Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адал азамат.Адал еңбек.Адал табыс

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ Біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкестендіріліп дайындалды.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Педагогтің Т.А.Ә.


Дана

Күні:

04.11.2024ж

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Адал азамат.Адал еңбек.Адал табыс.

Құндылық

Әділдік және жауапкершілік

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады.

Мақсаттары

Оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік
Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін - бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.





















Сабақ барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар


Сәлемдесу. Мемлекет әнұраны орындалады.


Жылы лебіз,ыстық тілек” тренингі









Ұйымдастыру кезеңі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында: «Адал азамат деге­німіз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнық­тыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды», деген еді.

Пайымдап қарасақ, қолында ешқандай билігі жоқ, маңдай терін төгіп жұмыс істеп, нәпа­қасын тауып жүрген қарапайым адамдардың көпшілігін жұрт­шылық «Адал азамат» деп құр­меттейді. Әрине қарапайым адамдардың ішінде де біреудің ала жібін аттауға бейім тұратын, арам жолмен пайда табуды арсынбайтын пысықайлар некен-саяқ болса да, кездесіп қалады. Ал бүгінде үлкенді-кішілі ең­бек ұжымдарын басқарып жүр­ген басшылардың арасында қарамағындағы адамдар мен былайғы жұрт «Адал азамат» деп құрмет тұтатын тұлғалар сирек. Өткен ғасырдың 90-жыл­дарындағы экономикалық дағ­дарыс кезінде еліміздің ауыл шаруашылығы саласы құл­дырап, көптеген ауылдың тоз-тозы шығып, тұрғындары жайлы тұрмыс іздеп басқа жаққа үде­ре көшкендігінің негізгі себебі – сол кездегі кеңшарлар мен ұжым­шарлар басшыларының көбі халықтың жағдайын ойламай, қара бастарының қамын күйт­теп, құлқындарының құлы болып кеткендігі.

2.Оқушыларға бейне ролик көрсетіледі.Бейне ролик бойынша пікір алмасуын оқушыларға тапсырамын.

Сілтеме: https://youtu.be/b1htYlb_1n0?si=kF3hu7VN3k4Qt1g4

Мұғалім: Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады.Әрбір мақал-мәтелдің терең мағынасын, астарлы ойын егжей-тегжейлі түсіндірмелерден оқи аласыз. Халық даналығының сырына қаныға түсесіз. Өзіңізді рухани дамытып, өміріңізді мәнді етіңіз!

3.Тапсырма: Оқушылар адалдықтуралы мақал-мәтелдерді айтып, талқылайды, олардың мағынасы туралы ой қозғайды.

Мұғалім:. «Әрине, мұның бәрі қатып қалған қағида емес. Алайда, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолындағы негізгі бағыт-бағдар бола алады. Еліміздегі әрбір азамат осы басты құндылықтарды берік ұстануы керек. Мен ұсынған «Адал азамат» ұғымы мұның бәрін түгел қамтиды. Сонымен бірге бұл Әділетті Қазақстан идеясымен үндесіп жатыр. Біз осы іргелі құндылықты ұрпақ санасына сіңіре беруіміз керек.

Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады», - деді Мемлекет басшысы.


Шығармашылық жұмыс

4.Тапсырма: Адал азамат.Адал еңбек.Адал табыс тақырыбында эссе жазу

Қорытынды бөлім

Сұрақ-жауап: Мұғалім оқушыларға сабақтан алған әсерлері мен білімдерін сұрап, қорытындылайды.

«Адалдық кемесі» кері байланыс



Қорытынды

Сабақ аяқталған соң, оқушылар стикерге өз ойларын жазып,пікір алмасады.




Оқушылар бір-біріне жылы лебізбен,ыстық тілек білдіреді.




1.Тапсырма: Оқушылар Адал адам туралы өз ойларын айтып, оны сиапаттайды.

Сұрақтарға жауап беріп,ат салысады.

Пікірін ортаға салады.



Оқушылар арасында өзара бағалау жүреді.


  • 2.Оқушылар ведио роликке талдау жасап,пікір алмасады.

Шешен кісі сөз бастар,

Адал кісі  - ел бастар.

Жамбыл Жабаев

Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.

Мұхтар Әуезов

Ойың адал болғанмен, орындағаның олақ болса, ұнатпадың деп өкпелей алмайсың.

Ғабит Мүсірепов

Асыл қасиет – адалдық, асысл міндет – адалдық.

Максим Горький


Оқушылардың пікірі:


Қазіргі замандағы ғылым мен техниканың жаһандану дәуірінде білім алудың маңыздылығын терең түсініп, теориялық білімдерін тәжірибеде, яғни өндірісте жүзеге асыру әр азаматтан талап етілсе, барлық өндіріс саласында озық технологияларды игеру арқылы еліміз нарықта белді орын алары анық.

Соңғы кездері елімізде өндірістік мекемелердің жиі ашылуы халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ете алғанымен, кей салаларда мамандардың тапшылығы байқалады. Расында да, білім ордасын жаңа тәмамдаған кейбір жас мамандар бірден биік мансап пен жоғары жалақыны қалайтыны жасырын емес. Бірақ бұл барлық салада бірдей мүмкін бола бермейді. Басты назарда кәсіби шеберлікті шыңдау, білікті маман ретінде қалыптасу тұруы тиіс. Адал еңбекпен келетін еңбектің жемісі берекелі, ырзыққа толы болатынын ескеру қажет.



Слайд.
















Слайд












































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.11.2024
7099
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12