Адал азамат адал еңбек адал табыс

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адал азамат адал еңбек адал табыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Мусилтаева Салтанат

Күні:

03.11.2025

Сынып: 3А сынып

Қатысушылар саны:21

Қатыспағандар саны:0

Тәрбие тақырыбы

Адал азамат адал еңбек адал табыс

Құндылықты дарыту

Балаларды адалдыққа, шыншыл болуға, жауапкершілікке тәрбиелеу;

Адалдық, шындық туралы түсініктерін кеңейту;

Оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді дарыту.

Қауіпсіздік сабағы

«Әлеуметтік желідегі қауіпті ойындар»

Мақсаты

балаларға ғаламтордан қауіпсіз ойындарды таңдауды үйрету.


Құндылықтарды дарыту

Әділдік және жауапкершілік айы

Апта дәйексөзі

Әділ болу-адамгершіліктің ең биік шыңы


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Шаттық   шеңбері        Оқушылардың сабаққа  қызығушылығы мен көңіл күйлерін  көтеру және олардың мақсат-міндеттерін ұғындыру мақсатында С.Сейітовтің «Шындық шырайы» өлеңін бірге оқып түсіндіру.

Мәтінмен жұмыс       Сабақты  З.Шашкиннің  «Темірқазық» әңгімесімен жалғастыру.

Әңгімелесу  

  • Сіздің адалдыққа деген сеніміңіз қандай?

  • «Адалдық-адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіздер?

  • Неліктен адалдық «кеңпейілділік,ақкөңілділік,шыншылдық»ұғымдарымен қатар жүреді?

  • Адалдық қандай әрекеттен қандай жағдайда көрінеді?

Тапсырма                Оқулықта берілген  мәтінді оқу және жүйелеп айтып беру.

Тыныштық сәті        Баланың  жүрек  соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін  қолдану.

Дәйексөз       «Адалдық-ардың ісі» деген халық мақалын түсіндіру арқылы оқушылар жаңа ақпараттан пайымдаған ой пікірлерін жалғастырып,ары таза адал адам мәнді өмір сүретінін тусіндіру мақсатын жүзеге асырады.

Жаңа ақпарат        Ары таза адал адам мінді өмір сүреді.Оның ішінде Отанына,отбасына,қоғамға адалдық адамның өзіне,өзгеге,болашаққа деген сенімен арттыра түседі.

Адалдық әр адамның өзін  де,өзгені де сыйлауын көрсетеді.

Адалдық  бар жерде адам өзіне де,өзгеге де шындықты айтады,оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды.Адал болу тек қана өтірік айтпау емес,шындыққа ешбір қалтықсыз сену.

Адалдық  біздің жан дүниемізден басталады.Ол адами қарым-қатынастан және іс-әрекетімізден көрінеді.Адал адамға сенім артуға болады,оның қандай жағдайда да күмән келтіруге болмайды.Адалдығы бар адамның рақымы мол болады.

Жағдаятты талдау      Берілген жағдаят бойынша оқушылардың көзқарастары мен пайымдауларын талдау кезінде,олардың пікірлерін  дәйектеуде,оқушылардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.Оқушы ойын түйіндеп,бір арнаға тоғыстыру мақсатында мұғалім жағдаят бойынша адал болу,өтірік айтпау,алдамау т.б. ұғымдардың мағынасын ашу.


Дәйексөз.   «Адалдық  деген ашық , шыншыл  қарым-қатынас»   деген  А.Макаренконың  сөзін   түсіндіру  арқылы  оқушылар жағдаяттан  пайымдаған ой пікірлерін түйіндеу.

Жағдаяттарды  талдау. Бұл тапсырма жоғарыда айтылған ойларды тереңдете түседі. Оның ерекшелігі – өзгенің сенімін ақтау,адамның жауапкершілікті сезінуін қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты тапсырманы орындау оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.  Төмендегі жағдаяттарды  шешіп,әдептілік тұрғысынан  баға  беру.

