Материалдар / Адал Адам, Адал Еңбек, Адал Табыс!!!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адал Адам, Адал Еңбек, Адал Табыс!!!

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сынып оқушыларына арналған сынып сағатының әдістемелік әзірлемесі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қырқүйек 2024
10537
157 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КЕЛІСІЛДІ

Колледж директорының

тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

_________________ Бақдаулетов Д.Б.



Тәрбие сағаты

Оқу орны:

Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі

Күні:

02.09.2024

Топ жетекшісі:

Камбарова Сауле Искендировна

Топ: 304

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс!»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімге деген құндылықты қалыптастыру, өз Отаны үшін қажет және пайдалы болуға деген ұмтылыс.

2. Белсенді өмірлік ұстанымды, кәсіби маңызды қасиеттерді және олардың қоғам өмірінің түрлі салаларында көрініс табуына дайындығын қалыптастыру.

3. Өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға, жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытуға бағдарлау.

Көрнекілігі

презентация, проектор, ноутбук, тақта, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бейнеленген суреттер

Пайдаланылған әдебиет

Интернет материалдары


Барысы:



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Оқытушының іс-әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)




Басы (10 мин)


Білім алушылармен амандасады. Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтайды.

Мемлекеттік Әнұранды орындайды.


«Озық әрі табысты елге айналу үшін қоғамда қандай құндылық үстемдік құруы керек. Қоғамда адалдық үстемдік құратын болса жетер жетістіктердің көп болады» деп Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан.


 Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс!»


Сіздер «Адал» сөзін естігенде ойларыңызға не келеді?


«Әрине, мұның бәрі қатып қалған қағида емес. Алайда, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолындағы негізгі бағыт-бағдар бола алады. Еліміздегі әрбір азамат осы басты құндылықтарды берік ұстануы керек. Мен ұсынған «Адал азамат» ұғымы мұның бәрін түгел қамтиды. Сонымен бірге бұл Әділетті Қазақстан идеясымен үндесіп жатыр. Біз осы іргелі құндылықты ұрпақ санасына сіңіре беруіміз керек.

Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады», - деді Мемлекет басшысы. 

Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. 

  Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған.  Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.

Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен- еңбек».    

Еңбектену  тек адамға ғана тән деген пікірмен келіспеймін. Жануарлар да дамыл таппай еңбектенеді ғой. Жануарлар қалай еңбектенеді екен? Алдымен соған мысал келтірейік.

Сендер «Құмырсқа елінде» деген әңгімені оқыған шығарсыңдар. Құмырсқа илеуінің ішінде қаншама «бөлмелер» бар. Әр бөлмені пайдалану ретіне қарай «аналық құмырсқа бөлмесі», «балалар бөлмесі», «азық қоймасы»  т.б. деп атауға болады. Сондай-ақ бал арасының қалай ұя салатынын айтсақ та жетпей ме?

 Мысалдарың тамаша! Жануарлар да еңбектенеді екен. Бірақ қанша еңбектенгенмен адам еңбегінің олардан зор айырмасы бар ғой.

Қандай айырмасы бар?  

Адам еңбегі оймен, санамен, ақылмен істеледі. Табиғат заттарын өңдеп, өзіне қажет, табиғатта кездеспейтін бұйымдар жасайды. Адамнан басқа қандай жануар арнай шам жасап қараңғыны жарық етеді?

Білім алушылар амандасады. Мемлекеттік Әнұранды орындайды.










Тақтада «Адал» деген сөзге топтастыру жасайды.
































Білім алушылар ойларымен бөліседі, пікір алмасады.










Ноутбук, презентация,

проектор



Мемлекет басшысының сөзі




Слайд



Тақта



ҚР Президентінің сөзі























Әртүрлі ойшылдар мен ғалымдардың, суретшілердің сөздері

















Ортасы

(25 мин)































































































     Білім алушылардың колледждегі және қоғамдық пайдалы іс- әрекеті оның кейін әлеуметтенуіне үлкен әсерін тигізеді. Мамандық иелерімен араласуына, кәсіпке пайдалы іс таңдауына, рухани құндылықтарға ие болуына, әр түрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер етеді.

 Сұрақтарға кезек берейік.

1.Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін-өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз? 

2. Өзіңізді еңбекқормын деп санайсыз ба?   Еңбекқорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды?

3.    «Адал еңбек» деген ұғым нені білдіреді?

4.    «Еңбектің жемісі»  дегеніміз не?

