Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты, 7 сынып, ашық сабақ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты, 7 сынып, ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
LS Зерттеу тақырыбы: 7 в сынып оқушыларының тарихи көзқарастарын қалыптастыруда деңгейлік тапсырмаларды қолдану қаншалықты тиімді?  Тарихи мәтіндер мен дереккөздерді талдап, тарихи оқиғаларды сипаттайды.  Тарихи тұлғалардың әрекеттерін және олардың қоғамға әсерін нақты фактілермен дәйектейді.  Тарихи оқиғаларға байланысты тарихи көзқарастарын айқындап, сыни баға береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«М.Арын атындағы №24

мамандандырылған лицейі» КММ

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Бөлім:

7.1 XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы


Педагогтің аты-жөні

Камидолданова Динара Елеуовна

Күні:

23.10.2024

Сынып:7В

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты. 2 сабақ

Зерттеу сұрағы: Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

7.3.2.3 Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатын бағалау

Сабақтың мақсаты

Абылай ханның тұлғалық қасиетін өмірлік кезеңі арқылы жіктейді;

Абылай ханның ішкі саясатының негізгі бағыттарын анықтайды;

Абылай ханның ішкі-сыртқы саясатының негізгі бағыттарына баға береді.

Зерттеу тақырыбы: 7 в сынып оқушыларының тарихи көзқарастарын қалыптастыруда деңгейлік тапсырмаларды қолдану қаншалықты тиімді?

  • Тарихи мәтіндер мен дереккөздерді талдап, тарихи оқиғаларды сипаттайды.

  • Тарихи тұлғалардың әрекеттерін және олардың қоғамға әсерін нақты фактілермен дәйектейді.

  • Тарихи оқиғаларға байланысты тарихи көзқарастарын айқындап, сыни баға береді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдас-тыру 1мин





Өткен білімді еске түсіру

5 минут


























Тақырыпқа қадам

3 минут


Сәлемдесу. Түгендеу

Ой шақыру. «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріп, өткен білімді еске түсіреді

Shape1

«Тұлғаны таны». Абылай ханның азаматтық тұлғасына берілген сипаттаманы кезеңдермен сәйкестендіру

  1. Бала Әбілмансұр

  2. Сабалақ батыр

  3. Абылай хан

  • Төле бидің түйесін бақты

  • 1711 жылы Түркістан қаласына дүниеге келді

  • Алыстан болжайтын, көреген, алғыр ойлы, дипломат

  • Мұсылманша білім алды

  • 15 жасынан шайқастарға белсене қатысты

  • Үш жүздің ханы

Оқушылардың жауаптары арқылы тақырыпқа көшу

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары таныстырылады.






Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


Оқушылар өз ойларын айтып, талқылау жүргізеді.























Дескриптор:

Абылайдың балалық шағынан кемінде 2 маңызды мәлімет анықтайды;

Абылайдың бозбала кезінен кемінде 2 маңызды мәлімет анықтайды;

Абылайдың есейген тұсынан кемінде 2 маңызды мәлімет анықтайды.







ҚБ «Мадақтау»







Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады


















Тақырыптық суреттер


Слайд




























https://wordwall.net/ru/resource/80419216

https://wordwall.net/ru/resource/80419981











Сабақтың ортасы



Жаңа білім

5 минут

















3 минут











3 минут























10 минут



«Тарихи диктант»

Абылай хан (Əбілмансұр, Сабалақ) 1711-1781 жылдары өмір сүрген. Ол қазақ хандығының бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, елдің саяси-экономикалық дамуына өзгерістер енгізген мемлекеттік қайраткер.

Абылайдың ішкі саясаты. Абылайдың бүкiл iшкi саяси қызметi бiр _________ тәуелсiз мемлекет құруға бағытталды. Ол _______ билiкке ие болды, оны халық қолдады. Ресейдiң қол астына өтудi қабыл алғанына қарамастан, ол iс жүзiнде Ресейге мүлде ______ iшкi және сыртқы саясат жүргiздi. Патша үкiметi Абылайды бiр ғана _____ ханы деп таныды. 1771 жылы _______ қаласында қазақтың бүкiл ___ жүзiнiң ханы болып жарияланды. Абылай үш жүздiң әрқайсысына әйгілі тұлғаларды билеушi етiп, _______ күшейте түстi. Абылайдың кеңесшiсi _____ жырау болды. Сонымен қатар ру арасында ________ мен _____ алуды тоқтатты. Ол қазақтардың _____, шөп шабумен және балық аулаумен айналысуына қолдау көрсеттi. Хан қазақ даласындағы керуен саудасын күшейтуге барынша көңiл бөлдi. Ол қазақ даласында _________ ұстаханаларын салудың бастамашысы болды. Абылай хан ақын-жырау, әншi-күйшiлер мен дiни қайраткерлерге қамқорлық жасап отырды.

Абылайдың сыртқы саясаты. Мәселен, Абылай ______ өзара қарым-қатынасында тату-тәттi көршiлiк саясатын ұстанумен қатар дипломатиялық және _____ байланыстарын орнатты. Абылай күш-жiгерiн ____ шапқыншылығын әлсiретуге бағыттады. Абылай жоңғарлардың тақ¬тан үмiткер мұрагерлерiне қолдау көрсету арқылы олардан қазақ жерлерiн қайтарып алды. Қазақтардың қалмақтармен ең ірі шайқасы «______» Абылай хан билігі тұсындағы орасан зор оқиға болды. 1756-1767 жылдар аралығында ____ үкiметiмен дипломатиялық қатынаста болды. Абылай хан қазақ пен қырғыз шегарасында тыныштық орнатуға арналған бірқатар шараларды жүзеге асырды. Абылай 1779 жылы қазақтардың ______ жорығы бейбiт келiсiм жасаумен аяқталды.

1-деңгейлі тапсырма. «Жылдар сөйлейді» Әр жылдағы оқиғаларды сәйкестендір.

1711-1781жылдары -Абылайдың өмір сүрген уақыты

1756 жылы -Қытаймен дипломатиялық келіссөз жүргізді

1771 жылы-Еділ қалмақтарымен «Шаңды жорық»

1779 жылы -Абылай ханның қырғыздарға жорығы


2-деңгейлі тапсырма. Кестені пайдалана отырып, Абылай ханның ішкі-сыртқы саясатын анықтаңдар

  • Бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды

  • Егіншілікке, балықшылыққа қолдау көрсетті

  • Қақтығыстар мен барымтаны тоқтатты

  • Қытаймен шиеленісті дипломатиялық жолмен шешті

  • Ресеймен тау тәтті көршілік қарым қатынас ұстанды

  • Қазақ жерінің тұтастығын қамтамасыз етті


3- деңгейлі тапсырма.

Абылай ханның саясатының маңыздылығына талдау жасаңдар

Shape2

Таң қалдырған саясаты

Абылай ханның қиын-қыстау кезеңде ақын-жырау, әнші-күйшілер мен діни қайраткерлерге, өнер мен мәдениетке қамқорлық жасауы.

Есте қаларлық саясаты

Ол бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды. 1771жылы ол Түркістан қаласында қазақтың бүкіл үш жүзінің ханы болып жарияланды.

Ішкі саясатының бүгінгі күндегі маңызы

Ол қазақтардың егіншілікпен, шөп шабумен және балық аулаумен айналысуына қолдау көрсетті.

Сот билігін күшейте түсті.

Өзгеріске әкелген саясаты

Өз қызметінде белгілі қазақ билерінің , сондай-ақ атақты қазақ батырларының беделіне арқа сүйеді.


Оқушылар өткен біліміне сүйеніп, мәтіндегі алты бос орындарды толықтырады.


























Дескриптор:

Әр жылдағы оқиғаларды анықтағаны үшін 1 ұпай









Дескриптор:

Абылай ханның 3 ішкі-сыртқы саяси қызметтерін сәйкестендіреді


















Дескриптор:

Таң қалдырған 1 саясаты;

Есте қалған 1 саясаты;

Ішкі саясатының бүгінгі күндегі маңызына 1 мысал және оның қазіргі таңдағы маңызын дәлелдеу;

Өзгеріске әкелген 1 саясатын мысалмен дәлелдеу;



ҚБ «Өзара бағалау» әдісі

6 ұпай

























ҚБ «Wordwall платформасында бағалау» әдісі

4 ұпай






ҚБ «Wordwall платформасында бағалау» әдісі

6 ұпай
















ҚБ «Жұбыңды тексер» әдісі 4 ұпай


(Болжам жауаптар көрсету)


Таратпа материалдар

https://yandex.kz/video/preview/16112503493657316634





















https://wordwall.net/ru/resource/80105685





https://wordwall.net/ru/resource/80103863

Сабақтың соңы

7 минут




















7 минут



Зерттеу сұрағы: Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай?

Дереккөздермен жұмыс.

«Қазақтардың аңыз әңгiмелерiнде Абылай айрықша қасиетi бар киелi, керемет құдiрет иесi болып саналады. Ешбiр ханның Абылайдай шексiз билiкке қолы жеткен жоқ».

Ш. Уәлиханов

  • Ш. Уәлихановтың пікірімен келісесің бе?

  • Қазақтың қай ханын Абылаймен теңестірер едің?

«Ол (Абылай. – авт.) қалыптасқан нақты жағдайларға қарай бiрде Ресейге, бiрде Қытайға, ендi бiрде Жоңғарияға шын берiлген болып көрiне бiлдi, ал шын мәнiнде ешкiмге де бас иген жоқ»

И.Крафт

  • Абылай хан шексіз билікті қалай сақтады?


Кері байланыс «Оқушының үні»

  • Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

  • Менің бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

  • Бүгінгі сабақтағы ең құнды мәселе қандай болды?

Оқушылар берілген деректерді талдап, Абылай ханның мемлекеттің дербестігін сақтаудағы рөліне баға беріп, қорытынды жасайды.

Зерттеу сұрағына жауап алады.


ҚБ «Мадақтау»










Бағалау шкаласы

19-20 ұпай 10 балл

17-18 ұпай 9 балл

15-16 ұпай 8 балл

13-14 ұпай 7 балл

11-12 ұпай 6 балл

9-10 ұпай 5 балл


Үй тапсырмасы

Рөлдік ойын: «Абылай ханнан сұхбат алу» үшін 5 сұрақ құрастыру


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.04.2025
273
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі