Қостанай
облысы әкімдігінің білім басқармасының
«Бейімбет
Майлин ауданы білім бөлімінің
«Сапар
Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін
мектебі» КММ
Өткізетін:
Кабыдина
Макпал Досымбаевна
Тақырыбы:
«Адал азамат» Біртұтас тәрбие жүйесінде
заманауи технологияларды тиімді қолдану»
Мақсаты:
Мұғалімдерге
тәрбие жұмысында цифрлық құралдар мен
заманауи технологияларды тиімді
пайдалану жолдарын көрсету, тәжірибе
алмасу және біртұтас тәрбие ұстанымдарын
дамыту.
Міндеттері:
-
Адалдық ұғымын түсіндіру
-
Біртұтас тәрбие жүйесінің маңызын
талдау
-
АКТ құралдарын тәрбие үдерісінде қолдану
жолдарын көрсету
-
Ынтымақтастықта ой бөлісу, тәжірибе
алмасу
Коучинг
барысы:
Кіріспе:
Қазіргі
заманда ұлттық тәрбиенің басты мақсаты
– рухани бай, адамгершілік қасиеттері
жоғары, елжанды, әділетті, адал азамат
қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету үшін
тәрбие мен білім беру жүйесінде жаңа
көзқарас, заманауи әдістер мен
технологияларды енгізу қажет.
Негізгі
бөлім:
Адал
азамат – ұлт болашағы
Адалдық
– адамның ішкі наным-сенімінен туындайтын,
шынайы, әділетті, турашыл қасиет. Адал
азамат – заңға, қоғамға, адамгершілікке
және Отан алдындағы борышына
жауапкершілікпен қарайтын тұлға.
Біртұтас
тәрбие жүйесі
Біртұтас
тәрбие – баланың жан-жақты дамуын
қамтамасыз ететін отбасылық, мектептік
және қоғамдық тәрбиенің үйлесімді
байланысы. Оның негізгі бағыттары:
-
Рухани - адамгершілік тәрбие
-
Құқықтық тәрбие
-
Еңбек және экологиялық тәрбие
-
Медиа және цифрлық мәдениет
2.
Біртұтас тәрбие жүйесі
Біртұтас
тәрбие – баланың жан-жақты дамуын
қамтамасыз ететін отбасылық, мектептік
және қоғамдық тәрбиенің үйлесімді
байланысы. Оның негізгі бағыттары:
-
Рухани - адамгершілік тәрбие
-
Құқықтық тәрбие
-
Еңбек және экологиялық тәрбие
-
Медиа және цифрлық мәдениет
Мысалы:
QR-код
тапсырмалары арқылы адалдық тақырыбына
бейнероликтер көру
-
Google Forms арқылы өзара пікір алмасу
-
Padlet, Mentimeter, Kahoot арқылы интерактив
тапсырмалар
Адалдықты
насихаттауда цифрлық құралдар
-
«Адалдық сағаттары» онлайн форматта
-
«Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ» жобалары
-
Адалдыққа тәрбиелейтін бейнежазбалар,
постер, подкаст жасау
Қорытынды:
Адал
азамат тәрбиелеу – қоғамның тұрақты
даму кепілі. Бұл жолда біртұтас тәрбие
мен заманауи технологияларды тиімді
біріктіру – тәрбиенің жаңа сапалық
деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді.
Мұғалімдер, ата-аналар және қоғам
бірлесіп, адал ұрпақ қалыптастыруда
жауапкершілікті бірге көтеруі тиіс.
Коучинг
құрылымы:
1.
Ынтымақтастық атмосферасы (5 мин):
«Адалдық
не?» ассоциация әдісі – қатысушылар 1
сөзбен адалдықты сипаттайды.
2.
Тақырыпқа кіріспе (5 мин):
Тақырып
таныстырылады, мақсат-міндеттері
айтылады.
3.
Презентация (10 мин):
-
Адал азаматтың қасиеттері
-
Біртұтас тәрбие жүйесі компоненттері
-
АКТ-ны тиімді қолдану мысалдары (Padlet,
Kahoot, Google Forms, т.б.)
4.
Топтық жұмыс (20 мин):
Әр
топқа тапсырма:
-
1-топ: Адалдыққа тәрбиелеуде қолдануға
болатын бір АКТ әдісін сипаттап, мини-жоба
дайындайды.
2-топ:
«Адал азамат» бейнесін қалыптастыруға
бағытталған тәрбие сағатының үлгісін
ұсынады.
5.
Топ жұмыстарының таныстырылымы (10 мин)
Әр
топ өз жұмысын қорғайды.
6.
Рефлексия (5 мин):
«Мен
не білдім? Не қолданам?» (Стикермен
Padlet-ке жазу немесе ауызша)
7.
Кері байланыс (5 мин):
«Басбармақ»
әдісі немесе онлайн формамен (Google Forms)
Қорытынды:
Қолдануға болатын нақты идеялармен
бөлісу.