Пәні
«Қолдаңбалы бағдарламалар негіздері»
Курс: II
Топ:
ОП -23 Өндірістік оқыту шебері:
Сейтжапарова.Н
Сабақ
өткен күні 24.04.20ж
№ 2
лабораториялық жұмыс
Мәліметтер
базасын құру
Жұмыстың
мақсаты:
объектінің сипаттамасы қалай құрылатынын
анықтау,өрістер сипаттамаларын
енгізу,өрістер қасиеттін анықтау,білімгерлерді
кестенің құрылу режимімен таныстыру.
2.1.Мәліметтер
типі және өріс қасиеттері
Әрбір
Access
мәліметтер
базасының құрамында бір немесе бірнеше
кестелерден тұраттын байланысқан
объектілер суреттеледі.Өрістер
объектісінің атрибутына немесе қасиетіне
сәйкес құрылады.Әрбір өріс үш элемент
арқылы сипатталады.
1)
Өріс (Поле-field name)-өріс
аты,кестеде қайталанбауы тиіс;
2)
Мәліметтер типі (Тип данных-Data
type)-өрістегі
мәліметтер типі;
3)
Сипаттама (Описание-Deseription)-өріс
қызметіне түсініктеме беру;
Access-тің
ішінде 8 түрлі мәліметтер типі
пайдаланылады,олар:
-Мәтіндік(Текстовый-Text)-ұзындығы
255 символға дейінгі мәтіндік ақпаратты
сақтау үшін қажет;
-МЕМО
өрісі (Поле МЕМО-Memo)-32000
символға дейінгі көлемдегі мәтіндерді
сақтай алады.Оның ерекшелігі-өрістегі
ақпараттар басқа бір жерде сақталып,
ал өрістің өзінде сол ақпараттардың
ардың қайда орналасқаннын анықтайтын
көрсеткіштер сақталады;
-Сандық
(Числовой-Number)-сандық
мәліметтерді сақтау үшін қажет.Осы
типтегі өрістің көлемін бірнеше
нұсқалардың таңдауға болады;бүтін, көп
разрядты бүтін,жылжымалы нүктелі.Бүтін
сандар-32768 бен 32767 аралығында,көп разрядты
бүтін сандар- 2147483648 бен 2147483647 аралығында
және жылжымалы нүктелі сандар-1.401298Е-45
пен 3.402823Е38 аралығында анықталған болуы
тиіс. Нақты сандар енгізілеттін өріс
үшін санның бөлшегінің көлемі де берілуі
мүмкін;
-Дата/уақыт
(Дата/время-Data/time)-күн/ай/жыл
форматтында мерзімді және сағат:минут:секунд
pm не am (pm-12.00-ден кейін,ал am-12.00-ге
дейін)форматында уақыт мөлшерін сақтау
үшін қажет.Бұл типтегі өріс форматын
алдын ала таңдап алған дұрыс.Өріс
форматының мүмкіндіктері:Күннің толық
форматы(мысалы,3.01. 03: 09:00:12.
-
Санауыш (Счетчик-
Counter)-жазбалар реттік нөмерін анықтау
үшін қолданылады. Автоматты түрде бірден
басталып, жазбаларды қайталанбайтын
осы өріс мәні арқылы анықтап отыру үшін
қажет(бұл өріс мәндерін теруге, өзгертуге
болмайды)
-Гиперсілтеме-
гиперсілтеме
беру;
-Алмастыру
шебері –
таңдап алуға болатын мәндер бейнеленетін
алмастыру бағанасын жасайды.
Олар
Access өрістердің 11
түрлі сипаттамаларын, яғни қасиеттерін
көрсете алады, бірақ қасиеттердің нақты
тізімі өріс типімен анықталады.
Мәндердің
енгізілу форматын беретін олардың қалқа
немесе бетперде
(маска)
құруға арналған негізгі символдары 1-
кестеде келтірілген.
Қалқа
символы
|
Енгізуге
болатын мәндер
|
0
|
0-
ден 9-ға дейінгі цифрлар
|
9
|
Сандар
немесе бос орын
|
#
|
Сандар
немесе бос орын.+/-
|
L/?
|
Әріп
|
А/а
|
Әріп
немесе цифр
|
&/c
|
Кез
келген символ не/се бес орын
|
.
|
Ондық
нүкте
|
:
немесе/
|
Уақытты
не/се мерзімді бөліп тұратын таңбалар
|
<
|
Таңбаларды
төменгі регистрге ауыстыру
|
<
|
Таңбаларды
жоғары регистрге ауыстыру
|
Бетперде
мысалдары:
1)(###)-###-###-325477370
санын енгізгенде, ол өріске келесі түрде
көрінеді(325)- 477-370
Бетперде
құру үшін бетперде құру Шеберін
қолдануға болады, ол үшін Енгізу
бетпердесі
қасиеттерінен Құру батырмасын шерту
керек.
Индекстер
құру үшін өрістерді алдын ала белгілеп
жанама менюдің Өзекті өріс командасын
немесе
Кілт
белгішесін, әйтпесе Түр/Индекстер
меню командасын не/се « Жалпы»
парақшасындағы «Индекстелген өріс»
қасиетін қолдануға болады. Мәліметтердің
шыққан көзі кесте болып табылады, онымен
жұмыс барысында үздіксіз байланыс
орнатылатындықтан ол тізімнің ең соңғы
нұсқа екендігін, яғни өзектілігін
қамтамассыз етеді.
Егер
өріс түрін анықтау кезінде Алмастыру
шебері таңдалса,
онда
« «Алмастырулар» ішкі
бетіндегі қасиеттер мәні
Шебер арқылы
толтырылады.
Бақылау
сұрақтары:
1.Өріс
дегеніміз не?
2.
Әрбір өріс қалай сипатталады?
3.Access-
те мәліметтердің қандай типтері болады?
4.
Санауыш( Счетчик) мәліметтер типі не
үшін қажет?
5.
Бетперде(Маска)
не үшін қажет?
6.
« Алмастыру» ішкі беті не үшін қолданылады?