400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абыройлы еңбекпен- құрметті зейнетке

Материал туралы қысқаша түсінік
ЗЕЙНЕТ ЖАС
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Абыройлы еңбекпен- құрметті зейнетке » атты зейнеткерлікке шығарып салу кешінің бағдарламасы!

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті қонақтар ! Мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Рашова Роза Темірбекқызына арналған Абыройлы еңбекпен-құрметті зейнетке атты зейнеткерлікке шығу салтанатты жиынға қош келдіңіздер!


Шыбығынан көктеген шаңырағына сәмбі талдай көлеңкесін жая келген ұлы тұлғаны тұғырлы орынға- бүгінгі салтанатты жиынның төріне шақырамыз.

Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Роза апай келеді ортамызға,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!


(Бейнематериал)


Еңбегімен ел алдында сыйланған,

Ұстаз десе тартылады сый балдан.

Мерейтоймен құттықтайды қуана,

Мектебіңіз, мына отырған жиналған.


ХОР «Ана» әні

1.Жүргізуші

Қазіргі таңға дейін Роза апайымыз №98 орта мектебінде жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде қажымас қайратымен, өнегелі үлгісімен, жаңашылдық жолымен, адамгершілік қасиетімен, қоғамдық жұмысымен, заманауи саясатымен, ұстаздық жолын көрсете отырып мектебімізде сабақ беріп келеді. Осы кезеңнің ішінде қоғамымыздың ілгері дамуына сәйкес, ұстаздарға, жүктелген жауапкершілік жүгі де салмақтай түсті. Мұғалімнің бойындағы тағы бір ерекшелігі – ол өзі үлгі көрсете отырып басқадан талап ете білуі. Осы бағытта өткізген сабақтары, тәрбие сағаттары, ата-аналармен өткізген түрлі шаралары өз әріптестері мен көпшіліктің көңілінен шығатын. Құдай берген қабілетінің арқасында «білікті ұстаз» биігіне көтеріліп, асқарлы асудың ұшар басына алқынбай жеткен Роза апаймыздың өткен өмір жолына, маңдай тері төгілген еңбек соқпағына іштей разы болмайтын шәкірті жоқ шығар, сірә. Ал, екі ұл, екі қыз тәрбиелеп төрт құбыласы тең болып отырған Жылқаман ағамыз бойындағы көрегенділік қасиеті адамгершілік жырына, тұнып тұрған ғажайып бір әлем.


Тек жүректен арналар сөзіміз де,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берейік құрметпен өзіңізге,

Көпшілікке арналсын тілегіңіз.

Алғашқы құттықтау сөз кезегін Ақжона ауылдық округінің әкімі Жанарыс Бұрханұлы , мектеп директоры Айдос Жаметұлына және ауылдық клуб меңгерушісі Ермекбай Абсаматұлына береміз!


Жүргізуші:

Зейнет жас та құтты болсын, Апайым,

Мына өмірде көрдің қиын талайын.

Қиын белдер артта қалып бақ келсін,

Қара шаштың ақ шалмасын самайын.


Еңбегіңіз еленіп құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын! Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі Жылқаман аға екеуіңіз сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай-сырқамай немере, шөберенің ортасында аяулы атам, асыл әжем деген атты иеленіп жүре беріңіз!

Келесі кезекті Рамизаның орындауындағы «Ұстазым» әніне берейік.


Жүргізуші:

Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,

Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.

Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,

Даңқыңыздың биік болсын тұғыры - дей келе Қазалы ауданы Білім бөлімінің кәсіподақ ұймының төрағасы Әбіш Романұлына сөз кезегін ұсынамыз!


Би: Қазақ биі

Жүргізуші:

Талай күндер төккен тер мен өткен күн,

Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.

Талай жылдар тағылымы толысып,

Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн.


Еленді еңбек қуанышты бәріміз,

Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз.

Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз,

Қуанышқа ортақ кіші-кәріміз. – Роза апайдың әріптестері Бейбіт апайды, Аманбол ағай.Бағымкул апайды ортаға шақырамыз

Жүргізуші:

Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті 100 есе, 1000 есе болып, денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілеймін! Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Қуанышыңыз құтты болсын! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, ұл-қыздардың ортасында бақытқа толсын!

Жанділда Санжар орындауындағы «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.


Жүргізуші:

Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз! Қуанышыңыз ұзағынан болсын! Ағайын-туыстың құрметіне, қосағыңыздың үлдесі мен бүлдесіне, немере мен шөберелердің шу-күлкісіне, ұл-қыздарыңыздың жеңісті шақтарын көрген шаттықтың бақытты сәттеріне бөленген әдемі ғұмыр кешіңіз!


Сіз-Ұстазсыз,барша жан ардақтайтын,

Қанша жас Сізге ұқсауды армандайтын.

Еткен еңбек,төккен тер жемістерін,

Көретін кезде келді ұлықтайтын-демекші сахнаға құттықтау сөздің кезегін апайымыздың түлектеріне береміз!


Жүргізуші:

Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап

Бірақ қимыл әлі жастай шымырақ

Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі

Күндеріңіз мұң салмасын қырындап

Жылқаман аға мен Роза апайдың туысқандарына сөз кезегін береміз


Қайырылып ұзақ қарап өткеніме

Арнадым еңбегімді мектебіме

Талай жыл өтіпті ғой ұжымдастар

Осы мектепте қызмет еткеніме - деп ойланып өткен күндерге ой жүгіртіп отырған бүгінгі кешіміздің зейнеткері Роза апайымыз бен Жылқаман ағамызға сөз кезегін береміз.


Құрметті ақылы дария, шежірелі қария – Жылқаман аға және Роза апай отбасыларыңызға береке – бірлік, ұзақ ғұмыр, бастар ұлы көштің алдыңғы сабында жарқырап жүре беріңіздер дей келе, құрметті қонақтарымызға алтын уақыттарын қиып мерекелік кешімізге келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз. Қош сау болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
72 ұстаз жүктеп алған
25.04.2024
4897
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі