Материалдар / Адал болып өсеміз!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адал болып өсеміз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Адал болып өсеміз!
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Адал болып өсеміз»

Мақсаты:

1.“Өзгелерге қиянат жасамау, адал болу” деген ұғымдарды түсіндіру.
2. Адалдық туралы көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық адамгершілік сезімдерді қалыптастыру

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы


Мақсаттары

1.“Өзгелерге қиянат жасамау, адал болу” деген ұғымдарды түсіндіру.
2. Адалдық туралы көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық адамгершілік сезімдерді қалыптастыру



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылар біз бүгін «Адал болып өсеміз» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткіземіз.
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз сендерді осы жастан бастап адал жолмен жүруге, адал болуға шақырады.

Адам - ғалам ғажайып, жеке - дара,
Жан құмары ізденген мәңгі сана.
Өзіңді - өзің танысаң, істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.

Оұушылар кім қандай ақындардың нақыл сөздерін біледі:


Шәкәрім қажы адалдық турасында: Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи, - деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі. Адалдық қорғау қажеттігін, ол үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуын ашып көрсетеді.
Адалдық - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі мен ар - ожданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы. Қазақ пайымында адам бойында адалдық пәктік, ар - ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінде көп айтылады.

Оқушылар мұғаліммен амандасады.






Оқушылар

1. Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол»
2. Ұлы Абай: “Кімде - кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ.”
3. Ғ. Мүсірепов: Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек.


презентация

Сабақтың ортасы

.

адалдық

Shape1

Жақсы

қасиеттерді

білдіретін

сөздер

әділдік жомарттылық

бауырмалдық кішілік

ибалылық сабырлылық

имандылық

Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата - бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.


























Ойын жалғасын тап

Адалдық - ардың ісі
Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.
Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
Асылдың бірі — адалдық
Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде
Шындық жоқ жерде сұмдық көп,
Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады





Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Адал жолмен жүру, адал адам болу- міндетіміз. Әркез адалдықты жақтаушы ретінде танылсаңдар, жақсы азамат боласыңдар. Аталарыңның баласы ғана емес, адамның баласы болуға шақырамын. Адалдық жолмен жүруге ешқашан шаршамаңдар. Адалдық- адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі. Тәрбие сағатымыз аяқталды. Белсенділік танытқан оқушыларға алғысымды білдіремін.


5 асыл іс

5 дұшпан


Сөздеріне постермен түсіндіру



презентация







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!