Материалдар / «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс». Тәрбие сағаты қмж 7-сынып

«Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс». Тәрбие сағаты қмж 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс».
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2024
315
3 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты


Күні


Сынып жетекші:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы

«Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

9-САБАҚ

7- сыныптар: «Қиын кезеңдердегі достық: жанжалда досыңызға қалай қауіпсіз көмектесуге болады!

Сабақтың мақсаты:

Білім алушыларды адал еңбек етіп, адал табыс табуға үйрету. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіре отырып, тағылымды тәрбие мен адалдық қасиеттерін ұғындыру.  Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Қауіпсіздік мақсаты :


Құндылық

Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

-өзінің және басқалардың еңбегінің нәтижелерін бағалау;

-түрлі мамандықтар мен олардың қызмет ерекшеліктерін зерттеуге қызығушылық таныту;

-өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу;

-еңбек қоғамдық және табысты болудың негізі екенін түсіну;

Дәйексөзі

Әділдік пен жауапкершілік – біртұтас ұғым!

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

-Мемлекеттік әнұран орындалады

Бір түрлі қима қағаздар арқылы

1-топқа «», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «» тобына бөлу.

ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ

9 САБАҚ. «ҚИЫН КЕЗЕҢДЕРДЕГІ ДОСТЫҚ: ЖАНЖАЛДА ДОСЫҢЫЗҒА ҚАЛАЙ ҚАУІПСІЗ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?» Сабақтың мақсаты: «дос», «достық, құндылық» ұғымдарын қалыптастыру, төзімділікке, достыққа, серіктестікке және достыққа адалдыққа тәрбиелеу, қиын уақытта достарға көмектесуге үйрету. Негізгі міндеттер: 1. Қиын уақытта достарды қолдаудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіріңіз. 2. Достарды қолдау үшін әрекет алгоритмін жасаңыз. Материалдар мен ресурстар: - Жанжалды жағдайлардың мысалдарымен таныстыру. - Іс-қимыл алгоритмі бар үлестірме материалдар. Сабақтың барысы 1.Кіріспе (2 минутқа дейін) «Есте сақта!» - Айналаңыздағы адамдарға тым сыншыл болмаңыз. Қарым-қатынас орнату үшін айналаңыздағы адамдарға қандай әсер қалдырғаныңыз өте маңызды. - Қарым-қатынас үйрену керек. - Сізге құрметпен қарауға, сізді күшті және тартымды адам ретінде қабылдайтындай мықты әрекет етіңіз. - Өз көзқарасыңызды және басқалармен қарым-қатынасыңызды «тең дәрежеде» құрыңыз. - Әзілдескенде абай болыңыз. 2. Негізгі бөлім (6 минутқа дейін) - Жанжал жағдайларының мысалдары және оларды шешу жолдары бар презентацияны көрсету. - Қиын жағдайда досыңызға қалай көмектесуге болатынын талқылау: - тыңдаңыз және жанашырлық танытыңыз; - досыңызды сөзбен және іспен қолдаңыз; - мәселенің шешімін табуға көмектесіңіз немесе ересектерден көмек сұраңыз. 3. Қорытынды - Сабақты қорытындылау - Достарды қолдау үшін іс-қимыл алгоритмі бар материалдарды тарату.

Ой қозғау

-Адал, адалдық, адал еңбек дегенді қалай түсінесіңдер?

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал






Оқушылардың пікірі тыңдалады
















Компьютер




















Пайдалы сілтеме:

https://youtu.be/gH3zqZPR4EQ?si=H7eTrJ2yuPe8MSHX



















Сабақ басы (13 мин)












Осы тұста ұлы тұлғалардың осы тақырып төңірегінде айтқан ой толғамдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн санап отырмыз.

Шешен кісі сөз бастар,

Адал кісі - ел бастар.

(Жамбыл Жабаев)

Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.

(Мұхтар Әуезов)

Ойың адал болғанмен, орындағаның олақ болса, ұнатпадың деп өкпелей алмайсың.

(Ғабит Мүсірепов)

Асыл қасиет – адалдық, асысл міндет – адалдық.

(Максим Горький)

Адалдық қайда болса, тіршілік сонда.

(Қаюм Насыри)

Жақын болудың бірінші шарты – адалдық.

(Михаил Пришвин)

Адалдық танытатын адамға да адал бол.

(Плавт Тит Макций)

суреттер

 











Ортасы (20 мин)


Озық әрі табысты елге айналу үшін қоғамда қандай құндылық үстемдік құруы керек. Қоғамда адалдық үстемдік құратын болса жетер жетістіктердің көп болатынын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында. «Әрине, мұның бәрі қатып қалған қағида емес. Алайда, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолындағы негізгі бағыт-бағдар бола алады. Еліміздегі әрбір азамат осы басты құндылықтарды берік ұстануы керек. Мен ұсынған «Адал азамат» ұғымы мұның бәрін түгел қамтиды. Сонымен бірге бұл Әділетті Қазақстан идеясымен үндесіп жатыр. Біз осы іргелі құндылықты ұрпақ санасына сіңіре беруіміз керек.

Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады», - деді Мемлекет басшысы. 


  • Адал еңбек деген ұғым нені білдіреді?

  • Еңбектің жемісі дегеніміз не?

-Болашақта адал еңбекпен табыс тапқанды қалайсыңдар ма?

Бүгінгі тәрбиелік шарамызды адал еңбек тақырыбына байланысты түрлі тапсырмалар орындап білімдерімізді сынаймыз.

Ол үшін біз «Адал жастар» еліне сапар шекпекпіз.


1-топ:

Мақалдарды жалғастыр:

1.Еңбек түбі — ……. . (зейнет)

2.Жақсы жұмыс — …….. ……… . (жанға тыныс)

3.Еңбек мұратқа ………. . (жеткізер)

4.Жалқаулық аздырады, ………. ………. . (еңбек оздырады)

5.Еңбек етсең ерінбей,

……… ……… ………… . (Тояды қарның тіленбей)

6.Еңбек ердің – көркі,

……. …….. ……. . (Ер елдің көркі)

7.Еңбексіз өмір — ……. ……. . (сөнген көмір)

Еңбектін көзін тапқан,
……… …….. ………. . (Байлықтың өзін табады)

Еңбек мұратқа жеткізер,
…….. …….. …….. . (Жалқаулық абыройды кеткізер)

10.Еңбегің қатты болса, ….. …… …… . (татқаның тәтті болар)

2-топ:

Бұл сөздерді кім айтқан?
1. Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз.

(Абай)

Елге сіңірген еңбек жақсы,

Еңбекті елеген ел жақсы.

(Спандияр Көбеев)

Адамды адам еткен – еңбек. (Фрейдрих Энгельс)

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың суы секілді тез суалар.

(Абай)

Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ.

Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. (М.Әуезов)

Бұл қандай мамандық? (жұмбақ шешу)

Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам.

/милиционер/

Бал тамған мәзір,

Ол бар жерде әзір.

/аспазшы/

Оқу-білім бағдары,

Заманының бағбаны.

/мұғалім/

Өскен шашты жаратпайды,

Қайшысы бар жалақтайтын

/шаштараз/

Келіп баған қасына,

Өрмеледі басына.

/монтер/

Еңбек орны-танабы,

Сүйікті ән- дала әні.

Егін салып, мәпелеп,

Асырайды қаланы.

/дихан/


2. «Біз –еңбекқор жастармыз» бір шумақ өлең шығару.

«Ортадағы қаламсап» стратегиясы бойынша бір шумақ өлең шығарады


-Оқиды



































-Оқушылар сұрақтарға жауап береді, пікір алмасады.













Оқушылар сұрақтарға кезекпен жауап береді.





























































«Ортадағы қаламсап» стратегиясы бойынша бір шумақ өлең шығарады.





Соңы







Адамды адам еткен – еңбек» — деп Фрейдрих Энгельс айтқандай, адамның адам болып қалыптасуында еңбек шешу-ші роль атқарғандығын, адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене бергенін,сөйтіп талмай, қажымай еңбек етудің арқасында адамзат қоғамы жан-жақты дамып,жетіліп осынау жоғары өркениетке жетіп отыр-ғандығын бүгінгі шарада айтып жеткіздік. Олай болса, «Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады» — дей келе, жақсы әуен тыңдай отырып,қолымыздан ұстай отырып бір-бірімізге игі тілектер айтып шарамызды аяқтаймыз.













Рефлексия жасайды.

жақсы әуен тыңдай отырып,қолымыздан ұстай отырып бір-бірімізге игі тілектер айтып шараны аяқтайды.








презентация











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