5.    Адамның бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?

6. Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?

7. Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?

8. Сіздіңізше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз?

9. Бүгінгі таңда жастардың көбі қандай мамандықтарды таңдауда?

 

Алтын қақпа ойыны /сергіту  сәті/

«Тас қақпа»: Ұлағатты сөздерді кім айтқан?

1. Өмірде үлкен еңбексіз ештеңеге де қол жетпейді.                                ( Гораций)

2. Талап, еңбек, терең ой

 Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз.

(Абай)

3. Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы секілді тез суалар.

(Абай)

4. Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық 

Аздырар адам баласын       

(Абай)

5. Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ.

    Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.   

(М.Әуезов)

6. Елге сіңірген  еңбек жақсы,

Еңбекті елеген ел жақсы.

(Спандияр Көбеев)

 7. Еңбектегі әр минут- бір несібе.

(Ғафұр Ғұлам)

8. Терлеп еңбек етпегенннің тілегіне  жеткенін көргенім жоқ.

(Бауыржан Момышұлы)

9. Қандай мұратың болса да  өз еңбегіңе сен, басқаға телмірме.

(Ғабдолла Садықұлы)

«Қола қақпа»:

Мақалдарды жалғастыр:

  1. Еңбек түбі - ................(зейнет)

  2. Жақсы жұмыс - .........(жанға тыныс)

  3. Еңбек мұратқа ..........(жеткізер)

  4. Жалқаулық аздырады, ...............(еңбек оздырады)

  5. Еңбек етсең ерінбей, ....................(тояды қарның тіленбей)

  6. Еңбек – ердің көркі, ......................(Ер - елдің көркі)

  7. Еңбексіз өмір - .........(сөнген көмір)

  8. Еңбектің көзін тапқан, ....................(байлықтың өзін табады)

  9. Еңбек мұратқа жеткізер, ........(жалқаулық абыройды кеткізер)

  10. Еңбегің қатты болса, ..........(татқаның тәтті болар).

  11. Адалдық — .......(ардың ісі).

  12. Асылдың бірі — .........(адалдық).

  13. Адалдық жүрген жерде, ...........(адамдық жүреді).

  14. Адалдық ойласаң, бал жұтасың, ....(Арамдық ойласаң, қан жұтасың).

  15. Адалдыққа бой ұрсаң ......(өмірлік бақыт тапқаның).

  16. Адалдық — .........(ерлік нышаны).

  17. Адалдық ана сүтінен ........(де абзал).

«Күміс қақпа»: Суреттер сөйлейді.



«Алтын қақпа»: Білім алушылар шағын эссе жазады.










Сұрақтарға жауап береді




















Ұлағатты сөздерді айтқан адамдарды табады.





























Еңбек, адалдық туралы мақалдарды жалғастырады.




























Суреттер бойынша өз пікірлерін айтады.

Білім алушылар шағын эссе жазады.










Презентация





















Презентация































Презентация































Презентация

Соңы

5 мин






 Қорытынды бөлім

         -Нағыз еңбек неден басталады?   

 «Жас бала анадан  туғанда екі түрлі  мінезбен туады:

  • біреуі –ішсем,жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары.

  • Біреуі білсем екен деп туады. Не көрсе соған талаптанып. Білсем  екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Мұның бәрі-жанның құмары деген екен Ұлы Абай атамыз.    

Сабақ оқу да – еңбек. Еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Барлық  байлық еңбекпен келеді. Ауылымызда  тек өзінің маңдай терімен  отбасын асырап отырған  ер адамдар бар. Еңбексіз бос жүру адамды моральдық  жағынан  құлдыраушылыққа,  жұрт еңбегінің  есебінен күн көруге әкеліп соғады.Еңбек етпесең не қорлыққа, не ұрлыққа барасың.Еңбек қана адамның жанын жарастыққа, ризалық сезіміне бөлеп бақытты етеді. Еңбек  етсең ешкімге тәуелді болмайсың. Атың да, атағыңды  да  шығаратын -Еңбек.

Қатаң ұста-бос жүрмесін сандалып,

Болсын тәртіп-бала өседі сомдалып.

Бала нені білсе жастан, ұядан.

Өле  өлгенше соны таныр қиядан.

Жас кезінде  білім берсең, қалай да-

Өсе келе қолы жетер талайға.

Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?

Олай болса уысыңнан шығарма.

(Жүсіп Баласағұн)

Білім алушылар түсінеді, топ сағатын қорытындылайды








презентация





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!