Тапсырма     берілген ой тұжырымдамамен танысу. Адалдық туралы өз ойымен толықтырып, түйгендерін ортаға салу.


презентация

Сабақтың ортасы

  • Әңгімелесу

Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» атты айдармен берілген мына сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі:

  • Адалдықтың адами қарым-қатынастағы маңызы қандай?

  • Өзіңе –өзің адал болу деген не? Өзін-өзі алдау деген не?

  • Адал болуға ұмтылу неге керек?

 


Оқушыларға постер қорғайды адалдықты қалай түсінеді сол бойынша бір бір сөз жазады

Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Ойын: "Адал немесе Адал емес":

Оқушыларға түрлі жағдайлардан мысал келтіріп, "адал" немесе "адал емес" деп анықтауды сұрау.

Мысалы:

Досыңның қарындашын сұрамай алып кету.

Өтірік айтпай, шындықты айту.

Үй жұмысын орындап, ұстазыңа көрсету.

Сұрақ-жауап:

"Адал болу не үшін маңызды?"

"Өтірік айтудың қандай зияны бар?"

"Адал адам деп кімді айтамыз?"



Топтық жұмыс: "Адалдық әңгімесі"

Оқушыларға топта шағын әңгіме немесе сурет құрастыру тапсырылады. Әңгімеде немесе суретте адалдықтың маңызын көрсету қажет.

Әр топ өз жұмысын сыныпқа көрсетіп, түсіндіреді.

Қорытынды:

Мұғалім: "Адалдық – әр адамның бойында болу керек ең маңызды қасиеттердің бірі. Адал адамдарды әркім сыйлайды және құрметтейді."

Сабақты қорытып, балаларды мақтау, сабақты аяқтау.


Адалдық пен арға байланысты мақал-мәтелдерді талқылау.

Мысал: "Адалдық – адамның ең жақсы қасиеті."

5. Шығармашылық жұмыс (10 минут)

Оқушыларға "Адалдық пен ар туралы сурет сал" тапсырмасын беру.

Салған суреттерін талқылау, әр оқушы өзінің суреті арқылы адалдық туралы не айтқысы келгенін түсіндіреді.


презентация

Қауіпсіздік сабағы

  1. Қайғылы жағдайға әкелетін ойындармен ойнаудың қауіптілігін балалар көбінесе түсінбейді. Олар өздерінің «мықтылығын», «батылдығын» дәлелдеу үшін ойнаймын деп ойлайды.

  2. «Тұз немесе мұз», «Соль или лед». Қолына тұз сеуіп, мұзбен жабады. Тұз теріні коррозияға ұшыратады. Олар оған кім ұзақ шыдай алатынын көру үшін ойнайды.

  3. «Ересекше өртеу», «Зажечь не по-детски». Бұл қорқынышты ойын АҚШ пен Еуропадан басталып, бізге де жетті. Жасөспірімдер өздерін, киімдерін немесе әлсіз, кіші баланы өртеп жібереді.

  4. «Бір күнге жоғалып кет», «Исчезни на сутки». Жасөспірімдер, әдетте, әлеуметтік желілерде, бірақ кейде бетпе-бет келіп, 24 сағат бойы ешкімге ескертпестен, өздерімен тамақ алмастан үйден кету.

  5. Бекіту

-Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

-Не айтар едіңдер?

-Қандай қорытынды шығарамыз?

  1. Қорытынды

Егер сіз өзіңізді ерік-жігер, батылдық және т.б. сынағыңыз келсе, спорт секцияларына жазылуыңыз керек. Бұл нағыз жаттықтырушылар мен шынайы дос табатын өте қызықты секциялар, бұл денсаулыққа пайда әкеледі. Рефлексия (2минут)

Ғаламтордағы қауіпті ойындар мен олармен қалай күресуге болатыны туралы досыңа әңгімелеп бер. Пайдалы сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=u3PvSbPiNvo&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS- IEuEG9KjOrJzvPM&index=8























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2025
14
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі