400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Ацетилен көмірсутектер

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сыныпқа арналған сабақ жоспары, Мұғалімге көмекші құрал. Органикалық химия тарауын бастағанда өте қажетті материал болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

9 – сынып. Химия

Сабақтың тақырыбы

Ацетилен

Жалпы мақсаты

Ацетилен туралы білімдерін қалыптастыру. Ацетиленнің құрамын, құрылымдық формуласын, алынуын, қасиеттерін және қолданылуын оқып білу. Оқушыларды талдау, талқылау, салыстыру және мазмұнын өздіктерінен ашуға дағдыландыру. Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландырып, шығармашылық қасиеттерін шыңдау.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері

-өзін – өзі реттей алады;

-топпен жұмыс жасай біледі;

-тақырып бойынша берілген тапсырмаларды түсінеді;

-алған білімдерін негізге ала отырып, тақырыпты талдай алады;

-бірін – бірі бағалауға үйренеді.

Дерек көздер

Оқулық, әдістемелікқұрал, АКТ.

Көрнекіліктер мен құрал – жабдықтар

Оқулық, маркер, смайлик, стикер.

Сабақтыңкезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

1.Ұйымдастыру

1,5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, психологиялық дайындық. Оқушыларды төртт опқа бөлу.

Әр топтан бір оқушы қарсы топтарға тілек айтып өздерін таныстыру.

2.Үй тапсырмасын тексеру 5,5 мин

Өткен тақырып бойынша сұрақ – жауап әдісін жүргізу.

І. Үй тапсырмасын ауызша сұрақтар қою арқылы сұрау:
1. Алкендерден алкадиендердің айырмашылығы неде? (еселі байланыстарынының санында)
2. Диендер деп қандай көмірсутектерді атайды? (құрамында екі қос байланысы бар , жалпы формуласы - Сn Н2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер)
3. Диендерге қандай реакциялар тән? Мысал келтір. (қосылу, полимерлену)
4. Алкадиендерді ашқан кім? (С.В. Лебедев 1932 жылы)
5. Алкендерді қайда қолданамыз? (синтездік каучук алуда, резеңке бұйымдарын жасауда)
6. Каучукқа қандай физикалық қасиеттер тән? (каты зат, майысып, созылады, суды, газды, электр тогын өткізбейді, суда ерімейді.)
7. Резеңкені каучуктан тәжірибе жүзінде қалай алуға болады? (каучукті күкірт қосып, вулканизациялап )

Әр топтан оқушылар бір – біріне сұрақ қояды.

3.Жаңа сабақ 20 мин

1.Қызығушылықты ояту

«Миғашабуыл». Алкан, Алкен формулаларын көрсетіп, оқушыларды ойландыру.


2.Мағынаны тану кезеңі

«Қоқыс жәшігінен табылған жаңалық»
Қазіргі кезде кең қолданылатын кальций карбидін неміс химиигі Ф. Велер 1862 жылы кездейсоқ ашты. Ол қалай болды? Велер калцийді әктен көмір қатысында тотықсыздан- ырып алмақшы болады. Нәтижесінде химик ешқандай металдық қасиеті жоқ қандай да бір күйген массаны алады. Өкінген Велер ол массаны қорадағы қоқысқа керексіз өнім ретінде лақтыра салады. Жаңбыр жауған кезде Велердің лаборанты өзі лақтырып тастаған тасты массадан газ бөлініп жатқанын байқады. Ол газ Велерді қызықтырды. Сұрақ: Күйген масса қандай зат? Одан қандай газ бөлінді? Жауаптарын реакция теңдеулері арқылы дәлелдейді.

Жауабы: Талдау ол газдың 1836 жылы Э. Деви ашқан ацетилен екенін көрсетті. Осылайша кальций карбидінің СаС2 сумен әрекеттесіп, ацетилен бөлетін анықталып,ашылды:
Жаңа сабақтың тақырыбын айқындау.

Алкиндер – құрамында бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы СnH2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер. Құрамында үш байланысы бар ең қарапайым көмірсутек – этин немесе ацетилен С2H2. Оның химиялық формуласын ұсынған – П. Бертло. (1860 жылы) Бірінші мүшесі ацетиленнен С2H2 басталатындықтан, алкиндер ацетиленді көмірсутектер деп те аталады.Ацетилен молекула- сындағы атомдардың бәрі 180°С бұрыш жасап, бір түзудің бойында орналасады. Ацетилен молекуласындағы екі көміртек атомының арасындағы үш байланыстың біреуі σ-, екеуі π- байланыстан тұрады.SP-гибридтену.Көміртек таомдарының арасындағы арақашықтық 0,120 нм

3.Жазба жұмысы

Этиленнің формуласын, алынуын және химиялық қасиеттерін сипаттау

4.Ой толғау

Венн диаграмма өткізу

Формула бойынша жауап беріп, айырмашылықтарын айтады.

Айырмашылығын тауып түсіндіреді.



Әр топ өздерінің тапсырмаларына дайындалады және тақтаға шығып жұмыстарын қорғайды.









Әр топтың оқушылары өз ойларын айтады.

Дәптерге жазады.

СаО+3С→СаС2 + СО
СаС
2+ 2Н2О→С2Н2↑ + Са(ОН)2





Постер әдісін пайдаланып, оқушылар өз беттерінше берілген тақырыптары бойынша дайындалады.


4.Бекіту

4 мин

1-топ сұрақтарбойынша диалог құрады.

2-топ тақырып бойынша тест құрады.

3-4-топ төмендегі сұрақтарға жауап беру.

Не?

Қандай?

Не істеді?

Сөзтіркесі

Синоним

5.Рефлексия

1 мин

Өз ойларын білдіреді.

Тақтадағы смайликтерге кері байланыс жасалған стикерлерін қыстырады.

6.Бағалау

1 мин

Әр топ бағалаушылары парақшаларды толтырады.

Өз бағаларын жария етеді.

7.Үй тапсырмасы

1 мин

47. 202-205 беттерді оқу. 206 беттегі жаттығулар.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
1244
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі