Шаттық
шеңбері Оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен
көңіл күйлерін көтеру және олардың мақсат-міндеттерін
ұғындыру мақсатында С.Сейітовтің «Шындық шырайы» өлеңін бірге оқып
түсіндіру.
Мәтінмен
жұмыс Сабақты З.Шашкиннің
«Темірқазық» әңгімесімен
жалғастыру.
Әңгімелесу
-
Сіздің адалдыққа деген сеніміңіз
қандай?
-
«Адалдық-адамдық белгісі» дегенді қалай
түсінесіздер?
-
Неліктен адалдық
«кеңпейілділік,ақкөңілділік,шыншылдық»ұғымдарымен қатар
жүреді?
-
Адалдық қандай әрекеттен қандай жағдайда
көрінеді?
Тапсырма
Оқулықта берілген мәтінді оқу және жүйелеп
айтып беру.
Тыныштық
сәті Баланың жүрек соғу ырғағы мен
тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін
қолдану.
Дәйексөз «Адалдық-ардың ісі» деген халық мақалын
түсіндіру арқылы оқушылар жаңа ақпараттан пайымдаған ой пікірлерін
жалғастырып,ары таза адал адам мәнді өмір сүретінін тусіндіру
мақсатын жүзеге асырады.
Жаңа
ақпарат Ары таза адал адам мінді өмір сүреді.Оның
ішінде Отанына,отбасына,қоғамға адалдық адамның
өзіне,өзгеге,болашаққа деген сенімен арттыра
түседі.
Адалдық әр адамның өзін де,өзгені де
сыйлауын көрсетеді.
Адалдық бар жерде адам өзіне де,өзгеге де
шындықты айтады,оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды.Адал болу
тек қана өтірік айтпау емес,шындыққа ешбір қалтықсыз
сену.
Адалдық біздің жан дүниемізден басталады.Ол
адами қарым-қатынастан және іс-әрекетімізден көрінеді.Адал адамға
сенім артуға болады,оның қандай жағдайда да күмән келтіруге
болмайды.Адалдығы бар адамның рақымы мол
болады.
Жағдаятты талдау
Берілген жағдаят бойынша оқушылардың көзқарастары мен пайымдауларын
талдау кезінде,олардың пікірлерін дәйектеуде,оқушылардың
бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.Оқушы ойын
түйіндеп,бір арнаға тоғыстыру мақсатында мұғалім жағдаят бойынша
адал болу,өтірік айтпау,алдамау т.б. ұғымдардың мағынасын
ашу.
Дәйексөз. «Адалдық деген ашық ,
шыншыл қарым-қатынас» деген
А.Макаренконың сөзін түсіндіру арқылы
оқушылар жағдаяттан пайымдаған ой пікірлерін
түйіндеу.
Жағдаяттарды
талдау. Бұл тапсырма жоғарыда айтылған ойларды
тереңдете түседі. Оның ерекшелігі – өзгенің сенімін ақтау,адамның
жауапкершілікті сезінуін қалыптастыру болып табылады. Осыған
байланысты тапсырманы орындау оқушылардың тұлға ретінде
қалыптасуына ықпал етеді. Төмендегі жағдаяттарды шешіп,әдептілік
тұрғысынан баға
беру.
Тапсырма берілген ой
тұжырымдамамен танысу. Адалдық туралы өз ойымен толықтырып,
түйгендерін ортаға салу.
Адалдық:
-
Қоғам әділеттілігінің негізі
болады;
-
Адамдардың ізгілікті қарым-қатынас жасауына ықпал
етеді;
-
Жеке тұлға мінез –құлқының жағымды қалыптасуына
әсер етеді.
Жаңа
ақпарат
Адам өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуі,
өзін-өзі тануы, ар-ұятты,алдында жауапкершілікті сезінуі үшін
адалдық қажет. Адам өзгелермен қарым-қатынаста, іс-әрекетте
адалдық танытуына байланысты оның сенімді достары да көп болады.
Адалдық болғанда ғана адамдар шындықпен өмір сүре
алады.
Адал болудың, өтірік айтпаудың да өзіндік
қиындықтары бар. Өйткені өмірде шындықты айту барысында
қайырымдылық, төзімділік, басқаның басындағыны түсіне білуі т.с.с.
қасиеттерді бойға сіңіруге ұмтылған жөн.
Шындықты айтуым қажет деп, тұрпайылық танытқан
дұрыс емес.
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық”
деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі
қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық -
пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің
жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық
қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы
шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де
кездестіруге болады. Осы тұста ұлы тұлғалардың осы тақырып
төңірегінде айтқан ой толғамдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн
санап отырмыз.
-
Адамның өз ұжданы алдында адал,
шыншыл болу –
өзіне-өзі қасиетті болуынан,
жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады.
Әл-Фараби Шешен кісі сөз
бастар,
-
Адал кісі - ел бастар.
Жамбыл
Жабаев
-
Күшіңе сенбе, адал ісіңе
сен. Мұхтар
Әуезов
-
Ойың адал болғанмен, орындағаның олақ болса,
ұнатпадың деп өкпелей алмайсың. Ғабит
Мүсірепов
-
Асыл қасиет – адалдық, асысл міндет –
адалдық. Максим
Горький
-
Адалдық қайда болса, тіршілік
сонда. Қаюм
Насыри
-
Жақын болудың бірінші шарты –
адалдық. Михаил
Пришвин
-
Адалдық танытатын адамға да адал
бол. Плавт Тит
Макций
-
Адал болғың келсе, жаныңда адал достар
болсын. Менандр
-
Адалдық ұмытылса, ақыл мен ерлік – бос
дыбыс. Вишакхадатта
-
Сүйіспеншілік пен құрмет адалдыққа
әкеледі. Габриэль Оноре
Марсель
-
Адалдық – өмірден қымбат.
Ф. Шиллер
Ғұмыр бойы бақытты болғың
келсе – адал адам бол. Т.
Фуллер
|