Материалдар / Адал азамат адал еңбек адал табыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адал азамат адал еңбек адал табыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Адалдық ұғымын түсіндіру; • Еңбекқорлық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру; • Адал табыстың өмірдегі орны мен маңызын түсіндіру; • Оқушыларды адалдыққа және еңбекті сүюге тәрбиелеу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Фариза Оңғарсыноа атындағы №41 мектеп-гимназия








Picture 4
















Shape1

Адал азамат адал еңбек

адал табыс











Shape2


Сынып: 9 «А»

Өткізген: Джанзакоа А.Д









2024-2025 оқу жылы


Апта дәйексөзі

Әділдік пен жауапкершілік – біртұтас ұғым!

Педагогтің Т.А.Ә.

Джанзакоа Айгерим Джасжановна

Күні:

04.11.2024

Сынып: 9 сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы


Құндылықты дарыту

Адалдық ұғымын түсіндіру;

Еңбекқорлық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру;

Адал табыстың өмірдегі орны мен маңызын түсіндіру;

Оқушыларды адалдыққа және еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Қауіпсіздік сабағы

«ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ»

Мақсаты

оқушыларды еңбек қатынастарының негіздері мен олардың жұмыс орнындағы құқықтарымен таныстыру.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы 5 мин

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Адалдық дегеніміз не? Адал еңбектің қоғамдағы рөлі қандай?

"Адам бойындағы ең басты қасиет – адалдық пен еңбекқорлық. Адал еңбектің арқасында табысқа жетуге болады. Ендеше, бүгін біз адалдық пен еңбектің маңыздылығын түсініп, қалай дұрыс азамат болу керектігі жайында сөйлесеміз."

Оқушылармен сұрақ-жауап (адалдық туралы ойларын тыңдау).


презентация

Сабақтың ортасы 25 мин

Адал азамат болу деген не? Адамның адал болуы оның іс-әрекеттерінен, қарым-қатынастарынан көрінеді. Мұнда жауапкершілік, сенімділік және шынайылық қасиеттері басты орында. Адал еңбек – адал табыс: Адам еңбексіз өмір сүре алмайды. Еңбектенген адам өзіне және қоғамға пайда келтіреді. Адал еңбек арқылы табыс табу, адамның қоғамда өз орнын табуына жол ашады. Мұнда маңызды аспект – еңбектің адал, заңды түрде орындалуы.

Адал азамат деген кім?

Оқушыларға адал азамат болу дегеніміздің не екенін талқылау.Адалдыққа қатысты мақал-мәтелдер айтқызу.

Мысал: "Адал адам – әрқашан әділ, шындықты қолдайды және өтірік айтпайды."

Адал еңбек туралы әңгіме:

    • Еңбек адам өмірінде қандай рөл атқарады?

    • Адал еңбекпен табыс табу арқылы қоғамға пайдалы болу жолдары.

Адал табыс:

    • Жұмысты адал істеудің маңыздысы.

    • Оқушылардың болашақ мамандықтарына байланысты адал еңбектің мәнін түсіндіру.

Бейнефильм көрсету:Адал еңбек, табыс туралы қысқаша бейнеролик көрсету. Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдау.

сұрақ-жауап:

"Адал табысқа жету үшін қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?"

"Өздерің адал еңбекті қалай түсінесіңдер?"



Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы 5 мин

Адам еңбексіз өмір сүре алмайды. Еңбектенген адам өзіне және қоғамға пайда келтіреді. Адал еңбек арқылы табыс табу, адамның қоғамда өз орнын табуына жол ашады. Мұнда маңызды аспект – еңбектің адал, заңды түрде орындалуы.

Сабақты қорытындылап, адал азамат болудың маңыздылығын тағы бір рет түсіндіру.

Оқушыларға адал еңбек пен адал табыс туралы рефлексия жазғызу.

"Еңбек – адамды дамытатын, тұлға ретінде жетілдіретін ең басты құндылық. Адал еңбектің арқасында әрбір адам өз мақсатына жетіп, қоғамға пайдалы азамат бола алады.

Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, адалдық және еңбек туралы мақал-мәтелдерді талқылау. Әр топ өз ойларын ортаға салып, постер қорғауы керек.

Оқушыларды мақтап, адалдық пен еңбектің өмірдегі рөлін түсінгендерін айту


презентация

Қауіпсіздік сабағы 10 мин

  • Талқылау: неліктен жұмыста өз құқықтарыңызды білу маңызды?

  • Тақырыпқа кіріспе: жасөспірімдердің еңбек қатынастары.

Негізгі бөлім (6 минутқа дейін)

Кәмелетке толмағандардың еңбегін түнгі уақытта, ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық орындарында жұмыс істеу, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын өндіру, тасымалдау және сату) қолдануға тыйым салынады. 14-16 жас аралығындағы жұмысшылар үшін жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 24 сағаттан аспайды, ал 16-18 жас аралығындағы жұмысшылар үшін жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 36 сағаттан аспайды. 14 жастан бастап балалар ата-аналарының рұқсаты бойынша оқудан бос уақытында қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға құқылы.

ҚР Еңбек заңнамасы он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктерін айқындайды. ҚР Еңбек кодексінің 30-бабына сәйкес он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі. Атаанасының, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының бірінің жазбаша келісімімен еңбек шарты он бес жасқа толған азаматтармен, олар орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда; он төрт жасқа толған оқушылармен денсаулығына зиян келтірмейтін және оқудан бос уақытында орындау үшін жасалуы мүмкін. Оқу процесін бұзатын; он төрт жасқа толмаған адамдармен кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде шарттарды сақтай отырып, денсаулығы мен адамгершілік дамуына нұқсан келтірмейтін шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу.

Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» заңы (бұдан әрі – заң мәтіні бойынша) кәмелетке толмағандардың негізгі құқықтары мен міндеттерін айқындайды, сондай-ақ олардың құқықтары бұзылған жағдайда жүгіну тәртібін регламенттейді.

15-бап

Баланың білім алу құқығы

16-бап

Баланың еңбек бостандығына құқығы

16-1-бап

Баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы

17-бап

Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы

19-бап

Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы

20-бап

Баланың мiндеттерi

35-бап

Бала және дiн

36-бап

Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау

37-бап

Баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғау

38-бап

Баланы психикаға белсенді әсер ететін заттардан, күштi әсер ететiн немесе улы заттардан қорғау

39-1-бап

Балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімнің таратылуын, сондайақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін мемлекеттік бақылау

Сонымен қатар, баланың негізгі нақты құқықтары анықталған:

  • отбасында өмір сүру және тәрбиелеу;

  • оның ата-анасы кім екенін білу;

  • ата-аналарымен бірге тұруға (бұл оның мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда), олардың тарапынан қамқорлық алу;

  • ата-аналардың тәрбиесіне, ал олар болмаған немесе ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда қорғаншының, қамқоршының

немесе балалар мекемесінің тәрбиесіне;

  • жан-жақты даму; адамның қадір қасиетін құрметтеу;

  • ата-анасымен, әжесімен, атасымен, ағаларымен, әпкелерімен және басқа туыстарымен қарым-қатынас жасау;

  • өз пікірін білдіруге арналған өтініш; тегі, аты, әкесінің атын алуға өтініш.



Пайдалы сілтеме: https://youtu.be/UemLbhBjDLg?si=XBSTt5oEB2ZKY9uA

https://drive.google.com/file/d/1uWg8gV- dKOin2ERX3qqwixV76Go96zdy/view

https://drive.google.com/file/d/1We6g8IHJ5YCKTM88OAS4eyiNTHGEkINA/vi ew











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!