Баяндама тақырыбы: “Адал азамат тұжырымдамасының идеалдарына сай, патриоттық рухта тәрбиеленген, білімді әрі жасампаз ұрпақты қалыптастыру”
Бүгінгі таңда еліміздің дамуы – жас ұрпақтың осы қасиеттерді бойына сіңіруімен тығыз байланысты. Әсіресе, патриоттық тәрбие – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел болашағына сеніммен қараудың басты шарты. Патриотизм – жай ғана сөз емес, ол іс-әрекет арқылы көрініс табатын өмірлік ұстаным.
Қазақстанның басты міндеттерінің бірі – елін сүйетін, адалдық пен әділдікті ту еткен, білімді әрі жасампаз жас ұрпақты қалыптастыру. Бұл міндет “Адал азамат” тұжырымдамасының идеалдарымен тығыз байланысты.
Білімді ұрпақ – елдің ең қымбат қазынасы. Жаһандану дәуірінде бәсекеге қабілетті болу үшін жас буын ғылым мен техниканы жетік меңгеріп, ақпараттық технологияларды игеруі қажет. Алайда, білім парасаттылықпен ұштаспаса, ол толыққанды нәтиже бермейді. Сондықтан біз жастарға тек білім беріп қана қоймай, олардың бойына адалдық, отансүйгіштік және ізгілікті дарытуға тиіспіз
1. Адал азаматтың тұлғалық сипаты
Адал азамат – ол ең алдымен әділеттілік пен жауапкершілікті өмірлік ұстаным еткен, қоғамға пайдасын тигізетін тұлға. Мұндай азамат:
-еліне адал қызмет етеді;
-заңды құрметтейді, жемқорлыққа қарсы тұрады;
-сөз бен істің бірлігін сақтайды.
«Адал азамат» тұжырымдамасының негізгі идеалдарына мыналар жатады:
1. Адалдық пен әділдік – кез келген істі таза, әділетті жүргізу;
2. Патриоттық рух – туған жерді, елді сүю, оны қорғау және дамыту;
3. Білімге құштарлық – үздіксіз іздену, жаңа технологияларды меңгеру;
4. Жасампаздық пен шығармашылық – жаңашыл ойлап, ел дамуына үлес қосу;
5. Әлеуметтік жауапкершілік – қоғам игілігі үшін әрекет ету.
Бүгінгі баяндамамның негізгі өзегі – жас ұрпақты «Адал азамат» тұжырымдамасының идеалдарына сәйкес тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіру, білімді де жасампаз тұлға қалыптастыру мәселесіне арналмақ.
Патриотизм-жәй ғана сөз емес,ол іс-әрекетпен дәлелденетін сезім.Туған жерді сүю,ұлттық тарих пен мәдениетті қадірлеу-шынайы патриоттың басты белгісі.
Патриотизм – ұлттың рухани тірегі. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу:
-ел тарихын, мәдениетін құрметтеуден басталады;
-ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы жүзеге асады;
-қоғамдық белсенділікке баулиды.
Патриоттық рухтағы тәрбиенің нәтижесінде жастар елдің тағдырына бейжай қарамайтын, жауапкершілігі жоғары азамат болып өседі.
Білімді әрі жасампаз ұрпақ – ел болашағы.XXI ғасырда бәсекеге қабілетті ұлттың басты күші – білім. Сол себепті жас ұрпақты:
-заманауи ғылым мен технологияны меңгеруге;
-шығармашылық пен жаңашылдыққа;
-үздіксіз ізденіске баулу қажет.
Жасампаз ұрпақ – жаңа идеялар мен жобалардың авторы. Олар Қазақстанды дамудың жаңа сатысына көтереді.
Жасампаз ұрпақ – жаңашыл ойлайтын, қоғам дамуына үлес қосатын, елінің ертеңіне сеніммен қарайтын буын. Олар тек білімді ғана емес, сондай-ақ табанды, еңбекқор әрі жауапкершілігі жоғары болуы керек.
Қорытындылай келе, «Адал азамат» тұжырымдамасына сай тұлға – ол өз Отанына адал қызмет ететін, халыққа қамқор, білімді, патриот, ізгі қасиеттерді бойына сіңірген жан. Осындай жас ұрпақты тәрбиелеу – біздің ортақ парызымыз.
Еліміздің ертеңі – адал да арлы, білімді де жасампаз ұрпақтың қолында. Сондықтан әрбір ұстаз, ата-ана және қоғам өкілі осы бағытта жұмыла жұмыс істеуі қажет.
Негізгі ұстанымымыз: «Адал азамат – жарқын болашақ кепілі!»
« Б.Момышұлы атындағы орта мектеп-гимназиясы » коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Баяндама тақырыбы:
“Адал азамат тұжырымдамасының идеалдарына сай, патриоттық рухта тәрбиеленген, білімді әрі жасампаз ұрпақты қалыптастыру”
Орындаған: Джанузакова М.С
2025-2026 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Адал азамат тұжырымдамасының идеалдарына сай,патриоттық рухта тәрбиеленген ,білімді әрі жасампаз ұрпақты қалыптастыру""

шағым қалдыра аласыз