«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы ТАҚЫРЫБЫНДА БАЯНДАМА
Құрметті әріптестер, қадірлі ұстаздар!
Жаңа 2025–2026 оқу жылына қадам басар тұста біз тағы да өз алдымызға зор жауапкершілік жүктеп отырмыз. Бұл – жай ғана жаңа оқу жылы емес, бұл – ұрпақ тәрбиесіне, ел ертеңіне, адами капитал сапасына қатысты жаңа міндеттер кезеңі. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырды. Осыған орай 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы (бұдан әрі - «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, болып аталады) әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына № 123 от 26.05.2025 «Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің
2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығын негізге ала отырып ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУАҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ұсынып отырған "АДАЛ АЗАМАТ" БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ нұсқаулығын негізге ала отырып жұмыс жүргіземіз.
Бұл бағдарлама аясында түрлі жобалар мен тәрбие сағаттары, еріктілік бастамалар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың бойында адалдыққа негізделген өмірлік ұстанымды қалыптастыру көзделіп отыр.
Білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат – тек білімді, сауатты ұрпақ тәрбиелеу ғана емес, сонымен қатар әділ, адал, елжанды, жауапкершілігі жоғары азамат қалыптастыру. Бұл бағытта қолға алынған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы – заман талабынан туындаған, әрі ұлттық болмысымызға, рухани құндылықтарымызға негізделген кешенді жоба.
Бүгінгі жаһандану дәуірінде біз білім мен ғылымға ұмтылған ұрпақ тәрбиелеумен қатар, олардың ішкі жан дүниесіне, адами болмысына, моральдық-этикалық қасиеттеріне де жіті мән беруіміз керек. Себебі кез келген мемлекеттің дамуы – ең алдымен, оның азаматтарының адами сапасына тікелей байланысты. Адалдық, әділеттілік, жауапкершілік, еңбекқорлық – бұл қасиеттер уақытпен өзгермейтін, ұлттың іргесін бекітетін, ел болашағын қалыптастыратын негізгі ұстанымдар.
«Адал азамат» бағдарламасы осы құндылықтарды білім беру процесінің барлық буындарына терең ендіруді көздейді. Бұл бағдарлама – жеке бастың адалдығынан бастап, қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілікке дейінгі кең ауқымды қамтиды. Әр оқушы өз ісіне, сөзіне, таңдауына жауап бере алатын, парасатты ойлайтын, терең сезіне білетін, адамгершілігі мол тұлға болып қалыптасуы тиіс. Мұндай ұстаным жасөспірім кезеңінен бастап бойға сіңірілуі қажет.
Адалдық – адамның табиғи қасиеті емес, ол – тәрбие мен үлгі арқылы қалыптасатын сана. Бұл тұрғыда бірінші кезекте отбасының, кейін мектеп пен мұғалімнің рөлі орасан. Мектеп қабырғасында алған білімнің өмірлік мәнге ие болуы үшін ол оқушының адамгершілік қасиеттерімен ұштасуы қажет. Білім мен тәрбиенің үйлесімділігі – нағыз азаматтың қалыптасуының кепілі. Осы мақсатта мұғалім – тек білім беруші емес, тәрбиеші, бағыт-бағдар беруші, жол көрсетуші тұлға ретінде әрекет етуі тиіс.
Құрметті әріптестер!
Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстар азамат. Егер біз жас ұрпақты тек пәндік біліммен қаруландырып қойсақ, бірақ оларға өмірлік бағыт, адами бағдар бере алмасақ, онда олар алған білімді тек өз пайдасы үшін, кейде қоғамға кері әсер ететін мақсатта қолдануы мүмкін. Бұл – тек теориялық қаупі емес, шынайы өмірде талай мәрте кездескен тәжірибе. Сондықтан бізге керегі – кәсіби білікті ғана емес, сондай-ақ рухани бай, әділетті, адамгершілігі жоғары Адал Азамат.
Бағдарламада балалармен жұмыстың негізгі бағыттары, жұмыс түрлері, құндылықтық бағдарлар және нәтижелер көрсеткіштері нақты көрсетілген. Материалдар балалардың жас ерекшеліктеріне бейімделіп, оқу пәндеріне, сыныптан тыс іс-шараларға, тәрбие сағаттары мен мектепішілік шараларға оңай енгізіледі.
. Ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын:
-
тәуелсіздік және отаншылдық
-
бірлік және ынтымақ
-
әділдік және жауапкершілік
-
заң және тәртіп
-
еңбекқорлық және кәсіби біліктілік
-
жасампаздық және жаңашылдық құндылықтарын саралап, бала тәрбиесіндегі басты бағдар ретінде айқындады.
Ұлт болашағы балалар мен жастардың бойына қандай құндылықтар сіңіретініне байланысты, сол себепті өскелең ұрпақты тәрбиелеу - мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі.
Сондықтан Бағдарлама елімізді жаңартатын «Қағидамыз - әділдік, тірегіміз - жауапкершілік, мақсатымыз - өрлеу» ұстанымына негізделеді.
1 бөлім. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты: қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:
-
отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
-
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;
-
адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;
-
табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:
-
елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;
-
отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;
-
өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға баулу;
-
әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.
Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:
-
басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;
-
өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;
-
еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
-
біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.
Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:
-
әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;
-
білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру;
-
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;
-
отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту.
2 бөлім. Бағдарламаның әдіснамалық негізі
Бағдарламаны іске асыру құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдемелеріне негізделеді. Олар оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың өзара үйлесімді бірлігін қамтамасыз етіп, білім алушылардың қоғамда табысты өмір сүруі үшін қажетті дағдылар мен құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.
Тәрбиедегі құндылыққа бағдарланған тәсілдеме білім алушылардың дүниетанымын, мінез-құлқын және қоршаған әлемге деген көзқарасын анықтайтын құндылықтар жүйесін қалыптастыруға негізделген. Тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік және ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, заң және тәртіп, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық білім алушылардың моральдық таңдауын, мінез-құлқы мен іс-әрекетін айқындайтын түйінді құндылықтар болып табылады. Түйінді құндылықтар Бағдарламаны іске асыру шеңберіндегі тәрбие мазмұнын айқындайды және білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың өзара үйлесімді бірлігін қамтамасыз ету үшін білім беру мазмұнына кіріктіріледі. Түйінді құндылықтар пән мазмұнының, сыныпта және сыныптан тыс іс-шаралардың ажырамас бөлігі болуы тиіс.
Білім алушылардың бойында түйінді құндылықтарды қалыптастыру құзыреттілік тәсілдемесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл білім алушылардың бойындағы құзыреттер жиынтығын құрайды және білім беру ұйымы түлектерінің моделін айқындайды:
-
ұлттық мүддені ілгерілету - Отанның дамуына үлес қосуға, өз елінің ұлттық мүддесін қорғауға және дамытуға дайын болуы;
-
тиімді қарым-қатынас - басқалармен тиімді қарым-қатынас орнату, түсіну, командада жұмыс істеу және қақтығыстарды шешу дағдылары арқылы түрлі әлеуметтік ортада инклюзивтілік пен бірлікке ықпал ету, басқалармен ынтымақтастық орнату;
-
қоғамға қызмет ету - этикалық, әлеуметтік және мәдени тұрғыдан қолайлы тәжірибелерді қолдана отырып, қоғамның дамуына ерікті үлес қосуға дайын болу;
-
азаматтық парыз - этикалық мінез-құлық нормаларын, адалдық және заңның үстемдігін сақтау, қоғам талаптарын құрметтеу және ұстану;
-
инновациялық ойлау - жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылу, кедергілерді еңсеру үшін жаңа дағдыларды игеру және болашақ бастамаларын табысты іске асыруда өз әлеуетін пайдалану табандылық таныту;
-
шығармашылық - идеялар мен проблемаларды шешуде стандартты емес тиімді әдістер арқылы контекстке сәйкес генерациялау қабілеті.
Тәрбиеде құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдемелері бірбірін толықтырып, өмірлік сын-қатерлерге төтеп бере алатын және табысты әлеуметтенген жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.
3 бөлім. Бағдарлама мазмұны
Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі жағдайында жүйелі ұйымдастырылады. Бұл міндетті іске асыру білім беру мазмұны, сынып сағаттары мен сыныптан тыс ісшаралары арқылы жүзеге асырылады.
Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:
-
Қыркүйек - еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
-
Қазан айы - тәуелсіздік және отаншылдық айы;
-
Қараша айы - әділдік және жауапкершілік айы;
-
Желтоқсан - бірлік және ынтымақ айы;
-
Қаңтар - заң және тәртіп айы;
-
Ақпан - жасампаздық және жаңашылдық айы;
-
Наурыз - тәуелсіздік және отаншылдық айы; Сәуір - еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
Мамыр - бірлік және ынтымақ айы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз