оқушыларға Абылай хан туралы бейнематериал көрсетіліп, мазмұны тыңдалады. Әр топ оқушылары жекеше түрде өздеріне берілген тапсырмаға сәйкес Абылай ханның мемлекеттің ішкі жағдайын нығайту үшін саяси, экономикалық, мәдени салада енгізген өзгерістері туралы ақпаратты бір уақытта тыңдай отырып, игерген білімдерін кестеге толтыруы қажет. (Ескерту! Ұсынылған бейнематериал топтамасының әр қайсысынан тапсырмаға қатысты ақпараты бар тұстарды тыңдату және мұғалімнің тақырып мазмұнына сәйкес қосымша ақпарат беруі қажет). Әр топ тапсырмамен жұмыстану кезінде өздеріне қатысты саланы кестеге толтырады, ал қалған салалар бойынша кестедегі бос графаны басқа топтар өз жұмыстарын жариялаған кезде толтырады.Тапсырма шартын түсіндіру үшін мұғалімге 1 минут, оқушыларға әр ақпаратты тыңдап-түсініп, игерген білімді парақ бетіне түсіру үшін 10 минут, игерген білімді сынып алдында ауызша жариялау үшін әр топқа үшін 3 минут беріледі.



Саяси саладағы өзгерістер

Шаруашылық саласындағы өзгерістер

Мәдени саладағы өзгерістер





Бағалау критерийі:

Сыни ойлау мен зерттеу - XVIII ғ. қазақ мемлекетінің саяси, экономикалық, мәдени саладағы жүргізген іс-шараларын талдайды;


Дескрипторы:

1. Абылай ханның Қазақ хандығының басқару ісіне өзгеріс енгізгенін кемінде 2 дәйекпен дәлелдейді;

2. Абылай хан тұсында Қазақ хандығының экономикасында жетістіктердің болғандығын кемінде 2 дәйекпен дәлелдейді;

3. Абылай хан тұсында Қазақ хандығының мәдениетінде оң өзгерістер болғандығын кемінде 2 дәйекпен дәлелдейді.


1-топ. Саяси саладағы өзгерістер

2-топ. Шаруашылық саласындағы өзгерістер

3-топ. Шаруашылық саласындағы өзгерістер


Күтілетін болжам жауаптар:

1-топ. Билер билігінің шектелгенін, хандық сот құрылып, нәтижесінде хандық биліктің күшейтілгенін; үш жүздің басы бірігіп, орталықтанған мемлекеттің құрылғанын; батыр беделінің артып, қазақ жасағының нығайғанын жазады;

2-топ. Егіншіліктің, балық аулаудың, сауда-саттықтың дамығандығын жазады;

3-топ. Қала мәдениетінің қолға алынғанын, өнер адамдарының қолдауға ие болғандығын жазады.


Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы. «Смайлик сыйлау»


(М) Мұғалім оқушылардың жаңа білімді қаншалықты игергенін және күтілетін нәтижеге қаншалықты жеткенін анықтау үшін «Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай?» деген проблемалық сұрақ қойғаны жөн. Оқушылардан толық жауап алу үшін төмендегідей тапсырма беріледі.


(Д) 2-тапсырма. «Тұлғаға мінездеме берейік»

Ой-түйіндеу тапсырмасы

Әр оқушыға жекеше түрде Абылай ханның тұлғалық келбетіне баға беріп, оны дәйектермен дәлелдеу үшін жазбаша орындауға ыңғайлы «мінездеме беру» тапсырмасы ұсынылады. Тапсырма орындалып болғаннан кейін мұғалім жинап алып, тексеріп келесі сабақта кері байланыс береді.


Тапсырма шарты:

  • Тұлғаның өмір сүріп отырған дәуіріне сипаттама;

  • Тұлғаның өмір сүрген ортасы, өмірбаяны;

  • Қоғамда алатын орны, іс–әрекеті, тұлға ретіндегі қызметі;

  • Адами қасиеті, ерекшеліктері;

  • Тұлғаға тарихи баға беріп қорытындылау;

  • Тұлға туралы оқушы пікірі, көзқарасы.



Бағалау критерийі:

Бағалау- Абылай ханның қызметі мен іс-әрекетін талдап, тұлғалық келбетіне баға береді.

Дескрипторы:

1. Абылайдың өмір сүрген дәуіріне кемінде 1 сипаттама беру;

2. Абылайдың өмір сүрген ортасы мен өмір дерегінен кемінде 1 мысал беру;

3. Абылайдың тұлға ретінде мемлекеттік қызметінен кемінде 1 мысал келтіру;

4. Абылайдың кемінде 1 адами касиеті мен ерекшелігін атау;

5. Абылай ханға баға беру;

6. Абылай туралы өзіндік пікірін ұсыну.


Күтілетін болжам жауаптар:

1. Абылайдың балалық шағының жоңғарлардың жаугершілік соғысымен тұспа-тұс келуі. Жоңғарлардың Түркістанды басып алып, қала билеушісі Уәли әулетінің түгел қырылып, тек бала Әбілмансұрдың тірі қалуы;

2. Ол Шыңғысхан әулетінен, атасы-Абылай сұлтан, әкесі – Уәли төре. Үй күтушісі баланы аман алып қалып, Төле биге тапсырады. Әбілмансұр ата-тегін жасырып, жалшы Сабалаққа айналады;

3. -Үш жүздің басын біріктіріп, орталықтанған біртұтас мемлекет құрды;

- билігін шектеп, хандық билікті күшейтті;

-Абылай қазақ рулары мен тайпаларының арасындағы өзара қырқыс пен алауыздықты тоқтатты;

-Батырларға қолдау көрсетіп, қазақ жасағын нығайтты;

-Шаруашылықты дамытты (балық аулау, мал шаруашылығы, егіншілік, сауда);

-Отырықшылыққа, қала мәдениетіне көңіл бөлді;

4. Абылайдың жоңғарларға қарсы үлкен шайқастың алдында алғадай болып, ешқашан жеңіліп көрмеген Шарыш батырды жеңуі, ерлік көрсетуі, оның қайсар мінезді екенін көрсетеді;

Ақын-жырауларға жақын болуы, қарадан шыққан Тәтіқараны қолдауы өнерге деген ерекше ықыласын аңғартады.

5. «Планетаның «2 мың ұлы тұлғасы» атты анықтамалық энциклопедияға қазақтың өткен тарихынан бір-ақ тарихи қайраткер енген, ол -Абылай хан» деп берілген тарих ғылымдарының докторы М.Қожаның пікірін немесе т.б зертеуші-ғалымдардың пікірі

6. «Абылай- хандардың ханы... ... ...»


Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы.

Тапсырма орындалып болғаннан кейін оқушылардың жұмысын түгел жинап алып, келесі сабаққа дейін тексеріліп, кері байланыс беріледі.(Ескерту! Мұғалім оқушылардың жұмысын жинап алмас бұрын, бүкіл сынып оқушыларын тапсырманың орындалу нәтижесімен хабардар етуі үшін 1-2 оқушыны орнынан тұрғызып, орындаған жұмысы бойынша ауызша жауап беруін сұрап, тексеруге де болады)

Қосымша-2




https://www.youtube.com/watch?v=yWvIjHV50wU

Абылай хан қазақтың ұлы ханы


https://www.youtube.com/watch?v=BZ_Fg6w14iM

Абылай хан


https://www.youtube.com/watch?v=G4Py3KFKWGw

Біздің тарих" - Абылай хан. ( 2 сезон 102)

Парақша

https://www.youtube.com/watch?v=pPtSGREExcM

Абылай хандығы


Слаидқа немесе тақтаға жазып қою







































Слаидқа немесе тақтаға жазып қою


Қосымша-3

Парақша





Слаидқа немесе тақтаға жазып қою













Ой-толғау





1 мин





Рефлексия. «Бағдаршам» әдісі.


Мысалы, «Мен барлығын түсіндім» деген тұсқа оқушылар жасыл стикер жапсырса; Мен орташа түсіндім» деген тұсқа оқушылар сары стикер жапсыруы мүмкін; ал «Ешнәрсе түсінбедім» деген тұсқа оқушылар қызыл стикер жапсыруы мүмкін

Үлгі:

-Мен барлығын түсіндім

-Мен орташа түсіндім

-Ешнәрсе түсінбедім



Қосымша-4



Парақша-карточкалар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
1332
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі