400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Абыройлы еңбектен — Құрметті зейнетке!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сценарий атауы: "Абыройлы еңбектен — Құрметті зейнетке!" 1-БӨЛІМ: КЕШТІ АШУ (Фон музыка – «Ұстазым», баяу әуен)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сценарий атауы: "Абыройлы еңбектен — Құрметті зейнетке!"

1-БӨЛІМ: КЕШТІ АШУ

(Фон музыка – «Ұстазым», баяу әуен)

Жүргізуші :
Құрметті қонақтар, қадірлі әріптестер, ардақты ұстаздар! Бүгінгі кешіміз-ұзақ жылдар бойы ұрпақ тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосқан ардақты ұстаздарымызды құрметпен зейнеткерлік демалысқа шығарып салуға арналған ерекше кеш.
Ұстаздық жол – ұлы жол десек, сол жолда аянбай еңбек етіп, талай шәкірт жүрегіне білім мен тәрбие дәнін сепкен ардақты ұстаздарымыздың құрметіне арналған салтанатты кешімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші :
Иә, бүгінгі кеш – жүректің сөзін, өмірдің өз үнін, елдің алғысын жеткізетін кеш.
Бүгін біз алтын уақытын бала тәрбиесіне арнаған аяулы ұстаздарымызды —
?
[Бастауыш сынып мұғалімі, толық аты-жөні] мен
?
[Сурет пәнінің мұғалімі, толық аты-жөні] —
мерейлі зейнеткерлік өмірге шығарып салғалы отырмыз.

2-БӨЛІМ: ҚОНАҚТАРДЫ ҚАРСЫ АЛУ

Жүргізуші 1:
Бүгінгі ерекше кешіміздің қадірменді қонақтары – саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған
ардагер ұстаздарымыз.
Сіздерге бас иіп, алғысымызды білдіре отырып, қошеметпен ортаға шақырамыз!

(Ардагер ұстаздар сахнаға немесе арнайы орындарға шақырылады. Фон музыка: "Сағындым ұстазым")

Жүргізуші 2:
Сондай-ақ, зейнетке шығатын ұстаздарымыздың
бұрынғы шәкірттері де осы кешке арнайы келіп отыр. Олар бүгінде түрлі саланың белсенді мамандары, елге қызмет етіп жүрген азаматтар.
– Қош келдіңіздер, қадірлі шәкірттер! Сіздер – ұстаз еңбегінің айқын жемісісіздер!

КЕШ ИЕЛЕРІН САХНАҒА ШАҚЫРУ

? Ортаға зейнетке шығатын ұстаздар салтанатты түрде шақырылады.
(Фон музыка: "Ұстазға арнау", оқушылар гүл шоқтарын алып шығады)

Жүргізуші 1:
Ұстаз – баланың екінші ата-анасы. Ұстаз – өмір шамшырағы. Ендеше,
көп жылғы қажырлы еңбектің зейнетін көру-әрбір жанның арманы. Ендеше, бүгінгі кештің басты кейіпкерлері-ардагер ұстаздарымызды қошеметпен ортаға шақырайық!

[Бастауыш сынып мұғалімі — аты-жөні]
[Сурет пәнінің мұғалімі — аты-жөні]

4-БӨЛІМ: СЛАЙД ЖӘНЕ БЕЙНЕФИЛЬМ

Жылдар өтсе де, шәкірт жүрегінде ұстаз бейнесі мәңгі сақталады.
Назарларыңызға ұстаздарымыздың еңбек жолынан сыр шертетін естелік сәттерден үзінді
"Ұстаз жолы – өмір жолы" атты фотослайд немесе бейнеролик ұсынамыз.

ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗДЕР

Жүргізуші :
Ардақты ұстаздар! Сіздерге алғысымыз шексіз!
Сөз кезегі мектеп директоры (немесе білім бөлімінің өкілі) [Аты-жөні] беріледі.

(Құттықтау сөздер, алғыс хаттар табыстау.)

Shape1

Жүргізуші :
Ұстаз – мәңгілік ұғым.

Қадірлі қонақтар, бүгін біз қатарымызға бір кездері осы білім ордасында тер төккен, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосқан ардагер ұстаздарымызды арнайы қонақ етіп шақырып отырмыз. Сіздердің мектепке деген сағыныштарыңыз, бүгінгі сәтке тілектеріңіз-біз үшін қымбат. Ендеше, зейнетке аттанып жатқан әріптестерімізге жүрек жарды тілектеріңізді білдіру үшін сөз кезегін ардагер ұстаздарымызға береміз.
















(Ардагер ұстаздардың сөз сөйлеуі. Естеліктерімен бөлісу.)

Құрметті әріптестер! Бүгін біз зейнетке шығып жатқан ұстаздарымызды құрметтей отырып, өмірден озған ардагер ұстаздарымызды да еске алуды жөн көрдік. Олар осы мектептің тарихына айналған тұлғалалар. Біз олардың есімін мәңгілік жүрегімізде сақтаймыз. Ендеше, өмірден өткен ардагер ұстаздарды бір минут үнсіздікпен еске алайық.

(1 минут үнсіздік біткен соң): Рақмет Орынымызға отыра берейік.
Жүргізуші 2:
Ұстазға деген шәкірт алғысы – шын жүректен шыққан ең асыл сөз.
Келесі кезекте шәкірттеріміздің арнауы.

(Өлең оқу, ән айту, би номері болуы мүмкін)

Shape2

Бұрынғы шәкірттер сөз алып, естелік бөліседі

(Әр сөзден кейін қысқа музыкалық үзіліс. Гүлдер, сыйлықтар табысталады.)

Сызба салу, мүсін жасау оңай ма?

Бізге үйреттің сан суретті бояй да

Көркемдікке толы әр күн сабағың,

Ұмытылмас жүректегі орайда.

Бояумен де шегемен де жұмыс бар,

Сабыр керек, талап керек - бұны ұғар

Көркем еңбек - шыдамдылық сабағы,

Ұстазымнан үйренермін әлі бар.

Шәкірттеріне мейірім шуағын төгіп, шыншылдығымен өнеге бере білген жаны жомарт, пейілі дархан ұстаздарымыз барлық құрметке лайық! Ғажайып дүниенің сырын ұқтырып, үлкен өмірге ақ жол тілеп аттандырған ұстаздарымызға мәңгі тағзым етеміз!-деп Дүсіпов Темір Сиражұлының облыс,аудан көлемінде жетістіктері бар шәкірттерін ортаға шақырамыз! Ағайларына жылы лебіздерін білдіріп, ағайының алдында соңғы рет сурет салып көрсетсе дейміз:

«Қылқалам» үйірмесінің түлегі :

Shape3

«Қылқалам» үйірмесінің қазіргі шәкірті:

Shape4

Ән: « » – 11 сынып оқушылары әні

Shape5

«ҚЫЗЫҚ TIMES» Қызықты сұрақтар:

1.Есте қалған ең ерекше оқушыңыз кім болды? Неліктен?

2. Сабақ үстінде бастан өткен күлкілі бір жағдайды айтып берсеңіз?

3.Алғаш сабақ берген күніңіз есіңізде ме? Қандай әсер қалдырды?

4. Үзіліс кезінде не істеуді жақсы көрдіңіз?

5. «Ұмыта алмайтын бір оқиға» – жұмысыңыздағы ерекше сәт қандай болды?

6.Ұстаздық жолға қалай келдіңіз? Бала кезіңізде кім болуды армандадыңыз?

7. Оқушылардың ең көп қойған сұрағы қандай еді?

8. Мектептегі әріптестермен болған қызықты бір жағдай айтып бере аласыз ба?

9.. Егер тағы бір рет ұстаз болуға мүмкіндік берілсе, қайта таңдар ма едіңіз?

10.Қазіргі жастарға қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

Шәкірттер орындауында би немесе домбыра күйі

(Өнер көрсету)

Shape6

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖҮРЕКЖАРДЫ СӨЗІ

— Зейнетке шығушы ұстаздар өз ойларын, алғыстарын, естеліктерін айтып, шәкірттеріне тілек білдіреді.
(Мейірімді, жүректі толқытатын сәт.)

Shape7

«»

Shape8

ҚОРЫТЫНДЫ

Жүргізуші :
Абыроймен өткен ұстаздық жол – ұрпақ үшін өлшеусіз үлгі.
Сіздерге тыныштық пен шаттық, зор денсаулық, қуаныш пен құрметке толы зейнет өмір тілейміз! Кешімізге келіп, ұлағатты ұстаздарға құрмет білдіргендеріңіз үшін баршаңызға алғысымыз шексіз!
Ән: «Қимай тұрмын» хор мұғалімдер



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
09.04.2026
79
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі